Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті



бет3/4
Дата26.02.2020
өлшемі396 Kb.
#59067
1   2   3   4



БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы

___________ Сарбалаев Ж.Т.

(қолы)


«___»_____________20__ж.

Құрастырушы: ____________ аға оқытушы Жунусова А.Р.


5В050300 - «Психология» мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған

««Дифференциалды тұлға психологиясы»» пәні бойынша

Пән бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама


Кафедра меңгерушісі __________ Бурдина Е.И. 20__ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _____________ Ксембаева С.К. 20_ж. «_____»___________


1. Пән паспорты
Пәннің атауы «Дифференциалды тұлға психологиясы»

Компоненттің міндетті пәні



Оқу мерзімі мен кредит саны

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4

Барлық аудиторлық сабақтары – 45

Дәрістер: 30

Практикалық/семинарлық сабақтар: 15

СӨЖ: 90


СӨЖО: 22,5

Жалпы – 135


Бақылау нысаны

Қортынды бақылау нысаны: Емтихан – 4 семестр



Пререквизиттер. Жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясы

Постреквизиттер. Мамандану практикумы
2. Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары

Аты-жөні: Жунусова Айгуль Райымбековна

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: аға оқытушы, психология магистрі

Кафедра «Психология және педагогика», аудитория 149

телефон: 67-36-85 (1139),

Е-mail: nessen.za@mail.ru


3. Пән, мақсаттары мен міндеттері

Пәні, мақсаттары мен міндеттері

Дифференциалды тұлға психологиясы - өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі.

XX ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды. Әлі күнге дейін жалпы психологияның пәні туралы жалпы қабылданған түсініктер қалыптаспаған..



Пәнді оқу мақсаты: адамның жеке тұлғалық ұғымына түсінік беру және оның қалыптасу заңдылықтары мен осы құбылыстың өмір үрдісіндегі мағынасын ашу.

Пәннің міндеттері:

- студенттерді тұлға теорияларымен таныстыру;

- адамды интеграцияланған бүтіндік ретінде түсіну;

- тұлғаның тәртібіне және қобалжуына себеп болатын факторларды зерттеу.


4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:

Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттердің түсініктер туралы болу қажет:

  • адамның жеке тұлғалығының негізгі ұйымдастыру деңгейлері туралы;

- жыныстық, нейрофизиологиялық және конституциялық принциптерге негізделген жеке тұлғалық ерекшеліктер туралы;

Білу қажет:

-психологиялық құбылыстар мен процестердің негізгі
заңдылықтары жайлы білімдер
;

Істей білу кажет:

- теориялық білімдерді практикада қолайлы қолдану;



Тәжірибелік дағдыларды иелену:

  • зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жеке тұлғалық айырмашылықтарды талдаудың критерийлерін дұрыс таңдау;

- теориялық білімі бар психолог – пайда болған эксперименталды мәселелерді шешетін зерттеуші және жеке тұлғалық айырмашылықтармен жұмыс;

Құзыретті болу:

- психологияның бұл саласында кәсіби қарым-қатынасты игеру қажет.


5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу



Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны


Дәріс

тер


Тәжіри

бе


СӨЖ

Барлы

ғы


ОСӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Тұлғаның дифференциалды психологиясының пәні және әдістері, оның негізгі міндеттері

1

0,5

4

1

2

Жеке тұлғалық айырмашылықтардың негізгі факторлары

1

0,5

4

1

3

Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері жеке тұлғалықтың негізгі нейрофизиологиялық сипаттамалары ретінде

1

0,5

4

1

4

Б. М. Теплов – дифференциалды психофизиологияның отандық мектебінің негізін салушы

1

0,5

5

1

5

Н.Д.Небылицыннің жүйке жүйесінің негізгі қасиеттер теориясы

1

0,5

5

1

6

Жүйке жүйесінің жалпы және арнайы қасиеттері ұғымдарының дамуы

1

0,5

5

1

7

Адамның биологиялық ұйымдастырылуының деңгейлері мен иерархиясы

1

1

4

1

8

Э.Кречмердің зерттеуі

1

1

4

1

9

Жыныстық дифференцировка кезеңдері

2

1

4

1

10

Жыныстық диморфизм және онтогенездегі психикалық дамудың ерекшеліктері

2

1

4

1

11

Жыныстық әлеуметтену

1

1

4

1

12
Жыныстар арасындағы психологиялық даму және олардың физиологиялық негіздері

1

1

4

1

13

Тұлға теориясы. Тұлға теориясындағы психодинамикалық бағыт: Зигмунд Фрейд

2

0,5

4

1

14

Психодинамикалық бағыттарды қайта қарастырудың нәтижелері: А.Адлер, К.Юнг

2

0,5

5

1

15

Эго-психология және тұлға теориясында онымен байланысқан бағыттар: Э.Эриксон, Э.Фромм, К.Хорни

2

1

5

1

16

Тұлға теорияларындағы диспозициондық бағыттар: Г.Олпорт, Р.Кеттел, Г.Айзенк

2

1

5

2

17

Тұлға теорияларындағы оқытушы-бихевиористік бағыттар: Б.Ф.Скиннер

1

1

5

2

18

Тұлға теорияларындағы әлеуметтік-когнитивті және когнитивті бағыттар: А.Бандура, Д.Роттер, Д.Келли

2

1

5

1,5

19

Тұлға теорияларындағы гуманистік бағыт: А.Маслоу

2

1

5

1

20

Кеңес психологтардың тұлға теориялары: А.Ф. Лазурский, В.Д. Небылицын және т.б.

2

1

5

1




Барлығы: 135

30

15

90

22,5

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 тақырып. Тұлғаның дифференциалды психологиясының пәні және әдістері, оның негізгі міндеттері.

Жоспар

1. Индивидуалды ерекшеліктердің негізгі факторлары мен ерекшеліктердің дамуы.

1. Адамның «Homo sapiens» (гомо сапиенстің) биологиялық түріне жатуы индивид түсінігін жалпылайды. Яғни генетикалық ес және дене құрылысына (конститутциясына) байланысты. Индивидтің бұл ерекшелігін “конститутциялық деңгей” деп атайды.Конститутциялық деңгейді біз жыныстық айырмашылықтан байқаймыз, яғни еркек және әйел деп бөлеміз.Мұнда салмақ, бой және дене бөлімдерінің белгілі бір геометриялық байланыстары конститутциялық ерекшелікті құрайды.Сонымен қатар бұған терінің түсі және тағы басқа конститутциялық атрибуттағы ,дене құрылымдары мен бөліктерін анықтайтын нәсілдік тиістілігін жатқызуға болады.

Әрбір индивид туылған сәттен бастап сыртқы ортаның тітіркендіргіштері- не әрекет етеді.Бұл тітіркендіргіштер индивидуальды сезгіштікті білдіреді, ал сезгіштік индивидтің психикасының іргетасын құрайды. Сондықтан психикалық деңгейдің индивидуальды ерекшеліктері туралы айтылады.Кез-келген сыртқы ортаның тітіркендіргішіне соған лайықты әсерлі жауап болады, ол біріншіден моторикадан (қимыл-қозғалыстан) байқалады. Әрбір реакция латенттік периодпен баяндалады,яғни тітіркендіргіштің іс-әрекет етуінің уақыт аралығы мен соған лайықты іс-әрекеттің басталуы. Әртүрлі индивидтердің сенсомоторлық қатынастарының айырмашылығын байқау үшін “реактивтілік” ұғымын енгіземіз,яғни сезгіштік пен реактивтілік әрбір индивидтің психикасын ұйымдастыру қасиетін санды және сапалылық ерекшеліктерін көрсетеді.Олар жеке тұлғаның психикалық құрамында динамикалық айырмашылықтарын айтады.

2.Бірақ өмірдің белгілі бір уақытына қарай индивидтің психикасында санды және сапалы жаңа ұйымдастыру деңгейі сана сезім пайда болады.

Сана сезімді индивид жеке адам болып табылады. Сондықтан жалпы және дифференциалды психологияның зерттеулері субьекттің психикасының индивидуальды және жекелік айырмашылықтары кызықтырады. Егерде сезімділік пен реактивтілік индивидтің психикасында биологиялық түрде болса,ал сана сезім индивидте биологиялық әлеуметтік ортамен байланыс жасаудан пайда болады. Жеке адам индивидтен сана сезімі арқылы ерекшеленеді, яғни сана сезім психиканың жоғарғы формасы болып табылады.

Жеке адам әлеуметтік ортаның мүшесі, сонымен қатар әлеуметтік қызмет ететін, өзін-өзі тани білетін және өз қабілеттілігін түсінетін саналы индивид болып табылады. Индивидтің психикасы мен жекелік кескіндері қосылып, ерекше қосылыс тудырады-индивидуальдылық.

Жалпы және дифференциалды психология аумағында адам психикасының әртүрлі деңгейде ұйымдастырылуының өзара байланыстылығында өте маңызды мәселе туды. Адам индивид болып туылып, жеке адам болып қалыптасады,ең алдымен барлық психологтарды психика құрамының бірінің басқаларына әсері қызықтырады. Бұл мәселелер индивидуальды айырмашылықтардың биологиялық және әлеуметтік рөлде көрінуі жайында.

Дифференциалды психологияның маңызды мәселесі жеке адам мен индивидке тұқым қуалаушылық арқылы немесе жүре пайда болған психикасының байланысы (арақатынасы) болып табылады. Бүгінгі таңда бірсыпыра зерттеушілер тұқым қуалуаушылықтың маңыздылығы 100%, жүре пайда болғандардың маңыздылығы 100%, деп есептеді. Әрине бұндай жауап ешкімдіде қанағаттандырмайды, өйткені ұлы зерттеушілер С.Л.Рубинштейн және Б.М.Тепловалардың көзқарастары бойынша жеке адам мен индивид психика құрылымында тұқым қуалаушылық,табиғи жәнеи жүре пайда болғандардың арқатынасын қарастыру қажет екен. С.Л.Рубинштейнннің жеке адам психикасында жүре пайда болғандар ішкіден сыртқа икемделуі арқасында пайда болады деген көзқарасымен сәйкес келеді. Ал Тепловтың көзқарасымен сәйкестену бойынша псхикалық қасиеттердің ішкісі тұқым қуалаушылық(генетикалық) механизммен емес, табиғи мен байланыста. Осы зерттеушілердің күш салуы арқасында барлық тұқым қуалаушылық табиғи болып табылады деп дәлелдеді. Бұл соңғысы дифференциалды психология аумағында адамдар психикасындағы индивидуалдық айырмашылықтар түсінігіне жол ашты.
2 тақырып. Жеке тұлғалық айырмашылықтардың негізгі факторлары.

