Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті



бет3/4
Дата27.12.2016
өлшемі1,46 Mb.
#6020
1   2   3   4



БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы

___________ Сарбалаев Ж.Т.

(қолы)


«___»_____________20__ж.

Құрастырушы: ____________ аға оқытушы Жунусова А.Р.


6М050300 - «Психология» мамандығының магистранттарына арналған



«Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы» пәні бойынша

Пән бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама


Кафедра меңгерушісі __________ Бурдина Е.И. 20__ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _____________ Ксембаева С.К. 20_ж. «_____»___________


1. Пән төлқұжаты
Пәннің атауы «Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы»

Компоненттің міндетті пәні



Оқу мерзімі мен кредит саны

Барлығы – 4 кредит

Курс: 1

Семестр: 2

Барлық аудиторлық сабақтары – 60

Дәрістер: 30

Практикалық/семинарлық сабақтар: 30

СӨЖ: 120


СӨЖО: 30

Жалпы – 180

Емтихан: 2 семестр

Пререквизиттер: Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, Психологиядағы гендерлік зерттеулер

Постреквизиттер: Этнопсихологиядағы эксперименттік және кросс-мәдени зерттеулер.
2. Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары

Аты-жөні: Жунусова Айгуль Райымбековна

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: аға оқытушы, психология магистрі

Кафедра «Психология және педагогика», аудитория 149

телефон: 67-36-85 (1139),

Е-mail: nessen.za@mail.ru


3. Пән, мақсаттары мен міндеттері

Пәні, мақсаттары мен міндеттері

Эксперименталды психологияның даму тарихына төмендегідей кезеңдер кіреді: педагогикалык және медициналық міндеттерге байланыстағы эксперименталды әдістердің дамуы, ғылыми-жаратылыстану циклындағы ғылымдармен сабактастык аспектілері, объективті зерттеу әдістеріндегі психологияның даму кажеттілігімен байланысы.

Пәнді оқу мақсаты: магистранттарды эксперименталды жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті білім меңгерген, өз еркімен зерттеу жүргізуге жаттықтыру болып табылады.

Пәннің міндеттері:


  • психологияның дамуындағы эксперименталды кезеңге дейінгілерге катысты, практикада бақылау мен басқа эмпирикалық әдістер туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту;

  • психологиялық экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерді меңгерту;

  • эксперименталды зерттеудің өтілу барысында практикалық дағдыларды қалыптастырып, оның алған нәтижелерінің ұсынылуы мен өңделуін бейнелеу;

ғылыми зерттеудің өтілуінің белгілі бір мәдени деңгейін және эксперименталды жұмыска бағытталуын кадағалау.
4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:

Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттердің түсініктер туралы болу қажет:

- теориялық білімдерді практикада адекватты қолдану;

- зерттеу іс-әрекетіне деген дағдылар;

- кәсіби қарым-қатынас дағдылары



  • практикалық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу дағдысын;

  • түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын;

  • психологиядағы ғылыми-ұғымдық аппаратты игеру шеберлігін;

зерттеу іс-әрекеті дағдыларын;

Білу қажет:

- психологиядағы негізгі әдістер туралы, оладың қалыптасуының тарихы туралы, эмпирикалық әдістерінің тарихы туралы, проективті әдістердің тарихы;



Істей білу кажет:

- теориялық білімдерді практикада қолайлы қолдану;



Тәжірибелік дағдыларды иелену:

- практикалық психолог істеліктері, жеке әдіс пен әдістемелермен жұмыс істеу дағдысын;

- тәжірибеде жинақтаған білімін қалыпты қабылдау дағдылары;

- кәсіби қарым-қатынас дағдылары;

Құзыретті болу:

- психологияның бұл саласында кәсіби қарым-қатынасты игеру қажет.


5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу



Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны


Дәріс

тер


Тәжіри

бе


МӨЖ

Барлы

ғы


МОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы курсының пәні мен міндеттері

1

1

5

1

2

Эксперименталды психологияның пайда болуы мен дамуы.

1

1

5

1

3

Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері

1

1

5

1

4

Психологиялық теорияның құрылымы.

1

1

5

1

5

Эмпирикалык әдістердің классификациясы

1

1

5

1

6

Бақылау эмпирикалык зерттеу әдісі ретінде.

1

1

5

1

7

Бақылау және эксперимент

2

2

6

2

8

Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері

2

2

6

2

9

Эксперимент жүргізудің этикасы.

2

2

6

2

10

Эксперименттің валидтілігі.

2

2

6

2

11

Экспериментті жоспарлау

2

2

6

2

12

Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері

2

2

6

2

13

Ғылыми нәтижелерді ұсыну

1

1

6

1

14

Психодиагностиканың қолдану салалары

1

1

6

1

15

Кәсіби-этикалық принциптер психодиагностиканың қысқаша тарихы

1

1

6

1

16

Психодиагностиканың психометриялық негіздері. Тесттік нормалар.

1

1

6

1

17

Сенімділік.

1

1

6

1

18

Валидтілік

1

1

6

1

19

Психодиагностикалық технологиясы

2

2

6

2

20

Тұлға психодиагностикасы

1

1

6

1

21

Интеллект психодиагностикасы

1

1

6

1




Барлығы: 180

30

30

120

30

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 тақырып. Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы курсының пәні мен міндеттері.

Жоспар

  1. Эксперименталды психологияның міндеттері.

  2. Эксперименталды психологияның даму тарихы

Эксперименталды психология – эксперименттік әдістерді қолдану арқылы психикалық құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының саласы.

Эксперимент (лат. Experimentum
- “эксперименттеу” тәжірибе, сынау, бақылау, көру деген мағынаны береді) – ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру;

Теориялық білім адам психологиясы, әрекеті санасына байланысты мәселелерді жалпы талап бойынша шешуде қолданылатын жалпы ғылыми бағыт болып табылады. Ал, қолданбалы салада адамның іс - әрекетін жетілдіруде, оның әрекетін жақсартуға, психологиялық дамуын жоғарлатуға, практикалық – кеңестік сипаттама жасауға байланысты практикалық міндеттерді ғылыми негізде қою және шешу болып табылады. Қолданбалы саладағы бұл міндеттер эксперимент арқылы шешіледі.

Эксперименталды психология пәні – психологияның теориялық және эмпирикалық білім туралы мәселелерді, психологиялық эксперименттік психологиясын іс - әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы сондай-ақ жеке адамның санасының эксперименттік психологиясын қарастырады.

Эксперименталды психологияның міндеттері:



  • эксперименталды психологиялық теориялық негіздерін ашу;

  • эксперименталды психологиялық зерттеуді жоспарлауды және оның негізгі кезеңдерін білу;

  • қорытындылай білуді үйрету және эксперимент нәтижелерін бере білу;

  • психологиялық зерттеулердің эксперименталды әдістерін таңдай білуге үйрету;

  • психологиялық эксперименттік зерттеу теориялары мен құрылымын, ғылыми мәселелердің өзгешеліктерін, психологиялық зерттеудің болжам ерекшеліктерін қарастыру;

  • психологиялық эксперименттің психологиялық заңдылықтарын, экпериментатор мен сыналушылардың жеке басы мен эксперимент кезіндегі іс - әрекет туралы адамға зерттеуді жүргізудегі этикалық талаптар туралы мәселелерді қарастыру;

Эксперименталды және эксперименталды емес жоспарларды кейінгі жоспарларды корреляциялық жоспарларды, эксперименттік зерттеуді жоспарлаудың тиімді жолдарын айқындайды.

Идеалды эксперимент және реалды (шындықтағы) экспериментті, эксперименттің толық сәйкестігі арасындағы өзгешеліктерді, сонымен қатар психологиялық өлшемдер туралы нәтижелерді интерпретациялау заңдылықтарын қарастырады.

Ғылым адам іс - әрекетінің басқа салаларынан яғни мақсатымен, құралдарымен, мотивтерімен және жағдайларымен өзгешеленеді. Егер ғылымның мақсаты шындықты түсіну болса, онда оның тәсілі ғылыми зерттеу болып табылады.

Зерттеу іс - әрекетінің нормасы ғылыми әдіске негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын белгілеуден, анықтаудан, зерттеу құралдарын таңдаудан, нәтижеге негізделетін бағдардан тұрады.


2 тақырып. Эксперименталды психологияның пайда болуы мен дамуы.

Жоспар

1.Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы.

Зерттеу алғашқы ойлар ежелден – ақ келе жатыр. Алғаш адамзатты зерттеу мәселесі Қытай империясында пайда болды. Ал, дене дамуы, ойлау, талдау өнері туралы баға беру Грецияда пайда болды.

Эксперименттік зерттеудің алғашқы элементі Платонның зерттеулері болды. Ол адамдардың әскери қабілеттілігін зерттеді.

Б.з.д. IV – ғасырда өмір сүрген Греция өкілдері тек адамзатты ғана емес, табиғатты да зерттеген. Айталық, А. Македонский өзінің оқытушысына өзі жеңіп алған аймақтардағы табиғатын, өсімдіктерін зерттеуді бұйырған. Осының негізінде түрлі фактілерді жинақтай отырып, тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалынды.

ХV – ғасырда өмір сүрген Френсис Бэкон Англияда эмпиризм ғылымының эффекті әдістеріне тәжірибе жасау арқылы ғылымның методологиясына жаңа идеялар енгізді.

Дж. Локк адам санасының пайда болу жағдайларына тәжірибе жүргізді. Р. Декарт теория мен тәжірибені өзара байланыстырушы өкілдің бірі.

Эксперименталды психологияның негізін неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) қалаған. В. Вундт 1879 жылы Лейпциг қаласында психикалық құбылыстарды эксперимент әдістері арқылы зерттейтін физиологиялық лаборатория ашты. Сонымен қатар ол алғаш Лейбцинг қаласында 1876 жылы арнайы педогогикалық институт ашты. Онда 136 неміс, 14 американ, 10 ағылшын, 6 поляк, 3 орыс, 2 француз оқыдыжәне олар психологиялық эксперименттің алғашқы түлектегі ұрпақтары болды.

Арнайы лабораториялық кабинеттерді Вундт ғылымдағы жан құбылыстарын терең тану үшін арнайы приборды эксперимент жүргізу арқылы іске енгізген. Мұнда алғаш қолданылған негізгі әдіс интроспекция әдісі еді. (Интроспекция (лат. Introspektare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. Интроспекция психиканы толық зертеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. Интроспекция ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарының тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырату керек.)

Ең алғаш ақыл-ойды эксперименттік негізде зерттеген ғалым американ ғалымы Р. Кэттелл болды. Ол өзінің докторлық диссертациясында В. Вундттың эксперименталды лабораториясында дайындады.

Кейінгі уақыттарда 1888 жылы Гальтонмен бірлесе жұмыс істей отырып, адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Кэттелдің басқа зерттеушілерден ерекшелігі ол өте күрделі психикалық функцияларды зерттеді. Осы бағыттағы Крепелин зерттеулері қарапайым арифметикалық тапсырмаларды шешудегі зерттеулерге бағытталған.

Француз дәрігері, психологы және педагогы А. Бине және В. Анридің зерттеу жұмыстары эксперименттік зерттеу мәселелеріне бірқатар жаңалықтар енгізді.

Сонымен, эксперименталды психологияның дербес ғылымға айналуына ассоциация ілімдер өкілдерінің еңбектері себепші болды.

Р. Декарт, В. Вундт, Ф.Бэкон, Дж. Локк, Р. Кэттел, Крепелин еңбектеріндегі зерттеу жұмыстарында ашқан жаңалықтары эксперименттік психологияның алғашқы фундаменті болды.

Ресейдегі эксперименттік психологияға жаңа жетістіктер әкелген Н. Лангенің Новосибирск университетіндегі лабораториясындағы зерттеулері және Токарскийдің Москва Мемлекеттік Университетінің лабораториясында В.В. Чиктің Харьков Университетінің лабораториясындағы зерттеу жұмыстары болды.

Эксперименталды психологияда А. Лазурскийдің (1874-1917) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Петербург университетіндегі жүйке және жан аурулары кафедрасында жұмыс атқара отырып, лабораториялық экспериментте адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін ілім ретінде көрсете отырып, жеке адамның құрылымын жасады.

Қазіргі кездегі эксперименталды психологияның дамуы бірнеше жылдар бойы жинақтаған білімдерді тәжірибеде қолдану негізінде адамдардың іс-әрекеті туралы жаңа ілімдерді кеңейтумен сипатталады. Еліміздегі психология ғылымының қолданбалы саласында психологтардың көпшілігі зерттеу жұмыстарын оқыту жұмыстарының психологиялық заңдарын ашумен шұғылданса, енді біреулері қолданбалы өңдеулермен, енді біреулері психотерапия және психодиагностикалық көмек көрсетумен айналысады.

Жалпы алғанда, эксперименталды психологияның тарихы төрт мағынаны анықтайтын кезеңнен тұрады:


  1. В.Вундт және Стивенс түсінігі бойынша эксперименталды психологияның негізінде адамдармен жаунуарлардың әрекеттерін зерттеп жатыр. Ғылыми психология мен психологияның философиялық, интроспекциялық, ойша жорамалдаушылық және гуманитарлық көзқарастармен қарсы тұрады.

  2. Эксперименталды психология нақты зерттеулерде іске асатын экспериментті әдістер мен әдістемелерді нақты бір жүйеге келтіріп, дәлелдеп түсіндіреді.

  3. Эксперименталды психология терминнің оның мағынасын кеңейте отырып, психологтар, психологиялық зерттеу мәселелерімен айналысатын ғылыми пәндер жүйесі үшін қолданылды.

  4. Эксперименталды психология психологиялық эксперименттік теориясын эксперименттің жалпы ғылыми теорияларына негіздеу және оны жоспарлау және алынған мәліметтерді өңдеу туралы мәселені қарастырды.

Елімізді эксперименталды психология курсы 70 жылдардан бастап оқытыла бастады. Ал Ресей Университеттерінде бұл пән профессор Челпановтың лекцияларынан басталады. Ол 1909 жыл еді. Челпанов эксперименталды психология оқу пәнін психологиялық “зерттеулер әдістемесін, нақтырақ айтқанда психологиядағы эксперимент әдісін қарастыратын ғылым”, - деді.

Эксперименталды психология саласы бойынша орыс психологы Н. Ланге (1858-1921) зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді.

Француз психологы А. Бине (1857-1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І дүниежүзілік конгресінде Париж қаласында 1889 жылы талқыланды.

ХХ ғасырдың басында орыс психологы Г. И. Челпанов психологиялық лаборатория ұйымдастырды.

Психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуда әйгілі академик И. П. Павлов (1849-1936) шартты рефлекстер әдісін ашты.

Н.И. Красногорский (1882-1961) балалардың жоғары жүйке қызметінің даму жолдарының қызметін зерттеді.

А.Г. Иванов – Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеді.

Осы кезеңдерде психикалық процестердің пайда болу жылдамдығын өлшейтін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін зерттейтін – эстезиометр, зейіннің көлемін өлшейтін тахистоскоп, естуді өлшейтін, тексеретін – аудиометр, бұлшық еттердің жұмысын тексеретін эрограф сияқты аспаптар ойлап табылып дүниеге келді.

Сондай-ақ эксперименттің екінші түрі – табиғи эксперимент пайда болды. Табиғи эксперимент әдісінің негізін салған орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874-1917). Бұл әдістеме негізінде зерттеуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда өзі қалыптастырып отырады.
3 тақырып. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері.

