Борков орта мектебі
Пән: қазақ тілі
Сынып: 9 «Б»
Тақырыбы: Қазақ отбасындағы салт-дәстүрлерді меңгере отырып , салалас құрмалас сөйлемді қайталау.
Мұғалім: Нурпоисова Айман Жаксылыковна .
Тақырыбы: Қазақ отбасындағы салт-дәстүрлерді меңгере отырып ,
салалас құрмалас сөйлемді қайталау.
Мақсаты: қазақтың отбасы мен салт-дәстүрлері тақырыбы бойынша
алған білімдерін тексеру.
Біліктілік: отбасының атауларын қазақша тереңдете меңгеру,
яғни ,ата-дәстур үрдісіне жол ашу.
Дамытушылық: мақал-мәтелдегі қасиетті сөздер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан қазақтың салт-дәстур ,тарих,мәдениетіне тереңірек ұңілуіне жан-жақты машықтандыру
Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: Модуль бойынша білім байқауы сабағы .
Әдісі: Ақпараттық технология
Көрнекілігі: интерактивтік тақта , «Шашу кампиті»,ортақ бағалау парағы,
сайыс тапсырмалары .
Ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс
Сабақтың барысы: :
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме?
-Біздің әр өткен сабағымыз- қуаныш. Ал қуанышта кеңпейіл халқымыз
не істеген ?
-Шашу шашқан .
-Шашу дегеніміз не? Ол тілек, береке. Біз де сәттілік, береке тілеп , шашу
шашайық. Кәмпиттеріңді алып ,сұрақтарға жауап беріңдер .
-Бүгін кім кезекші ?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні ?
-Күздің нешінші айы?
II. Оқушылардың білімі мен білігін тереңдету диагностикасы
1. Мұғалімнің сөзі:
Мұғалім: -Бүгінгі сабақ –ерекше сабақ, өйткені біздің жұмсымызды келген қонақтарымыз бағалайды,сондықтан бүгінгі сабақта белсенділік танытып,білімдеріңді көрсете алуға тырысасыңдар деп ойлаймын .
-Олай болса ,іске сәт дей отырып , бүгінгі сабағымыздың мақсатын хабарлауға рұқсат етіңіздер .
1 слайд : тақырыбы:
Қазақ отбасындағы салт-дәстүрлерді меңгере отырып ,салалас құрмалас сөйлемді қайталау
2 слайд: мақсаты :
Салалас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша білімдерін тиянақтау .
Қазақ отбасындағы салт-дәстүрлерді тереңірек меңгеру.
3 слайд: эпиграф
Нәресте анадан екі түрлі мінезбен туады.
1.Біреуі-ішсем,жесем,ұйықтасам деп,себебі,бұлар-тән құмары.
2.Екіншісі-білсем, көрсем, естігеннің бәрін сұрап,тыныштық көрмейді,өйткені ,мұның бәрі-жан құмары .
Абай Құнанбаев
2.Білім диагностикасы.
4 слайд: Суретті сөздік «Қазақ отбасы»
Ата; әже; немере; шөбере; жеңге; әке-шеше; нағашы ұл;бал; қыз; келін; аға,апа,қарындас,сіңлі-
5 слайд: Туыстықтың үш бұтағы (әр компьютерде)
Өздік жұмыс : Балалар , дәптерлеріңді ашып ,
компьютерде берілген тапсырманы орындаңдар .Қазақ отбасындағы туыстық атауларды қайталадыңдар , енді керекті сөздерді көп нүктенің орнына қойып жазасыңдар .
Өз жұртым мыналар:
Ең жақын адамдарым- ...........мен .......... бар.
Әкемнің әкесі - Ақ басты .......... бар .
Әкемнің шешесі- Ақ шашты ........ бар .
Ұлдардың үлкені- Бір туған ......... бар .
Қыздардың үлкені – Бір туған ....... бар .
Ұлдардың кішісі - Бір туған ........ бар .
Қыздардың кішісі - Бір туған ........ (ұл балаға)
Әпкеге ........... бар .
(жауабы тақтаға шығады )
6 слайд: Сергіту сәт .
Орнымыздан тұрып ,жұмысқа дайындалайық. Алақанды ұқалап, жылулығын сезіңдер. Алақандарыңда кішкентай дөңгелек шар бар деп елестетіңдер.
Шарды алақандарыңда домалатыңдар. Енді бір-бірімізбен қолдың жылулығымен
бөлісейік . Алақандарыңды көршілеріңе созып, қол ұстасыңдар.
Бізде достық тізбегі пайда болды.! Бір б ірімізге күлімдеп сәттілік тілейік .
7 слайд : Грамматикалық тақырып
Салалас құрмалас сөйлем
-
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем
|
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
|
Даде, та,те, және ,әрі
|
Қарсылықты салалас құмалас сөйлем
|
Бірақ, алайда,дегенмен
|
Себеп-салдар- салалас құмалас сөйлем
|
Содықтан ,себебі,өйткені ,неге
|
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
|
Не,немесе,я, яғни,әлде,бірде
|
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
|
Біресе, кейде, бірде
|
8 слайд: Алдарыңда парақта тапсырма берілген ,
сол тапсыманы орындау керек .
Сөйлемді сөйлем түрімен дұрыс сәйкес келтіру керек .( «Қазақ» бумада)
-
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем
|
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
|
|
Қарсылықты салалас құмалас сөйлем
|
|
Себеп-салдар- салалас құмалас сөйлем
|
|
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
|
|
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
|
|
9 слайд : қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұғымдар
«Өз ойыны»
-
Анограмма
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Салт-дәстүрлері
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Қасиетті жеті сан
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Мақал –мәтелдер
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
III. Рефлексия.
10 слайд: Бағалау кезеңі . Өз біліміңді бағала .
Үйге тапсырма беру.
Қорытындылау кезеңі: Сонымен ,балалар , бүгін біз сендермен халқымыздың салт-дәстүрін қайталадық.Бұл салт-дәстүрлертек парасат пен ізеттілікке ,адамгершілікке шақырады .Сондықтан қазақ дәстүрлерін білуге тиістіміз бе? -Иә, білуге тиістіміз .
Сабаққа рахмет ,сау болыңыздар .
1.Бүгін, 2.Ертең, 3.Бүрсігүні, 4.арғыгүні ,5. Ауыр күн,6. Соңғы күн,7. Азына
Өз жұртым мыналар:
Ең жақын адамдарым- әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі - Ақ басты атам бар .
Әкемнің шешесі- Ақ шашты әжем бар .
Ұлдардың үлкені- Бір туған ағам бар .
Қыздардың үлкені – Бір туған әпкем бар .
Ұлдардың кішісі - Бір туған інім бар .
Қыздардың кішісі - Бір туған қарындасым (ұл балаға)
Әпкеге жездем бар .
Достарыңызбен бөлісу: |