Жоспар

1. Индивидуалды айырмашылықтардың негізгі факторлары және әлеуметтің әсері.

1.Адамдардың ішкі және сыртқы айырмашылықтары әртүрлі болып келетіедігі бізге ертеден белгілі,олардың бет пішіні 10 шақты бөліктерден тұрсада мыңдаған келбеттер ішінен бір-бірінен ажырата алмайтын екі жүзді көру өте қиын. Адамдар бет жүзінің құрылысы немесе дене құрылымымен ғана емес, олар мінез-құлқымен, іс-әрекетімен, қылықтарымен, талап тілектерімен, өмірге деген көз қарасымен де ерекшеленіп тұрады. Әр адам әртүрлі тарихи, қоғамдық және мемлекеттік ортада, әр түрлі жағдайда өмір сүреді. Бұның бәрі адамдардың индивидуалдық ерекшеліктерінің әр түрлілігімен байланысты. Адамдар бір-бірінен ерекшеленіп қана қоймайды, олар бір-біріне ұқсас та келеді. Әр адамның психикалық (жан қуаты) құрамында таным процестері болады. Олар түйсік, сезім, қабылдау, ес, ойлау, қиял. Таным процестері адамның қоршаған ортаға бейімделу барысында көрініп отырады.

Психиканың құрамында таным процестерінің болуымен біз біреуге ұқсас, ал осы процестердің мінез-құлықта көрінуімен бір басқалардан айырмашылығымызды байқаймыз.Әрбір индивидтің психикасында біз оған қай жағымызбен ұқсаспыз, айырмашылығымыз қандай немесе біз неге ұқсаймыз деген сияқты ойлар болады.

Адам психикасының мінез-құлқындағы индивидуалдық ерекшеліктері сапалы деңгейде екендігі антикалық зерттеулерден белгілі, ал сандық деңгейдегі айырмашылығы Вундтың лабораториясындағы психикалық процестердің эксперименталды зерттеулерінен айқын болды. Сандық деңгейдегі жазылуын дифференциалдық психологияның бастамасы деуге болады. Бірақ психология тарихы тұсында дифференциалды психологияны негіздеуші англиялық ғалым, сенсорлық сезім деңгейінде адамның индивидуалдық айырмашылықты өлшеу үшін Королевский лабораториясын бірінші болып ұйымдастырған Френсис Гальтон болды.

Сөйтіп дифференциалды психология жалпы психология саласы ретінде индивидуалдық айырмашылықтардың сандық жазылуына назар аудара отырып эксперименталды психология тұсынан көрінуге мүмкіндік алды. Дифференциалды психология психикалық зерттеулер аумағы ретінде субьекттің индивидуалдық айырмашылықтары жүйесінде мінез-құлқын, іс-әрекетін, қылығын, ақыл-ой және қабілеттерін зерттейді. Сондықтан ең алдымен дифференциалды психология адамдар психиасындағы индивидуалдық айырмашылықтар жайлы ғылым әлемдік (дүние жүзілік) психологтар деңгейінде индивидтің айырмашылықтарын зеттеу үлкен мәнге ие болып отыр. Варшова университетінде профессор Ян Стреляу жетекшілігімен индивидтердің айырмашылықтары психологиялық секторы жұмыс жасауда , Ран психикалық институтында (г.Москва) дифференциалды писхофизиологиялық лаборатория ашылды(жетекшісі профессор Русалов В.М). Лондондық психиатрия институтында Айзенк негізін салған «Индивидуалды және жекелік айырмашылықтар» атты журнал шығарылуда, редакция мүшелері атақты психологтар А.Дженсон (АҚШ),Ян Стреляу (Польша) және басқа да дифференциалды психология аумағындағы мамандар.



3 тақырып. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері жеке тұлғалықтың негізгі нейрофизиологиялық сипаттамалары ретінде.

Жоспар

1. Т.П.Павловтың типологиялық концепциясы.

2. Жүйке жүйенің қасиеттері, жануарлардың және адамдардың жалпы қасиеттері.

К-реакция қозғалыс,іс-әрекет,қылық, 8-стимул(ынталандыру) тітіркендіргіш, Р-өзіндік психикалық қасиетке ие индивид. Дифференциалды психология аумағына психодиагностикалық әдістің негізгі принципиалды схемасы енгізілді. Бұл әдістің мәні мыналарды құрайды. Егер тітіркендіргіш пен индивидке әрекет етсе онда оның реакциясы тітіркендіргішінің модальдылығына (яғни сөздің шындыққа қатынасын көрсететін грамматикалық категория) байланысты. Сонымен қатар өзіндік психикалық сыртқы реакцисының көрінісі индивидтің өзіндік психикасының құрамына байланысты болады. К=Г(8) тәуелділігі экспериментальды психология аумағында анықталды, ал дифференциалды психология аумағында зерттелушіні К=Г(Р) тәуелділігі қызықтырады , тітіркендіргіш (8) өзгермейді, ал зерттеуші (Р) индивидтер түрлерін өзгертеді.Әдістің орындалуы эксперимент талаптарына сәйкес немесе қосалқы әдістерді (тест,сұрақ-жауап) қолданумен жүргізілуі мүмкін.Қосалқы әдістердегі сұрақ-жауап және тесттер яғни оған кіретін сұрақтар мен тапсырмалар стимуль ролін атқарады. Сұрақтар мен талаптар екіге бөлінеді, яғни “А тип” және “В тип”. “А типті” тапсырмаларға дұрыс жауап беру керек, ал «В типті» тапсырмаларда дұрыс жауап болмайды. «А типті» тапсырма интелект, қабілет дифференциациясына қолданылады. «В типті» тапсырмаларды индивидтің темпераментін анықтауда ұолданылады. Зерттеу методикалары вербальды (сөз арқылы) және вербальды емес (мимка, пантомимка арқылы) болып бөлінеді. Вербальды зерттеу сөз арқылы зерттеу және есте сақтау мен қиялды қажет етеді. Ал вербальды емес зерттеу субьекттің сенсорлы-перцептивті және мотролы мүмкіндікті қажет етеді, бұл зерттеу көбіне аппаратура арқылы өткізіледі. Кейінгі таңда компьютерлердің көмегімен психолог өз уақытын үнемдейді. Ал вербальды зерттеулерге: диалог, сұхбат, әңгімелесу, яғни субьектпен тікелей сөз арқылы қарым-қатынас жасау.

Кез-келген зерттеу психодиогностикалық түрде қатаң ұйымдастырылған болуы керек, яғни оның сенімділігі тұрақтылығы, валидтілігі (ауыспалылығы) тексерілуі керек. Ал зерттеулердің қорытындысы матрица, корреляция коэффиценті және квадраттық ауытқулар түрде бағаланады.
4 тақырып. Б. М. Теплов – дифференциалды психофизиологияның отандық мектебінің негізін салушы.

Жоспар

1. Жүйке жүйенің ұғымының дамуы, олардың дамуында эксперименталды мен өмірлік көрсеткіштерінің ролі, жүйке жүйесінің қасиеттерің талдауында «ырықты» мен «ырықсыз» әдістерінің мен индикаторларының құндылығы.

Дифференциаллды психологиясының зерттеу обьектісі қазіргі уақытта жеке белгі болып табылады, мысалы мпзасыздану, қабылдау өткірлігі, кәсіпке бейімделу, ал кейде жалпы жеке тұлғалық . В.Штерн жеке тұлғаның психологиялық айырмашылықтар дамуы мен көбеюінің жалғаса жұмыс істеуін 4 бағытқа бөлді. Егер зертеуді қаншалықты вариантты жүргізсек, сұрыптау барысында қарастырып жатқан қасиеттеріміз соншалықты кең өрісті мағынаға ие болса, біз бірінші бағыттағы зерттеулерді жүргіземіз. Ал анықтау қызық болып қарастырып жатқан қасиетімізбен қатар бізді қызықтыратын белгі көрінсе біз басқа зерттеу жүргізіміз.

Сонымен біз бірінші және екінші жағдайдағыдай генезис пен болжау ретіндегі сұрақтармен қалмаймыз, бір уақыттық шешімге тоқталамыз . Егер жеке тұлғаның бір тұтас ретінде көрінуіне келсек, бізге қызықты қасиеттер дамыуының себептері мен кезеңдерін ашуымыз, тарихи тәсілді сақтауымыз қажет. Тарихи жағдайда болу үшін, жеке тұлғаның көп деңгейлілігі мен көп факторлылығын ашуға тырысқанда, ненің немен қай уақытта көрінетінін білмегендіктен өзімізді типологиялық тәсілді қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етуіміз керек . Сондықтан екінші және үшінші зерттеу түрінде көлденең емес ұзына бойына қиылыс жүргіземіз.

Сонымен қазіргі уақытта жекелік айырмашылықтар психологиясы жеке психологиялық теорияларының басқалар ортасында басымдылығы байқалып өзінің біріңғай еместігін сақтап қалды. Мысалы үшін ақыл-ой қабілетінің теориясы жыныстық эволюциялық теориямен практикалық түрде байланысы жоқ, ал темперамент теориясының жекелік ерекшеліктер теориясымен ешқандай байланысы жоқ. Сондықтан қазіргі дифференциалдық психологияның негізгі тенденциясы- бұл жеке тұлғаның жеке теориясындағы әртекті білімі мен жеке интеграциясы.

Өкінішке орай, қазірде В.Штерн дифференциалды психология жеке қызметі және әйел психологиясы, суретші психологиясы, тағы басқалар монографияда талқылау тақырыбы болып қалуы тиіс деген тұжырымдамасы шындыққа сай келіп тұр болып .