Жоспар


  1. Әдіснама, әдіс және әдістеме.

  2. Эксперименталды психология дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері.

Әдіс - бұл ғылыми зерттеудің жолы немесе қандай да бір болмысты танудың тәсілі. Өз құрылымы жағынан ғылыми әдіс қандай да бір объектіні қарастырудың немесе операциялардың жиынтығы.

Әдіс (Метод;грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі, рейтинг әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.

Әдіс - өзінің психология пәнімен зерттеу объектісімен бірлігі арқылы зерттелінетін болмысқа деген ғылыми қадамды көрсетеді. Психологиядағы әдіс зерттеу әдістемелерінде нақтыланады.

Әдістеме (Методика) - әдістер жиынтығы; оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы.

Әдістемелер - зерттеудің нақтылы мақсаттары мен міндеттеріне жауап береді. Онда зерттеу объектісі мен зерттеу шараларының сипаттамасы бар. Бір әдістің төңірегінде бірнеше әдістемелер жасалынуы мүмкін.

Әдіс туралы ілім білімнің ерекше аумағын методология құрайды. Методология теориялық және практикалық іс-әрекетін құрылысын ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптерінің жүйесі негізінде, сондай-ақ осы ілім туралы жүйе ретінде қарастырылады.

Әдіснама (методология; грек methodos – зерттеу жолы, теория, ілім және логия ) – ғылыми таным әдісі; ғылымда қолданылатын негізгі принциптер; дүниенің, қоғамның объективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты – объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жолда, әдісте ақиқат болуы қажет. әдіснама негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен қате болуы да мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін. әдіс – пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанмен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-қайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Теория – объективтік шындықтың идеялық бейнесі. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Дұрыс құрылған теория – жаңа құбылыстарды танудың әдіснамасы. Әрбір ғылымның өзіндік пәні, демек өзіне сәйкес әдістері болады. әдістің негізінде білімдер жүйесі жатқандықтан (мыс.,математикалық немесе филосоиялық, логикалық және т.б.) олардың әдістері де әр алуан болып келеді. Осыған орай, ғылымда әдістерді топтастыру мәселесі пайда болды. Топтастыру әдістері белгісіне (қолдану өресіне, онгың заңдылықтары мен ұғымдарының сипатына байланысты) қарай іске асырылады. Осыған байланысты әдістерді екі үлкен топқа бөлуге болады: философиялық әдіс және жеке ғылымдар әдісі. Философиялық әдіс таным теориясымен байланысты болағндықтан, барлық ғылымға ортақ болып келеді. Белгілі бір ғылым саласында философиялық әдісті дұрыс қолдана білмеу көптеген әдіснамалық қателерге соқтырады. Диалектикалық материализм – дүниені танудың және өзгертудің бірден – бір ғылыми әдісі. әдіснаманы әдістен ажырата білген жөн.

Методология адамның теориялық та, практикалық та іс-әрекетіне жатады. Методология ғалымды немесе практикті ақиқат немесе шынайы нәтиже алу үшін оны қалай алу керектігін үйретеді. Методология-білімнің ұйымдастырылуы мен қозғалыс логикалық ішкі механизмдерін олардың өзгеру, қызмет ету механизмдерін зерттейді.


4 тақырып. Психологиялық теорияның құрылымы

Жоспар

  1. Психологиялық теория және оның құрылымы.

  2. Ғылыми мәселе, болжам.

  3. Жалпығылымдық зерттеу әдістері.

Ғылым – білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған неіздер; негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; табиғи құбылстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен, ғылыми еңбегінің бөлінісімен және коопрациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді,т тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппаратарын, ғылыми ақпарат жүесін, сондай-ақ, алғышарт, құрал-жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Бұл нәтижелер, сондай-ақ,қоғамдық сана нысанының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары нысаны.

Қазіргі таңда психология өзінің ғылым екендігін дәлелдеді. Сондықтан ғылым болғаннан психологиялық әдістер ғылыми әдістер болып табылады.

Ғылым – ақиқатты анықтайтын, нәтижесі жаңа білім беретін адам іс - әрекетінің жетістігі. Ғылыми білімнің пайдалылығы, тиімділігі, тәжірибелілігі оның ақиқаттығының жетістігінен туындайды. Ғалым немесе ғылыми қызметкер – ақиқатты анықтау, шындыққа көз жеткізу критериімен өзінің іс - әрекетін қалыптастыратын маман болып есептеледі. Сондай – ақ «ғылым» сөзі қазіргі таңда ғылыми әдістерді қолдану нәтижесінде алынған білімнің жиынтығы болып табылады.

Ғылыми іс- әрекеттің нәтижесі құбылыстар мен процестерді түсіндіру шындықты сипаттау болып табылады. Ғылыми ізденістің идеалды формасы заңдылықты ашу оны теориялық түсіндіру. Ғылым білім жүйесі және адам іс - әрекетінің нәтижесі ретінде толықтылығымен, жүйелілігімен, сенімділігімен сипатталады және әдістерімен сипатталады. Бұл әдіс рационалды болуы керек. Ғылыми бірлестіктің мүшесі болған адам бұл ғылыми іс - әрекеттің құндылығы ғана болып қарамай, ғылыми әдісті жалғыз тәсіл деп қолдануы керек.

Зерттеудің нормасы дегеніміз не? Бұл сұраққа Т. Кунның «қалыпты ғылым» түсінігін қолдана отырып жауап беруге болады. Ол ғылымның екі қалпын революциондық фаза және қалыпты ғылым фазасын бөліп көрсетеді.

Қалыпты ғылым бұрынғы ғылыми жетістіктерге сүйенетін зерттеудің түрі. Қазіргі таңда сирек болса да оқулықтардың алғашқы формасында кездеседі. Қалыпты ғылым «парадигма» түсінігімен байланысты. Парадигма заң, теория әдіс және оны тәжірибеде қолдану нәтижесінде жалпы қабылданған ғылыми зерттеу үлгісі. Парадигманың өмір сүруінің белгісі болып табылады. Ғылыми психологияда парадигманың қалыпттары В. Вупдттын жұмыстары мен оның ғылыми мектептерінде кездеседі.

Ғылыми зерттеу процесі мынадай құрылымда болады.


  1. Болжамды қою.

  2. Зерттеуді жоспарлау

  3. Зерттеуді өткізу

  4. Зерттеудің интерпретациясы

  5. Болжамды растау немесе терістеу

  6. Болжамның терістелуі нәтижесінде жаңа болжамның пайда болуы.

Жаңа ғылым ғылыми қағиданы немесе болжам қою нәтижесінде туындайды, ол индуктивті немесе шығармашылық түрінде дүниеге келеді. Ол эксперимент нәтижесінде дәлелденеді. Жаңа білім басқа жолмен де, эмпирикалық яғни байқау әдісі арқылы және теоретикалық индуктивті ойды рационалды зерттеу арқылы пайда болады.

Ғылыми зерттеудің талаптары:



  1. Ғылыми зерттеу мәселесінің актуальдылығы (көкейкестілігі) зерттеу үшін оны таңдауға негізгі аргумент болып табылады. Зерттеудің актуальдылығы дәл қазіргі уақытта, өз уақытында, сол күнгі қажеттілікке мәселені шешу міндеттілігін білдіреді.

  2. Ғылыми зерттеудің жаңашылдығы мәселенің өзіне қатысты емес ұсынылған шешімге қатысты сипаттама. Зерттеудің жаңашылдығы мәселені шешуге талпыну, тексеруді кең және терең үйренудің нәтижесінде құрылады.

  3. Ғылыми зерттеудің практикалық мәні дегеніміз – мәселенің шешімі қаншалықты шындықтағы іс-жағдайын жақсы, тиімді жаққа қарай өзгертетіндігімен анықталады.

Психологияда эксперимент теориялық мәліметті анықтау үшін жүргізіледі. Теория білім жүйесінде ақиқаттың қайшылықсыз жолы болып табылады. Теорияның элементтері бір – бірімен логикалық байланыста болып келеді. Оның мазмұны белгілі бір ереже бойынша көптеген пікрлермен түсініктер негізінде құралады.

Теоретикалық білімнің бірқатар түрлері кездеседі: Болжамдар, заңдылықтар, модельдер, классификациялармен типологиялар, әрбір теорияның мынандай негізгі компоненттері бар: 1. Эмприкалық негіздер (фактілер, эмпирикалық заңдылықтар) 2. Базис – теорияның идеялды обьектісін сипаттайды (аксиома, постулат, болжамдар) 3. Теорияның логикасы-логикалық қорытынды ережесі. 4. Теориялық білімдер.

Теориялық білімнің компоненттері әртүрлі жолмен дүниеге келеді. Теорияның эмпирикалық негіздері эксперимент пен бақылаудың нәтижесінен алынады. Постулаттар мен қағидалар интуиция нәтижесінде туған ойдың рационалды дәлелдейді.

Құрылымы бойынша теориялар аксиомалы және гипотетика – индуктивтік болып бөлінеді. Аксиомалық теориялар дәлелдеуді қажет ететін аксиомалар жүйесінен құрылады. Гипотетика – дедуктивтік, индуктивтік негіздегі эмперикалық негіздегі қағидалардан құралады.

Теориялар сапалық математикалық аппаратсыз, формализацияланған, формальды болып бөлінеді.

Сапалық теорияларға сапалық теорияларға психологтар А.Маслоудың мотивация концепциясын Л.Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясын, Дж.Гипсонның қабылдаудың экологиялық концепциясын жатқызады. Формализацияланған теориялар математикалық аппарат қолданылатын – Д.Хоманстың когнитивтік баланс теориясы Ж.Пиаженің интеллект К.Левиннің мотивация теориясын формальды теория кездеседі. Д.Раштың тестің стохостикалық теориясы (IRT-пункті таңдау теориясы) ол психологиялық-педагогикалық тестілеудің нәтижесін шкалалауда қолданылады.

Теория шындықты сипаттау үшін ғана емес шындықты қандай құбылысын айта алады және бұл болжам қандай мөлшерде дәл келеді, сол үшін де құрылады.

Белгілі бір уақытта эксперименталды зерттеудің нәтижесін түсіндіретін екі немесе бірнеше теориялар қатар өмір сүреді. Мыс. жеке адам психологиясында тұлғаны сатысын көрсететін бірнеше теория бар. Айзенктің, Кеттелдің факторлы моделі және «үлкен бестік» моделі (большая пятерка).


5 тақырып. Эмпирикалык әдістердің классификациясы.

Жоспар

  1. Ұйымдастырушылық әдістер.

  2. Эмпирикалык мәліметтерді жинау әдістері.

Ең алдымен психологиялық эмпирикалық әдістердің көптігіне назар аудару қажет. Оларды зерттеуді ұйымдастыруға ұсынудағы жалпы ғылымилық критерий позициясымен қарастырамыз.

Эксперименталды зерттеуді өткізуде эмпирикалық мәлімет алуда әдістерді активті және пассивті деп бөлуге болады. Бірінші топқа, яғни активті әдістерге лабараториялық эксперимент пен оның бірнеше модификациясы, квазиэксперимент жатады. Ал екінші топқа- бақылау, клиникалық әдіс, іс- әрекет нәтижесін талдау әдісі, өлшеу және корреляциялау зерттеу, архивтік әдіс т.б. жатады. Зерттеуші бірінші топтағы әдісті қолданып объектіге әсер ету арқылы процесті немесе құбылысты тудырады. Ал екінші топтағы әдісті қолданғанда зерттеуші табиғи процестің нәтижесін тіркеуге алумен шектеледі. Зерттеуші тікелей немесе кейбір әдістерді (сұрақ-жауап, тест т.б) қолдана отырып әрекетті тіркей алады. Сондай-ақ ол зерттеушіге әңгіме барысында немесе лабораториялық эксперименттегі зерттеуші құралдар (аспаптар, тапсырмалар т.б) көмегімен зерттелушінің іс-әрекетін ұйымдастыра отырып әсер ете алады. Бұл психологиялық эмпирикалық әдістердің «екінші өлшемі».

Бақылау да инструменталды болуы мүмкін. Мысалы видео, аудио, жазба және басқа аппараттармен жазып алушыларды қолданғанда. Экспериментте және өлшеу барысында сыналушы тапсырмаларды белсенді түрде орындайды, ал бақылау мен сұрақ жауап та оған ешқандай тапсырма берілмейді, ол өзін табиғи сипатта ұстайды. Тағыда бір маңызды критерий, ол – кроитерий жаңашыл методологиялық ғылымда түсіндірілгендей, идеалды зерттеу белгілері әдісіне сәйкес келуі.

Осы критерий бойынша зерттеуді ұйымдастыру әдістері мынадай түрде бөлінед:

1. Эсперименталды зерттеу, жүйелі бақылау және корреляционды зерттеу. Мұндағы негізгі айырмашылық, зерттеуші сыртқы ауыспалыларды бақылай отырып, негізгі ауыспалы лардың арасындағы коррекциялық немесе себепті байланысты орнатады. Бұл үшін ол мақсатқа бағыттала, бақылаанушы индивидтер мен зерттелуші топтарын таңдап алады, өз әрекеттерін нақты жүйелі түрде жоспарлайды.

2. Табиғи эксперимент және бақылау, әңгіме, клиникалық әдіс, жеке жағдайларды сипаттау әдісі т.б. Олар адам жүріс – тұрысының ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Ауыспалылардағы (тәуелді, тәуелсіз, сыртқы)бақылау тәсілдері жүйелі түрде қолданылмайды, бірақ та күрделі техникаларды (бақылау картасы, аудио-видео аппаратуралар, тесттер және т.б )бақылауда қолданылуы мүмкін.

3. Квазиэксперимент - ауыспалыларға қатал бақылау қойылатын әдіс пен зерттеу жүргізуде табиғи әдістер арасындағы аралық. Оны көбіне (Ф.-Дж.Мак Гиган) жүйелі бақылау әдісімен теңестіріледі, яғни экспериментатор зерттеушіге әсер етпейді. Бірақ бұндай көзқарастар дәлелденбеген. Тағы да бір жағдай әсер теу табиғатта зерттеушіге тәуелсіз, табиғи жүруші ретінде анықталуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда эксперимент пен бақылау арсында айнымалы орын алатын зерттеуші әдісті байқаймыз.

Ф.Дж. Гиган эсперименталды әдістерге қарама – қарсы әдістерді көрсетеді:



  1. классикалық клиникалық әдіс.

  2. табиғи бақылау.

  3. Сұрақнама

  4. Архивтік әдіс

  5. Корреляциялық байланыстарды орнату.

  6. Квазиэксперимент

Ал, М.В. Мэтлин мынадай әдістерді көрсетеді.

  1. табиғи бақылау

  2. сұрақнама

  3. корреляциялық байланыс

  4. архивтік зерттеу

  5. жеке жағдайларды зерттеу.

Жаңашыл ғылымның барлық әдістері теоретикалық және эмпирикалық болып бөлінеді. Өзіндік ерекшелігі бар модельдеу әдісін дербес ретінде бөлуге болады. Сонымен қатар, теоретикалық және эмпирикалық әдістерден басқа мәліметтердің өңдеуші интерпретациялық әдістер бар.

Теоретикалық зерттеулерді жүргізуге ғылым шындықтың өзімен аған емес, оның ойдағы репрезентациясы – ақыл-ой бейнесінде, формулада, кеңістікті-динамикалық модельде, схемада, табиғи тілдегі жазылымдарда т.б. көріністермен де жұмыс жасайды. Теориялық жұмыс “ақыл-оймен” жүргізіледі.

Эмпирикалық зерттеу теоретиккалық құрылымының дұрыстығын тексеру үшін жүргізіледі, ғалым оның белгілік – символикалық, кеңістікті – бейнелік аналогымен емес, объектінің өзімен өзара әрекеттестікте болады. Экспериментатор эмпирикалық мәліметтерді өңдей және интерпретациялай отырып, теоретик сияқты график, таблица, формулалармен жұмыс істейді, бірақ олармен өзара қатынас әрекеттің сыртқы жоспарындағы схемалар салу, компьютер көмегімен есептеулер жүргізу арқылы өтеді. Теоретикалық зерттеулерде “ақыл-ойдағы” эксперимент жүргізіледі, шындықтағы зерттеу объектісі (яғни, ақыл-ой бейнесі) әр түрлі жағдайларға (бұлда ойша) қойылуда логикалық ой жүгірту (пікір) негізінде оның мүмкін болған әрекеттері талданады.

Модельдеуді қолданушы зертеуші үшін, модель-объект аналогы. Модельдеу объектіге эксперименталды зерттеу жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Ондай объектілерге эксперименталды зерттеуге қиын сирек жүйелер жатады немесе моральды түсінік бойынша эксперимент жүргізуге боламйды, мысалы, әлем, күндік жүйе, “Бұланды арал” ұлттық паркінің экожүйесі және адам медициналық және психофармокологиялық зерттеулер қатарының объектісі ретінде. Моделдеуде “физикалық” және “белгелік символикалық” деп те бөледі. Физикалық модель эксперименталды зерттеледі. “Белгілі - символикалық” модель азды – көпті күрделі компбтерлік программа түрінде жүзеге асырылады, ал оның әрекетін зерттеу теоретиктер ісі.

Жалпы ғылыми эмпирикалық әдістерге бақылау эксперимент, өлшеу жатады. Олардың зерттеушіге әкелетін мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін және жетіспеушіліктерін қарастыру керек. Бірінші әдіс – бақылау ғылымдар қатарында бірегей, сирек эмпирикалық әдіс. Классикалық бақылау ғылымы – астрономия болып табылады. Оның барлық жетістіктері әбден жетілген бақылау техникалары мен тығыз байланысты. Этологияда (жануарлар әрекеті жайлы ғылым) бақылау көмегімен табиғи жағдайдағы жануарлар белсенділігінен негізгі нәтижелер алынған. Бақылау, физика, химия, биология салаларында да ерекше мәнге ие. Бақылаумен шындықты зерттеуге идиографиялық деп аталатын тәсіл байланысты. Бұл тәсіл зерттеушілері оны ғылымсдағы сирек объектілерді, олардың әрекетін және тарихын зерттеуі мүмкін деп есептейді.

Идиографиялық тәсіл жеке құбылыстармен жағдайлардағы белгілер мен бақылауды талап етеді. Ол тарихи пәндерде кеңінен қолданылады, ал психологияда маңызды орынға ие. А.Р.Лурияның “Жоғары ес жайлы кішкене кітапша” немесе З.Фрейдтің “Леонардо да Винчи” монографиясы сияқты зерттеу жұмыстарын еске алуға болады.

Идиографиялық тәсілге, дамудың жалпы заңдылықтарын, объектілердің болмысы мен өзара әрекеттесуін айқындаушы зерттеу номотетикалық тәсіл қарама-қарсы тұрады.

Бақылау шындықты танудағы идиографиялық немесе номотетикалық тәсіл негізінде жүргізуге болатын әдіс болып табылады. Бақыфлау деп арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған сыналушы объектінің іс-әрекетін белгілі уақытта қадағалап қабылдауын айтамыз. Алынған бақылаудың нәтижесі объектінің әрекеті деп аталады.

Бақылаудың жүйелі және жүйелі емес түрлері ажыратылады. Жүйелі бақылау түрі - арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының жүріс тұрысының зерттеу үшін уақыт белгілеп жүйелі түрде оның іс-әрекетін тіркеп отырады.

Жүйесіз бақылау кеңістікте, ұйымдастырылмаған жағдайда өткізіледі. Ол этнопсихологияда, әлеуметтік психологияда, даму психологияда кеңінен қолданылыста. Мұнда уақыт белгіленбейді. Қажет деген құбылысты зерттеуші тіркеуге алып отырады.

Сондай-ақ жалпы және таңдамалы бақылау түрлері болады. Жалпы бақылауда барлық бақылаушы қажетті деген іс-әрекеттер тіркелініп отырады. Ол таңдамалы бақылауда зерттеуші тек бір іс - әрекет түрін ғана бақылайды. Мысалы: агрессивтілік.

Бақылау белгілі бір құралдардың да көмегімен жүзеге асады. Мысалы: аудио-видио аппаратура т.б.

Егер сыналушы ол топпен таныс болса эфективтілік артады, объективті болады деп есептейді. Қатыса бақылауда негізгі мақсат айтылмайды, ол этикалық нормаға жатады.

Бақылау әдісі мынадай этаптардан тұрады:



  1. Бақылау пәні, заты анықталады және объект таңдалынады. (топ немесе жеке адам)

  2. Бақылау тәсілі таңдалынады.

  3. Бақылау жоспары жасалынады.

  4. Бақылауды нәтижесін өңдеу жолы таңдалады.

  5. Зерттеу нәтижесі жарияланады.

Бақылау тікелей немесе техникалық құралдар мен мәліметтерді тіркеу тәсілін (фото, аудио және видео аппаратура, бақылау картасы т.б.) қолдану арқылы жүргізлуі мүмкін. Бақылау арқылы әдетте кездесетін “күнделікті жағдайдағы” құбылыстарды ұшыратамыз, ол объектінің маңызды қасиеттерін тану үшін “әдеттегіден ” өзгеше, ерекше жағдайларды құру қажет. Зерттеуші объектінің мінез-құлқыфн тану үшін оған тікелей әсер ете алмайды.

Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері



  • бақылаушы объект пен бақылаушының тікелей байланысы, яғни зерттеуші сыналушыға әсер ете алмайды;

  • бақылаудың бір жақтылығы (эмоционалды түр беруі керек), яғни, субъективтілігі;

  • қайта бақылаудың қиындығы, яғни ол жағдайды қайта тудыра алмау;

Жаратылыс ғылымдарда бақылау, ереже бойынша зерттелуші процеске (құбылысқа) әсер ете алмайды. Психологияда бақыланушы мен бақылаушының өзара әрекеттестігі жайлы мәселелерде бар. Егер зерттелуші, өзін бақылап отырғанынан хабардар болса, зерттеу шынайы болмайды. Бақылау әдісінің шектеулілігі эксперимент және өлшеу әдістерінің тууына мүмкіндік жасайды. Эксперимент пен өлшеу процесті объектілеу мүмкіндігіне ие, өйткені олар арнайы аппараттарды және нәтижелерді сандық формада тіркеу тәсілін қолдану арқылы жүргізіледі. Бақылау мен өлшеуден эксперименттің ерекшелігі арнайы жағдайдың жасалуымен шындықты құбылысты жүзеге асырады. Соедай-ақ құбылыс пен сыртқы жағдайлар ерекшелігінің арасындағы себептік-тиісті ьайланыстарды анықтайды.

Өлшеу табиғи да арнайы ұйымдастырылған жағдайда да жүргізіледі. өлшеудің эксперименттен айырмашылығы зерттеуші объектке әсер етуге тырыспайды, оның сипаттамасын “объективті” қалай болса солай тіркейді.

Бақылаудан айырмашылығы, өлшеу объекттің құралдық-жанама өзара әрекеті арқылы жүргізіледі және өлшеу инструменттеріндегі объекттің табиғи әрекеті модификацияланбайды, бірақ прибормен бақыланады және тіркеледі.

Адамдардың ғылыммен айналысу себебі не?

Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін. Біріншіден дүниені тануға білімнің жетіспеушілігі. Оны ғалым немесе зерттеуші әр түрлі жолмен толықтырады. Ол кітап оқу, басқа адамдармен әңгімелесу, білім жолына түсу т.б. жолдар.

Танымдық қажеттілік кез келген адамды болады, бірақ кез келген адам ғылыммен айналыса бермейді. Көбінесе ғылыммен танымдық сферасын кеңейтуге жаңалық алуға қызығушылар айналысады.

В.М.Бехтерев кімде қандай нәрсе жетіспейтін болса адамдар соны жетілдіруге немесе алуға тырысады деген болатын. Ч.Дальтон түске соқырлық Дальтонизмді ашқан (қызыл мен жасылды ажырата алмау) болатын яғни ол өзі аурумен ауырған, З.Фрейд өзінің жақты адамдарының айтуына қарағанда сексуалды невротик болған. Екінші жағынан алып қарайтын болсақ Ф.Гальтон қабілеттілік мәселесімен айналысқан, өзі данышпан болған, ал интеллект мәселесімен айналысқан Н. Пиаженің интеллект деңгейі өте жоғары болған.

Психологиямен айналысушылар объективті және субъективті шындықты айыра білуі керек. Басқа адамның дүниетанымы психолог үшін жұмбақ болады. Ол адамдармен сөйлесу нәтижесінде және кері байланыс нәтижесінде оны таниды, мәселесін шешуге көмектеседі және жаңалық ашады.

Психологияда зерттеу жүргізу үшін көптеген әдістер қолданады. Олар бақылау және өзін - өзі бақылау, эксперимент табиғи, кеңістіктіктік және лабораториялық, психодиогностика әдіс, іс - әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдістер эмпирикалық әдістер тобына жатады.

Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады. Ғылыми – психологиялық зерттеулерге қабылдайтын талаптар:

1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу;

2. психикалық құбылыстарды зерттеуде психо- физикалогиялық принципті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану керек.

3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік – тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі.

4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс- әрекеті және оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау.

Енді осы әдістерге тоқталып өтсек:

Эксперимент – нақты жағдайды есепке алып, зерттейтін ғылыми тәжірибе жүргізу жағдайларына қарай эсперимент табиғи, лабараториялық, кеңістіктік деп бөлінеді.

Эксперимент басқа зерттеу әдістерімен салыстырғанда толық нәтиже береді.

Іс - әрекет нәтижесін талдау әдістемесі белгілі бір тұлғаның жазба, бақылау және гафикалық жұмыстары, суреттері жазба дәптерлері, күнделіктері, баяндамалары басқа да еңбектерін зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорытындыланады. Бұл зерттеу сыналушының өзі болмаған жағдайда немесе ол туралы мәлімет қажет болғанда жүргізіледі.

Биографиялық әдіс сыналушының өзі болмағанда немесе қатыса алмағанда жүргізіледі. Оны сыналушы өзі жазуы мүмкін немесе оны білетін адамдар тек болған жағдайды ғана жазады.
6 тақырып. Бақылау эмпирикалык зерттеу әдісі ретінде.

Жоспар


  1. Бақылау және эксперимент.

  2. Бакылаудың өтілу барысы мен техникасы.

Ғылыми зерттеу адамның іс - әрекетінің ерекше түрі болып есептелінеді. Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты ақиқатқа қол жеткізу болғандықтан оның өзіндік принциптері этаптары болады.

Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйеленді. Оның ішінде негізгілері: детерменизм принциптері, санамен іс әрекет бірлігі принципі, және даму принциптері.

Детерменизм принципі бойынша әртүрлі психикалық құбылыс қоршаған орта әсерлеріне қарай пайда болады. Тіршілік жағдайының ауысуына байланысты өзгеріске келеді. Жануарлар психикасының дамуы табиғи сұрыпталумен айғақталады. Ал адам санасының дамуы қоғамның даму ережелерімен ғылыми әдістерінің даму заңдарымен анықталады.

Психологиялық құбылыстарды себеп салдарлы негізде қарастырудан интроспектік әдіснамасы және оның зерттеу әдістері ғылыми мәнін жоғалта бастады. Бұдан кейін психика өзімен өзі тұйықталған құрылым емес, енді ол сыртқы әсерлердің себебінен пайда болған құбылыс еді. Сондықтан оның себеп салдарлы мәні сыртқы іс - әрекетте көрінеді деген тұжырым үстемдік құрды. Сондықтан әдіс қолданысқа ие болды.

Детерменизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамның тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні яғни адамның психикалық дамуына, оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі концепцияға негіз болды. Бұл терминнің дамуын психика дамуы оқу мен тәрбие проблемасының шешілуіне негіз болды. 50-жылдары Л.С.Рубинштейн бұл принциптің роліне мән беріп, әдіснамалық маңызын көрсеткен.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі 30-жылдардан басталды. Оны Л.С.Рубинштейн алға тартты. Бұл принцип әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайтынына қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс-әрекетті зерттеу арқылы жүзеге асатындығын көрсетеді. Сана мен әрекет бірлігінің мәні тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесіне қалыптасады.

Даму принципі бойынша барлық заңдылықтар даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындайды. Барлық психикалық болмыс даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді.

1. Кез-келген зерттеу оның тақырыбын анықтаудан басталады. Тақырып зерттеу аумағын, мәселе шеңберін, пәндік, объект пен әдіс таңдауын шектейді. Дегенмен зерттеудің алғашқы кезеңі мәселенің қойылуы болып табылады. Зерттеуші жаңашыл психологиялық білімдердің қайсысына қанағаттанбайтындығын, кемшіліктерін, адам әрекетін түсіндіруде қандай теориялар бір-біріне қарама-қайшы келетіндігін анықтап алу керек.

Эмпирикалық зерттеу үш негізгі жағдайларда жүргізіледі:



  • құбылыстардың бар болғандағы болжамдарын тексеру;

  • құбылыстардың байланысындағы болжамдарды тексеру;

  • А құбылыс мен В құбылысының себептік байланысы болдамдарын тексеру;

Эксперимент құбылыстардың себептік байланысыны табу үшін жүргізіледі. 6-7 жастағы балалардағы мектептегі оқудың алғашқы айларында болаған жоғары невротизацияның (мектептік дезадаптация синдромы) себебі неде? Жауап варианттары мынадай түрде болуы мүмкін: оқу іс-әрекетіне дайындақтың төменгі деңгейі (алғашқы оқу дағдыларына қалыптаса алмау), еркін дамудың жеткіліксіздігі, интеллектің төменгі деңгейі, сынып ұжымына келудегі әлеуметтік- психологиялық мәселелер т.б. бұл болжамдардың барлығыдәлелді және шындлыққа ұқсас болғанмен, оларды тексеруді қажет етеді.

Ең алдымен психологиялық эмпирикалық әдістердің көптігіне назар аудару қажет. Оларды зерттеуді ұйымдастыруға ұсынудағы жалпы ғылымилық критерий позициясымен қарастырамыз.

Эксперименталды зерттеуді өткізуде эмпирикалық мәлімет алуда әдістерді активті және пассивті деп бөлуге болады. Бірінші топқа, яғни активті әдістерге лабараториялық эксперимент пен оның бірнеше модификациясы, квазиэксперимент жатады. Ал екінші топқа- бақылау, клиникалық әдіс, іс- әрекет нәтижесін талдау әдісі, өлшеу және корреляциялау зерттеу, архивтік әдіс т.б. жатады. Зерттеуші бірінші топтағы әдісті қолданып объектіге әсер ету арқылы процесті немесе құбылысты тудырады. Ал екінші топтағы әдісті қолданғанда зерттеуші табиғи процестің нәтижесін тіркеуге алумен шектеледі. Зерттеуші тікелей немесе кейбір әдістерді (сұрақ-жауап, тест т.б) қолдана отырып әрекетті тіркей алады. Сондай-ақ ол зерттеушіге әңгіме барысында немесе лабораториялық эксперименттегі зерттеуші құралдар (аспаптар, тапсырмалар т.б) көмегімен зерттелушінің іс-әрекетін ұйымдастыра отырып әсер ете алады. Бұл психологиялық эмпирикалық әдістердің «екінші өлшемі».

Бақылау да инструменталды болуы мүмкін. Мысалы видео, аудио, жазба және басқа аппараттармен жазып алушыларды қолданғанда. Экспериментте және өлшеу барысында сыналушы тапсырмаларды белсенді түрде орындайды, ал бақылау мен сұрақ жауап та оған ешқандай тапсырма берілмейді, ол өзін табиғи сипатта ұстайды. Тағыда бір маңызды критерий, ол – кроитерий жаңашыл методологиялық ғылымда түсіндірілгендей, идеалды зерттеу белгілері әдісіне сәйкес келуі.

Осы критерий бойынша зерттеуді ұйымдастыру әдістері мынадай түрде бөлінед:

1. Эсперименталды зерттеу, жүйелі бақылау және корреляционды зерттеу. Мұндағы негізгі айырмашылық, зерттеуші сыртқы ауыспалыларды бақылай отырып, негізгі ауыспалы лардың арасындағы коррекциялық немесе себепті байланысты орнатады. Бұл үшін ол мақсатқа бағыттала, бақылаанушы индивидтер мен зерттелуші топтарын таңдап алады, өз әрекеттерін нақты жүйелі түрде жоспарлайды.

2. Табиғи эксперимент және бақылау, әңгіме, клиникалық әдіс, жеке жағдайларды сипаттау әдісі т.б. Олар адам жүріс – тұрысының ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Ауыспалылардағы (тәуелді, тәуелсіз, сыртқы)бақылау тәсілдері жүйелі түрде қолданылмайды, бірақ та күрделі техникаларды (бақылау картасы, аудио-видео аппаратуралар, тесттер және т.б )бақылауда қолданылуы мүмкін.

3. Квазиэксперимент - ауыспалыларға қатал бақылау қойылатын әдіс пен зерттеу жүргізуде табиғи әдістер арасындағы аралық. Оны көбіне (Ф.-Дж.Мак Гиган) жүйелі бақылау әдісімен теңестіріледі, яғни экспериментатор зерттеушіге әсер етпейді. Бірақ бұндай көзқарастар дәлелденбеген. Тағы да бір жағдай әсер теу табиғатта зерттеушіге тәуелсіз, табиғи жүруші ретінде анықталуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда эксперимент пен бақылау арсында айнымалы орын алатын зерттеуші әдісті байқаймыз.

Ф.Дж. Гиган эсперименталды әдістерге қарама – қарсы әдістерді көрсетеді:


  1. классикалық клиникалық әдіс.

  2. табиғи бақылау.

  3. Сұрақнама

  4. Архивтік әдіс

  5. Корреляциялық байланыстарды орнату.

  6. Квазиэксперимент

Ал, М.В. Мэтлин мынадай әдістерді көрсетеді.

  1. табиғи бақылау

  2. сұрақнама

  3. корреляциялық байланыс

  4. архивтік зерттеу

  5. жеке жағдайларды зерттеу.


7 тақырып. Бақылау және эксперимент.

Жоспар

  1. Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті.

  2. Эмпирикалык мәліметтерді жинаудың баска да әдістері (анкета, сұхбат).

Бақылау деп – арнайы ұйымдастырылған мақсатқа бағытталған объектінің жүріс - тұрысының бақылап тіркеуге алуын айтамыз ғылыми эмперикалық әдіс ретінде бақылау әдісі XIX ғасырдың соңынын бері клиникалық, әлеуметтік, педагогикалық даму психологиясында, ол XX ғасырдың басынана бастап еңбек психалогиясында адамның табиғи жүріс-тұрыстын бақылауды қажет ететін барлық орындарда қолданыла батады.

Бақылаудың жүйелі және жүйелі емес түрлері ажыратылады. Жүйелі бақылау түрі - арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының жүріс тұрысының зерттеу үшін уақыт белгілеп жүйелі түрде оның іс-әрекетін тіркеп отырады.

Жүйесіз бақылау кеңістікте, ұйымдастырылмаған жағдайда өткізіледі. Ол этнопсихологияда, әлеуметтік психологияда, даму психологияда кеңінен қолданылыста. Мұнда уақыт белгіленбейді. Қажет деген құбылысты зерттеуші тіркеуге алып отырады.

Сондай-ақ жалпы және таңдамалы бақылау түрлері болады. Жалпы бақылауда барлық бақылаушы қажетті деген іс-әрекеттер тіркелініп отырады. Ол таңдамалы бақылауда зерттеуші тек бір іс - әрекет түрін ғана бақылайды. Мысалы: агрессивтілік.

Бақылау белгілі бір құралдардың да көмегімен жүзеге асады. Мысалы: аудио-видио аппаратура т.б.

Егер сыналушы ол топпен таныс болса эфективтілік артады, объективті болады деп есептейді. Қатыса бақылауда негізгі мақсат айтылмайды, ол этикалық нормаға жатады.



Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне, психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.

Бақылау - ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көріну объективті ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.



Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психологияда жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (көңіл-күй, аффект) түрінде аңғарылады.

Бақылау әдісі адамның психикасының, сыртқы көрінісін (іс-әрекеттері, қылықтары, басқа адамдармен қарым-қатынаста аңғарылатын тілдік ерекшеліктері, тұтастай мінез-құлқы) зерттеу табиғи өмір жағдайында іске асады. Зертеуші адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын бақылау арқылы олардың психикалық өмірінің ерекшеліктері туралы бағалай алады, демек, сыртқы объективтілік факторлардан адамның ішкі субъективтік дүниесін түсінуге бағытталады.

Психологиялық бақылау мақсатты болуы қажет: бақылаушы кімді не үшін бақылайтынын нақтылы білуі және түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау кездейсоқ деректерді жа\инақтауға айналады. Психологиялық бақылау белгілі жоспармен немесе бағдарламамен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдарламасы бақылаушыны күні бұрын дайындалған зерттеу мәселереі және деректеермен қамтамасыз етеді.

Белгіленген жоспарсыз немесе бағдарламасыз бақылаудың негізгі бағыты жойылады, соның салдарынан адамның психикалық іс-әрекетінде негізгі және маңызды жағы назардан тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір жүйелі жүргізіп отыру керек. Бір жүйелі бақылау бақылаудың тұрақты жағдайын сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бақыланатын деректердің арасныда тығыз байланыс жасауға жағдай тудырады.

Психоллогиялық бақылау, ереже бойынша, ұзақ уақытты қажет етеді. Бақылау неғұрлым ұзақ жүргізілсе, солғұрлым тереңірек және сенімдірек психологиялық қорытынды жасайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді бақылау шәкіртердің жас ерекшеліктерін зерттеуде қолданылады, мәселен, тілі мен ойлауын дамыту ерекшеліктері, эмоциялық ерекшеліктері мен ерік-жігер іс-әрекеттері, қызығуы мен бейімділігі, мінез бітісі мен қабілеттілігі.

Сонымен, бақылау әдісі дегеніміз әртүрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабыладаудың негізінде мақсатты зерттеу.

Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезегн жағдайда шынайылық жоғалады.

Психологиялық зертеулердің табиғилығын сақтау – бақылауға қойылатын бірініші талап. Бақылау әдісіне қойылатын екінші талап, бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни, зертеудің мақсаты мен міндетері айқын қойылуы керек.

Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера т.б.). жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.).

Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс - қосылған бақылау. Бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі. Егер зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті түсіну үшін шеттен бақылаған жөн. қосылған бақылау мазмұнына қарай басқа әдіске - өз-өзін бақылауға ұқсас.

Өз-өзін бақылау, яғни өз қалып-күйлерін бақылау тек психологияда қолданылатын әдіс. Бұл әдістің артықшылығымен қатар бірнеше кемшіліге де бар. Біріншіден, өз қалпыңды бақылау өте қиын. Бақылауға орай, олар дұрыс болмауы мүмкін немесе тоқтап та қалады. Екіншіден, бұл бақылауда субъектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің қабылдауымыз субъективті бояуға ие. Үшіншіден, біздің кейбір қалыптарымызды түсіндіру бұл әдісте қиын.

Дегенмен, өз-өзін бақылау әдісі психолог үшін аса маңызды. Тәжірибеде басқа адамдардың мінезін көргенде психолог оның психологиялық мазмұнын білгісі келеді. Көбінесе, ол өз тәжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді. Сондықтан психолог табысты жұмыс істеуі үшін өз жағдай мен қалпын объективті түрде бағалауды үйренуі керек.

Бұл әдіс, көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды. Бұл жағдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездеріне дәл есептелген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.

Бақылау әдісі мынадай этаптардан тұрады:


  1. Бақылау пәні, заты анықталады және объект таңдалынады. (топ немесе жеке адам)

  2. Бақылау тәсілі таңдалынады.

  3. Бақылау жоспары жасалынады.

  4. Бақылауды нәтижесін өңдеу жолы таңдалады.

  5. Зерттеу нәтижесі жарияланады.

Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.

Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайды жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттелушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тиімді тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппаратардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек дағдыларының қалыптасу жылдамдығы.

Объективті мәліметтерден зертелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент әдісінің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменннің басқа феномендерден себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайларымен ажыратылады.

Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптар қодану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зертеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес зейін зертеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистоскоп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.

Ғылымның тарихы ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығын дәлелдеді. Психология ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өз алдына жеке ғылым болып, философиядан бөлініп шықты. Осы кезеңде психологияда бір жүйелі эксперименталдық зертеулер жүргізіле бастады. (В.Фехнер, Э.Вебер, В.Вунд және т.б.)

Эксперимент – бұл себеп салдарлық байланысты зертеу мақсатындағы зертеушілік қызмет болып табылады. Ол төмендегіше іске асады:


  1. Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әсер етеді;

  2. Экспериментті жүргізуші өтіп жатқан құбылыстың шартын өзгертуі мүмкін;

  3. Экспериментте оның нәтижесін бірнеше рет қайта жаңғыртуға мүмкіншілігі болады;

  4. Нәтижесінде эксперимент сандық заңдылықтардың математикалық амалдарын айқындайды;

Эксперимент психологияның әдісі ретінде психофизиканың және психофизиологияның саласында пада болды және психологияда кеңінен тарады.

Зерханалық экспериментке қарсы үш түрлі пікір қалыптасты: біріншіден, эксперименттің жасандылығы атап көрсетілді, екіншіден, сараптамалық сиапты, үшіншіден, эксперименттің абстрактылығы, экспериментаторға қиындық туғызуы.

Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстың жағдайы жасалады. Мұнда зертеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады. Әрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе алмайтындықтан, оның нәтижесі дәл болмауы мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дәл, ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.

Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зертелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығын және екіншісінің белсенділігі. Бақылау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский болды (1910). Оның негізгі мақсаты – зертеудің эксперименталдық сипатын табиғилық жағдайлармен ұштастыру.



Психологиялық – педагогикалық зерттеу міндеттерін шешетін экспериментті психологиялық – педагогикалық эксперимент деп атайды.

Әр түрлі жас кезеңдерінде шәкіртердің таным мүмкіншіліктерін зертеуде және жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда оның ролі ерекше.

Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады.

Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады.

Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зертеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттердің тәрбиелеу мен оқытудың эксперименталдық дамытушы әдісі болып табылады.
8 тақырып. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Жоспар


  1. Эксперименттегі психолог пен зерттелушінің қарым-қатынасы.

  2. Экспериментатор мен зерттелушінің тұлғасы мен іс-әрекеті.

Психологияда сандық өлшемдер мәселесін алғаш шешуге деген талпыныс адамның сезіну күшін физикалы бірліктегі стимулмен байланыстыра отырып, адам организміне әсер ететін бірнеше заңды ашуға және қалыптастыруға әкелді. Оған Бугер-Вебер, Вебер-Фехнер, Стивенс заңдарын атауға болады. Онда физикалық стимул мен адамның сезінулерінің арасындағы байланыс анықталатын математикалық формула, оснымен бірге сезінудің салыстырмалы және абсолютті шектері анықталады. Соңынан объективтілігінен арттырып, психологияны практикалық мәні бар ғылымға айналдырады. Математика психологияға енуінен біртипті зерттеулердің көп рет жасауға болатын әдістерді талап етті, яғни процедура мен әдістердің стандартталу мәселесін шешуді қажет етті.

Стандартталудың негізгі мәні мынада: екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін бірдей әдістерді, яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.

Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы сипаттама бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеуге, психологиялық түсінуге болытындығымен ажыратылады.

Тест – ағылшын сөзі, қазақшалағанда «байқау» немесе «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді психологиялық зерттеулер тәжірибесіне өткен ғасырдың аяғында америка ғалымы Дж.Кэттел енгізді. А.Бине, Т.Симонмен бірге балалардың ақыл-ой дамуы немесе дарындылығын анықтау үшін өзінің жүйесін жасады. Осы кезден бастап, тест кең көлемде таралып және тәжірибелік мәні арта түсті. Тест дегеніміз не?

Тест – бұл күрделі техникалық бейімделуді қажет етпейтін, стандартқа және мәліметтерді математикалық өңдеуге дайын тұратын қысқа, стандартты сынақ.

Тесттердің де бірнеше түрлері бар. Олар: сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер.

Сауал-тесттер белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын, я айқындылғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабын талдау ретінде қалыптасты.

Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген жауаптардың санына негізделеді. Тапсырма-тест – белгілі бір тапсрымаларды табысты орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу. Мұндай тесттерде тапсырмалардың біпнешеуін орындау қажет. Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы белгілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады.

Тесттерді әзірлеуге талпынған адамдардың бірі – Ф. Гальтон (1822-1911). 1884 ж. Лондондағы Халықаралық көрмеде Ф.Гальтон антропометриялық зертхана ұйымдастырды (кейіннен бұл Лондондағы Оңтүстік-Кенсингтон мұражайына ауыстырылды). Бұл зертханадан бойының ұзындығын, салмағын, сезімталдықтың әртүрін, реакция уақытын және басқа да сенсомоторлы қасиеттерін өлшеуден тоғыз мыңдай адам өткізілді. Ф.Гальтон ұсынған тесттер мен статистикалық ұсынытар өмірдің практикалық мәселелерін шешу үшін кеңінен пайдаланылады. Бұл қолданбалы психологияның бастамасы еді, соңынан бұл “психотехника” деген атқа ие болды.

Бұл терминД.Кеттелдің (1860-1944) 1890 ж. “Mind” журналында Ф.Гальтонның қорытынды сөзімен “Mental Tests and Measurment” (“Ақыл-ой тесттері және өлшемдер”) мақаласы жарық көргеннен кейін ғалымдардың лексиконына енді. Кеттел бұл мақалада: “Психология эксперимент пен өлшемдерге сүйенбейтін болса, физикалық ғылымдар секілді тұрақты және дәл ғылым бола алмайды. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін қолдану арқылы бұл салада алғашқы қадам жасауға болады. Мұның нәтижелері психикалық процестердің тұрақтылығын, олардың өзара байланысын және әр түрлі жағдайда өзгеруін ашуда ғылыми бағалы болады” , - деп жазады.

1905 ж. француз психологы А.Бине интеллекті бағалайтын бірінші тесті жасады. ХХ ғ. Басында француз үкіметі оқушыларды оқу деңгейіне қарай бөлу үшін А.Бинеге мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдық қабілет шкаласын жасауды тапсырды. Соңынан көптеген ғалымдар тестердің сериясын жасап шығарды. Олардың практикалық міндеттерді жедел шешуге бағытталғандығы бұл психологиялық тесттердің кеңінен тарауына әкелді. Мысалы, Г.Мюнстерберг (1863-1916) кәсіби таңдап алуға арналған тестер жасады. Олар былайша жасалады: алдымен олар ерекше жетістікке жеткен бір топ жұмысшыларға, содан соң жаңадан жұмыс орнына келгендерге. Бұл ой психикалық жұмысшылардың қызметін табысты орындау құрылымдарының тест кезінде зерттелушінің орындай алатын құрылымдарыемн өзара байланысына негізделеді.

Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде психологиялық тесттерді көптеп пайдаланады. Бұл кезде АҚШ соғысқа кірісуге дайындалып жатқан болатын. Бірақ соғысып жатқан жақтардағыдай қаруланбаған еді. Сондықтан соғысқа кіріспес бұрын (1971ж.) әскери биліктегілер елдің ең ірі психологтары Э.Торндайкке (1874-1949), Р.Йеркске (1876-1956), Г.Уипплге (1878-1976) психологияны әскери қызметте қолдану проблемасын шешіп беруді ұсынды. Америка психологиялық ассоциациясы мен университтері бұл бағытта жұмысты бастап та кетті. Р.Йеркстің басшылығымен әр түрлі әскерлерге әскери қызметке шақырылатындардың жарамдылығын (интеллекті бойынша) жалпы тексеру үшін алғашқы топтық тесттер жасалады. “Альфа” әскери тестісі сауаттыларға, ал “бета” тестісі сауатсыздарға арналды. Бірінші тест А.Биненің балаларға арналған вербалды тестеріне ұқсас болды. Екінші тест вербалды емес тапсырмалардан тұрады. 1 700 000 солдат және 40 000 офицер сыналды. Көрсеткіштер жетіге бөлінді. Осыған орай жарамдылық деңгейі жеті топқа бөлінді. Бірінші екі топқа міндеттерді орындау қабілеті жоғары және тиісті әскери оқу орындарына жіберілетін тұлғалар жиналды. Кейінгі үш топ қабілет көрсеткіші орташа статистикалық тұлғалардан жиналған еді.


9 тақырып. Эксперимент жүргізудің этикасы.

Жоспар

  1. Зерттелушінің мотивациясы.

  2. «Фасад», «Плацебо» эффектілері.

  3. Эксперимент жүргізудің этикасы.

Бүгінде тесттер – психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бірақ тесттерінің объективті және субъективті әдістерінің арасында сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тестерді орындауда тестіден өткізудің нәтижесіне, әсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса, саналы немесе сансыз әсер ете алады. Алайда объективті тестер де бар. Оларға жобалау тестерді жатқызуға болады. Тестің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нәтиджесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тестер психологтың кәсіби дайындығының жоғары және тәжірибесінің мол болуын, сыналушының интеллектуалды дамуының жоғары болуын талап етеді.

Қазір тест әдісі психологияда басқа әдістермен қатар қолданылады. Оның көмегімен белгілі қабілеттілікті, ептілікті, дағдыларды анықтауға, жеке тұлғаның кейбір сапаларын ерекше дәл сипаттауға, беліглі бір салаға жұмысқа және мамандыққа жарамдылық деңгейін анықтауға қолданылады. Тесттің белгілі дәрежеде диагностикалық құндылығы – негізіне алынған ғылыми эксперименттің деңгейі мен психологиялық дәйектерге байланысты. Жеткіліксіз негізделген және тексерілген психологиялық тесттер педагогикалық тәжірибеде кәсіби іріктеу, психологиялық даму кемістігін тап басып айқындай алмайды.

Мектеп оқушыларының жетістіктерін, интеллектуалдық дамуын көптеген басқа да қалыптасқан сапалардың деңгейін тест арқылы өлшеу оқу-тәрбие тәжірибесінің ажырамас бөлігі болып табылады. тест әдісі психологияда да, педагогикада да кеңінен қолданылады. Кей жағдайда педагогикалық тестті психологиялық тестілеуден ажырату мүмкін емес.

Егер тесттің педагогикалық астары туралы айтатын болсақ, ең алдымен үлгерім тестін қолдануды көрсетуге болады: оқу, жазу, арифметикалық амалдар сияқты қарапайым ептілік тесті кең қолданылады. Тест зертеу әдісі ретінде күнделікті үлгерімді практикалық тестілеумен білім деңгейін анықтап, оқу материалын меңгерцдің сапасын тексереді.

Тәжірибеде тестілік тапсырмалардың көптеген түрлері қолданылады: Америкада тестологиялық өндіріс саласы ерекше дамыған.

Білім беру және балалар мен ересектердің дамуында жеткен көрсеткіштерді салыстыруға халықаралық тесттер қоданылады. Адамдардың белгілі бір қызмет түрлеріне жарамдылығына ол емтихан болып табылады. қазір электронды есептеу машиналарының “адам-машина” жүйесінде компьютерлік бағдарламалар кең көлемде дамып келеді. Оқушылардың үлгерімін анықтау тесті, адамдардың кәсіби жарамдылығы мен бейімділігін анықтайтын тест жиі қолданылады.

Психологиялық әдістердің бірі - модельдеу.Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қодану қиындығында ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелігі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан, оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.

Модельдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзарар байланысы мен олардың қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қоданылады. Техникалық моделдеуде зертеудегі елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық модельдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық модельдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негілген.

Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу заңдарындағы психикалық құбылыстарды модельдеуге бастады, өйткені адамдардың ойлауда қолданылатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеуіне қарай адамның мінезін көщге елестетуге және сипаттауға болады.

Сұхбаттасу әдісі. Танымның кеңінен таралған құралдарының түріне психологияда сұхбаттасу әдісі жатады. Сұхбаттың мақсаты – жауап берушінің сөзінен объективтік және субъективтік деректер туралы ақпарат алу. Психологияда қолданылатын сұхбаттасу әдісін екі түрге бөлуге болады: 1. “Бетпе-бет” – сұхбаттасу, арнайы жоспармен зерттеушінің жүргізетін сұхбаты;

2. Сырттай сұхбат – анкета. Ол өз бетінше толтырылады. Ауызша сұхбат психологиялық зерттеулер үшін дәстүрлі әдіс болып табылады. оны әртүрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың психологтары ертеден бері пайдаланып келеді. Бірақ сұхбаттасуға алғашқы ақпаратты жинау әдісі ретінде біршама шектеулік тән. Психологиялық зерттеулерде сұхбаттасуды қолданудың аясы жан-жақты:



  • зерттеулердің алғашқы кезеңдерінде бақылау жоспарымен жұмыс істеу үрдісінде тек қана сұхбаттасу пайдаланылады. Сұхбаттасу мәліметтерінің көмегімен зерттеу мәселесі бойынша өзгерістер анықталады, жұмыс гипотезасы ұсынылады;

  • сұхбаттасу басқа әдістердің көмегімен алынған мәліметтерді анықтау, кеңейту және бақылау үшін қызмет етеді. Сұхбаттасудың екі түрі кездеседі: қалыпты және қалыптан тыс.

Қалыпты сұхбаттасуда қойылатын сұрақтар және олардың бірізділігі алдын ала анықталып, барлық жауап берушілерге мазмұны бірдей болады. Зерттеушіге кейбір сұрақтардың мазмұнын өзгертуге немесе жаңа сұрақтар енгізуге, сұрақ беру тәртібін өзгертуге болмайды.

Қалыптан тыс сұхбаттың әдістемесі керісінше, толық икемді, кейбір өзгерістерді енгізуге болатындығымен сипатталады. Зертеуші сұхбаттың жалпы жоспарын басшылыққа алады, нақты жағдайларға сәйкес сұрақтың атын, сұрақтың қойылу тәртібін өзгертуге құқы бар.

Әңгімелесу – сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Әдетте, әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қоданғаннан зертеу тиімді болатынын ескерген жөн.

Анкета әдісі – арнайы жасалынған сұрақтардың көмегімен жаппай материал жинау әдісі. Соңғы кезде психологияда бұл әдіске ерекше мән беріліп, тез арада респонденттерді жаппай сұрауға мүмкіншілік туды, әдістемесі тиімді және жиналған материалды автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік береді.

Анкета-мәселені шешу үшін арнайы сұрақтар дайындалатын эмпирикалық әлеуметтік психологиялық әдіс. Анкетаны дайындау үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті қажет етеді. Мұнда 30 - 40 минуттан артық уақыт берілмейді. Ол жазбаша, ауызша, жеке және топтық түрде жүргізіледі.

Анкета әдісінің (сырттай сауал жүргізу) өзінің ерекшеліктері бар. Сырттай сауал жүргізу кейде адамдардың өткір пікірталастарын туғызатын мәселелерге олардың қатынасын анықтау немесе қысқа мерзімнің ішінде көп адамға жаппай сұрау жүргізу қажет болғанда ғана анкета әдісі қолданылады. Анкета қалыпты сұхбаттасуға қарағанда көп жағдайда құпиялылығына толоықтай кепілдік береді, сондықтан да сұралғандар шын көңілден ешқандай бүкпесіз жауап береді. Бірақ анкетаны белгілі бір жұмыс гипотезасынсыз жүргізуге болмайды.

Сауалнама – зерттелгендерден сұрақ-жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы мен кемшіліктері де бар. Сауалнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін.



Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.

Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.

Еркін сауал – жазбаша және ауызша сауалнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әр түрлі ақпарат алуға болады. Сонымен қатар стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзөгеріп отырады.

Сауалнама әдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дәл екендігі жайлы және психологиядағы сандық және сапалық сипаттама мәселелеріне тірелдік. Бр жағынан, бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты. Психологтар өзіне көптен бері мынадай сұрақ қойып жүр: “Бақыланып жүрген құбылыстың кездейсоқ екенін немесе оның объективті бар екенін немен дәлелдеуге болады?” Психологияның қалыптасуы және дамуы барысында эксперимент нәтижесінің шынайылығын дәлелдейтін әдіснамасы анықталады. Бұған дәлел сондай жағдайдағы басқа зерттелушілерді зерттеудегі нәтижені қайталау. Ұқсастықтар көп болған сайын, табылған құбылыстың бар екендігі жоғары. Бұл нәтижелерді салыстыруға болатындығы проблемасына да байланысты. Әр түрлі адамдардың белгілі бір психологиялық мінездерін қалай салыстыру қажет?

Американдық ғылыми әдебиеттерде “Архивтік әдіс” термині қолданылады. Онда сыналушының іс-әрекетін бақыламай, оның күнделік жазбаларына, еңбек нәтижелеріне, оқу және шығармашылық іс-әрекетінің жазбаларына көңіл бөледі. Ал Отандық психологияда ол іс-әрекет нәтижесін талдау немесе праксиометриялық әдіс деген терминмен қолданылады. Бұл әдіс әр түрлі мақсатпен қолданылады. Мұнда биографиялық әдіс кеңінен таралған. Адамның өмір жолы зерттеледі. (оның жазбалары бойынша). Сондай-ақ контент – анализ әдісі де кеңінен таралған бұл әдісті талдауда көп кездесетін тақырып, сөз, термин, пікір немесе аяқталған кейбір, басқада көп кездесетін мәліметтерге көңіл бөлінуі сондай-ақ жобалау әдістері де осы топқа кіреді.


  1. тақырып. Эксперименттің валидтілігі.

Жоспар

  1. Валидтіліктің түрлері.

  2. Болжам және оның түрлері.

  3. Эксперименталды болжамның қүрылуы.

  4. Тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу.

Психологияда эксперимен жүргізуде эксперименталды жағдайда автоматты құралдарын ауыстыратын болсақ, ол идеалды экспериментке айналған болар еді. Бірақ психологияда барлық жағдайда автоматтандыруға келмейді. Сондықтан экспериментатор субъективті тұлға болғандықтан онда қателіктер, нәтиженің өзгеріске ұшырауы кездесуі мүмкін. Бірақ та ол қателікті дұрыстауға түзетуге болады. Мұндай еске алатын нәрсе экспирименталды ситуацияда экспериментатор жүріс-тұрысының тенденциясы бейсаналы түрде сыналушының жүріс –тұрысының өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Сонықтан экспериментатордың жүрі-тұрысы мен іс-әрекеті максималды түрде объективтік болуы керек . Сыртқы жағдайлардың әсерінен қарамастан нәтиже объективті көрсетілуі керек .

Іс-әрекет тұрғысынан алғанда эксперимент сыналушының психикасын зерттеп анықтау мақсатында жүргізілетін іс-әрекет . Эксперимент жүргізуде экспериментатор белсенді болуы керек, мұнда ол сыналушыға зерттеуді ұйымдастырып оған тапсырма береді, сыналушының жүріс-тұрысын жазып, нәтижесін бағалайды және қортынды шығарады .

Әлуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда экспериментатор жетекшінің мұғалімнің,ойында басқарушының ролін атқарады, ал сыналушы болса орындалушының, оқушының, ойынға қатысушының және бағынушының ролін атқарады.

Экспериментті экспериментатордың іс-әрекеті ретінде қарастыратын болсақ необихевиоризм моделіне сәйкес келеді . Стиумул – аралық уақыттан кейін - реакция , яғни экспериментатор оған сыналушыға тапсырма береді, ол сыналушы тапсырманы орындайды. Егер экспериментатор өзінің болжамына қызығушылығы жоғары болса, онда ол экспериментке бейсаналы түрде субъективті пікірін қосып нәтижесіне өзгеріс енгізуі мүмкін, яғни сыналушының болжам бойынша жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Бұл экспериментатордың іс-әрекетін американ психологы Р. Розенталь “Пигмалион” эффектісі деп атаған .Бұл атау грек мифінің негізінде туған .Пигмалион деген мүсінші керемет сұлу Галатея деген қыздың мүсінін жасайды, ол өте әдемі шыққандықтан Пигмалион оған ғашық болып қалады. Содан кейін құдайдан мүсіннің тірілуін тілейді. Құдайлар оның тілегін қабыл етіп, қыз тіріледі .

Сол сияқты зерттеуші өз болжамының расталуын қалайтын болса, онда ырықсыз түрде оның орындалуына жағдай жасайды . Мұндай жағдайды бақылауға алуға болады, ол үшін зерттеу жүргізуге экспериментатор ассистенттер қатыстырылады ,ол зерттеудің мақсаты мен болжамын білмеуі керек. Н. Фридман экспериментаторлар барлығы бірдей біліктілігі жоғары және объективті емес, мұнда басты мәселе – экспериментаторлар мотивациясының айырмашылықтары. Олар жаңаны тануға тырысқанымен де, олардың танымы, мақсаты, құралдары мен жолдары әр түрлі.

Сондай –ақ экспериментаторлар “идеалды сыналушы” мынадай сапаларды шешуі керек . Олар : тіл алғыш , саналы тез түсінетін, еңбексүйгіш агрессивті емес болуы керек. Ақылды экспериментатор бұл тек арман екенін біледі. Кейде сыналушының жүріс –тұрысы экспериментатор күткендей болып шықпаса, ол оның ашу-ызасын келтіруі мүмкін. Сондықтан экспериментатор объективті нәтиже алуы үшін мұндай жағдайларын көңіл бөлмеуі керек .

Сондай –ақ эксперимент жағдайына бейсаналы бағыттар, мимика, интонация эмоционалды т.б. әсер етеді және экспериментатордың сыналушыға берген алғашқы бағыты экспериментке әсер етеді. “Алғашқы әсер” эффектісі зерттеуде әрі қарайғы бағытында өз әсерін тигізіп отырады.

Эксперименттің нәтижесіне бірнеше факторлар әсер етеді :


  1. экспериенттің нәтижесіне экспериментатордың биоәлеуметтік сапалары (жасы, жынысы, нәсілі , мәдени- діни , этникалық ерекшеліктері). Психоәлеуметтік сапалары (алаңдаушылық деңгейі , әлуметтік қолдауға қажеттілігі , агрессивтілік , жаулық , авторитарлық , әлуметтік статус ) . көңіл күй т.б. экспериентті бақылаудың мынадай түрлері бар :

  1. зерттеуді автоматтандыру .

  2. зерттеудің мақсатын білмейтін экспериментаторларды қатыстыру .

  3. Бірнеше экспериментаторды әсерін толық жоя алмаймыз , бірақ та бақылауға алуға болады. Сондай - ақ экспериментатордың обьективті көзқарасын жетілдіру керек.

Экспериментатордың жеке басы немесе іс - әрекетіндегі негізгі екі мәселені қараған жөн.

  1. қателіктер, яғни эксперимент кезіндегі нормадан еріксіз шығып кету. Мұндай қателіктерді жөндеуге болады.

  2. Эксперимент ситуациясы барысында әсер ететін және санасыз психикалық әрекет бағытына әсер болып табылатын экспериментатордың тұрақты мінез – құлық тенденциясы.

Эксперимент нормасы оны өткізу құрылымы жоғары деңгейде объективті болуы керек. Яғни эксперимент нәтижесі экспериментатордың кәсіби шеберлігіне сыртқы ортаға әсер етпеу қажет.

Экспериментатордың іс - әрекеттік позициясы бұл сыналушының іс - әрекетін өзгерте отырып, оның психикалық ерекшелігін көрсетуге бағытталған, сыналушыға әсер етуші экспериментатордың іс - әрекеті болып табылады. Яғни экспериментатордың сыналушының жұмысын ұйымдастырады, сыналушыға тапсырма береді. Эксперимент нәтижесін бағалайды, эксперименталды жағдайға жетекшілік етеді. Сыналушының іс - әрекетін хаттамаға енгізеді, тіркеуге алады. Әлеуметтік психологиялық көзқарас бойнша экспериментатор жетекші, мұғалім, ойын, инциаторы рөлін, сыналушы, бағынушы, орындаушы, оқушы, ойынға қатысушы рөлін атқарады.

ХХ-ғасырдың 60-шы Американ психологтары эксперимент процедурасы барлық жерде бірдей болғанымен экспериментатордың жеке басына байланысты оның өтуі әртүрлі болады деген көзқарасты айтады.

Ал Фридман осы көзқарасты талқылай келе экспериментатор әртүрлі бақылауды, әртүрлі тіркеуге алады, әртүрлі баға береді деп нақтылай түседі.

Эксперименттің процедурасы бір болғанымен оның өтуінің әртүрлілігі әрбір экспериментатордың өзіндік мотивациясы өзгешеліктеріне байланысты болады. Олардың барлығы сыналушыдағы жаңа нәрсені танып, білуге тырысқанымен олардың сыналушыны тану мақсаттары әртүрлі болады.

Эксперименттің зерттеу объектісі - адам, ал эксперименттің зерттеу пәні – адам психикасы. Эксперимент кезінде экспериментатор мен сыналушының бірлескен іс - әрекетін өзгешелеуге болмайды. Сыналушы тек зерттеу мақсаты мен міндеттерін біліп қана қоймау қажет. Сонымен қатар эксперимент барысында не істеу керек, не үшін істеу керек екенін түсіне білуі керек.

Сыналушының көзқарасы бойынша эксперимент дегеніміз - өзінің жеке проблемаларын шешу үшін экспериментатормен қарым – қатынас жүргізудегі жеке өмірінің бір бөлігі болып табылады. Сыналушы кез келген қарым – қатынаста белсенді болуы мүмкін. Айталық, еңбек, оқу, ойын әрекеттеріндегі адамның белсенділігі, шығармашылық немесе эмоционалдық болуы мүмкін.

Журавлев экспериментті сыналушының іс - әрекеті ретінде қарастыра отырып, оны сипаттау үшін төмендегідей бірқатар жоспарларды көрсетеді:

1.Эксперименттің пәндік сипаттамасы яғни зерттеуге қатысушы адам зерттеуде қолданылатын құрал, сыналушының манипуляциялайтын объектісі, экспериментті жүргізетін жағдайлар зерттеуде пайдаланылатын аспаптар т.б.

2.Функционалдық құрылымы, яғни эксперимент кезіндегі сыналушыға тән әрекет тәсілдері, зерттеудің міндетті түрде компоненттік деңгейі, сыналушының іс -әрекетінің сапасына қойылатын баға талаптары сыналушының іс - әрекетіне немесе эксперимент жүргізудің уақытша сипаты.

3.Белгілі таңбалық эксперимент құрылымы:

а) сыналушының іс - әрекет мақсатымен зерттеу мақсаты жатады;

б) зерттеу әрекеті, ережелері мен тәсілдері жатады;

в) экспериментатормен қарым – қатынасы жатады;

г) зерттеудің мотивациялық құрылымымен танысу жатады.


  1. тақырып. Экспериментті жоспарлау.

Жоспар

  1. Негізгі жиынтық және таңдау.

  2. Зерттелушілерді таңдау ережесін қалыптастыру.

  3. Экспериментке дейінгі және квазизксперименталды жоспарлар.

Қазіргі заманғы ғылым – еңбек іс-әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым – іс-әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептелінеді.

Қазіргі зерттеуші ғалымның алдында кез-келген ғылыми мәселені шешетін дұрыс бапты анықтау міндеті тұр. Мұндвай бапты беталды іздеу көп уақыт пен күшті талап етеді, бұның өзі де көбінесе дұрыс шешімге әкелмейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дұрыс сұрақты қоя білу, оған жауапты анықтау қажеттілігімен ғакна шектелмей, ғылыми еңбектің жемісін пайдалану нәтижелерін көре білу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.

Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылымдық. Бұлардың арасында айқын шекара жоқ, себебі олар бір-бірін алмастырып, толықтырып жатады.

Философия әдіснама ретінде зерттеушіні табиғат, қоғам, сана дамуының жалпы заңдарын білуімен, әлемнің біртұтастығын қамтумен, зерделенген мәселені басқалардың ішінен орны мен байланысын анықтаумен қаруландырады.

Жалпы ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымдарын меңгеруге көмектеседі. Солардың ішінен, білімнің түрлі саласынан тиімділерін таңдауға мүмкіндік береді, мысалы, жаратылыстану, техника және басқа салаларда.

Сол сияқты наұқты ғылымеың әдіснамасы ғылыми пәнге қатысты тиімді заңдылықтарды, нәрселерді, ұстанымдарды қамтиды, мысалға – биология, математика, т.б.

Жемісті ғылыми іс-әрекет жасау үшін жалпы білімділік, мәдениет, қоғамдық белсенділіктің маңызы зор. Қазіргі әдіснама табиғат дамуының объективті заңдар білім жүйесімен бірге зерттеушінің тиісті қасиеттер жүйесін де қамтиды. Бұл біртұтас танымның қарым-қатынасына байланыста, бір-бірімен әрекеттесуінде өзара тәуелді. Олардың тығыз қарым-қатынасына ғалым жұмысының қорытынды нәтижелерінің тиімділігі мен пайдасы байланысып келеді.

Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі – салада жаңалық ашу. Ғылыми әдіснаманың бірінші және ең нағыз талаптарының бірі – кәсіби білім деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, мектеп қабырғасынан бастап, ғылыми пәндерде өз біліктілігін көтеріп, жан-жақты білімді тұлға болуға ұмтылу.

Философия әдіснамасының басты маңызды бөліг болып саналады. Философия қағидаларын білу адамның ой-өрісін байытады. Философия біздің бүкіл өмірімізден өтеді, себебі қандай іс-әрекетпен айналысса да, ол бұрынға ата-баба тәжірибесінен қалған немесе айналадағы ортадан алған, өзі қорытындылаған жалпы ұғымдарға, ортақ түсініктер мен ерекше атауларға сүйенеді.

Ғылыми жұмыстың тиімділігі көп жағдайда адам ой-өрісінің кеңдігіне, білімділігіне, жалпы ақпараттық мәдениетіне байланысты.

Ғылыми жұмыстың маңызды сәтінің бірі жаңа ой-пйым (идея) шығару және болжам (гипотеза) жасау. Жаңа, әлі белгісіз, бірақ өмірде кездесетін заңдылықты іздеу барысында ол туралы болжам жасайды, мүмкін ол дұрыс болып шығар, мүмкін жалған да болар. Гипотеза – ғылыми болжау, ғалым жұмысының айырылмас серігі. Нағыз ғалым өз жұмысын қиялсыз, фантазиясыз жасай алмайды. Қиялсыз, тапқырлықсыз, жаңа ой-пайым табу қабілетінсіз ғалым табысқа жетуі мүмкін емес. Гипотеза құру – ғылыми шығармашылық дамуының заңдылықты кезеңі.

Жаңа құблыстарды табу, ғылымның даму барысында огсы күнге дейінгі қалыптасқан, ғылыми заңдар байқалған құбылыстарға негізделген түсіндірме бере алмайды, себебі олар толық емес, шектеулі, сондықтан оларды қайта құруға тура келеді. Эксперимент жүргізу барысында жаңа түсінікміз фактілерді байқағанда осы уақытқа дейін қалыптасқан ғылыми теорияларды қайта құру мәселесі туады. Гипотеза қалыптасқан теория, ғылыми түсінік пен экспериментарасындағы қарама-қайшылықтан туындайды. Бірақ қандай болмасын, ең қарапайым деген гипотезаның өзі осы уақытқа дейін жинақталған білім негізінде құрылады. Бірақ жаңа гипотеза бұрынғы білімге толық сәйкес келмейді, кейбір қағидалар ескеріп, өз күшін жояды да, орны заманға сай жаңа ой-пайымдармен байытылады. Ғылым дамуы заңды құбылыс, оқтын-оқтын бұрынғы теогриялық ұғымдарды қайта қарап, жаң иднялар мен қағидалармен толықтырылады.

Жаңа идеялар ұсыну және гипотеза жасауда сауатты болу үшін ғылыми көріпкелдік қажет. Ал, ол тек қана білімге сүйенген жағдайда болуы мүмкін. Тұспалдау мүмкіндігі ғылымның құбылыс пен заттардың арасындағы байланысты реттеуі, ауық-ауық қайталануын орнықтыру мәнінен туындайды.

Сондықтан ғалымдар мен философтардың еңбектерінде тұспалдау жасау мәселесі үлкен орын алатыны кехдейсоқ жағдай емес. Осылайша тұспалдаудың ең кең тараған әдісінің бірі экстраполяция деп аталады. Бұл әдісті қолданғанда белгілі заңдарды белгісіз көріністерді түсіндіру үшін пайдаланады. Экстраполяция – кішігірім пән саласындағы білімдерді әлі ғылым игермеген шын болмыстың аясына таратады.

Ғылыми заңдарға байланысты жасалған гипотезалардың бірнеше түрі болады. Олар эмпирикалық, теориялық, құрылымдық, статистикалық, динамикалық, санды жәнге сапалы болп бөлінеді.

Эмпирика заңдары тәжірибе мен бақылауларға негізделеді. Бұл заңдарды теориямен салыстырғанда аса терең деп айту қиын, бірақ олардың негізінде жасалған болжамдардың нақтылық дәрежесі өте биік.

Теориялық заңдар, эмпирика түрінде қарағанда, табиғаттың шын заңдылықтарын терең де толығырақ айқындайды. Сондықтан, бұл заңдардың үлкен болжамдық күші бар. Мұндай болжамның мысалы ретінде А.Эйнштейннің қатынастық теориясындағы ірі аспан денесінің жанынан өткен сәуленің ауытқу құбылысын атауға болады.

Ғылыми жұмыс міндетті түрде тәжірибемен тығыз байланыста болу керек. Бұл зерттеушіден өз ой жасамдарын дереу өндіріске енгізуді талап етпейді. Осыған байланысты ғалым тұлға аз да болса ұйымдастырушылық қабілетіне ие болу керек. Ғылыми жетістік қаншама пайдасы зор, өте қажет болса да тиісті ақпарат, насихаттау, ұйымдастыру жұмысы жүргізілмесе, өз бетінше өмірге енбей қалуы мүмкін. Сондықтан зертеуші өз идеясын іске асыру үшін белсенді түрде ұйымдастырушы, насихаттаушы, үгіттеуші болуы қажет.

Нағыз шығармашыл әрқашанда ой-пікір күресімен байланысты. Көп жағдайларда жас ғалымдар өз аңқаулығын байқатып жатады, олардың ойынша жасалған жаңа идея немесе ғылыми жетістікті көпшілік қауым құшақ жая қарсы алады деп сенеді. Қандай болмасн жаңа идея, теория автордан терең түсінігінен басқа, нанымды дәлелдеуді талап етеді. Жаңа ой тақыр жерде туындамайды. Ол ескі теорияны өз орнынан ығыстырып шығуы керек. Ескі зат өте тұрақты, күрессіз өз орнын бере қоймайтыны мәлім. Сонымен қатар жаңа нәрсе де бір өзі жалғыз пайда болмайжды. Оның бірнеше варианты жасалады, солардың ішінен қайсысы өміршең болатындығы автордың жеке басының қасиетіне, оның өз ойын дәлелдеу қабілетіне байланысты екенін есекерту керек. өз ғылыми идеяларын қорғау және насихаттау – ғалымның парызы, оның жұмысының тиімділігінің қажеті шарты.

Ғалым өзінің шешендік қабілетін жетілдіріп, сонымен қатар талқыланып отырған мәселенің өзегін табады, жаңа идея шығарады, зертеу тақырыбын терең ашады. Ғылымда да тура өмірде сияқты шабуыл жасау және қорғау іскерлігі де кәсіпкерлік білімдей қажет.




  1. тақырып. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері.


Жоспар

  1. Нәтижелерді өндеудің негізгі әдістері.

  2. Алғашқы мәліметтерді және өлшеудің деңгейін өңдеу әдістері.

  3. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері.

Экспериментатор екі құбылыстың А және В арасындағы сепетті байланыс болжамын тексереді. Себептілік түсінігі ғылымда бәршама күрделі ұғым болып табылады. Екі құбылыс арасындағы себепті байланыстың эмперикалық белгілерінің қатары кездеседі. Бірінші белгі себептер бөлінуі. Егер экспериментатор эксперименталды әсер етуден кейін обьектіде өзгерісті байқайтын болса, эксперименталды әсер обьектіде өзгеріс әкеледі деп айта алады. Екінші белгі-екі ауыспалы арасындағы статистикалық байланыстың қатары. Басқаша айтқанда ауыспалы лар арасында не эелілік корреляция вербальды интеллект тек мектептегі үлгерім деңгйі, не желілік емес парреляция белсенділік деңгейі мен үйренудің эффективтілігі деңгейі.

Эксперименталды жағдайдағы сыртқы ауыспалы ларды экспериментатор бақылап отыруы керек. Сыртқы ауыспалы лар арасында екі ауыспалы ажырытылады. 1. Жанама ауыспалы лар жүйесіздікті тудырып, сенімді емес мәліметтерге әкелетін фактор. Олар уақыт факторы, индивидуалды ерекшеліктер т.б. 2. Қосымша ауыспалы лар себеп пен әсердің арасындағы байланысты зерттейді.

Жеке болжамды тексергенде қосымша ауыспалы ның деңгейі зертелетін шындықты деңгейімен сәйкес келді. Мысалы, тікелей және жанама асте сақтаудың байланысын зерттегенде балалар біркелкі жаста болуы керек. Жас бұл жерде қосымша ауыспалы . Егер жалпы болжам зерттелетін болса, онда эксперимент қосымша ауыспалы ның әр түрлі деңгейлерімен, әр түрлі жастағы балаларды қатыстыра отырып өткізіледі.

Қосымша ауыспалы экспериментте маңызды орынға ие. Бақылау ауыспалы сы деп аталатын қосымша ауыспалы факторлы экспериментте екінші негізгі орынға ие болады.

Эксперименттің мәні тәуелсіз ауыспалы ны бақылап, ондағы өзгерінстерді тіркеуге алып, сыртқы (жанама) ауыспалы ларды тіркеуге алып, отырады.

Зерттеушілердің тәуелсіз ауыспалы ның саналық және сандық түрлерін ажыратады. Тәуелді ауыспалы лар ішінде Базисті ауыспалы ға әсер ете алатын жалғыз тәуелді ауыспалы .

Зерттеуші зерттеу жүргізуде тәуелсіз ауыспалы лығы сүйенуі керек. Ереже сақталған жағдайда ғана эксперимент таза болып есептеледі. Бірақ көбінесе экперимент барысында бір ауыспалы ға әсер еткенде, онымен қатар басқалары да өзгереді. Мысалы, қарапайым двигательмен жұмыс істеу кезінде сәтсіздігі үшін сыналушына жазалайтын болсақ, жазалау сыналушыда үрей немес қорқыныш туғызып нәтижесінде дағдылану жымдамдығы төмендеп қателік жасауы көбеюі мүмкін. Жазалау бұл жерде тәуелсіз ауыспалы ны, ал дағдылану жылдамдығы тәуелді ауыспалы .

Эксперименталды зерттеу өткізуде негізгі мәселе тәуелсіз ауыспалы ны анықтау және жеке оны басқа ауыспалы ларды бөлу.

Психологиялық экспериментте тәуелді ауыспалы ретінде мыналар қатыса алады:


  1. тапсырманың сипаты.

  2. Жағдайдың ерекшелігі (сыртқы жағдай)

  3. Сыналушының өзгертуге келетін ерекшеліктері.

Ауыспалы ның төртінші түрі сыналушының константты сипаттамасы. Бұл интелект, жасы, жынысы т.б. Бірақ та Дружинин оны өзгертуге болмайды, оны тек бақылай аламыз дейді.

Тәуелді ауыспалы ретінде верталды және верталды емес жүріс-тұрыс алынады. Оған мыналар жатады: лабиринтпен жүрген егеуқұйрықтың жіберген қателіктер саны, мәселені шешуге сыналушы жіберген уақыты белгі ұзақтығына сыналушының реакциясы т.б. тәуелді ауыспалы сенімді және жарамды болуы керек. Ауыспалы ның сенімділігі белгілі уақытта жағдайдың өзгеруінің тұрақтылығына көрінеді.




  1. тақырып. Ғылыми нәтижелерді ұсыну.

Жоспар

  1. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері.

  2. Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну.

  3. Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы.



  1. тақырып. Психодиагностиканың қолдану салалары.

Жоспар

  1. Психологиялық кеңес беру, психотерапия, экспертиза, кәсіби таңдау т.б.

  2. Психологиялық диагноз қоюдың әдістері мен амалдарының ғылыми жүйесі ретінде.




  1. тақырып. Кәсіби-этикалық принциптер психодиагностиканың қысқаша тарихы.

Жоспар

  1. Психодиагностиканың құпияны сақтау принципі оның нәтижелерін психодиагностикадан өткізілген адамның жеке келісімінсіз жария етпеуді білдіреді.

  2. Нұқсан келтірмеу принципі психодиагностиканың нәтижелерін психодиагностикадан өтіп жастқан адамға нұқсан келтірмейтіндей етіп қолдануды қарастырады.

Психологиялық эксперимент – бұл сыналушының экспериментатормен кездесуі мұнда адамның қатысуымен өткізілетін эксперимент туралы айтылады. Эксперимент зерттеу объектісі адам ал зеттеу пәні адам психикасы болып табылатып зерттеу. Ол зерттеуге сыналушының қатысуынсыз өтпейтіндігімен ерекшеленеді сыналушы зерттеудің мақсатымен міндеттерін (шынай болмасада) біліп қана қоймай эксперимен барсында не істеу керектігін түсінуі керек және осы іс әрекетті қабылдауы керек.

Сыналушының көз қарасы бойынша эксперимент - өзінің жеке мәселелерін шешу үшін экспериментатармен бірге өткізілеті бір белігі. сыналушы оқуда, ойында, қарым қатнаста белсенді болуы мүкін, ол эмоцалды немесе шығармашылық сипатта көрінеді. Кез-келген жағдайда ол зерттеу барысында осы қасиеттің көрсете білуі керек, осыған байланысты жүріс – тұрыстық міндеттерді орындағанда экспериментатор осы ерекшеліктерді ескере отырып, зерттеуді ұйымдастыруы керек.

Эксперимент сынаушының көзқарасымен реалды іс - әрекет болып саналады. Сондай - ақ кез - келген экспериментте ойының элементтері бар. Зерттеу процесі мен нәтижесі оның қандайда бір мәселесін шешуге көмек теседі. Сынаушы мен экспериментатордың қарым қатынасы олардың біріккен іс әрекетін тиімді ұйымдастыру мен сынаушының іс - әрекетін реттеуге тиімді жағдайы болып табылады.

Адам экспериментке толық тұлға ретінде қатыстырылады. Г. Е. Журавлиев эксперименті сыналушының іс - әрекеті ретінде қарап, оны сипаттаудың мынандай жоспарлары көрсетеді.



  1. Физикалық эксперименке қатыстырушы адамдар, объектілер, жағдайлар құралдар эксперимент өткізілетін ретінде қарастырылады.

  2. Функционалды сыналушының әрекет тәсілдері, сыналушының компонеттерін деңдейі эксперинттің өткізілуімен сыналушының сипаттамасы.

  3. Белгілі симвоменалдық: 1 сыналушы іс әрекетінің мақсатымен зертеу мақсаты, 2 әрекет тәсілдері мен ережелері.

3. Экспериментарормен қарым – қатынас,

  1. Мотиватциялық бағытпен танысу.

Психологиялық эксперимент басқа ғылыми зерттеулермен салыстырғанда инстукциясымен ерекшеленеді. Сыналушы онымен таласқанна кейін, барлық талаптарды өз еркімен орындауға кіріседі истукцияны алғаннан кейін сыналушы тапсырманы түсінуі және орындауы керек. Егер ол тапсырманы түсінбесе ол операцияны дұрыс орындамайды сондықтан инструкцияны дұрыс түсінуін мұқият бақылап, сұрақ қойып оның дұрыс түсінгендігіне көз жеткізу керек. Зерттеу аяқталғаннан кейін сыналушымен инструкцияны талаптарында, оны орындауда қандай қиындықтар болуы, сол туралы интервью өткізеді.

Сыналушы эксперименталды тапсырманы қабылдамауға немесе оны орындауда бас тартуға құқылы.

Сыналушы экспериментаторды жене тапсырманы орындаса, экспериментатор нәтижеге жетумен көмектеседі.

Сыналушылар зерттеуге өз еркімен және мәжбүрлі түрде қатыстыруы мүмкін. Ырықты қатысуға негізгі себеп бұлардың мотивициясына байланысты. Көбінесе олар өз - өздерін танып, айналасындағылармен қарым қатынасты жақсарту үшін қатысады.

Егерде сыналушы мәжбүрлі түрде қатысатын болса, эспериментке сонымен, экспериментаторға қастықпен қарайды және өздерін объективті көрсетпей, нәтижені өзгерту мүмкін.

Р. Розенталь ырықты сыналушылық мәжбүрлі сынылушыдан мынадай айырашылықтары бар деп көрсетеді.



  1. Білім деңгейінің жоғары болуы.

  2. Әлеументтік статусыны біршама жорғарлығы.

  3. Интелект деңгейінің жоғары болуы.

  4. Әлеуенттік мақұлдануға қажеттілігінің жоғарылығы

М. М. Этмен сыналушыларды позитивті даярланған, негативті даярланған және енгіш сыналушылар деп бөледі.


  1. тақырып. Психодиагностиканың психометриялық негіздері.

Жоспар

  1. Тесттік нормалар. Тестік нормалар және оларды тексеру.

  2. Диагностикалық нормалардың түрлері: абсолютті, статикалық, критериалық.

  3. Әр түрлі диагностикалық нормаларды қодану шегі: арнайы қабілеттер диагностикасы және әмбебап мінездік диагностикасы.

  4. Тест нормаларының статистикалық негізделуі, қалыптылықты тексеру және нормалардың тұрақтылығын тексеру. .

Психологиялық өлшемнің математикалық негіздегі теориясынА.Д. Логвиненко өзінің “Психология ғылымындағы өлшемнің математикалық негіздері” (1993) монографиясында ашып көрсетеді. Қазіргі кездегі эксперименталды психологиялыда шкалалардың төмендегідей негізгі типтері бар.

Атаулар шкаласы

Жүйелі шкала

Интервалдар шкаласы

Қатынастар шкаласы

Бірқатар психолог мамандар бұларға қосымша және екі шкаланы енгізді.



  1. Абсолютті шкала;

  2. Өзгешелікті және айырма шкала;

1. Атаулар шкаласы – объект атын теңгеру жолымен көрсетеді. Кез – келген шкалада идеализзация шындық модельдер болуы тиіс, әрі әрбір шкала қолдануға жеңіл болуға тиіс.

2. Жүйелілік шкаласының құрылымы атаулар шкаласының құрылымына қарағанда біршама күрделі. Оның себебі жүйелі шкаласында зерттеу объектісінің көрсеткіші басқа екі объект арасында болады. Мысалы, А> B, B>C олай болса A>C бұл транзитивті қатынастар ережесі деп аталады.

Жүйелі шкала екіге бөлінеді.

1. Әлсіз жүйелі шкала “үлкен емес немесе тең” және “кіші және тең” деген ұғымдар жиі қолданылады.

2. қатаң жүйелі шкаласы – мұнда нақты айтқындалған “үлкен емес” және “кіші” деген ұғымдар қолданылады. Былайша айтқанда әлсіз жүйелі шкала біршама өзгермелі, нақты емес жағдайды көрсетеді.

3. Қатынастар шкаласы – физикада жиі қолданылады. Бұл бір объекті екінші объектіден қаншалықты үлкен немесе кіші екендігіне байланысты, объектілердің қасиеттердің ерекшеліктері туралы мәлімет алудың процедурасы. Ппсихология ғылымында қатынастар шкаласы аса көп қолданылмайды. Сирек жағдайда объектінің салмағын, реакциясының уақытын өлшеу үшін және тестік тапсырмаларды орындау үшін қолданылады.

4. Интервалдар шкаласы – метрикалық шкала болып табылады. Интервалдар шкаласы арқылы екі объектіні салыстыруға болады. Салыстыру арқылы бір объектіденг екінші объектіге қаншалықты азды – көпті қасиеті сипатталатындығынымен айқындалады. Интервалдар шкаласы көп жағдайда ғылыми зерттеуші, ізденушілер қолданады. Физикада классикалық мысал арқылы қолданылады, яғни бұл шклала температураны өлшеу болып табылады. Интервалдар шкаласы арқылы алынған барлық мәліметтерді талдау жасауға арналған практикалық барлық параметрлер статистикасын қолдануға мүмкіндік береді.

Көптеген психолог мамандар психологиялық өлшем теори ялары бойынша тесттер интервалдар шкалаларының көмегімен психологиялық қасиеттерді өлшейді деп көрсетеді. Мұндағы айтылатын ой психологиялық қасиеттер, соның ішінде жетістікке жету және ақыл – ой тесті тест арқылы тиімді өлшенеді.

Көптеген авторлар бұл көзқарасқа қарсы келіп, ақыл- ой тестін интервалдар шкаласына жатқызуға ешқандай негіз жоқ деп көрсетеді. Себебі, біріншіден, әр бір тестте “ноль” бар, бұл дегеніміз, егер сыналушы бірде – бір тапсырманы берілген уақыт ішінде орындай аламаса, индивид ең “кіші” балл алуы мүмкін, екеншіден, әрбір тесте ең үлкен максимум бар, яғни сыналушы барлық тапсырмаларды аз уақыт ішінде орындап, аяқтай алса, ең үлкен максимум балл жинай алады.

Үшіншіден, жеке шкалалар мәні арасындағы өзгешеліктер бірдей емес.

Қорыта айтқанда зерттеудегі 100 % - бен 120 % - дың арасындағы өзгешелікті сипаттаумен 100% бен 80% - дың арасындағы өзгешеліктерді сипаттаудың ешқандай айырмашылығы жоқ.

Басқа шкалалар. Дихотомикалық классификация. Бұл атаулар шкаласы варианттарында қолданылады, яғни объектінің қасиеттерінің көріну деңгейлеріне баға беріледі.

Айырма шкаласының қатынастар шкаласынан өзгешелігі айырма шкаласында табиғи 0 емес, өлшемнің біреулік масштабын қарастырады. Яғни 0 мен 1 масштабының арасындағы айырма бағаны салыстырады. Айырма шкаласы психологияда жұптық салыстыру әдістемесі деп аталады.


  1. тақырып. Сенімділігі.

Жоспар

  1. Сенімділік. Өлшеу қатесі формуласындағы тесттің дәлдігі менсенімділігінің байланысы.

  2. Сенімділік түрлері: ретесттік, синхронды сенімділік.

  3. Сенімділікті тексеру процедуралары: параллель формаларды салыстыру, тест-ретест.

  4. Сенімділік өлшемдері.

Өлшем өз бетінше зерттеу әдісі болуы мүмкін. Дегенмен, эксперименттің тұтастай процедурасының компоненті болып табылады. Өз бетінше әдіс деу себебіміз өлшем субъектінің мінез– құлқындағы жеке– даралық өзгешеліктер

ді көрсетеді. Өлшем теориясының негізін тест құрады.

Тест – практикалық тапсырмаларды шешу кезінде қолданылатын психологиялық өлшемнің уақыт бойынша қысқартылған және жинақталған процедурасы.

Психологияда психологиялық өлшеудің үш негізгі барысы бар. Олардың бір – бірінен өзгешелігі өлшемнің объектісіне байланысты:



  1. Психолог бір адамды екінші адамнан өзгешелігін жинақтау үшін адамның мінез – құлық ерекшеліктерін өлшейді. Психолог адамның мінез – құлық ерекшеліктерін өлшеп отырып, сол адамның бір – біріне ұқсастығы мен өзгешеліктерін анықтайды. Осының негізінде психологиялық өлшем сыналушының өлшеуіші бола алады.

  2. Сыналушы экспериментатордың тапсырмасын орындау барысында сыртқы объектілермен байланыс жасайды. Мысалы, сыналушы тапсырмаларды орындау кезінде басқа адамдар, сыртқы ортаның түрткілері, өзіндік күйі әсер етеді.

  3. Сыртқы түрткілерден адамдардың бірлестігі өлшеу құралы болып табылады, яғни түрткі мен сыналушы бір бағытта болуы мүмкін.

Психологиялық зерттеу практикалық өлшем мен эксперимент синоним ретінде қолданылады. Дегенмен, психологиялық эксперимент кезінде өзгерістердің арасындағы себеп – салдар анықталады. Ал, өлшем сыналушының бағаға сәйкестілігінің нәтижесін көрсетеді.

Психологиялық өлшем процедурасы бірнеше этаптардан тұрады.

Психологиялық өлшемнің негізі – математикалық өлшем теориясы болып табылады. Мұнда математикалық көзқарас бойынша, өлшем дегеніміз – көптеген объектілер мен белгілердің өзара бір мәндік сәйкестікті құру операциясы. Белгілер нақты ережелер негізінде заттар бойынша сипатталынады. Объект санына байланысты құрылған ереже өлшем шкала бойынша анықталады.

Өлшем шкаласы ұғымын психология ғылымына 1950 жылы С.С. Стивенс енгізген. Оның бұл анықтамасы әлі күнге дейінгі ғылыми еңбектерде қолданылып келеді.

Шкалалар типтері алынған өлшемді өңдеу үшін қолдануға болатын статистикалық бірлестіктермен сипатталады. Шкала термині латынның “SKALA” – “баспалдақ” деген мағынаны береді.

П. Суппес және Дж. Зинес шкаланың классикалық анықтамасын берді. Қазіргі кезде бұл ғылымның анықтамасы нақтыланған. Өлшеуіш құралы ретінде қолданылатын функцияларда кездесетін белгілерді енгізген:

А – қатынастардағы эпирикалық жүйе.

R – қатынастардағы толық сандық жүйе.

F – А және R жүйесіндегі бейнелеу функциялары.

G – қайта құрылымға мүмкіншілікті тап.




  1. тақырып. Валидтілік

Жоспар

  1. Валидтілік және оның түрлері (конструкттік, эмпирикалық, критерий бойынша)

  2. Критерийлердің түрлері.

  3. Болжамдық және сол мезеттік валидтілік.

Коррекциялық зерттеу теориясы К. Пирсонның еңбектерінде қарастырылыған, коррекциялы байланыс деген мағынаны береді. Ол екі немесе одан да көп білгелердің өйлесіп өзгеруі. Коррекциялық байланыс бір белгінің өзгеруі. Екіншісімен сәйкес өзгеру фактін бейнелейді.

Коррекциялық зерттеуді өткізу страгеиясы квадиэкспериментке ұқсас болады. Квази эксперименттен айырмашылығыобъектіге бағытталған әсер қарастырылмайды. Корреляциялық зерттеуді өткізудің жоспары қарапайым , зерттеуші индивидтің психикалық қасиеті, психикалық қалпы сияқты қасиеттерінің арасында статистикалық байланыс туралы болжам қояды.

Корреляциялық зерттеу дегеніміз-екі немесе одан да көп айнымалының арасында статистикалық болжамның расталуы немесе терістелуі. Психологияда айнымалы ретінде психикалық қалып қасиет, процестер қатыса алады. Егер бір айнымалыда өзгерін екіншісіне өтетін болса, онда айнымалылардың порреляциясы туралы айтуға болады. Екі айнымалының корреляциясы туралы олардың арасындағы себепті байланыс бар деп айта алмаймыз, бірақ олардың арасындағы болжамды теріс деп айтуға болады.

Екі өлшем арасындағы корреляциялық байланыстың бірнеше интерпретациясы қарастылырады.



  1. Тікелей корреляциялық байланыс. Бір айнымалының

деңгейіне сәйкес болады. Мысалы, тұлғаның икемдігі мен бейісділігі әлеуметтік бағдардың өзгеруіне байланысты.

  1. Корреляция үшінші айнымалыға шартталған. Екі айнымалы а

және с бір – бірімен үшінші в айнымалы арқылы байланысты.

  1. Кездейсоқ корреляция ешқандай айнымалыға шартталмаған.

  2. Таңдамалардың бір тексіздігіне шартталған.

Біз зерттеуге алып отырған таңдама біртекті екі топтан құралады. Мысалы, экстраверттілік деңгейі адамның жынысына байланысты ма деген мәселені қарастыратын болсақ бізде алып отырған екң топ бірі математик-ер адамдар, екіншісі журналист әйелдер. Онда біз зерттеу нәтижесінде интраверттілік деңгеің ерлерде жоғары деген көрсеткішке ие боламыз.

Егер бір айнымалының деңгейі екіншісінде өзгеріс әкелетін болса оны корреляция деп айтамыз. Егер олардың арасында нольдік корреляция болса, онда байланыс болмайды.

Психологиялық зерттеуді жоспарлаудың корреляциялық зерттеуге байланысты төрт түрі қарастырылады.


  1. Көп өлшемді эксперимент тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың әсерін зерттеу үшін құрылады. Мұның нәтижесі күрделі компьтердік бағдарлама мен өңделеді.

  2. Дифференциалды психологиялық эксперименті немесе индивидуалды психологиялық эксперимент. Бұл экперименттің мақсаты – бір ситуациядағы жүріс – тұрастың индивидуалды айырмашылықтарын анықтау. Дифференциалды психологиялық экспериментте қосымша айнымалылар негізгі болып табылады.

  3. Кроссмәдени зерттеулер кез-келген зерттеу әртүрлі социомәдени жағдайда өскен индивидтердің жүріс-тұрысын салыстыру үшін өткізіледі.

  4. Психогенетикалық зерттеулер –бұл салаларды зерттеуге қызығушылық басым болғандықтан оларды толығырақ қарастырамыз.

Кроссмәдени зерттеудің жоспарын шартты түрде 2-ге бөлуге болады.

1.2 немесе одан да көп таңдапалынған табиғи топты салыстыру.

2.2 немесе одан да көп топты жолмен зерттеу, мұнда олардың айырмашылықтары ғана емес, олардың уақыт ішінде өзгеруі де зертеледі.

Кроссмәдени зерттеу ерекше болғандықтан, арнайы тестпен өлшенеді.

Кроссмәдени психология өзінің бастауыш В.Вундттың және ХХ ғасыр басындағы француз социологтары Г.Лебон, А.Фулье, Г.Тардтың еңбектерінен алады. Алайда бұл ғалымдар эмперикалық зерттеу жүргізген жоқ. Зерттеудің методология сынық негізін қалаған В.Вундты 1900-1920жылы ол 10 томнан тұратын “халықтар барып рухы болып тіл мәдениеті табылады деді”.

Вундт халықтың рухын көтеретін екі ғылым халықтың тарихи психологиясы мен психологиялық этнологияны көрсетті. Мұның біріншісі түсіндірмелі ғылым болып, екіншісі сипаттамалы ғылым болып есептеледі. Халықтың психологилық негізгі болып индивидуалды сананың көлемін көтеретін тіл, миф және салт-дәстүрден тұрады.

Француз психологтарын мен австрия психоаналитиктерімен салыстырғанда бұқаралық жүріс-тұрыстан, халықтық рух көбірек қызықтырады.

Қазіргі проссмәдени психологияда эмперикалық ідіс басым роль атқарады. Кроссмәдени зерттеудің пәні болып адамдардың психикалық ерекшеліктері есептеледі.




  1. тақырып. Психодиагностикалық технология.

Жоспар

  1. Психодиагностикалық әдістерді құрастыру және бейімдеу технологиясы.

  2. Психодиагностикалық технологияның негізгі кезеңдері.

Бұл мәселені талқылаудың талқылаудың қажеттілігі, біздің ойымызша, ең бірінші практикалық психологтың жұмысы жеке адаммен тікелей байланыстығында. Әрине, психолог өзі толық құқығы бар жеке адам ретінде алынады. Осыған байланысты практикалық психологтың әлеуметтік мәніне сай көптеген мәселелер туындайды, мысалы, оның жұмысының тиімділігінің көрінісі мамандығының дәрежесі, айналып келгенде практикалық психологтардың кәсіби дайындығы.

Практикалық психологтардың іс-тәжірибесінің мәнін аша білу үшін, оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айырықшаланып тұратын, он түрлі негізгі сапасы арқылы сипатталады.



1. Психологиялық көмектің мақсаттары.

Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін, мінез-құқының болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда, өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады.

Өз ісіне білікті емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді.

Клиенттің айтқан ойларын ескермей, өз пікірін қолданып, клиенттің қобалжуына, мазасыздануына алып келеді. Сондықтан “Мен - тұжырымдамасын” (клиенттің) жоққа мүмкіндік береді.



2. Практикалық психологтың өз кәсібіне байланысты көңіл аударуы және мән беріп, жауап қайтаруы

Өз ісіне білікті психолог вербальді және вербальді емес кең көлемді мәселелер мен жағдайлар барысында өз мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап қайтарып, назар аударуды таба білу керек.

Өз ісіне білікті емес психолог мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге икемді емес.

Өз ісіне білікті психолог жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға беруге, тек өз пікірін айтуға ұмтылмайды.

Өз ісіне білікті емес психолог үшін клиенттің әрекеті бір қалыпты, жаттанды болып көрінуі мүмкін.

3. Практикалық психологтың көзқарасы, тұжырымдамасы.

Өз ісіне білікті психолог өз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің мүмкін еместігін түсінеді, өткені жұмыс ол барысында көптеген тұжырымдамаларды түсініп, пайдалануға тырысады.

Өз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды, өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қла береді.

4. Практикалық психологтың мәдениетті түрде жемісті істі атқаруы.

Өз ісіне білікті психолог көптеген ойларды, сөздерді және өзінің мәдениет тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның өзі өзіне көңіл аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол ашады және де мұның өзі өз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бөлек өмір жолын табуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өз ісіне білікті психолог мәдени іс өнімділігін “Мен” деген тұжырымдаманың негізінде емес, өзіне көңіл аударған адаммен өзара қатынасқа байланысты. Жоғары мәдениеттілікті көрсететін практикалық психолог кәсібіне негізделген байланыстарғ байланысты жүзеге асырады.




  1. тақырып. Тұлға психодиагностикасы.

Жоспар

  1. Тұлға моделдеріне қатысты теоретикалық құрылымдардың әр түрлілігі.

  2. Тұлғалық сұрақтамалардың күшті және әлсіз жақтары.

  3. ММРІ және 16 РҒ (Р. Кэттелл 16 тұлғалық факторлар) сұрақтамаларының теоретикалық негіздері, негізгі шкалалар және оларды пайдалану жалпы ерекшеліктері.

Психодиагностика - кез-келген психологиялық - педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. Олардың заңды өзгерістсрі болжам жасауда көрініс тауып, тәжірибеде тексерілетін қасиеттер. Мәселен, ғылыми психологиялық зерттеудің мәселелері адамның ойлау ерекшеліктері болуы мүмкін. Оларға қатысты мынадай тұжырым жасалуда : олар кейбір заңдар бойынша өмір сүріп өзгереді немесе белгілі бір жагдайда әртүрлі өзгерістерге тәуелді болады. Кез-келген осындай жағдайда соған сәйкес ой-өріс қасиеттерінің, біріншіден, олардың өмір сүруін дәлелдеуге, екіншіден олардың өзгерістерінің айнымас заңдылықтарын көрсетуге, үшіншіден олардың болжамдарында кездесетін өзгерістерге шынайы тәуелді екенін көрсетуге бағытталған дәл психодиагностика қажет.

Жеке бастың кейбір аспектілері бойынша мәліметтерді алу үшін, оқушылармен әңгімелесу процесінде, жүріс-түрыс әсерін бақылаудың әйгілі әдістемелерін қолдануға болады.

Бақылау арқылы оқушылардың кейбір жеке психологиялық ерекшеліктеріне баға беруге болады. Оқу кезінде және күнделікті әңгімелесуде кездесетін қимыл әрекет әсерлерінің негізінде нерв процестерінің қуаты, байсалдылығы шапшаңдығы жайлы қорытынды жасауға болады.

Орталық нерв жүйесіндегі қоздырғыш процесінің қуаты жайлы әсер етуші ынталарға берілген жауаптардың нақтылығы мен жарамдылығына қарап шешім шығаруға болады; “Күштілерде”- күш заңына сәйкес болады (ынта қанша күшті болса – жауап та сонша күшті): ол “әлсіздерде” қуаттың кейбір орта мөлшерден жоғары болған жағдайында, жауаптың қуатының төмендеуі байқалады. Көпшілі жағдайда салыстырмалы түде нерв жүйесінің әлсіз типіне седімділіктің нәзік шегі, шағын психологиялық әсерлердің ықпалымен ұзақ уақыт бойы уайымға берілу тән.

Қоздыру тарапынан нерв жүесінің күшті типіне жатқызуға мына көрсеткіштер негіз бола алады.

1)Интенсивтілік пен өнімділікті төмендетпей ұзақ уақыт бойы емес жұмысты орындау қабілеті.

2) Жұмыстағы қиыншылықтар мен сәтсіздіктерді жеңе білу, қиыншылықтарға ұтылу, мақсатқа жетудегі табандылық пен жігерлік.

3) Қиын жағайларда, қауып қатерде жігерлік пен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру .

4) Әсіресе жаңа бейтаныс жағдайларда өз бетімен әрекетесуге тырысу.

5) Сәтсіздік бола қойған жағдайда өзін-өзі жылдам меңгеріп кете алу қабілеті.

Осыларға қарама-қарсы көрсеткіштер оларды “әлсіз” типке жатқызуға негіз бола алады.

Тежеуші процестің қуаты туралы ерікті кідіріс қабілеті бойынша тежеуші компонентердің артып кетуімен сипаталатын жүріс-тұрысы реакция бойынша нәзік дифференциялаудың қалыптасу жылдамдығын айтуға болады.

Тежеу тұрғысынан алып қарағанда нерв жүйесінің “күшті типіне жатқызуға мына көрсеткіштер негіз болады.

1) Әсіресе қызық емес жұмыста жұмысқа аса жоғары қабілеттілік

2) Өз әрекеттерінде, сөзінде ұстамды болу (қажет болса жүйкені жаралайтын жағдайға да қарамастан).

3) Сөйлескенде ұстамды болу.

4) Шешім қабылдағанда асығыстық жасамау.

5) Нәзік түрленумен және ерікті кідіріскен байланысты болатын алуан түрлі дағдылардың жылдам әрі берік болып қалыптасуы.

6) Қозғалғанда, сөйлегенде асығыстық жасамау, паномимиканың оң болуы , жеген асын жақсылап жайнау, толық демалуды қамтамасыз ететін жақсы ұйқы.

Осыларға қарама-қарсы көрсеткіштерді “нашар” типке жатқызуға болады.Алдымен қозушылықпен тежелуге өтетін және оған қарама-қарсы болатын нерв процестерінің қозғалысына мына көрсеткіштер бойынша баға беруге болады.

1) Жаңа жұмысты игеру кезінде де болатын іс-әрекеттің жылдам қарқында болуы.

2) Жаңа материалды игеріп алу (кейде оны қайталаулар болмаған жағдайда жылдам ұмыту).

3) Жаңа адамдармен тыныштықта белсенді болу,Жаңа әсерлерге ұмтылушылық.

4) Жаңа жағдайда жылдам игеріп , оған бейімделе білу.

5) Лезде ұйықтау және ояну.

6) Сөздің мимиканың , жүріс – тұрыстың тиянақты болуы.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет