7.Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық және теориялық деңгей әдістері тобының өзара байланысын көрсетіңіз. Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторлар және олардың ішкі мазмұнының фаторларын түсіндіруге бағытталған. Егерде эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде «құбылыс» деңгейінде зерттесе, онда теориялық әдістер «мәні» деңгейінде зерттейді. Болжауды бұл ретте екі әдіс те объектіні таңудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәннің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір бірімен өзара байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді. Зерттеу объектісінің мәнін теориялық түрде тану оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір бірімен дилектикалық өзара байланысты және бір бірінсіз өмір сүре алмай әрі дамымайды.
8.Педагогика саласындағы “ғылым әдістемесі” түсінікті айқында.