Дифференциалды психологияның негізгі бағыттары:

1. Бір немесе бірнеше жеке тұлғаның вариациялы (бір нәрсенің өзгеше немесе өзгерген түрі)

2. Екі немесе оданда көбірек тұлғаның корреляциалы (өзара қатысты, байланысты) белгісі

3. Бір жеке тұлғаның көптеген белгілер қатынасындағы психогеографиялық және вертикальды индивидуальдылығы

4.Екі немесе оданда көбірек жеке тұлғаның көптеген белгілер қатынасындағы салстырмалы индивидуалдылығы
5 тақырып. Н.Д.Небылицыннің жүйке жүйесінің негізгі қасиеттер теориясы.

Жоспар

1. Жүйке жүйесінің қасиеттерінің теориясында Н.Д.Небылицыннің ұсыныстары.

2. Жүйке жүйесінің жалпы және ерекшелік қасиеттері.

Психикалық қасиеттердің қайсысын кімдер анықтағанын санамай-ақ , басым бөлігі В.С.Мерлин зерттеулерінде жасалғанын мойындауымыз қажет. Ол темперамент құрамындағы синзитивтілік, реактивтілік, белсенділік сондай-ақ белсенділік пен реактивтілік, темп және ырғақ моторикалары, икемділік және ригидтілік, экстраверттік және интроверттік, эмоционалды қозғыштық байланыстары тампераментке көбірек сәйкес келеді деп есептеді.



Синзитивтілік (сезімталдылық) психикалық қасиеттердің сезім мүшелері, яғни анализаторлары болып табылады. Сезімталдылық- адамның қандайда психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап әрекетінің туындау шапшаңдығы. Абсолютті сезгіштікті көлеміне қарай, яғни сезімталдылықтың төменгі сезімталдылық табалдырығына қарама-қарсы ретінде бөліп көрсетті.Б.М.Теплов пен В.Д.Небылицин сезімталдылықтан жүйке жүйесінің жалпы және порциалды қасиеттерін бөліп көрсетті. Оны «Ч» әрпімен белгілейміз (Чувствительность)

Реактивтілік индивид реакциясына сәйкес күші мен жылдамдығын сипаттайды. Реактивтілік сенсомоторлық реакцияның латентті периодының ұзақтығына байланысты, сондықтан оның көрсеткіші ретінде көлемі қызмет етеді. «R» әрпімен белгіленеді (Реактивность)

Темпераменттің құрамдас бөлігі ретінде темп және ырғақ моторикалары іс-әрекеттің уақыт құрылымын анықтайды. Темп қозғалыс уақытының бірлігі санымен сипатталады, ал (ритм) ырғақ қозғалыс арасының біркелкілігі, бірдейлігі мен жүйелілігімен сипатталады. Темп және ырғақ (темп и ритм) «Т-Р» әріптерімен белгіленеді.



Икемділік және ригидтілік индивидтің қалыпты әрекет ету жағдайының шұғыл (кенет) өзгерткендегі икемділік дәрежесін көрсететін психикалық қасиет болып табылады. Икемділікке бейім индивидтер өзгерістерге тез бейімделгіш болады, ал ригидтілілер керісінше баяу болады. Сондықтан икемділік және ригидтілік психикалық икемделгіштік дәрежесінің қарама-қарсы факторы болып табылады. «П-Р» әріптерімен белгіленеді(Пластичность и ригидность)

Экстраверсия және интроверсияда психиканың сыртқы тітіркендіргіштер немесе өзіндік ойы мен уайымдарына әсерленушілік дәрежесіне бағытталған темпераменттің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл факторлар «Э-И» әріптерімен белгіленеді.

Эмоционалды қозғыштық (әсерленгіштік) темпераменттің құрамдас бөлігі ретінде базалы эмоцияналардың басымдылығына байланысты. Сондықтан индивидтің базалы эмоционалды фоны деп айтқан дұрыс. БЭФ әріптері мен белгіленеді (Базальный эмоциональный фон)

Тұрақтылық және үрей (немесе мазасыздық) индивидтің эмоционалды жағдайының тұрақсыздығы немесе өзгергіштік деңгейін көрсетеді. С-Т әріптерімен белгіленеді (Стабильность и тревожность)

Осы құрамдастар жиынтығы белсенділік (активность) деп аталады. Белсенділік- мақсатқа жетудегі адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау) Бірақ нақты талдаулар бойынша біріншіден, белсенділік өзіндік реакция қабілеті ретінде барлық тірі организмге тән. Сыртқы қозғалыссыздық төтенше белсенділіктің көрінуімен болуы мүмкін. Екіншіден, белсенділік саналы индивидтің жекелігін сипаттайды және өз еркімен көрсету деңгейінде байқалады. Небылицин мен Симонов белсенділікті осылай қарастырады. Жиналған мәліметтердің әртүрлі типтердегі көрсетілген қасиеттердің сапалық деңгейінің сәйкестілігін кестеден көре аламыз.


6 тақырып Жүйке жүйесінің жалпы және арнайы қасиеттері ұғымдарының дамуы.

Жоспар

1. Б.М.Теплов пен В.М.Русалов жұмыстарындағы жалпы және ерекшелік ұғымының даму туралы.

Индивид мінез-құлқында көрінетін психикалық динамикалық қасиеттердің жиынтығы, пайда болу жылдамдығы мен сезім күшінде және адамның жалпы қимыл қозғалысында көрінетін жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы темперамент деп аталады. Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарынтабуға бағытталған жөн. Адам ежелден –ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері беп атаған. Темпераменттің бұл бірігімдік (типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады. Темперамент латын тілінен аударғанда «temperamentum» бөліктердің ара қатынасы дегенді білдіреді. Бөліктердің ара қатынасы деген атауды, темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелг грек дәрігері-Гипократтың көзқарастарын зерттеуші, римдік дәрігер Клавдий Гален енгізген. Гиппократтың өзі психикалық қасиеттер жиынтығын бөліктер қатынасына тиісті қоспа ретінде «красис» деп атады. Гиппократ индивидтер психика құрамының айырмашылықтарын түсіндіру үшін іс-әрекетте психиканың көрінуі адамның организміндегі сұйықтық қоспаларына байланысты деді. Оның тұжырымы бойынша темперамент типтері «дене шырындарының» яғни, қан, шырыш, өт, запырандардың өзара қатынасында, бірінің басымдылығына байланысты деді. Егер организмде өт басым болса холерик, шырыш басым болса флегматик, қан басым болса сангвиник , ал запыран басым болса мелонхолик болады деген. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.

Қазірге дейін темперамент типтерінің атаулары психологияда сақталып қалды, ал Гиппократ Гален ілімдері гуморальды темперамент теориясы атауына ие болды.

2. Ресей физиологы И.П.Павлов «грек данышпаны» атаған Гиппократ мұраларына бірнеше рет қайта ораламыз.

XX ғасырдың басындағы зерттеушілер де темперамент қасиеттерінің қалыптасуы дене құрылымына байланысты деген түсінік болды. Индивидуальды дене құрылымына байланысты айырмашылықтардың конститутционалдық теориясын қарастырған зерттеушілердің бірі неміс дәрігері Э.Кречмер болды.

«Дене құрылымы және мінез-құлық» деп аталатын өзінің кітабын әр адам дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктерге ие деген ойын қорғап қалу үшін басып шығарды. Осыдан дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеудет.б) сыртай өлшемдерін байланысты төрт конститутционалды психикалық тип белгіленген


  1. Лептосоматик –бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын сидиған.

  2. Пикник – мығым, семізшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

  3. Атлетик –бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

  4. Диспластик –(дис –нашар,пластик –қалыптасқан) дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әр-қилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар(сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер)

Сонымен қатар Кречмер тағы бір «белгісіз» (анықталмаған) дене құрылым типін атап көрсетті. Ауытқуларды қарастыруда пихиканың патологиялық жағынан көрінуін дене құрылымына байланысты анықтады.
7 тақырып Адамның биологиялық ұйымдастырылуының деңгейлері мен иерархиясы.

Жоспар

1. Адам дене құрылысының жалпылығы мен ерекшілігі.

2. Дене құлылысы.

Лептосоматик шизотомик темперамент типіне бейімделген, пикник циклотомик темперамент типіне бейімделген. Оның мінезі желікпе депрессивті психоз ауруына жақын(циклотомик) Атлетиктер эпилепсияға бейімділігімен көрінеді(иксотомиктер)



Шизотомик (лептосоматик) –дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмрциялары ауыспалы, тұрақсыз талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемделуі қиын.

Иксотомик –денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдылығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті баяу, көбіне майдашыл.

Циклотомик- семізшең , домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарасты шындықтан ауытқымайды.

Конститутционалдық теория Батыс Европада кең қолдау тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У.Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі-адам дене құрылымы, ал енгізген жаңалығы эмбриологиялық белгілер.

У.Шелдон өз зерттеулерінде темперамент типтерінде көрінетін соматотипті анықтау жолдарын атап өтті. У.Шелдон адам организміндегі жүйелерді 3-ке бөлді: ішкі, бұлшық ет жүйесі және орталық жүйке жүйесі. Қайсы жүйе болсада айқындалу деңгейін балмен жазып отырады. У.Шелдон дене құрылымына байланысты 3 мінез типтерін бөліп көрсетті:

Висцератоник (7-1-1)

Соматотоник (1-7-1)

Церебротоник (1-1-7)
Жақшаның ішінде әрбір жүйенің айқындалуы баллмен корсетілген (максималды мәні 7 балл, минималды 1 балл)

Психиканың даму шамасында (ережесінде) Э.Кречмер келісімімен лептосоматик (Шелдондікімен церебротоник) темперамент қасиеттерімен көрінуі мелонхолик типін еске түсіреді. Пикник (Шелдондікімен висцеротоник) темперамент қасиеттерінің көрінуі сангвиникті, ал атлетик (Шелдондікімен сомататоник) темпераментпен холерик типін көрсетеді.

Кречмер Шелдон типологиялары көпшілік психиатр , дәрігер, психологтар арасында табысқа жеткенімен бәрібір кейінгі сындарда (критический) қаралуда. Ең алдымен конститутционалды тип пен іс-әрекет типінің сәйкестілігін қарастыруда темперамент қасиеттері емес мінез-құлық қасиеттері қолданылған. Э.Кречмердің негізгі жұмысының атауына көңіл аударайық. Әрине жеке адам мінезінде тәрбиенің әсер етуімен көрінетін қасиеттер пайда болады. Оның негізгі 3 типтері адам денесі конститутциясының көптүрлілігінің «фокусталған нүктесі» екендігін құптады.

Конститутциондық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымдарында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі- тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі. У.Шелдон теориясын сынға алған Я.Стерляу былай жазады: «Адамның тамаққа әуес болуы, ұжымшыл не қайырымды болуы сияқты темпераменттік қасиеттері оның дене құрылымындай нәсілдік белгі емес, мұндай қасиеттер анатомиялық-физиологиялық негізге ие болғанмен тәрбие және әлеуметтік ортада ғана қалыптасады»


8 тақырып. Э.Кречмердің зерттеуі.

Жоспар

1. Кречмер және Шелдон бойынша дене құрылысы.

2. Бас және бет құрылысының ерекшілігі.

1. Бас миының оң және сол жарты шарларының функциноналды ассиметриялардың ішінен арнайы қабілеттердің пайда болуына ең қажеттісі әлемнің бейнелі және ауызша түсінікті болып бейнеленуі. Сөйлеу орталықтары сол жарты шарларында, ал барлық бейнелік кейіптер (сезім бейнелері, қабылдау, ес, елестету) оң жарты шарларында қамтамасыз етілген. Олай болса біз екі индивид пен яғни сол жарты шарларды және оң жарты шарларды адамдармен жұмыс істейміз. И.П.Павловтың бөліп ұсынған және қазіргі функционалдық ассиметриялар жайлы ілімді ескеріп , сол жарты шарға қарағанда оң жарты шардың толық басымдылық типі, бұл «суретшілер» десек, ал «ойшылдар» бұл оң жарты шарға қарағанда сол жарты шардың толық басымдылық типі. «Орташа» типке «Л-П» қатынасы (левополушарный,правополушарный) орындалады, онда оң және сол жарты шарлар бір-біріне жол бермейді.

Жас ерекшелік және педагогикалық психологияда арнайы қабілет кейбір жағдайларда сол және оң жарты шарлар функциясының бірінің басымдылығымен қалыптасып, пайда бола бастайды. Бұл индивидтің жасөспірім шаққа өт кезеңін көрсетеді. Осы кезеңдерден бастап жалпы мамандандырылған мектептерде жаратылыс және гуманитарлық пәндер бойынша терең және дифференциаланған оқыту жүзеге асырылады. Дифференциациялы пәндерде оқушылардың ұғынуы мен түсінбеуіне байланысты өзіндік симпатикасы мен антипатикасын көрсетеді. Бұндай оқушының ішкі қабылдауы немесе зейінсіздігі оның бас миының оң және сол жарты шарларының функцмионалдық басымдылық ерекшелігіне байланысты.

2. Оң және сол жарты шарлар қызметінің басымдылық деңгейі мен арнайы қабілеттердің көрінулерін оқып үйреніп оларды салыстыра отырып, гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін сәтті меңгеру басымдылық деңгейіне байланысты деген қорытындыға келуге болады. Басымдылық деңгейіне байланысты әйгілі өкілдерді сол жарты шарлы немесе оң жарты шарлы деп бөліп көрсетуге болады. Зеттеулер нәтижесі толық сол жарты шарлар басым болған жағдайда біз таза гуманитарлық типтермен, ал оң жарты шарлар басым болғанда жаратылыс типтерімен жұмыс жасаймыз.


9 тақырып. Жыныстық дифференцировка кезеңдері.

Жоспар

1. Д.Мани бойынша жаңалыс ерекшеліктендіру кезеңдері.

2. Генетикалық, гормоналдық, морфологиялық және азаматтық жыныс ұғымдары.

Адамдарды «физик» немесе «лирик» деп бөлуі дұрыс өткен. Келтірілген кестеде мектепте өтілген барлық пәндер емес тек ұнататындары мен ұнатпайтындары келтірілген. Егер жалпы мамандандырылған мектеп бітірушілеріне барлық пәндерді 2 бағанаға (ұнайды, ұнамайды) бөл десек, онда бөлу (жіктеу) операциясы сол және оң жарты шарлар функциясының басымдылығына сәйкес орындалады. Репрезентативті іріктеуде жүргізілген зерттеу ортастатистикалық оқушыда жалпы пәндер бойынша санының коэффицент мәні 0,5 мағынасына жақындау көрсетеді. Бұл таным белсенділігінің көрінуі жалқаулық пен емес арнайы қабілеттердің мидың оң және сол жарты шарларының арасындағы қызметтік байланысына нақты тәуелділігімен шектелетіндігі жайлы айтады. Басқаша айтқанда арнайы қабілеттердің көрінуі қарапайым қамтамасыз етілген іріктелген сипаттамаға ие.

Табиғат жаратылысында таза сол жарты шарлы немесе оң жарты шарлы тип болмайды. Таза жарты шарлыны тек бір жарты шардың толық тоқталғанында ғана байқауға болады. Әрбір индивидте таным белсенділігін қамтамасыз ету үшін біздің әрқайсымызға тіршілікті бейнелі және ауызша деңгейде елестетуге мүмкіндік беру үшін бір уақытта екі жарты шарда қатар жұмыс істейді. Сондықтан арнайы қабілеттердің көрінуі сол және оң жарты шарлардың бірінің басымдылығымен анықталады. Басымдылық деңгейі жағдайға байланысты жарты шарлардың функционалды күштілігімен аталуы мүмкін. А.С.Пушкин кемеңгер ақын ретінде танылса да, оқу барысында математикаға қабілетсіз екендігі мәлім болған. Осындай жай салыстырулардан А.С.Пушкинде оң жарты шарға қарағанда сол жарты шардың күштілігі жайлы қорытынды шығаруға болады. Ал И.П.Павлов керісінше оң жарты шарлы болған, онда жаратылыстану ғылымдарына бағытталған таным белсенділігі байқалған. И.П.Павловтың асқорыту механизмдерінің физиологиялық зерттеулері үшін нобель сыйлығына ие болды. Павлов пен Пушкинде таза холерик типіне жақындау, дегенмен Павловта арнайы қабілеттің көрінуімен байланысты сол жарты шарға қарағанда, оң жарты шардың басымдылығы байқалған. Жиналған мәліметтерге қарағанда таным іс-әрекетінде арнайы қабілеттердің пайда болуы индивидте сол және оң жарты шарлар функияларының толық немесе жартылай басымдылығы арнайы қабілеттер жиынтығы ретінде көрінеді. Сонымен сол жарты шарлар қарқындылығының басымдылық негізінде тілдік, лингвистикалық, әдебиеттік, поэтикалық, журналистке қабілеттілік, тарихи, философиялық, заң ғылымдарына қабілеттілік қалыптасады. Ал оның жарты шарлар қарқындылығы басымдылығымен математикалық, физикалық, биолгиялық, химиялық, медициналық ғылымдарға деген қабілеттілік қалыптасады. Сонымен қатар оң жарты шардың көбірек қарқындылығы суретшілік және музыкалық қабілеттердің дамуына жақсы жағдай жасайды.
10 тақырып Жыныстық диморфизм және онтогенездегі психикалық дамудың ерекшеліктері.

Жоспар

1. А.Эрхард бойынша жаңалыс ерекшелігі.

2. Онтогенездегі жаңалыс дамуының қоршаған әлеуметтең тәуелдігі.

Кейбір жағдайларда басмиының оң және сол жарты шарлары қарқындылығының жоғары деңгейлілігі бірдей индивидтерде кездеседі. Мұндай индивидтер гуманитарлық бағытта да, жаратылыстануда да сәтті әрекет етіп меңгере алады немесе оң және сол жарты шарлар функциясының қамтамасыз етуімен арнайы шығармашылық қабілетке ие болады. Атақты суретші, мүсінші Микельанджелода үлкен поэтикалық қабілеті болған. Ал М.В.Ломоносовта жаратылыстану ғылымы мен поэтикалық қабілеті көрінген. Суретшілік және поэтикалық қабілеті байқалған Тарас Шевченконың бас миының үлкен жарты шарларын төтенше қарқынды деп айтуға болады. Бірақ бұндай индивидтер адам болмысында өте сирек кездеседі. Сондықтан, арнайы қабілеттердің жалпы ақыл-ой қабілетінсіз жалпы шамада дами алмаитынына да назар аударуымыз қажет. Бұл жағдайда Г.С.Костюк, С.Л.Рубинштейн және тағы басқа психологтар қолдаған. Егерде индивидте жалпы ақыл-ой потенциалы жоғары және таным мен түсінікте жүзеге асырылса , онда іріктеу бағыттарының жүзеге асырылуы арнайы қабілеттермен анықталады, онда оң-сол жарты шарлы асиметрия болады. Мысалы алтын медальмен бітірген мектеп бітірушілері университетке түсуге келеді, бұлар шынында ақыл-ойы қабілетті субьекттер. Бірақ біреулері дене тәрбиесі факультетіне, тағы біреуі математикалық, тарих, заң факультеттерін таңдайды. Жалпы ақыл-ой қабілеттері бірдей бағаланған (алтын медальмен), ал іске асыру бағытта ры әр түрлі. әртүрлі бағытта болуы, біріншіден арнайы талаптарымен, екіншіден мұғалімнің өзінің өзіндік жалпы және арнайы потенциалымен іздену бағыттары мен іске асыруға белгі беруімен (немесе үгіттеуімен) байланысты. Жалпы және арнайы қабілеттер мен талаптар қатынас аясындағы талант, дарындылық, данышпандылық түсініктерін де қарастыру қажет. Дарындылықтан кейде ерте онтогенез кезеңіндегі жалпы және арнайы қабілеттер көрінеді. В.А. Моцарт музыканы 5 жасынан бастап жазғаны, А.С.Пушкин өлең жазуды 7 жасынан бастағаны , Гаустың 6 жасында математикаға қабілеті байқалғаны , атақты психолог Жан Пиаже 6 жасында альбинос торғайының әрекетін жазып ғылыми жарияланымға ие болған.

Әртүрлі іс- әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік, дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деігейі анағұрлым жоғары.

11 тақырып Жыныстық әлеуметтену.

Жоспар

1. Тендету, типизация және өз-өзінің катеориясының теориясы.

2. Жастастармен қатынастың ролі.

Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды. Америкалық психологтар дарынды балалар іс-әрекетіне тән бірнеше белгілерді көрсетті. Олардың ішінен қоршаған орта құбылыстарының арасындағы себеп-салдарларын анықтауға тырысу, ойыншықтардың қалай ұйымдастырылғанын анықтауға құмарлығы, бейнелі нәрселерді елестетуі, күрделі ойындарға еліктегіштігі және де өлім, ол дүниелік өмір, ғарыштағы өмір, жоғары сезімталдылық сияқты көріністер, құбылыстар жайлы көп ойлану және тағы басқа нышандарды (белгілерді) көрсетуге болады.

Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялық құбылыс талант. Талант сөзінің төркін мәні ежелгі грек қамуымында бай манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі-талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп жасыратын болған. Осыдан халықда «Таланты құм болды», «Таланты көмілді» деген ұғымдар сақталып қалған. Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер сияты таланта іс әрекетте көрініп, өрісейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыратылады.

Талант жеке адамды қоғамға әйгілі ететін және қоғам мойындайтын дарындылығының болуы.

Талант – көптеген қабілеттердің байланысы, бір тұтастығы. Өте жоғары дамыған бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле алмайды.

Қабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейі данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола алады. Жеке адам данышпандылығы заңдылықтарды танудың жаңа жолдарын жасауда, ғылымға өзгеріс енгізу талаптарын орындауда көрінеді. Данышпандылық тарихпен байланысты сондықтан, оларға негізін салушылар тұжырымдаған бірақ, оған сәйкес шешім таппаған талаптарды шешуге беріледі. Сондықтан дарынды талантты жеке адам данышпан ретінде, адам болымысының тарихи қарқынында анықталады.


12 тақырып Жыныстар арасындағы психологиялық даму және олардың физиологиялық негіздері.

Жоспар

1. Геодакяның В.А. теориясы.

2. Еңбектің жаналыс бөлуі, ер және әйел адамдардың мінез-құлықтарының стереотиптары әлеуметтік-тарихи фактор ретінде.

Эмоционалдылық – эмоцианалдықтың жоқтығы, яғни күнделікті жағдайлардағы эмоционалды реакциялардың көріну жиілігі.

Белсенділік-енжарлық, дамалыс уақытындағы әркеттің көрінуі ретінде.

Бірінші қызмет белсенділік – екінші қызмет енжарлық сыртқы орта тітіркендіргіштеріне реакцияның көрінуі немесе сөнуі күшімен жылдамдығының көрсеткіші ретінде.

Кейінгі зерттеулерде (мысалы Г.Айзенк зерттеулерінде) индивиттер іс әрекетінде бірінші қызмет басымдылығы мен экстроверсия арасында ұқсастық бар. Гуморальды және конститутциональды теориялардан айырмашылығы бұл зерттеулер аясында темпераментке кіретін әрбір қасиет индивидуальдық көріну деңгейіне ие деген мақұлдаулар айтылған. Сондықтан адам популяциясында сол және басқа қасиеттерінің әр түрлі деңгейде көрінетін индивиттер бар. Анастазии көрсеткенде бұл тәсіл темперамент белгілерінің үйлестіру үздіксіз шкалада жүреді деген қортындыға келуге мүмкіндік берді. Ч. Спирмен факторлық анализді көптеген қасиеттерді индивид психикасы құрамының азырақ ең маңызды санына енгізіп көру арқылы қолданды. Факторлық талдауды қолдану арқасында психологияда темпераменттің факторлық теориясы шықты, құрылуын жалғастырғандар Гилфорд , Л.Терстоун , Г.Айзенк және т.б.

«Фактор» сөзі психологияда математикалық түсінікте емес, қозғалыс күшін білдіретін бастапқы мағына, көрініс пен процесс себептері ретінде қолданыла бастады. Басқаша айтқанда факторлар психика құрамының формальды –динамикалық құрылымындағы темпераментте индивид іс әрекетіндегі қасиеттерінің көріну себептері ретінде қатысады.

Дж. Гилфорд 20 жыл бойына анкеталау әдісін қолданып темпераменттің 13 факторлық теориясын құрды. Олардың негізіне, мәлім болғанындай негізгі қасиеттердің қарама –қарсы болып көрінуі, нақтырақ айтқанда субъектте бір қасиеттің максималды немесе минималды көріну деңгейіне ие болды.

Гилфорд мұндай факторларға мыналарды жатқызды:



  1. Белсенділік

  2. Доминантылық

  3. Ержүректілік

  4. Өзіне сенімділік

  5. Байсалдылық

  6. Көпшілдік

  7. Рефлексивтік

  8. Депрессиялық

  9. Эмоционалдылық

  10. Ұстамдылық

  11. Әділділік

  12. Тілектестік

  13. Толеранттылық

Темпераменттің 13 факторлық теориясына негізгі жетіспеушілік тұрақты қасиеттер арасындағы нақты аймақтың болмауы, яғни жағдайға байланыссыз пайда болуы және нәзік қасиеттердің индивид дамуындағы теріс қалыптасуы .

2. Темпераменттің 7 факторлық теориясын Л.Терстоун өңдеді. Ол да анкета әдісін қолданып мынадай факторларды бөліп көрсетті:

1. Белсенділік

2. Жігерлілік

3. Импульсивтілік (ырықсыздық немесе албырттық)

4. Доминатылық (орталық жүйке басымдылығы)

5. Стабилділік

6. Социабелділік

7. Рефлексивтілік

Терстоунда Гилфорд сияқты жолды қолданған. Әрбір фактор екі қарама –қарсы минималды және максималды көрініске ие. Факторлардың көріну деңгейі балмен өлшенеді. Терстоун темперамент профилінің графикалық көрінісін ұсынды. Бірнеше факторларды ғана салыстыру темперамент қасиеттерінің әр түрлі сандық және сапалық көрсеткіштеріне ғана назар аударуға мүмкіндік береді.

Олардың арасында күнделікті тұрақты қасиеттері де, өзгермелі қасиеттер де бар. Бірақ көпшілік темперамент зерттеушілері, темперамент қасиеттерін өмір бойы өзгермейтін формальды динамикалық қасиеттер деді.
13 тақырып Тұлға теориясы. Тұлға теориясындағы психодинамикалық бағыт: Зигмунд Фрейд.

Жоспар

1. Психоанализ: негiзгi тұжырымдар мен ұстанымдар. Инстинкттер.

2. Тұлға дамуы: психосексуалды сатылар.

Қозу күші мен тежелу күші-бір-біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді , ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.

Жүйке жүйесі процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті- жүйке процесінің қозғалмалылығы-бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығында көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалылығы адам-қылық әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетінде танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әрекеттен екіншісіне, енжарлықпен белсенділікке немесе кері өту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалалығына қарсы құбылыс-жүйке жүйесінің селқостығы.

Аталған жүйке прцестерінің негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғары жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып , И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:

-күшті, қозу мен тжелуі теңдей , қозғалмалы-сангвиник;

-күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт-флегматик;

-күшті,қозуы басым-холерик;

-әлсіз тип –мелонхолик;

И.П.Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді.50-жылдары жүргізілгеносындай ізденістер нәтижесінде И.П.Павловтың шәкірттері В.М.Теплов , кейін В.Д.Небылицин темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесін экспериментальды талдай отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиетті ашты: лабильдіа және динамикалық. Жүйке жүйесінің лабильділігі-жүйке процесінің туындау және сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалылығы-қоздырғыш, ұнамды және кері әсерлі,тежегіш шарты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен байқалады.

2.И.П.Павловтың ілімдерін психологиялық бағыттарда көрсетуге (хабардар етуге) едәуір күш салған оның жолын қуушылар Б.М.Теплов пен В.Д.Небылицин болып табылады. Осылардың күш салуы арқасында әртүрлі индивидтердегі қозғыштық пен тежелгіштік процесінің күшін жеке-жеке анықтаудағы зерттеулер жалғастырылды және орталық жүйке жүйесінің жалпы және жартылай қасиеттер түсінігін енгізуге мүмкіндік берді. Теплов пен Небылицин тіршілік үшін күрестегі негізгі құрамдастарының бірі ретінде, нерв жүйесінің әр алуан қасиеттерімен әр түрлі индивидтердегі сезімталдылықтың ролін көрсетті.В.Д.Небылицин өзінің электроэнцефалографикалық зерттеулерінде, белсенділік адамдар іс-әрекетіндегі индивидуалдық айырмашылықтарының көрсеткіші ретінде, бас миының маңдай қыртыстарының алдыңғы бөліктері мен мидың бағаны мен ретикуляциялы формациясының (дамудың белгілі кезеңі және сол даму кезеңіне тән құрылыс) өзара бірлесіп әрекет етуімен байланыстылығын көрсетті . Осы сияқты ұсыныстар англиялық зерттеушілер Г.Айзенк пен Дж.Грейлер де болды. Олар жүйке жүйесінің күші – баяулығының вариациясы (өзгерген, өзгеше түрі) маңдай қыртыстарының ретикуляциялы формациясының өзара әрекеттестігі ерекшеліктерімен экстроверсия-интроверсия сияқты индивидуальды қасиеттер арасындағы байланысты анықтайды деп есептеді. Осындай зерттеу бағыттарынан П.В.Симонов адам мен жануарлар бас миындағы ми құрылымын 4-ке бөліп көрсетті. Олар: маңдай қыртыстары, гипокамп, гипоталамус және миндалик. Оның көзқарасы бойынша бұл төрт ми құрылымы Гиппократтың бөліп көрсеткен темперамент типтерінің арасындағы индивидуальды айырмашылықтарды түсіндіруге қажет. Қызметтік басымдылықты еске ала отырып ми құрылымы әрекеттестігінің әртүрлі қисындарынан П.В.Симонов бойынша темперамент типін қарастыруға болады. Егер «маңдай қыртыстары менгипокамп» парларын қарастырғанда гипокамп (тәжірибе, ес мүшесі) қызметіне қарағанда «маңдай қыртыстары» (болжау және мұқятылық мүшесі) қызметінің басымдылығында экстоверт типін көрсетеді. Маңдай қыртыстарына қарағанда гипокамп


14 тақырып. Психодинамикалық бағыттарды қайта қарастырудың нәтижелері: А.Адлер, К.Юнг.

Жоспар

1. А. Адлер: тұлғаның дара теориясы. Индивидуалды психологияның негiзгi заңдары.

2. А. Адлердiң адам табиғатына қатысты негiзгi зандары.


  1. Алдын қарастырылған темперамент теориялары бір-бірімен келісілмеген және бір-бірінен өзгешелін тұрады. Ең алдымен зертеушілер типтермен жұмыс істей ма жоқ типологиялық топтармен ба, типтер саны олардың реті белігілі бір мағына ие ма, деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтар темперамент жаратылысы мен маңызы түсінігінде өте маңызды.

Типтер санының сұрақтары, факторлық теориядан бастап ешқандай мәнге ие емес және де Анастази көрсеткендей бұл сұрақтар мағынасыз. Мысалы Гиппократ жолын қушы Гален алдымен темпераменттің 9 типін бөліп көрсетіп кейіннен Гиппократ типологиясының дұрыстығын сақтап, жоғары баға береді. Э.Кречмер 4 конститутционалдық тип бөліп одан соң тағы анықталмаған аттың типін көрсетті. Бірақ кейінгі зерттеулерінде Кречмер тек 3 типті ғана қарастырады. У.Шелдон ұқсас бейнеде 4 типті бөліп көрсете отырып (Висцеротоник, соматотоник, церебротоник, аралас) қарастыруға 3 типті қолданады. И.П.Павлов бірінші 3 типті (ВНД қозғыштық, орталық, тежелгіш) орталық жүйке қызметін бөліп көрсетеді. Павлов орталық типте 2 модификациясын бөліп ескі классификация мен топтастырумен сәйкес келетін 4 типті шығарады. Г.Айзенктің негізіне 2 қарама-қарсы экстроверсия-интроверсия, тұрақтылық-мазасыздық факторларын енгізген 4 типі қалады. Дәл осындай акцентуацияланған жеке адамның клиникалық зерттеулер негізіндегі санды К.Леонгардта қалдырған.

П.В.Симонов 4 ми құрылымының кестесін пайдалана отырып Гиппократ көрсеткен 4 классикалық типінің пайда болу түсінігін табады. Жиналған мәліметтер зерттеушілердің көпшілік теориялары 4-пен тең келетін санмен шектелуге үйір болып алғандығын көрсетеді. Бұны кездейсоқ үйлесу деп айта алмаймыз. Жоғарыда келтірілген тәсілдердің ешқайсысына сандары 4-пен тең келуі керек деген ешқандай түрдегі шарт қойылмайды. В.Д.Небылицин ғылыми теорияның ескілігі оның дұрыстығын көрсетпейді деп дұрыс айтқан. Қазіргі уақытта типтер (немес топтар) санының мәселелері темперамент ғылыми теориясының құрылымда негізгі мәнге ие болса да жоғарыда келтірілген теориялардан қанағаттанарлықтай жауап алмаған.

2. Гиппократ бөлінген типтерді сызықтар ретіне қойып холерик пен флегматикті қарама-қарсы типтер деп есептесе, ал сангвиник пен мелонхоликті олардың арасына орналастырды. Сангвиниктер холериктерге, ал мелонхоликтер флегматиптерден алдын. У.Кречмердікі сызықтарда орналасу реті пикник, лептосоматик, атлетик, дисластик және анықталмаған. Кречмер психикалық ауытқуларды еске түсіретін белгілерді ескере отырып, тығызда орналасуға, типтердің сызықтық ретін сақтап, қатарын 3 шектеп бірақ олардың ретін ауыстырады. Бір шетінде циклотомик (пикник), қарама-қарсысында шизотомик (лептосоматик), ал олардың арасында иксотомик (атлетик) тұрады. Шелдон бір жағында салмақты және қолпылдаған эндоморфты (висцератоник) ал қарама-қарсысына нәзік жіңішке эктоморфты (церебротоник), олардың арасына сымбатты берік (қатты) мезоморфты (соматотоникті) орналастырады. И.П.Павлов жүйке жүйесі типтерінің сызықтық ретін сақтайды. Ең шеткілері күшті «ұстамсыз» (холерик) және әлсіз «тежелгіш» (мелонхолик) типтерін орналастырып, олардың арасына күшті, байсалды, салмақты қозғалмалы (сангвиник) және байсалды инертті (флегматик) орналастырады. Флегматик бұл схемеда холерик пен сангвиник арасында мелонхоликтен алдын орналастырады. Орындалған сызықтық схемадан Г.Айзернктің 4 темперамент типінің орналасу айырмашылығы, ол шеңбер айналасына орналастырады. Әртүрлі схемаларды салыстырулар олардың арасындағы келіспеушіліктерді табады. Кестеден көрініп тұрғандай Кречмермен Шелдон схемалары өздерінің арасында және Гиппократтікімен келіспейді. Жоғарыда айтылып өткендей бұл кестелер тиянақсыз бөлінгендері үшін бірнеше рет сынға алынған. Сонымен бірге Гиппократ типтерімен келіспеушілік темпераменттің дене құрылымымен байланыстылығындағы конститутционалды теория қанағаттанарлықтай түсінік бере алмайтындығын көрсетеді. Дәл осындай келіспеушілік Гиппократпен Павлов схемалаларында да байқалады.
15 тақырып. Эго-психология және тұлға теориясында онымен байланысқан бағыттар: Э.Эриксон, Э.Фромм, К.Хорни.

Жоспар

1. Э. Эриксон: эго – тұлғаның теориясы.

2. Э. Фромм: тұлғаның гуманистiк теориясы.

. Психогенетикалық әдіс зертеулерінде мидың психика мүшесі ретінде индивидтің «Красис» психодинамикалық қасиеттерімен байланысты ішкі құрсақ даму кезеңінде құрылады. Сондықтан индивидуалдық ми туа берілген болып табылады. Сонымен бірге барлық темперамент типтеріне кіретін психика құрамдастары да бас миының бөлімдерімен участкілерінің функционалдық қасиеттері де туа берілген болып табылады.

Б.М.Теплов пен С.Л.Рубинштейннің көзқарастарына сәйкес туа берілгендер мида индивидтің нышандар негізі ретінде орындалады. Нышандар дегенде бізде мидың және инвидиуалдық сезім мүшелерінің тума берілген морфологиялық (организмнің дене құрылысын және формаларын зерттейтін ғылым) және функционалдық ерекшеліктері деген түсінік пайда болады. Егер индивид морфология және ми қызметімен сезім мүшелері нормасында дүниеге келсе, онда қоршаған ортамен байланыстағы аралық жалпы нышандарға ие болады. Жалпы нышандарға ең алдымен сенсоноторлық нышандар, интелектуалды және тілдік нышандар жатады. Барлық нышандар қабілеттің қалыптасуы мен дамуына негіз жасайды.

Қабілет іс-әркеттің бір немесе бірнеше түрлерін тез және жеңіл меңгеруген қамтамасыз ету, білім, ептілік дағдыларды жинауға жәрдем беретін сияқты психикалық ерекшеліктер түсінігіне ие.

Егер нышандар тума берілген болып табылса, онда қабілеттер туа берілген болып саналмайды. Олар индивид іс-әркеті барысында пайда болады. Сондықтан қабілеттің пайда болумен қалыптасуына қоршаған ортаның пәндік бағытталуымен адам белсенділігін өзгешелігі ретінде іс-әрекет негізгі жағдай жасайды. Осындай адам іс-әрекет түрлерінің ерекшесінің бірі оқу болып табылады. Сондықтан оқу процесіндегі индивидтің білім, білік дағдыларды тез және оңай меңгеруі қабілет деңгейі мен сипатталады. Диференциалды психология аумағында қабілет және нышан байланыстарының мәселелері маңызды болып табылады.

Зерттеулер бұны туа берілгендермен жүре пайда болғандар арасындағы байланыс деп көрсетеді. Жалпы психология курсына белгілі болғандай индивидтер құбылыстарымен, заттармен толтырылған анық тарихи-мәдени ортада туылады. Ортаның өзі заттар мен толтырылған. Әр заттың қызметтік тағайындалуы өзінде емес, оның қолданылу әдісінде белгіленген. Мысалы «шыны аяқ-ішу», «кереует-ұйықтау», «орындық-отыру» т.б. Тарихи-мәдени орта адам буындарының үздіксіздігінде өзгереді, бұл белгілі бір зат немесе денелер, құралдар жоғалып, ал жаңалары қайт құрылады немесе жаңадан жасалады дегенді білдіреді. Туа берілген ми құрылымда индивидтердің заттық ортамен анық қатал қызметтік байланысын анықтау мүмкін емес және одан ешқандай мағына жоқ. Сондықтан адам қоғамындағы өте ертедегі антропогенез кезеңдерінде индивидтер бір жағынан бұл индивидті ештеңеге көңілін бұрмаған, ал басқа жағынан бұл индиивд туылған сәттегі оны қоршаған заттық ортамен кездесуге дайын сияқты туа берілген мүмкіндіктері мен туыла берілген. Мұндай туа берілген құрылым индивидтердегі нышандар көп қырлы екендігін көрсетеді. Бір немесе бірнеше нышандар негізінде іс-әркеттің көптеген түрлерін меңгеруі сәтті көрінуі мүмкін.


16 тақырып. Тұлға теорияларындағы диспозициондық бағыттар: Г.Олпорт, Р.Кеттел, Г.Айзенк.

Жоспар

1. Г.Олпорт: тұлға диспозиционалды теориясы.

2. Р.Кеттел: тұлға құрылымдық теориясы.

Туа берілген нышандармен жүре пайда болған қабілеттер арасында қатаң байланыс жоқ. Бұл қорытынды бұл қорытынды азырақ жеңілдетілген, туа берілгендер мен жүре пайда болғандар арасындағы байланысты түсіндіреді. Туа берілген ми нормасымен сезім мүшелері индивид психикасынан жалпы қабілеттерінің онтогенезде көрініуін қамтамасыз етеді. Жас ерекшеліктер психологиясынан белгілі болғанындай, нақты тіршілік кезеңінде сенсорлы қабілеттер пайда болады. Онда сапалар мен құбылыстар қасиеттерін және заттардың дифференцияциялау қабілеті болады. Қозғалтқыш қабілет, тіке жағдайда денені қозғалту қабілет ретінде және манипуляциялы (айлалы әркеттегі) қабілет ұстау, араластыру, заттарды тастау қабілеттері де өзіндік жастық кезеңінде көрінуге ие. Перцептивті қабілет, заттарды бөлу, олардың формасы, өлшемі, ара қатынасы және тілдік қабілеттері ретінде, онтогенездің нақты кезеңінде индивидтердің таным қабілеттерімен көрнуімен интелектісін анықтайды. Дене құрылымындағы туа берілген кемістіктер сезім мүшелеріндегі жалпы адам қабілеттерінің көрінуін төмендетеді немесе мүлде жүзеге асырмауы мүмкін (туа берілген көрмеушілік, соқырлық, саңыраулық мидың сал ауруына ұшырауы және т.б.) Осыдан кейін қабілеттер нышандармен қатаң негізделген деген жорамалға келуге болады. Бұл қорытындыда индивидтер психикасындағы туа берілгендер мен жүре пайда болғандар арасындағы байланысты толық бейнелейді.



  1. Жоғарыда аталып өткендей туа берілгендер адам темпераментінің қасиеттерін қамтамасыз ететін индивидуалдық мидың құрылымдық ерекшеліктері болып табылады. Осы қасиеттердің ішінен нақты бір қабілеттердің көрінуіне нышан түрінде қатысатындарды іздеп көруге болады. Мысалы сезімталдылық. Бұл сезімдердің басталуы мен сипатталады. Теплов зеттеулерімен абсолютті есту музикалық қабілеттердің қалыптасуына қажетті жағдай екендігі мәлім. Сонымен туа берліген қасиет, темперамент құрамы белгілі қабілеттің нышаны ретінде қатысады. Бірақ абсолютті естуге композиторлық қабілет, музикалық құралдарды түзетуге қабілетті немес акустикалық (дыбыс әуезі туралы ілім) қабілет, әскери теңіз және инженерлік іс-әркеттерге қабілетін қалыптастыруға болады. Бұл нышан үйлесімді қабілеттің қалыптасуына қажетті, бірақ жеткіліксіз жағдай болып табылады. Нышан өзі қабілетті анықтай алмайды. Соңғысы таңдамалы іс-әрекет түрінде егер жеке адам өмір жолында осы іс-әрекет түрінде өзін сынап көру қажеттілігі туғанда көрінеді. Тек таңдамалы іс-әрекет, жылдамдық деңгейі мен оны меңгеру жеңілдігі, жеке адамның қабілет деңгейін анықтайды. Бір жағынан музикадан хабары жоқ индивид жоғары саналған іс-әрекет түрлеріне қабілетті болып табылмайды. Жалпы нышандар мен қабілеттер арасының байланыстылығы қажеттілік пен жеткіліктілік арасында қарама-қайшылықтардан тұрады.


17 тақырып. Тұлға теорияларындағы оқытушы-бихевиористік бағыттар: Б.Ф.Скиннер.

Жоспар

1. Б. Ф. Скиннер: операнттық үйрету теориясы.

2. Скиннердiң психологияға деген келiсi.

Енді темпераменттің реактивтілік қасиетін алайық. Спорттың белгілі бір түрінде реакция уақыты ерекше мағынаға ие. Спринтенерлік жүгіруде спортшының старттық жағдайдан шығуы оның реактивтілігіне байланысты (жоғары қозғалғыштығымен ерекшеленетін холериктер). «Динамо» қоғамдық базада жүргізілген зерттеу (г.Одесса) жоғары топтағы спринтерлердің өзіндік көрсеткіштері көбіне холериктер екенін көрсетті. Осылай жеке құрамдастар ғана емес темперамент типінің өзі нақты іс-әрекет түрлеріндегі қабілет дамуының нышаны ретінде қарастырылуы мүмкін. Жоғарыда музикалық қабілеттердің нышаны ретінде абсолютті есту жайлы мысал келтірілген. Бірақ музикаға қабілетті орындаушылардың психикалық қасиеттерінің типологиясын орындау шеберлігінің жоғары деңгейіне абсолютті естулері бар барлық индивидтер жете бермейді, тек таза мелонхоликке жақындайтындар ие болуы мүмкін. Бұл музикалық қабілеттің жоғары деңгейін дамытуда қажетті және жеткілікті жағдай. Сонымен қатар өмірде оларды дамытуға жәрдем беретін оқытушыларды да кездестіруге болады. Темперамент түсінігі қатаң құрылым ретінде ал оның құрамдастары басқа құрамдастары мен өте тығыз байланысты. Сондықтан темперамент типінде нышандар жиынтығы көрінеді. Нышандар өзінің мәні бойынша көп қырлы, сондықтан кәсіби іріктеуде «кәсіби желпуіш» және белгілі бір іс-әрекет түріне «үйлесімді типологиялық профиль» деген түсінік бар. Қатал айтқанда адамдардағы барлық іс-әрекет түрлері жалпы нышандармен қабілеттерге бейімделген олардан басқа аранйы нышандармен қабілеттер жайлы айтуға болады, бірақ бұлардан алдын индивид психикасының арнайы ұйымдастырылуымен интелект потенциялы мәселелерін қарастыру қажет.


18 тақырып. Тұлға теорияларындағы әлеуметтік-когнитивті және когнитивті бағыттар: А.Бандура, Д.Роттер, Д.Келли.

Жоспар

1. Әлеуметтiк-когнитивтiк теорияның негiзгi ұстанымдары.

2. Әлеуметтiк үйрету теориясы: негiзгi тұжырымдар мен ұстанымдар.

Саналы иведит қоршаған орта оның заңдылықтарын білуге тырысады, және танымдық іс-әрекет өкілділігі оның интелект деңгейінен анықталады. Бұл тәуелділік қарапайым және оның, латынның «intellektus» деген сөзі «таным түсіну» болып аударылады. Бұл қарапайым тәуелділікке қарамастан интелект табиғаты мен болмысы анықталмаған және түсініксіз болып қалды. ХIХ ғасырдың 90 жылдарындағы психология тарихында мынадай қызық жағдай белгілі. Председатль «интелект дегеніміз не?» деген сұраққа не баяндаушылар, не қатысушылар жауап бере алмаған соң ғыоыми мәжілісті амалсыз жабуына тура келген. Ал XX ғасырдың 60 жылдарында атақты ақыл-ой зерттеушісі, әлемдік психолог атағын алған Д.Векслер өзінің («Измерениеи оценки интлекта взрослых»), Ересектер интелектісін өлшеумен бағалау деген еңбегінде ақыл-ойды «интелект танып болмайтын мән» және белгілі бір анықтама бере алмаймыз деп қарастырады. Сондықтан Векслер индивидтің глобалды қабілеті ұтымды іс-әрекет жасауы және дұрыс ойлауы ретінде «жұмыстың» деп аталатын интелект атауын қолданады. Басқа зертеушілерде осы сияқты қорытындыға келсе қашанда интелект түсінігі парадокс (әдептен тыс күтпеген ойда жоқ ғайып болып көренетін оғаш пікір) көзі болды. Интелекті ойлауға бұрып жіберу, аудару әрекетінің сәттілігі аз болып шықты. Бұл әрекет Дж. Гилфортке тиісті. Бірақ интелектің қабылдау процесінен ара қатынастар болатындығы мәлім, сонымен қатар және, дербес акт болмайтын басқада психикалық процестермен де тығыз байланысты болады. Интелект темпераменттің белгілі бір қасиеттерімен байланысқанда және оқуға қабілеттілігі мен формалды операцияны меңгеруде зерттеудің орны ерекше. Сондықтан да бөлек интелект мәселесінде оны өлшеу жолдарында сұрақтар туып тұр.

«Интелект дегеніміз не?» - деген сұраққа психологтардың бірі «бұл сол интелект тестерімен өлшенеді» - деп жауап берді. Бірінші интелекті өлшеу әрекеті екі зерттеуші А. Бине мен Ф.В. Гальтонге тиісті. Бине бірінші болып қабылдау, ес, түсінік ерекшелігінің көріну деңгейін тексеруге міндеттер қатарын жинақтады. Бұл міндеттер қатары тест атауын алды. Жазылған дұрыс жауапқа анық бір сандық бөлімі бейне интелектің сандық өлшемі 1q енгізді. (Интелект коэфиценті) тестік кейінгі қолданулары басқа психологтарды да: интелект коэфиценті интелект деңгейін ғана емес тестілеу уақытындағы субъектің біліммен тәжірибесін меңгергендігі немесе тәуелсіз қабілет деңгейінде өлшейді деген қорытынды шығаруға алып келді. Сондықтан бүгінгі таңда интелектті өлшеуге арналған тестік тәсіл критика объектісінде қалады. Сонымен бірге 100 жылдар бойындағы әртүрлі тарихи - әлеуметтік және мәдени орталарда индивиттерге үлкен іріктеу тестін қолданғанда орта статистикалық түрде бірдей әртүрлі белгілермен 1q бөліну мүмкіндігін көрсетеді. Бөліну Гаустық орташа білген кескін болады.
19 тақырып. Тұлға теорияларындағы гуманистік бағыт: А.Маслоу.

Жоспар

1. Гуманистiк психологияның негiзгi үстанымдары.



2. А. Маслоудың адам табиғатына қатысты негiзгi заңдары.

  1. Осындай түсініктерден интелект таным ретінде оқу процесі барысында индивидтерде әртүрлі көрінеді. Әрбір мұғалім бірінші сабақтан-ақ білім алу барысында оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктер, қабілеттер айырмашылықтарына ие екендігін байқайды. Осы айырмашылықтардан соң мұғалімдер мына бала өте зерек, мынаусы түсінеді, ал мынаусы мүлде ештеңе ұқпайды деген сияқты өзіндік субъективті шкала құрады. Екніші түсініктемеден, яғни түсінуден оқытушының оқу процесі барысында оқушылардың интелектуалды мүмкіндіктерінің дифференциациясына субьективтік шкала қолданатындығына көз жеткізуге болады. Бұл интеллектуалды мүмкіндіктер ерекше күшімен ақыл ойы дарынды балаларда көрінеді. Н.С.Лейтестің көрсетуі бойынша олар үнемі қоршаған орта заңдылықтарын тануда күшті қажеттілікке бөленеді. Бірінші адамдардың интелектуалдық қабілеттерінің индивидуалдық айырмашылықтарына Фр.Гальтон қызыққан. Өзінің «талант мұрасы» еңбегінде үздік жеке адамның ата-аналары да үздік болатындығын дәлелдеуге тырысқан. Кеңейтілген зерттеулер бұл ереженің әрдайым расталмайтындығын көрсетті. Фр.Гальтон дәлелдеу үшін статистикалық әдістерді қолдана бастайды. Ал олар адамның индивидуалдық айырмашылықтарындағы интеллектті екі ауыспалылықты «табиғилық» және «тәрбиелілікті» ескере отырып қарастыру қажет екендігін екі жаққа бірдей етіп, көрсетті. Фр.Гальтон бірінші рет тұқым қуалаушылықты көрсетуге «табиғилық» түсінігін, ал қоршаған ортаны көрсетуге «тәрбиелілік» түсінігін қолданды. Фр.Гальтонның пікірі бойынша екі ауыспалылықты интеллектуалдық айырмашылықтарды анықтауда басты болып табылады. Кейде табиғилық өзімен-өзі тұқым қуалаушылыққа жатпайды. Әсіресе психикалық табиғатқа қатысы бар индивидуалдық айырмашылықтар психикалық қасиеттер деңгейінде бір қатар индивидуалдық айырмашылықтар психикалық қасиеттер деңгейінде бір қатарға жатыр ішілік даму кезеңі мен қамтамасыз теліген туа берілгендерді өзіне қосады. Дәл осы жағдайды Г.С.Костюк, С.Л.Рубинштейн және Б.М.Тепловтар жақтаған. Табиғилық-тәрбиелілік арақатынасын туа берілген-жүре пайда болған байланыстары ретінде қарастырсақ толығырақ болады. Туа берілгендер нышан ретінде, ал жүре пайда болғандар қабілет ретінде көрінеді. Нышандар қабілет дамуы негізіне жатады, ал қабілет өзі қоршаған орта әсері нәтижесінде пайда болып, даму өнімі болып табылады.

Осы байланыстылыққа сүйене отырып, әрбір индивидте интеллект жаратылысын анықтайтын нышандар болады деп айтуға болады. Жорамалдың дұрыс өлшенгендігін, біріншіден интеллект элементтері жануарлар мінез-құлқында көрінеді. Екіншіден, интелектуалды нышандардағы туа берілген айырмашылықтардың табиғи қамтамасыз етілуі неге бір немесе басқа білімдерді меңгеруде индивидтерде ойлау және ақыл-ой дамуында әртүрлі қозғалыс беретіндігін түсіну мүмкіндігін береді. Үшіншіден, «ақыл-ой дарындылығы» түсінігінің барлық жағдайының жасалғанына қарамастан, онда анық бір индивидте басқалардан ерекшеленіп тұратын, туа берілген жағдай сияқты мүмкіндігінің бар болу. Жалпы н.ышандар интелектуалды мүмкіндіктер өлшем ретінде қатысады және қоршаған ортаның әсері мен интеллектуалды қабілеттер дамиды. Интеллектуалды мүмкіндіктер айырмашылықтары әрбір индивидте өзіндік жылдамдығы мен жеңілдігінде сипатталатын ақыл-ой дамуында көрінеді. Осылайша индивид психикасынан шынында туа берілген болып табылатын таным мен түсінік сәттілігін анықтайтын параметрді іздеу қажет. Бұндай туа берілген параметрдің бар болуы ІQ сеніміділік тестінің жоғары корреляциясы куәләндырады. Бұндай жоғары корреляция индивид танымымен түсінік негізінде фактор деп аталатын жалпы интелект жатқандығын дәлелдеді. Жоғары корреляция сенімділігінен факторлар жасына қарай дамиды және қоршаған орта әсеріне берілмейтін индивидтердің тұрақты білімі деген қорытындыға келуге болады. Бұл маңызды білім адамдар тарапынан ертеректе белгіленген мынадай мақал да бар «егер құдай ақыл бермесе, оны сатып ала алмайсың» интелект мәселесінде анықталмаған жағдай рпайда болды. Бір жағынан туа берілген нышандардың бар болуы, интелекте күдік тудырмайды, ал тағы бір жағынан ол білімді қалай анықтаймыз. Бұл сұраққа жауап психология уақыты аумағында жүргізілетін тақырпыптарда зерттеуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталып өткендей туа берілген нышандар индивидуалды мидың құрылымдық және қызметтік ерекшеліктермен байланысты. Зерттеулерден индивидуалдық сағаттың механизмі ретінде жұмыс істейді және жеке адамның психологиялық уақытын өлшейді деген қорытынды шықты.
20 тақырып Кеңес психологтардың тұлға теориялары: А.Ф. Лазурский, В.Д. Небылицын және т.б.

Жоспар

1. Мінез классификациялары: А.Ф. Лазурский, С.Л. Рубинштейн.

2. Тұлға концепциялары: В.Н. Мясищев, В.С.Мерлин.


  1. Нейрохирургияның қатысу жағдайында пациенттің оң және сол жарты шарлары қызметтік бақылауға енгізгендігі үлкен табыс. Бас миы жарты шары қызметінің бірі тоқтағанда операция жүргізу үшін әдіс қолданған. Бір жарты шардың тоқтап қалуында екі жарты шар өзіндік қызметтік мүмкіндігінде максималды ережеде жүре бастады. Ғалымдар әрбір жеке тұлғада сол жарты шарды және оң жарты шарлы екі адам болады деген қорытындыға келді. Сол жарты шарлы адам өте сөзшең, дұрыс эмоцияда эйфориялық жағдайда болады, іске аспайтын жобалар құрады, болашаққа мақсатты бағытталған.

Оң жарты шарлы керісінше сөзге сараң, адрессиялы, өткен бейнелермен байланыста болады. И.М.Брагинмен Т.А.Доброхотовтар пікірінше адам иының оң және сол жарты шарлары өзіндік уақыт мерзімінен өтеді, яғни солдан оңға қарай даму жолында болады. Бұл жерде сол жарты шарлардың болашаққа, ал оң жарты шардың өткенге қызметтік ассисметриялық бағытта екендігі айтылып отыр.

Көптеген эксперименталды зерттеулерден қоршаған орта заттарын қабылдау анализаторлардың қосақталып жұмыс істеуімен қамтамасыз етілетіндігі анықталған бинонулярлы (екі көзбен бірдей көру қабілеті) көз, бинауральды есту, бимануальды сипап сезу.

Әрбір анализатор бас миы үлкен жарты шарларының қыртысында өзіндік орталық өкілдікке ие. Осылай сол көз, сол құлақ, сол қол, оң жарты шардағы өзіндік өкілділікке ие, ал оң көз, оң құлақ, оң қол сол жарты шардағы өзіндік өкілдікке ие. Қосақталып жұмыс істеуде анализаторлардың бірі басқарушы, ал екіншісі атқарушы қызметін атқарады. Анализаторлар өкілділігіне сәйкес бас миының басқарушы және атқарушы жарты шарлары жайлы айтуға болады. Бұл мәліметтер заттық ортаның бейнеленуін қамтамасыз ететін сол және оң жарты шарлы функционалды маңызды еместігін көрсетті. Функционалды маңызды еместігіне сәйкес адамдар медиальды тұрғыдан кеңістігіне қатысты екіге, яғни оң және солға бөлінеді.

Басқа зерттеулерге сол жарты шарға қарағанда оң жарты шардың басымдылығында сол қолдылық, ал оң жарты шарға қарағанда сол жарты шардың басмыдылығында оң қолдылық қамтамасыз етіледі деп көрсеткен. Орган қызметінің басымдылығында зерттей отырып, анализаторлардың қосақталып жұмыс жасауында адамның бас миы оң және сол жарты шарларының қызметтік басымдылығының зерттеу әдістері жасалынады. Басымдылық нышандарының барлығын біріктіріп оқымыстылар бас миы үлкен жарты шарларының функционалды ассиметриялары жайлы айта бастады. Сонымен бірге басымдылық толық немесе жартылай болуы мүмкін екендігі көрсетілген. Бұл бағыттағы жиналған мәліметтерді ескере отырып, психологтар, дәл сол мидың функционалды ассиметриялары арнайы қабілеттер нышаны ретінде қарастырылады.

Біз нышандарды бас миы құрылымының туа берілген, ерекшеліктері ретінде қарастырамыз. Бұл бағыттағы зерттеулер әрбір индивид жарты шарлы ассиметриялы болып туылады деп көрсетті. Кейбір зерттеушілердің мәліметтері бойынша оң жарты шар құызметі (солақай) мен оң жарты шарлы қызметінің (оң) басымдылығы адам популияциясында индивидтер саны шамамен бірдей болып туады. Бірақ шындығында сол қолды индивидтер саны едәуір сирек кездеседі. Бұл жерге біраз түсіндірмелер енгізу қажет. Біріншіден әртүлі қызметтің басымдылығы толық немесе жартылай әртүрлші нұсқакда орынға ие.
Әдебиеттер:


  1. Қ. Жарықбаев, О. Саңғылбаев - Психология - 2011 ж.

  2. Намазбаева, Ж. И. - Психология - ГПНТБ России - 2009 г.

3. С. М. Илюсизова, Қ. М. Мұса - Ғылым психологиясы - ГПНТБ России - 2009 г.

4. Қ. С. Тебенова, А. Р. Рымханова - Арнайы психология - ГПНТБ России - 2011 г.

5. Л. С. Выготский - Баланың жас ерекшеліктері психологиясы және кемтар бала психологиясы - ГПНТБ России - 2011 г.

6. Олпрорт Г.В. Личность в психологии. – М.: КСП + СПб: ЮВЕНТА, 2009 г. (Теории личности)

7. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. СПб. 2009. – 267 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет