Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


Нақты топ – адамдардың бір – бір імен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмыла кіріскен адамдардың өмір сүріп тұрған бірлестігі



бет5/6
Дата27.02.2020
өлшемі0,68 Mb.
#58686
1   2   3   4   5   6

Нақты топ – адамдардың бір – бір імен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмыла кіріскен адамдардың өмір сүріп тұрған бірлестігі.


Нақты топ қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді болуы жәнеадамдардың саны аз не көп болып келуі мүмкін.

Формалды топ – бұйрық жарлықпен кестесі,устав т.б. ресми құжаттар негізінде құрылады. Мыс: жоғарғы оқу орындарындағы студенттер тобы , мұғалімдер мен қызметшілер т.б.

Бұл топ арасында психологиялық жақындық (ұнату, сыйласу, достасу) болады. Керісінше (ұнатпау, сыйламау, менсінбеу,жауласу) да болуы мүмкін.



Формалды емес топ – ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы, жеке адамдардың білгірлігін, беделін тану сияқты психологиялық мотив тер бірлігі негізінде туады.

Мыс: бірлесіп балық аулау, аңшылық құру. Бұл топтарды бірін-біріұнату бауыр басу нығайта түседі. Бұл қасиеттер жоғалса топ сөзсіз ыдырайды.

Референт тобы – қиялдағы топты айт. Мысалы:адам бір топтың мүшесі бола отырып 2-ші топты қастерлеп, жеткіншек қадір тұтады. Мыс: жеткіншек жағдайда класс оқушыларына тек ересектердің тобына мүше болуға тырысады, қызығады. Егер бұған қолы жетпесе онда, ересектердің мінез құлқына еліктеуі.

Топ лидерінің функциясы. Топта ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психалогияда мұндай адамды <<лидер>> деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады, не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатнаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Шағын топтпрда,ы лидерлікті зерттеген Н.С. Жеребованың зерттеулерінде лидердің мынадай қызмет атқаратындығы айқындалған:

а) ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды, б) топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді, в) егер топтың алдында маңызды іскерлік қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, бнелгілі бір топтық атмосфера орнатады, г) топ мүшелерінің қоғамдық белсенділігін дамытады.

Зерттеу мектеп ұжымдары лидерінің бірнеше типі болатынын көрсетеді.

Бірінші тип. Лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы класта музика викторинасын ұйымдастырып, өткізді делік. Ол көпдеген музикалық шығармаларды біледі, пионинада, аккордионда ойнайды. Бұл арада ол өзінің дарыны мен шеберлілігін көрсетеді. Ол - лидер. Ал басқа жағдайда ол ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді.

Екінші тип. Сан алуан істерді атқару кезінде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер болады. Мысалы, класс сонда түнейтін болып тоғайда туристік жорыққа шықты делік. Лидер оқушы маршрутты әзірлеуге қатысады, топты қажетті құрал жабдық, азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектеседі, транспорт құралдары жөнінде келіседі, далада, таза ауада өтетін концертті әзірлейді т.б. Ол сондай-ақ өмірі қызық адаммен –Ұлы Отан соғысына қатысушымен кездесу ұйымдастырады, көрші мектеп оқушыларымен баскетболдан спорттық жарыс өтеізуге келіседі. Алайда оның лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс тәмәмданған соң оның лидерлігі де бітеді.

Үшінші типі. Оқушы өзінің лидерлік қабілетін іс-қызметінің көп деген саласында ұзақ уақыт бойы сақтайды: бұл отряд советінің председателі, мектеп комсомол бюросының секретары т.б. Топ, ұжым лидерін аты әйгілі адамдар ұғымымен барабар дейге болмайды. Зерттеу бір адамның бойында лидерлік пен әйгілі болу қабілетінің екеуіде болуы мүмкін екенін көрсетеді. Мұндай үйлесім топтың,ұжымнң атқаратын ісіне игі әсер етеді. Дегенмен бұл жерде алшақтық та кездесіп, лидер бір адам, әйгілісі екінші адам болуы да мүмкін. Мектеп практикасында класс старостасына, не болмаса отряд советінің председательдігіне әйгілі емес оқушыны сайлау жиі кездеседі.
Тақырып 7 Тұлға психологиясы.

Жоспар


  1. Тұла туралы жалпы түсінік.

  2. Тұланың жеке және дара ұғымдарын талдау.

  3. Жеке тұланың белсенділігі.

  4. Қажеттіліктер,қызығулар және олардың түрлері.

  5. Дүниетаным, сенім және мұрат туралы.

Әрбір адам – ересек болсын, жаңа туған сәби болсын – индивид биологиялық жеке адам. Адам сүт қоректілер класына жататынбиологиялық тіршілік иесі, басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысында танып біледі және парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.

Адам белгілі бір қоғам мүшесі ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды – көпті тәжірибесі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді.

Мысалы: жаңа туған сәбиді толық адам – деп атауға болады, бірақ, жеке адам деуге болмайды, өйткені оның өмірден алған тәжірибесі, білімі және белгілі бір іс әрекетті меңгере алмайды, оларда әле жоқ. Жеке адам-түсінігімен қатар біздің қолданымымызда адам- дара адам- даралық терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір- бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған көп қасиеттердің бірігуін –адам- түсінігі қамтиды. Адам-өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Дара адам-тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі- нақты адам. Даралық нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.Жеке адам- түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.

Жеке адамның ерекшелігі дүниетанымынан, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам тарихи - әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі бір қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады.

Басқа адаммен қарым – қатынас жасау жүйесінде жеке адамның психикасының, өмірінің мазмұны тереңдеп, әлеуметтік қатынастардың шеңбері кеңіп, өсіп отырады. Жеке адаммен оның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Жеке адамның негізгі белгісі – оның дара өзгешелігі. Ал дара өзгешеліктің өзі ең алдымен оның іс - әрекетінен көрінеді. Яғни негізгі іс – әрекет үстінде жеке адамның дара өзгешеліктері : мысалы; қызығу, мінез – құлық темпераменті, қабілет дарындылығы дамып жетіледі.

Дүниеде өзіндік белгілері жағынан бір – біріне ұқсас екі адам болмайды.Адам өмірдің сыртқы жағдайының ықпалымен қалыптасады. Мысалы, екі бала бірдей жағдайда тәрбиеленседе олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Мұның себебі, балалардың табиғаты сапалары әр түрлі. Сөйтіп адамдардың қалыптасуына әлеуметтік факторлармен қатар биологиялық факторлар да ықпал етеді. Бұл факторларды бір – біріне қарама – қарсы қоюға, олардың бір – біріне байланысты емес деп санауға болмайды.

Жеке адамның белсенділігінде қоршаған ортаға ықпал жасау қабілетінде айырмашылық болады. Бұл белсенділіктің шығар көзі:


  1. Адамның қанағаттандырылуы керекті мұқтаждықтар.

  2. Көңіл аударуы керек ететін сыртқы дүние ықпалдары.

Қажеттіліктер дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Өмір сүру үшін адамдар: тамаққа, киімге т.б. толып жатқан қажеттерін қанағаттандыруы тиіс. Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділіктерді оятады. Адам қажеттіліктері әртүрлі болып келеді. Оларды:

  1. Материалдық (тамаққа, киімге, мекен – жайға т.б.)

  2. Рухани – (білімге, өнерге, эстетикалық ләззаттағы т.б. ) қажеттілік тек адамға тән қасиет. Эстетикалық ләззаттану қажеттілігі адам өмірінде ерекше орын алады. Соның арқасында адам өз тұрмысын, демалысын өзінің өмірін мәнді етуге құлшынады.

  3. Қоғамдық қажеттіліктер – еңбекке, адамдармен қарым – қатынасқа, қоғамдық іс - әрекетке деген қажеттіліктер. Еңбекке деген қажеттіліктер – біздің еліміздің азаматтар үшін негізгі қажеттілікке айналып отыр. Адам еңбек етпей отыра алмайды. Өмірдің бірінші қажеттілігіне айналған еңбек - адамға үлкен бақыт пен қуаныш сыйлайды.

Қызығулар – қажеттіліктер негізінде пайда болады. Қызығулар - шындықтағы заттармен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.
Тақырып 8. Зейін.

Жоспар

1.Зейінді аудару және белу: Зейінді әр түрлі әрекетке бөлетін қабілетті анықтайтын факторлар.

2.Еңбек іс-әрекетіндегі зейіннің аударылуы мен бөлінуі. Зейін және іс әрекет.

3.Іс-әрекеттің құрылымы және зейін. Зейіннің іс-әрекетті ұйымдастыру мен реттеудегі ролі.

4.Зейін әрекетті қадағалаушы ретінде (П.Я.Гальперин). Автоматты және саналы бақыланатын процестер. Зейіннің дамуы. Зейіннің даму сатылары, оларды анықтайтын фактолар.

Зейін - деп, адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.

Зейін - деп, айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін есітіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер, біздің зейініміз басқа бір затқа, нәрсеге аударылып отырса, сол сияқты бір жеріміздің де ауырғанында сезбеуімізде мүмкін.

Оқу жұмысында зейіннің маңызы, өте үлкен белгілі бір затқа зейін аударсақ, ол біздің санамыздан орын алады да, қалғандары нашар қабылданады яғни шетке қалып қояды.

Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.О. Ушинский зейннің маңызын былайша көрсетеді.

Зейінді психикалық процестің тобына жатқызу дұрыс болмас еді, өйткені алам өз өмірінің әрбір моменттерін де бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бір нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына, бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің ерекше сипаты болып табылады.

Зейіннің түрлері мыналар:



  1. Ырықсыз зейін.

  2. Ырықты зейін.

  3. Үйреншікті зейін.

Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез-келген объектілері кейде ырықсыз

біздің назарымызды аударады.



Қызығу - ырықсыз зейін арқылы да болады. Мыс: қызыққан нәрсемізге зейініміз тез ауады. Қызықты кітап оқу үшін де.

Ырықсыз зейін кез-келген тітіргендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жагдайлар себеп болады:



Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде белгілі бір ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Ырықты зейінде - белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салуды қажет етеді.
Тақырып 9 Түйсік пен қабылдау.

Жоспар

  1. Қажеттілік мотивация үрдісінің негізі ретінде.

  2. Түрткінің биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы. Адам қажеттіліктерінің тарихи табиғаты.

  3. Түрткінің онтогенетикалық және жағдаяттық дамуы.

  4. Түрткі қажеттіліктердің затталуының нәтижесі ретінде.

  5. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.

  6. Байқау және байқағыштық.

  7. Уақытты және кеңістікті қабылдау.

Түрткі дегеніміз - әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұскаулар - адамдардың наным-сенімдері. Темперамент - адамның психикалык процестерінің динамикалық сипаттамасы.

Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда “мен” деген ұғымды білдіреді. “Мен” – жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әректті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.

Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлга кұрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады. Психикалық кұбылыстардың кұрылымының психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалы қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегін танымдық еріктік, эмоционалдык, болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік кұбылыс ретінде психикалык, процестер шебінде карасты рылуға лайыкты.

Алайда осы кұбылыстарды тұлға кұрылымы шебінде үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдері жиі бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенін күрделі және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі жетіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселелері адам ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен әлеуметтіліктің қатынасы.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері жатады. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің аналозаторымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері, бір мезгілде әсер етеді де, миымызда түтас зат күйінде бейне пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сырқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бүлардың бәрін бірдей дүрыс қабылдай алмайды немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.Адамның сыртқы дүниенің заттары мен қүбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.



Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

Қабылдаудың түтастығы. Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден түрғанымен , біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

Кей - кезде бүрынғы тәжірибемізде үшыраған кейбір обьектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, бүларды түтас зат формасында қабылдаймыз. Егер "Дударай" операсындағы Мариям әнінің басталуын ғана қүлағымыз шалса, осы әннің мазмүнын түтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктіні де жеке ноқат ретінде қабылдамайды. Мұны үш бұрыштың тұтас бейнесі деп түсінеді. Өткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін қурайды
Тақырып 10 Ес.

Жоспар

1.Есте сақтаудың психологиялық заңдылығы және негізгі факторлары.

2.Еске қалдыруға, сақтауга материалдың сипаттамасының әсер етуі (көлемнің, біртектілік дәрежесінің, материал ұғынымдылығының рөлі).

3.Жаттығулардың рөлі. Эббингауз заңы. үйрену және ес, жаттығуларды уақыт бойынша бөлу.

Ес- деп, қоршаушы өмірдегі заттар мен қүбылыстардың мида алғашқы із ретінде калыптаса бастап белгілі бір уақыт ішінде сақтала отыра . кезінде қайтадан жаңғыртылуын айтамыз.

Ес-деп, коршаушы өмірдегі заттар мен күбылыстардың адам миында сакгалып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, үмытылуын бейнелейтін процесс.

Ес-күрделі психикалық процестерге жатады. Ес- есте қалдыру,қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады. Естің физиологиялык; негіздерін бір кезде И.П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеть түралы ілімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз- түрлі козулардан қалған осерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уакытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда мида жасальтуы онда бүрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігін жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ.

Бір нәрсені есте сақтау- оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің

Ассоциациялык принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып психикалық әрекеттің калған түрлерін түсіндіруге бүл принципті колданбады.

Ғылымда түңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен


дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындығын көрсеткен үлы орыс ғалымы И.П.Павлов болды. И.П.Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын қүбылыс ми қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуі себепті паида болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді. “Ұлы ғалым бүл туралы былай деп жазды " Уақытша нервтік байланыс жануарлар дүниесінде
де , біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық қүбылыс . Сонымен катар ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден күрылса да немесе әріп, сөз, әлде ойдан құрылса да психикалық қүбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды." Ассоциациялардың Аристотел заманынан белгілі үш түрі бар. Олар:

1. Іргелестік, аралас

2. Ұқсастық,

3. Қарама-қарсылық ассоциациялар.

Естің түрлері.

Ес адамның әр-алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып , тіршілікте маңызды қызмет атқаратын болғандықтан , оның түрлерімен көріністері де әрқилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп , олар есте қалдыру , кайта жаңғырту процестерімен тығыз үштасады.

Тану (қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мыс: біреу бір нәрсені қиналмай, тез және

Толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайтын болады, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате таниды. Обектіні дұрыс тану үшін адамның көзі төселіп үйренген болуы, өмір тәжірибесі мол, бақылағыш болуы шарт.


Тақырып 11 Ойлау.

Жоспар

1.Ойлау және қиял туралы жалпы түсінік.

2.Ойлаудың және қиялдың физиологиялық негіздері.

3.Ойлау жөніндегі теориялар.

4.Ойлаудың және қиялдың түрлері.

5.Ой тәсілдері. Ойлау формалары.

Ойлау — деп, сыртқы дуние заттары мен қубылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама турде сөз арқылы бейнелейді. Сыртқы дуниені толық тану ушін туйсікпен қабылдау сезім жеткіліксіз. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен қубылыстарды тек ойлау арқылы біле аламыз. Сондықтан туйсік қабылдау, сезім, ойлаумен тыгыз байланыста болады. Түйсік пен қабылдау дуние танудың 1-ші баспалдагы болгандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.

Ойлау сезім мушелері арқылы алынеан мәліметтерді өңдейді, осы сезімдік маелуматтардыц негізінде белгілі болады. Ойлау процесініц қамтитын көлемі өте кең. Ойлау-курделі, психикалық процесс. Ойлау-сөйлеу сияқты, тек еңбек әрекетінің негізінде пайда болған. Адамның ойы ылғида сәз арқылы беріледі. Ойлау мен сәйлеу бір екен деп тагыда ойлауга болмайды.

Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, Сөз-ойды басқа адамдарга жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнелеуінің арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды. Ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады. Ойлаудың физиологиялык, негіздері И.П.Павловтың 1 және 2 сигнал жуйесі жөніндегі іліміне байланысты тусіндірілді. Ойлау-ми қабығының күрделі формадағы анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі мунда 2-ші сигнал жуйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады. Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады.

Анализ дегеніміз - ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі- бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез-келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажырытсақ, бұл – анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәрбие т.б.) әр қилы көрініп тұрады.


Тақырып 12 Қиял.

Жоспар

1. Киял туралы жалпы түсінік.

2. Киялдың физиологиялық негіздері.

3. Киялдың түрлері.

4. Қиялдың жасалу жолдары.

Қиял маңызы - бізді қоршаған объективтік шындық. Тіпті (қиялдың) фантазияның өзі өмірде бар нәрселерден құрастырылып жасалынады. Қиялдың шындықпен байланысты болып келуі адамға қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болды. Халық "Қыран жетпеген жерге қиял жетеді" - деп бекер айтпаған. Бір кезде талантты орыс ғалымы К.Э.Циалковский космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне түңғыш рет жол салған Ю.Гагарин мен басқа кеңес косманавттарының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

Қиялдың физиологиялық негіздері. Қиялға оңашаланып алынған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы түтаспай негіз бола алады. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап өңдеу процесінде 2 - сигнал жүйесі шешуші роль атқарады. Қиял 2 сигнал системасының жүмысымен тығыз байланысты болады.
Тақырып 13 Сезім.

Жоспар


  1. Жоғары сезімдердің түрлері.

  2. Сезім саласындағы дара айырмашылықтар.

Жоғары сезімнің түрлері мыналар :

  1. Адамгершілік - моральдық

  2. Эстетикалық

  3. Интеллектік (ақыл - ой)

Адам мінез - құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер. Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да күрылымы да күрделі келеді. Бұлар:

  1. Қоғамдық мәнді сезімдер.

  2. Жеке көңіл күйге байланысты сезімдер болып бөлінеді.

Соның біріншісіне мына сезімдер жатады: достық, жолдастық, адалдық, ар -намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б. жатады.

Ар - намысты коргау - адамға өте жарасымды сипат, бүл көбінесе қайсар, өжет, табанды, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамның ғана қолынан келеді. Ар - намысты қорғау дегеніміз - сонымен бірге айнала қоршаған адамдарды да силай білу деген сөз. Ар үятты қастерлеу намысқа тырысушылық екенін бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына әсер ететін соша кісі кейде "кірерге жер таппай, кісі беті не қарай алмай... үйқыдан, тамақтан қалатыны да болады.

Ұлы ақын Абай атамыз үяттың екі түрі бар дейді.



  1. Надандықтан туатын.

  2. Жағымсыз іске, теріс қылыққа ялу.

3.Ұялмас нәрседен ялу, бұл надандық, ынжықтық, жігер - қайрат
осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы.

4.Шын ұят ақыл парасаттың ісі "өлімнен үят күшті" деп халқымыз тегін айтпаған.



Адамның ары мен үяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса мүндай адам үятты болады дейді Абай. Эстетикалық сезімдер дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын
бір сүлулықты сезінуі.

Мыс: табиғаттағы әдемі көріністі тамшалау, көркемөнердегі, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат Алу. Сол сияқты архитектуралық, музыкалық, сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға да байланысты туып отырады. Мыс: "Әсем әнмен тәтті күй" ...

3. Интеллектік сезімдер - адамның ақыл - ой әрекетімен тану процестерімен тығыз байланысып жатады.

Мыс: таңсықтау білуге қүмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, т. б. жатады. Сезімнің бүл түрі оқу процес інде, ғылыми, зерттеу жүмыстарында адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Мүғалімнің бастр міндетінің бірі - оқушылар санасында интелектік сезімді қалыптастыру болып табылады Ол үшін көп оқу керектігін оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтыныын түсіндіру қажет "Оқу инемен қүдық қазғандай" ол оңайлықпен қолға түспейді. "Адамның көңілі шын мейірленсе ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі" - дейді, үлы ақын Абай. Сезім саласындағы дара айырмашылықтар. Адамның сезім саласындағы дара айырмашылықтары түрліше болып келеді. Отбасы тәрбиесіне, тұрмыс жағдайына, денсаулығына, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктеріне, білім қорына, өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне, жас ерекшелігіне т.б. қарай неше түрін кездестіруге болады. Өмірде көңілі көтеріңкі, жағдайлары шат – шадыман адамдар мен қатар, сәл нәрсеге уайымдағыш, қабағы қатулы, не өзін ұстай алмайтын, тиянақсыз болар-болмас нәрседен асып-сасып жұрттың үрейін алатын адамдар да кездеседі.
Тақырып 14 Ерік.

Жоспар

  1. Ерік туралы жалпы түсінік.

  2. Ерік туральг теориялар.

  3. Еріктің физиологиялық негіздері.

  4. Еріктік амалдарды талдау.

  5. Ерік сапалары.

Адам өз қажеттілігіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Сол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдарды қарастырады. Бұл үшін қимыл-козғалысқа түсіп отырады. Адамдардағы қимыл-қозғалыс есепсіз көп, оларды үлкен екі топқа бөледі:

1.Еріксіз қозғалыстар (көздің ашылып-жүмылуы, жөтелу,
шашалу, түшкіру т.б.) яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар.

2.Ерікті, яғни мақсатты қозғалыстар. Мысалы, жерге түскен
нәрсені көтеріп алу.

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен, ерік дегеніміз - адамның өз мінез-кұлқын саналы түрде меңгере алуын айтамыз.

Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатына байланысты түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуінен байқалады. Мысалы: үйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін түру керек.

Ерік қоғамдық ерік процесінде пайда болып қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттіліктерін өтей алады.

Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді. Біз көп адамдардан " не тілесем соны істеймін" деген сөзді көп естиміз

Кейбір философиямен психология ғылымының өкілдері
осындайжеке пікірлерге жас кенедей жабысып: "адам не істеймін
десе де ерікті өз қылығына өзі қожайын дейді. Ал еріктің
айналасын қоршап түрған дүниеге, жағдайларға

Байланысты болатындығына жете мән бермейді. Сөйтіп ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметіжемісінің бірі болып есептелінетінпсихикалық процесс деп түсінуіміз қажет. Ерік-жігер туралы теориялар мыналар: 1. интеллектуалдық немесе ассоциациялық теориялар. Мүны жақтаушы Германияда өткен ғасырда өмір сүрген Мейман. Мұның айтуынша ақыл-ой интеллектпен байланысып, соның нәтижесінде пайда болады, яғни ерік адамның мүқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады. Ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады.Адам ерікті әрекет жасау үшін өзінің бұрынғы көрген білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік-жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретіндеқарастырмайды, ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.

2.Неміс психологы В.Вундт оның көзқарасы бойынша ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффекттілердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оны тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені, ерік пайда болу үшін оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше, адамның мүктаждықтары себеп болады.

З.Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Мысалы: адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке (тигізген) тізген тасты жай айналдырам деп ой -ласа жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды. Бұл айтылған ойдың барлығыда ерікті әрекеттің пайда болу табиғатын, мазмұнын аша алмайды.

Еріктің физиологиялық негізін дәлелдегендер И.П. Павлов пен И.М.Сеченов болды. Еріктің физиалогиялық механизмі мен қабығының рефлекстік табиғатына жатады. Ерік процесінде ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше.

Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатты қозғалыс, яғни күрделі шартты рефлекстер.

Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса , ерікті қозғалыстар өмірде жере-бара қалыптасады. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалынады.

Мүндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, көптеген қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар.

Адам сөз арқылы нұсқау алады не тоқтамға келеді, алдана қойған мақсатына сәйкес, қимыл- қозғалыстарын реттестіреді. Қозғалыс анализаторының жүйке клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына орналасқан . Осы жерде пирамида формасындағы алып жүйке клеткалары бар. Бұлар жүйке талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады.Қозғалыс анализаторын құрайтын жүйке талшықтарын пирамидалық жол деп атайды.



Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл-қозғалысының берекесі кетеді, мұндай да оны паралич ауруын шалдықтыруы мүмкін.

Қозғалыстарды тезей алу , тек алда тұрған мақсатқа сәйкес қозғалыс жасау - I және II сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.
Тақырып 15 Темперамент.

Жоспар

  1. Темперамент туралы түсінік.

  2. Темперамент туралы (теориялар яғни) ілімнің дамуы

  3. Жүйке жүйесінің типтері және темперамент.

  4. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беру.

  5. Темпераментті зерттеу әдістері.

  6. Темпераментті тәрбиелеу жолдары.


Өте ерте кезден бастап адам өзін-өзі байқай, бақылай отыра, өзін басқа адамдармен салыстыра келе адамдардың арасында болатын айырмашылыктарды біліп, түсінгісі, зертгегісі, дәлелдегісі келген.

Бұл дәлелдеу жолы ертедегі грек оқымыстыларынан бастап әлі күнге дейін зерттеліп келеді.

Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктермен сипатталатын 3-түрлі нәрсе бар.

Бір түп ағаштағы 200000-ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешелігімен көзге түсетіндігі.

Темпераменті, мінез-қүлқы жағынан бірдей екі адам болмайды.



Дүние жүзіндегі 6 млрд. адамдардың әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды.

Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі адамдардың өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.

Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі осы темперамент. Мұның шығу тегі-"красис" деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұның мәні-заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті береді.

Адамдардың арасындағы осындай айырмашылығының болуын денедегі сұйықтарға байланысты-деп алғаш дәлелденген грек дәрігері ғалымы Гиппократ болды. (б.ғ.д. 460-356) Олар: денені жьшытьш тұратын қан. салқындататын - шырын. құрғататын - бауырдағы сары өт. дымқылдық беретін - қара өт.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттің әр түрлілігі организмдегі осы 4-түрлі сүйықтардың аз-көптігіне байланысты деп түсінген.

Мысал: организмде қанның пропорциясы басым болса - сангвиник, ал шырын басым болса - флегматик, қара өт басым болса - меланхолик, сары өт басым болса - холерик темпераменті деп атаған.

Сонымен темперамент дегеніміз - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.

Темперамент деп - - әр адамның сезім көрінісінің, ойлау өрісінің және қимыл әрекетінің өту, сыртқы көріну жолын айтамыз. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, біреулер жай қимылдап, асықпай істейді).

Психиканың күші мен тереңдігінен де ( біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше сылбыр жігерсіз болады).

Адамның көңіл-күйінің ерекшелігінен де (салмақты, түрақты, жеңіл, түрақсыз т.б.).

Эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т,б.) жақсы байқалып отырады.

Қазіргі кезде темпераменттің 4-түрі туралы психологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігері ғалымы Гален темпераменттің санын 13-ке жеткізді.

Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, ол адамдардың темпераменті күшті болатынын денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтады. Ал медицинада ғылымдарының өкілдері темперамент жанындағы ілімді ықшамдап, оның бұрынғы 4-типін сол күйінде қалдырады.

Неміс философы И. Кант 1798 жыл жарық көрген "Антропология"деген еңбегінде темпераменттің үш түріне психологиялық сипаттама беріп, оларды психологиялық қасиеттер - деп анықтады.

ХІХ-ғ. соңында неміс психологі В. Вундт темпераменттер адамның "жан дүниесі тебіреністерінің" күш қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуелді болады деп есептеді.

Неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе орыстың антрополог ғалымы Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты дейді. Ал көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт темпераменттердің қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп түжырымдады.

Темперамент жайында, оның типтері мен түрлерін, адамның мінез - құлқы мен әр алуан қимыл әрекеттегі көріністерін тәлім-тәрбие істерімен үштастыра отырып іздестірген қазақ халқының көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов болды. Ол өзінің "Жан жүйесі" және "өнер таңдау " деген еңбегінде айтты.

Неміс психологы Э. Кречмер мен американ психологі Шелдонның пікірлері. Темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санады.

Темпераменттердің физиологиялық негізін ғылыми тұрғыдан делелдеген академик И. П. Павлов болды.

Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу мен тежелудің күші, тепе -теңдігі, қозғалғыштығы жиынтығынан қүралады.

Жүйке процестерінің күшіне - ми қабығының жүмыс істеу қабілеттілігі
немесе сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.

Жүйке процестерінің тепе - теңдігі қозу мен тежелудің бір – біріне теңдігін көрсетеді.

Жүйке процестерінің қозғалғыштығы - деп қозу мен тежелудің бір-бірімен алмаса алу қабілетін айтады.
Тақырып 16 Мінез.

Жоспар

  1. Мінез туралы жалпы түсінік.

  2. Мінез туралы теориялар.

  3. Мінездің физиологиялық негіздері.

  4. Мінездің құрылымы мен қасиеттері.

  5. Типтік мінез бітістері.

  6. Мінезді тәрбиелеу жолдары.

Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсету мен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның ұйреншікті әдетіне, мінезқұлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әртүрлі мінез бітістерінің болуы, оның сыртқы орбамен түрліше қарым - қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысу ұшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Мінездің негізгі сапалары болады



  1. мінездің адамгершілік жағынан тәрбиелілігі;

  2. бірқалыптылығы;

  3. толықтылығы;

  4. күші мен айқындығы;

  5. салмақтылығы.

Мінездің сапасының негізгі компаненттері (бөліктері).Ұжымшылдық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, жауапкершілік пен адалдық т.б. Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой- өрісі кең адамдарды толык мінезді адам дейді:

«Адамның басына қонған бақыттың түрақты болуы жақсы мінез құлыққа байланысты» (Әл - Фараби). Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы. Мұндай адам қүйындай үйытқып түрмайды, оның қастерлейтіні сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Мінездің бүл екеуі егіз қозыдай, бірінен екіншісі ажырамайтын қасиеттері.Мінездің түрақтылығы адамның саяси моральдық үғымынан, түсініктерінен туындайды.

Бір қалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез -қүлқы болады, ол қауіп - қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі.

Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады.



«Байда қайрат, айда көз, болмаған соң айтпа сөз» - деп ұлы ақын Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылыгы жатады.

Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзегшілігімен ерекшеленеді, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» грек сөзі «характер» деген сөзінен шыққан. Ол «белгі, ерекшелік, өзгешелік, із қалдыру» - деген мағына береді.

Мінез деп - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Адамның ісі мен қылығынан көрінетін оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің бір сыдырғы тұрақты жәнетұрлаулы жеке өзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінез білістері адамның дуниеге көзқарасына, сенім мен мұратына, әлеуметтік жағдайына, сыртқы ортаның әсері мен адамның өзін өзі тәрбиелеумен көрінеді. Мінез туралы ілім Грек елінен шыққан. Бұдан 2500 жыл бұрын Грек ғалымы, философ Теофраст Афини жұртының 30 - дан астам мінез бітістерінің нашар жақтарына талдау жасаған. XVII - ғасырда франсуз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500 - ден астамына сипаттама берген. XIX - ғ. Аяқ кезінен бастап мінез туралы психологиялық теориялар көріне бастады. Зерттеушілер адамдардық мінезін дене құрылысына сәйкес түсіндіруге тырысты. Осы кездері френология, графология деген ағымдар пайда болды.

Френология ағымын жақтаушы Ф.Галлет, адамның бас сүйегіне, формасына жүйке саласына қарап адамның мінез -құлқын, ақыл - ойының дәрежесін анықтауға болады дейді.

Графология ілімін жақтаушы Аристотель, Гефаст т.б. адамдардың жазуына қарай адамның мінезін ажыратуға болады дейді.

ХІХғ. Француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік дара адамның ақыл - ойы мен сезімінің және ерік ерекшенің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді. И.Кант мінезді темперамент пен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болады десе , ал Малапер, Фулье т.б. мінез туа пайда болуымен қатар жүре де пайда болатын ерекшеліктері бар дейді . Полан - мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады .Сонымен мінез жөніндегі көзқарас осы күнге дейін өзара талас - тартыс туғызып келеді.

3. Ұлттық мінез – адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтарды бір саналатын этностық , ұлттық , халықтық өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады .

Әрбір халық пен ұлттық этностық өзіндік мінез - құлықтары болады . Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп түратын өзіндік сипат- қасиеттері бар .

Ыбрай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез -қүлқына тән қасиеттерді атап көрсеткен .

  • Қазақ халқының қарапайымдылық пен кішіпейілдік .

  • Ашық жарқын көңіл мен кеңпейілдік,

  • өзге тәсілді адамдарға деген достық және сыйластык ,

  • қонақжайлық т . б . қасиеттер ,

  • өз Отанына , туған жеріне ,еліне деген сүйіспеншілік ,

  • мал шаруашылығына икемділік ,

  • балажандылығы,

  • сөз өнерін ардақтауды ,шешендік қабілеті,

  • еңбек сүйгіштігі мен шыдамдылығы ,

т . б. Жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады .
Тақырып 17 Қабілеттер.

Жоспар

  1. Қабілет туралы жалпы түсінік.

  2. Қабілет туралы ілімнің пайда болуы.

  3. Қабілет және нышан

  4. Дарындылық, данышпандылық, бейімділік туралы түсінік.

  5. Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар.

Күнделікті сөзімізде "қабілет"деген атауды жиі қолданамыз. Мысалы: Мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, мына бала математикаға , мынау суретке, ал мынау музыкаға қабілетті деп жатады.Сол сияқты қоғамдық жұмыстарды атқару барысында да ұйымдастырушылық қабілетінің зор екендігі байқалады. Бұл мысалдардан әр адамның әрекеттің бір түріне икемділігін көрсететін дара ерекшеліктері.

Қандай болмасын әр нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды, ол біреуде күшті, екінші біреуде шамалы болып келуі мүмкін.



Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің /түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі, мызыкалық саңылау т.б. қиысьш келуін яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды .

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мысалы: Оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін, техникалық конструк-ң қүрлысын жақсы білуі оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады.

Адамның ақыл - ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Мысалы: Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық материалды тез есте қалдыра алу т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды.

Бүған суретшінің, музыканттың актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.

Соңғы кездерде қабілеттің 3- түрлі де айтылып жүр, ол ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілет. ХІҮ-ХҮІ ғ-ң аралығы ғылымда "Қайта гүлдену дәуірі"-деп аталды. Сол кездерде Ф. Энгельстің берген сипаттамасында алысқа сапар

шекпеген ,4-5 тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде -бір ірі адам болған жоқ. Мысалы: Леонардо да Винчи ұлы художник болып қана қойған жоқ. Сонымен бірге ұлы математик, механик, инженер, физик болды.

Сол сияқты ХХғ. бас кезінде қазақ қоғамында да бар еді. Олар: А.Байтүрсынов ,М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев т.б. болды.

Қабілет туралы ілімнің пайда болуы.



Психология ғылымында қабілет жайлы бірнеше пікірлер кездеседі.Соның бірі - қабілеттер тұқым қуалау арқылы дамып отырады дейтін ілім.

Мысалы: Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын тарихқа белгілі көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген.

Америка психологы У.Эшби "мың рет сәтсіздікке үшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан, адам қабілетті де, осыны шешпей тастап кеткен адам қабілетсіз"-дейді.

ХҮІІІ-ғ. Гельвеций "Қабілеттің түгелімен қоршаған ортамен тәрбиеден туындайтынына ерекше мән берген." ,

Қабілет жөнінде және бір ілім яғни пікір-ол Маркстік диалектикаға сүйеніп түжырым жасайды. "Қабілеттердің дамуын да табиғи, биологиялық және әлеуметтік жүре пайда болатын қасиеттердің арақатынасының диалектикасына сүйенеді."

Шындығында, қандай қабілет болса да қолайлы әлеуметтік жағдайларда, іс-әрекет, еңбек үстінде қалыптасып отырады.
Тақырып 18 Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пәні, міндеттері және әдістері

Жоспар

  1. Жас ерекшелік психологиясының адам туралы басқа ғылымдар мен байланысы.

  2. Психикалық дамудың әрбір кезеңінднгі адамдар арасындағы жеке дара айырмашылықтары.

3."Жас ерекшелік және педагогикалық психологиясы" ұғымдары.

4.Баланың психикалык дамуындағы дағдарыстардың мәнін түсіну.

5.Жетекші іс-әрекет түсінігі. Жетекші іс -әрекет және жастагы негізгі психологиялык жаңа құрылулар.

6.Онтогенездегі жетекші іс -әрекеттердің ауысуы.



Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы. Жас ерекшелік психолоиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні- оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі- бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зе рттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы – даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы- педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.

Жас ерекшелік психолоиясы психологияның басқа да салаларымен ( еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т.б.) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т.б. байланысты.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл-әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ( мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б. ) ерекшеліктері де енеді.

Жас ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, блаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.

Адамның өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты, психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес

жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:

1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /

2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /

3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /

4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /

5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /

6. Жоғары сырып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /

7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /

8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /

9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /

10. Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /

11. Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /


Тақырып 19 Тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және психикалық дамудың заңдылықтар мен динамикасы.

Жоспар

  1. Құрбылар ұжымы және ондағы өз ара әрекет қоғамның ересек мүшелерінің катынастарын модельдеуі ретінде.

  2. Тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және оқу іс-әрекеті.

  3. Танымдык, қоғамдық қызығулардын, мінез құлық мотивінің калыптасуы.

Педагогика және жас ерекшелік психологиясының өмірге келуі 19 ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты.

Жас ерекшеліг психологиясының дамуына Ч.Дарвиннің эвалюциялық эвалюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына көңіл аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсіндірудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы и.С. Сеченов те атап көрсетті.

Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас- жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.

Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П.П.Блонский мен Л.С.Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Т арихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.




Тақырып 20 Мектепке дейінгі баланың психикалық дамуы.

Жоспары.

  1. Мектепке дейіні жастағы психикалық қалыптасуғы жалпы сипаттама.

  2. Мектепке дейінгілердің құрдастар мен ересектер мен өзара әрекеттегі қарым-қатынасты қалыптастыру.

Мекепке дейінгі балалық шақта организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсуі мен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скалеттің сүйектеніп, бұлшықеттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарларының қабақтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болуы жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігін арта түсуіүшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастармен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынастың пайда болуы, “балалар қоғамының” құрылуы болып табылады.

Бөбек жасындағылар негізінен үй ішіндегілермен қарым-қатынас жасайды, ал / 4,5-5 жаста / бала сыртқа шығып, құрбыларымен ойнайды, әрқайсысының сөз қоры бірінің білмегенін бірі білуі арқылы, бөбекке қарағанда, 3 есе арта түседі. Бұл жаста сөз қоры 3200-3800-ге жетіп қалады. Сөздік қорының көбеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім, сан есім және т.б. арқылы іске асады.

Егер бөбек сөздерден сөйлем құрастыра алмаса, енді бұл жаста қарапайым сөздеден сөйлем құрастыра білу қабілеті артады. Бірақ сөйлем құру тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке дейінгілер есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа сөйлемдер деп, сол тілде бар сөйлемдер ғана емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады. Сонымен қатар, қолданылатын сөзін бала тым өткір және күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір категориялар жоқ болғандықтан, мектепке дейінгілер үшін сөйлеу жеңіл әрі оңай түседі және тиісті морфемалар арқылы сөйлемдерге жаңа жұрнақтарды “желімдей” беруге мүмкіндік туады.

Фонематикалық есту ана тіліне байланысты қалыптаса бастайды, фонематикалық есту мектепке дейінгілерде ана тілінде жақсы дамыған. Мысалы, біреу “сөз” деген сөздің орнына “бөз” десе оны кекетіп бір әріптің өзгерілуі, сол сөздің мәнісін өзгертіп жіберетінін бала сезеді.

Егер бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға / жағдайға / тәуелді келсе, мектепке дейінгілерде сөйлем көп текстіге сай құрала бастайды. Ситуацияға байланысты сөйлеуде зат есім онша кездеспейді, оның орнына есімдік көп айтылады. Демек балалар сөйлеіп отырғанда қасына біреу келсе, олардың сөзіне түсіне алмайды. Түсіну үшін әңгіме не жөнінде екенін білу қажет. Ал контекстіге байланысты сөйлеу деп сөйлеушілердің қасында тыңдап отырғандар не жөнінде болып отырғанын білмесе де / ситуацияны білмесе де / сол айтылған сөздің тікелей мәнісіне қарап, соны айқын түсіне алуын айтамыз. Мектепке дейінгілер / 6-7 жас / ситуацияға байланысты сөйлеуден контекст арқылы сөйлеуге көшеді. Себебі, олардың тек ситуацияға орай түсінікті емес, онсыз да түсінікті келеді. Осыған қарап ситуацияға қатысты тілдің төменгі сатысы екен, ал контекстің негізінде сөйлеу жоғарғы сатысы екенін айтуға болмайды. Себебі, тек мектепке дейінгілер емес, ересектерде кейбір жағдайда ситуацияға негізделе отырып сөйлейтіні жиі кездеседі.

Мектепке дейінгілердің сөздері көбінесе өздеріне арналған. Себебі, ересектер сөйлегенде сөзін өзгелерге арнайды. Ал кіші балалар кейде өз-өзіне арнап сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрикалық / лат. Его+центрум - өзіне сөйлеу / деп атаған. Әдетте, үлкендер айланғанда ішкі сөйлеу арқылы өз ісін жоспарлайды. Ішкі сөйлеу мектепке дейінгілерде әлі қалыптаспағандықтан, ойын естіртіп, өз-өзіне айтады. Демек, эгоцентрикалық сөйлеу -өзгелерге аналған емес, баланың өзіне арналған ойды жеткізудің ерекше түрі. Баланың ойы өзіне түсінікті болғандықтан, сол ойын өзіне естіртіп айтуы не үшін қажет? Бұл жағдайда бала ой үстінде өзіне сөз арнағанда, сол сөзді тірек ретінде пайдаланады. Әйтпесе, оның ойлана алуы мүмкін емес. Ж.Пиаже эгоцентрикалық сөйлеу балада 7 жасқа дейін сақталынады, кейіннен жойылады. Бұған Л.С.Выготский қарсы шығып, 7 жасқа толғанда эгоцентрикалық сөйлеу бір жолата жойылмайды дейді. Ол кейін баланың ішкі сөйлеуіне айналады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, ішкі сөйлеу сырттай естіртіп сөйлеуден дамып шығады, бұлардың екі арасында эгоцентрикалық сөйлеу кездесіп, екеуін ұштастырып, өзі кейін жойылады дейді. Бұл пікірге кейін АҚШ психологы Дж. Брунер қарсы шығып, ішкі сөйлеу сырттай / естіртіп / тілге үйренуден балада пайда болмайды. Бұл оның түрлі символ арқылы дүниедегі затты бейнелеуге талпынуынан дамып шығады. Оның пікірінше, тілге үйрену балада туғаннан кейін пайда болғанымен, ол оның тәжірибесіне жатпайды.
Тақырып 21 Бастауыш мектеп оқушының тұлғалық қалыптасуы және психикалық дамуы.

Жоспар

1.Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты.

2.Оку іс әрекеті кіші мектептегілердің жетекші іс әрекеті ретінде.

3.Оқу іс әрекетінік жалпы күрылымы, қалыптастыру заңдылықтары.

4.Мектептегі алғашкы теориялык ойлаудың калыптасуы (Д.Б.Әльконин, В.В.Давыдов).

Қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Бастауыш мектеп жасындағы пайда болу экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуыммен байланысты. Баланың психологиялық дамуындағы оның рөлі балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға дейін балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.

Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде түрінде қатар жүреді. Кез-келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады.Сондықтан ғалымдардың назары қазіргі бастауыш клас оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады.Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы түрде алғанда күшті де кең кұлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті,алайда оларға дәлдікті талап ететін ұқсас қимылдарды орындау қиынрақ ссоғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз-он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он-он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш класс оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болды. Оның білегі тез талады да, ол тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш сынып оқушыларына, әсіресе 1-2 сынып оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды.Балаларда көп ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалатын тапсырманы көріп алу тілегі көпнесе нәтижені жақсартпайды. Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері шап-шаң өседі және ол қан мен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады.

Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізі, жетекші түрі мен сипаталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алған мен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық рөлін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертіп, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Әсіресе мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуін айқын аңғартады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерде үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелер кездестіруді күте отырып мектепке қуана барады.

Бірінші сынып оқушылары бастан кешетін қиыншылықтардың негізгі түрлері. Көпнесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшелектеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отырну талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, балада әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу режидік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға пайда болады.Тек қана мұғалім мен ата-анлар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізу, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Баланың мектепке бару мен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Оның жаңа міндеттері пайда болады. Үлкендердің қарым-қатынасын және олардың “мектеп еңбектерінің” тілектерін дереу қанағаттандыруғы дайын тұратындығын сезген кейбір балалар өздерінің жағдайын өктем пайдаланып, үйде өздері-оқушылар-басшы тұлға болатын тәртіпті ораната бастайды. (Жалғасы жанарда.

Ал, бұл енді оқушының ерекше өзімшілдігі пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан үй ішінде бірінші класс оқушысына көңіл бөлуді оған семьяның басқа мүшелерінің де маңызы еш кем емес мүдделері мен қамы-қарекеті бар екенімен ұштастыру керек. Бал мен санасып үй іштерінің жалпы ағымында өзінің мектептегі қақтығыстарын шамадан көрсете бермеуі керек.

Қиындықтардың үшінші типін бірінші кластағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісті, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп отырады. Бірақ 1ші сыныпта оқу процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамадар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте, бұл білімдерге деген қажеттілік қарастырылмаған. әрине, мұндай жағдайлардабаланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықыласы нашар қалыптасады. Мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да осының нәтижесінде селқостық пен немқұрайдылыққа салынады. Мұғалімдер кейде материалға қызықты элементтер енгізе отырып оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз ғана уақыт ықпал етеді.

Оқуға тоюды болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардыңсабақтарды жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымдық тапсырмалар алуында, тиісті ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен ұшырасуында жатыр. Бұл шамамен былайша болады. Математика курсында сандар ұғымының мәні зор. Ол балаларға бірінші сыныпта беріледі. Олармен танысу тәсілі мынадай. Балаларға бірнеше затты көлемі немесе сан жағынан салыстыру тапсырмасы беріледі, бірақ есептің шартында мұны тура және тікелей орындауға болмайды. Қалай істеу керек? Бірінші сынып оқушылары бұған ұқсас есептерді шығарудың жалпы тәсілін іздеуге мәжбүр болады. Бірқатар азды-көпті сәтті әрекеттер жасап көрегн соң, балалар мұғаліснің көмегімен мұндай жағдайларды шешу, өлшеу, есептеу және сан қажет екендігін анықтайды. Осылардың көмегімен шамаларды жанама түрде салыстыруды орындауға болады. Содан кейін балалар өлшеуді және санауды үйренеді, сандар ұғымының мазмұнын түсінеді. Осындай арнаулы анықтаулар (тиісті ұғымдар қаншалықты қажет және олардың шығу тегі қандай), тәжірибе көрсетіп отырғандай, өмірлік міндеттерді шешудің өзіндік математикалық әдістеріне, осы оқу пәні сабақтарына балалардың танымдық ынтасын қаклыптастыруға көмектеседі.

Білім, іскерлік және дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста, ойындар арасында, кітаптар оқығанда және т.б игереді. Еңбек тәжірибесінде адам бай тәжірибе алады. Затында оқу қызметінен игерудіңөзіндік ерекшелігі неде? Бәрінен бұрын оның толық жүзеге асу үшін жағдайлар тек қана мектепте жасалынатынын есте ұстау керек, онда балаларғы ғылым негіздерін оқытады, онда олардың ғылыми дүние танымын қалыптастырады. Оқу ісінің мазмұнынының өзгешеліктері болады.Оның негізгі бөлімін ғылыми ұғымдар, ғылыми заңдылықтар және соларға сүйенетін практикалық міндеттердің шешудің жалпы тәсілдерін құрайды. Қызметтің басқа түрлерін игеру жанама тәсіл ретінде көрінеді.
Тақырып 22 Жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуы.

Жоспар


  1. Отандық және шетел психологиясындағы жас өспірімділік “дағдарыс” мәселелері.

  2. Жас өспірімдік кезеңге өтудің психологиялық алғы шарттары.

Жас шағы психологиясында жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектің бастауымен аяқталатын даму стадиясы деп атлады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екінші әлуметтік шек болатын осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімділіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқалардың бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдік алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психолбогиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жасөспірімділікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімділікті алдымен индивид немесе жеке адам дамуы ретінде ішкі процес тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әлуметтік және мәдени ортада біркелкі болып өтеді. Жас өспірімділік әлуметтік теориялар оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектің дербесте жауапты іс әрекетіне көшу деп қарайды. Зеттеушілер адам менгеруге тиісті әлуметтік рөлге, оның бағалаушылық бағдарларының қалытасуына, еңбек өміріне аяқ басумен байланысты проблемаларға назар аудару, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлуметтік проблемалардан шығады.

Қазіргі ғылым жастық проблемасын әлуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплекстік зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептіреу қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлуметтік толысу мерзімімен әркезде үйлесе бермейді.Акселерация, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары ұзын 2-3 бұрынға қарағанда орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пупертатық және поспертуаттық фазаларға бөлінеді, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншек жасты екі кезеңмен байланыстырады.

Акселерацияға байланысты жеткіншек кезеңнің шектері томенгіндейде, казір ол 14-14.5 жастан-ақ аяқталады. Жас өспірімдік керісінше тез басталады.Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлуметтік жағдайлар анықтайды.

Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдар

Бастауыш сынып оқушылары психологиясының дамуы басты жағдайда олар үшін жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып, балалар біртіндеп оның талаптарына бағынады, ал бұл талаптарды орындау мектеп жасына дейінгі балаларда жоқ жаңа қасиеттердің пайда болуын жорамалдайды. Бастауыш сынып оқушыларының жаңа қасиеттері оқу қызметінің қалыптасу шамасына қарай туып, дамиды.

Егер балалар бәрі бірдей мұғалімді тыңдаса және оның айтқандарын істесе ғана жалпылама сабақтарды ұйымдастыру мүмкін болады. Сондықтан әрбір оқушы осындай сабақтардың талаптарына сәйкес өз зейінін басқаруды үйренеді.

Әртүрлі пәндерден қандай да бір тапсырманы орындауда әдетте балалар оларды шешудің ең жақсы жолдларын іздеп табады, іс-әрекеттер варианттарын таңдап алады да салыстырады, оларды іске асырудың реттілігі мен құралдарын жоспарлайды (бұл ішкі жұмыс әсіресе еңбек сабақтарында ерекше көрнекі байқалады). Бала өз іс-әрекеттерінің “қадамдарын” неғұрлым көбірек жорамалдай алатын болса және олардың әр алуан варианттарын неғұрлым мұқият салыстыра алатын болса, ол есептің нақты шығарылуын соғұрлым ойдағыдай бақылайтын болады. Оқу іс-әрекетіне, сондай-ақ оның басқа да бірқатар ерекшеліктеріне (мысалы, сөз жүзінде есеп беру, бағалау) бақылау жасау және өзін-өзі бақылау қажеттігі бастауыш сынып оқушыларында іс-әрекетті өздігінен, іштей жоспарлау және орындау қабілетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.


Тақырып 23 Алғашқы жастық шақтың психолдогиясы

Жоспар

  1. Физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік дамудағы индивидуалды айырмашылықтар. Ерте жастық шақтың психологиялык жалпы және басқа да қырлары.

  2. Ерте жастық шақтағы махаббат. Ерте жастық шақ жасындағы психикалык өмір ерекшеліктері.

  3. Әмоциялық ерекшеліктері. Мотивтері мен кұнды бағдарланулары.

Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды.Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда “кішкентай бала секілді” қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның мүдделерімен, көзқарастарымен, пікірімен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген құқысын айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған ( баланың ересектермен қатынасындағы тең құқысыздық жағдайын бейнелейтін ) типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Жеткіншек ересектердің құқыларын шектейді де, өз құқыларын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тнң құқылықты талап етеді. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары – ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңа, ересектердің қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектік сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы құқыларының мүлдем жаңа мәселесін туғызады.

Жеткіншек пен ересек арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері.

Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын айқындайтын жай сол, нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жеткіншек пен ересектің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарла сып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары – жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны.

Егер ересектің өзі инициатива білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы болуы мүмкін. Мұның шарты ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ . Алайда бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл жағдайлар мыналар:


  1. Жеткіншектің қоғамдағы жағдайының өзгермеуі, ол мектеп оқушысы болған, ол әлі де сол қалпында қала бермек.

  2. Оның материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы мұғалімдермен қатар тәрбиешілер рөлін атқарады.

  3. Ересек адамның баланы бағыттап және тексеріп отыру, бақылау әдеті (қажеттігін ұғынған күнде де, бұл дағдыны бұзу қиын) .

  4. Жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай алмайтындығы.

Осының барлығы ересек адамға жеткіншекті бағынуға, тіл алуға титісті баладай қарауға мүмкіндік береді және жеткіншектің құқылары мен дербестігін ұлғайту қажет емес әрі жөнсіз дегенді ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу, міндетіне де қарсы келеді. Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір бастаса мүмкін болады; ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде арттырумен, міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерше іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді.

Жеткіншек пен ересек арасындағы талас-тартыс, оның себептері.

Жеткіншек кезеңнің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп қараса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей көзқарас, бір жағынан, тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен оның жаңа құқыларды талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың қайнар көзі болып табылады.

Егер ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгертпесе, онда жеткіншектің өзі қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің инициаторы болып табылады. Ересектің қарсылығын жеткіншектің тіл алмау мен қарсыласудың алуан формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады, ересек адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиілеп, жеткіншектің қарсыласуы барған сайын табанды бола түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас-тартыс форма сын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы, “балалық” қарым-қатынастарды бұзады да, болашағы бар жаңа “ересектік” қатынастарды таңады.Талас-тартыс- ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгерткенше жалғасуы мүмкін. Талас-тартысты қатынастар жеткіншектің мінез-құлқының бейімделгіштігі мен эмансипациясы формаларының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жатсыну, ересек адамның әділетсіздігі туралы сенім пайда болып, оған өзін ересек адам түсінбейді, түсіне де алмайды деген түсінік пайда болады.

Талас-тартыс- ересек адамның жеткіншектік кезеңде жеке адамның дамуымен санасуға, жеткіншекке өз жанынан жаңа орын тауып беруге қабілеті жетпегендігінің немесе оған ынтасы болмағандығының салдары. Жеткіншектердің ересектермен қатынастарындағы дербестігі мен тең құқылығы мәселесі- олардың қарым-қатынасындағы және жалпы алғанда жеткіншекті тәрбиелеудегі ең күрделі әрі шұғыл мәселе.

Егер ересек пен жеткіншектің арасындағы қарым-қатынас ересектер қарым-қатынасының белгілі бір типі бойынша мазмұнды достық ынтымақ, бұған тән өзара сыйластық , сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасында оған тән қиыншылықтары болмауы мүмкін. Жеткіншекке ересек адам тарапынан түсінушілік қажет.

Ересек пен жеткіншектің арасындағы қатынастардағы сәттіліктің олардың арасындағы байланыс пен түсініктің әбден қажет болатын тағы бір себебі:



    • Жеткіншектік кезңнің басталуында баланың ересектермен және жолдастарымен, құрдастарымен қарым-қатынастарының екі жүйесі арасындағы күрделі қарым-қатынастар үшін жағдайлар жасалынған.

    • Мұның бірінші себебі, баланың осы екі жүйеде принципті тұрғыдан жағдайының әр түрлі болуы.

    • Жолдастарымен, құрдастарымен қатынаста ол принципті теңдік жағдайында болады.


Тақырып 24 Тәрбиелеу мен өзін-озі тәрбиелеу психологиясы.

Жоспар

  1. Психологтың өзін-өзі тәрбиелеу психология шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.

  2. Психологтың өз бетінше тәрбилеу білім жетілдіруі.

  3. Тәрбиелеу психологиясы іс- әрекеттің компонентті өзін-өзі мәдениетін көтеруі. Тәрбиелеу психологиясының сана-сезімі және рефлексиясы.

  4. Психолог шығармашылығы өзін- өзі шеберлігін дамыту факторы.

Тәрбиелеу психологиясы шығармашылығының құрылымдық компоненттері.Психолог қызметінің әр деңгейінедегі өзін- өзі шығармашылығы. Болашақ психологтың өзін-өзі тәрбиелеу . Студенттердің өзін тәрбиелеуінің мақсаты мен міндеттері, оның қозғаушы күштері. Өзін-өзі тәрбиелеудің құралдары мен әдістері. Студенттер мен педагог- психологтардың өзін-өзі тәрбиелеу арасындағы өзара байланысы.

Тәрбие кез-келген қоғамның маңызды функциясын құрайды. Дамыған қоғамда дүниетанымы биік адамгершілік қасиеттері бар, терең идеялы, сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа творчестволық көзқараспен қарайтын жаңа адамды жеке адам ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналып, демократиялық қарым-қатынас құрудың маңызды шарты болып табылады.

Бұл міндетті шешу қазіргі психологиялық – педагогикалық білім жүйесінде талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық жағынан дамытып отыруды көздейді. Тәрбие психологиясын зерттеудегі маңызды мәселелердің ішінде жеке адамды онтогенезді қалыптастырудағы негізгі деректерді, заңдылықты, кезеңдерді, шарттарды, механизмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орында тұр. Бұл мәселелер даму үстіндегі адамның іс-әрекеттердің түбегейлі проблемаларын, оның санасы мен жеке іс-қимылын жетілдіру тұрғысынан зерттеледі. Зерттеушілердің назары бірнеше міндеттерді шешуге бағытталады.

Тәрбие психологиясы педагогикалық процесті мақсатты түрде ұйымдастыру тұрғысында жеке адамды қалыптастырудағы психологиялық заңдылықтарды зерттейді.

Тәрбие психологиясы оқушылардың тәрбие ықпалы жағдайындағы психикалық іс-әрекеттері заңдылықтары шәкірттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің пчихологиялық негізін аша отырып, осы механизмдердің жеке адам қасиетін қалыптастырудағы ықпалын зерттейді.

Тәрбие психологиясы кейбір психологиялық өзгешеліктердің тежелуі және қайта құрылуын, жаңадан пайда болуын және даму процестерін қарастырады. Міне, сондықтан да баланың жаңа психологиялық мүмкіндіктерін жасауға бағытталуы, Л.С. Выготскийдің пайымдауынша, баланың психикалық дамуынан кенже қалмай, қайта оны ілгері бастырып, өз соңына ертіп, мақсатқа бағыттай ұйымдастырып, басқарып отыратын тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға мүмкіншілік туғызады.

Жеке адамды онтогенезде мақсатты түрде қалыптастырудағы айқын заңдылықтарды табу балаларды тәрбиелеуді ғылыми негізді құруды сонымен бірге психологиялық теорияның даму базасын жасауды қамтамасыз етеді.

Психологиялық білімнің негізгі саласы ретінде тәрбие психологиясының басты ұйымдастыру кезеңі – жеке адамды онтогенезде белсенді мақсатты түрде қалыптастыру мүмкіндіктері туралы қағида. Бұл қазіргі психология ғылымының қоғамдық ролі мен өскелең адамның жеке басын қалыптастырудағы генотиптік, яғни жеке адамның қалыптасуындағы әлеуметтік, жеке биологиялық арақатынас проблемаларының орнын бағалау көзқарасымен анықталады.


Тақырып 25 Оқу және оқыту психологиясы.

Жоспар

  1. Оқу және оқыту психологиясы.Оқыту психологияның пәні.

  2. Оқыту психологиян әдіснамалық кызметтері. Психологияның принциптері: бейнелеу, субъе (антропологиялық), даму, сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психикал; құыблыстардың жүйелік детерминациясы.

  3. Тұрмыстык және ғылым психологияның негізгі айырмашылықтары және жүйелі талдау.

Білім беру жүйесінде білім алып жатқан адам білім алушы болып табылады. Бұл түсініктен білімдендіру процесінің белсенді субъектісі ретінде басқалардың көмегімен оқытушы, мұғалім білім алатындығын байқауға болады.

Әрбір білім алушы өзіне тән индивидуалды тұлғалық сапаларға, яғни қабілеттілік, индивидуалды іс-әрекет, өзін-өзі бағалау, тартылыс деңгейі, жұмысқа қабілеттілік, танымдық ерекшеліктерге ие болады. Әрбір білім алушы өзіндік стильдерімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ барлық білім алушылар белгілі бір кезеңде талаптарға сәйкес және білім алушының білімді меңгеруіне байланысты білім алудың келесі сатысына өтіп отырады.

Кіші мектеп оқушысы – оқу іс-әрекетінің субъектісі және адамның қоғамдық болмысының басталуы. Бұл кезеңде бала оқуға физиологиялық және психикалық, интеллектуалдық дамуымен оқуға дайындығымен ерекшеленеді. Л. И. Божович, Д. Б. Эльконин, Н.Г. Салмина, Н.И.Гуткинаның зерттеулері бойынша баланың оқуға дайындығының көрсеткіші болып баланың ішкі позициясының қалыптасқандығы, ырықтылығы, ережелерге, жүйелерге бағдарлама алуы болып табылады.

Мектептегі оқуға дайындық үлкендер әлеміне, жаңа әлемге ену, оқуға, мектепке қатынасының қалыптасқандығын көрсетеді. Сондай-ақ жаңа міндеттерді орындауға, сынып, мұғалім, мектеп алдындағы жауапкершілікті сезінуден көрінеді. Негізінен жаңа нәрсеге қызығушылық баланың оқу мотивациясына байланысты.

Баланың жалпы дайындығы талаптарды қанағаттандырумен анықталады. Олар – физикалық дамуы, жеткілікті дәрежеде білімді меңгеру, өз - өзіне қызмет ете алу, жүріс-тұрысының мәдениеттілігі, сөйлеуі, қолдың майда бұлшық еттерінің дамуы, оқуға қалауының болуы.

Бастауыш сыныпта оқушыда оқу дағдылары, ойлау формалары қалыптасып, оқу жүйесіне бағдарланады.

Сондай-ақ бұл кезеңде кіші мектеп оқушысында қиыншылықтар кездеседі. Олар жаңа режимге үйрене алмау, мұғаліммен жаңа қатынас орнату т.б. Сондықтан мұғалім оның ырықтылығын, жоспарын жүзеге асыруды қадағалау керек.

Кіші мектептік кезеңнің соңында оқушы оқу іс - әрекетіне ғана бейімделіп қоймай белсенді түрде жеке адамаралық қатынасқа түсіп, жасөспірімдік кезеңге ауысады.

Жасөспірімдік кезеңде жетекші ролді жасөспірімнің құрдастарымен қарым-қатынасы атқарады. Бұл кезеңде оқу іс-әрекетімен қатар қоғамдық, спорттық, көркемдік іс - әрекеттермен айналысып, қоғамдық мәнді тұлғаға не болғысы келеді. Мұнда тұлғалық жаңа түзіліс – “есею сезім” көрінеді және өзіндік “Мен” мүмкіндігін бағалай біледі.

Д. И. Фельдштейн жасөспірімдік кезеңді зерттеп, бұл тұлғаның дамуы өзін тануға, өзін анықтауға әкеледі дейді.

Фельдштейн бұл кезеңнің үш сатысын көрсетеді:



  1. локальды қыңырлық (10-11) үлкендерді мойындауға қажеттілік.

  2. мәнді болуға тырысу (12-13) әлеуметтік пайдалы іс-әрекетті атқарудан көрінеді.

  3. іс-әрекетті бекіту (14-15) жас өзінің күшін, қабілеттілігін көрсетеді.

Бұл кезеңде жасөспірімнің авторитет тұлғасы не көзқарасы өзгереді, яғни оған идеал ретінде қарамайды. Егер де оның авторитетке деген көзқарасы өзгермеген болса, онда оқушы 1- ден өзінің қоғамдық орнын сақтап, оқушы болып қала береді, 2 – ден ол ата-анасына және ұстазына тәуелді болады, 3- ден өз бетімен іс-әрекет жасауы әлі де қалыптаспағандығын көрсетеді.

Ол жоғары сыныпқа өткенде ол басқа оқу орнына ауысады. Гимназия, колледж, училищеге ауысады. Мұнда жаңа коллектив қалыптасып қана қоймай, оның болашаққа бағдары қалыптасады. Олар болашақ мамандықтарын таңдап, оны меңгеру жолына түседі. Бұл кезеңнің ерекшелігі достық қатынас әсіресе ұл мен қыз арасындағы қарым - қатынастар артады. Сондай - ақ өмірлік жоспарларын құрып соған қол жеткізу үшін іс-әрекет жасайды.


Тақырып 26 Педагогикалық іс-әрекетінің және педагогикалық тұлғасының психологиясы.

Жоспар

  1. Дағдыны калыптастыру және жаттаудың негізгі заңдылықтары: дағдының құрылысы. Дағдының бір-біріне әсері.

  2. Адамнын негізгі іс-әрекет түрлері. Ойын және оның психологиялык сипаты. Ойының баланың дамып жетілуіндегі рөлі. Оқу әрекеті және оның психологиялық сипаты.

  3. Еңбек әрекетінің психологиялық сипаты.

Педагогикалық техника мұғалімнің жүріс- тұрысының формасы және оның компоненті мұғалім іс-әрекетіндегі техниканың мәне . Жас мұгалімнің педагогикалық техникасында әдеттегі кемшіліктер.Педагогикалық шеберліктегі басқару техникасы .Мұғалімнің өзін- өзі басқара білу шеберлігі, өзін-өзі қалыпқа келтіру техникасының негізі. Өзінің психофизикалық жағдайын менгеру техникасы, өзін жөнге келтірудің негізгі.Педагогикалық өзара қызметте ауызша қатынас құрадары.Өзара жалғасу кезіндегі қимыл мен бет қимылының /мимика/ ролі. Педагогикалық қарым-қатынастағы пантомимика мен пластика.Зиянды әдеттер.Педагогтің сыртқы пішіні; киімі, тұрысы, жүрісі,беті,шашы,әсемдік бұйымдары.Мұғалімнің сыртқы пішінінің мәдениеті.

Педагогикалық психология дәстүрлі түрде арнайы бөлім - мұғалім психологиясын кірістірді. Яғни мұғалімнен талап етілетін кәсібилік, алғырлық қабілеті қоғамдық орта қарым - қатынасын, әлеуметтік ерекшеліктеріндегі ролі т.б. енгізді.

А. К. Маркова айтқандай, мамандық- бұл тарихи дамып келе жатқан қоғамға қажетті кәсіби қажеттіліктер мен құндылықтар жүйесі.

Индивидуалды субъект ретінде педагог өзімен бірге білім және құндылықтарды меңгеруші. Субъективті сипаты бойынша педагог аксиологиялық және огнитивтік құндылықтарды байланыстырушы, яғни екі жоспарды алдына қояды.

Е. А. Климов зерттеуі бойынша көптеген кәсіптер адамдар қарым-қатынасымен, қоршаған орта, табиғат, техникалармен байланысты. Е. А. Климов профессионалды схеманың бес түрін көрсетеді.

Адам – табиғат

Адам – техника

Адам – белгілер жүйесі

Адам – көркемдік бейне

Адам – адам

Педагогикалық кәсіп – “Адам - адам” типіне жатады. Бұл типтегі адамдар мынадай құндылықтармен ерекшеленеді. Жұмыста басқа адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу, өзін басқа адамның орнына қоя білу, өзгенің көңіл-күйін, ойын түсіне білу.

Басқара алу, оқыту, тәрбиелеу бұлардың барлығы кәсіби схемаға негізделген. Әркімнің қажеттіліктеріне байланысты пайдалы іс-әрекет жасай алу, тыңдай және тыңдата білу, сөйлеу мәдениеті т.б.

“Адам-адам” типі бойынша типологиялық жобалау, қызығушылық сияқты жеке ерекшеліктері кәсіби сипатта терең индивидуалды көрсеткіш береді. Бұл тип бойынша сөйлеу дефектісі болмағаны абзал, мұнда адам қарым-қатынасшыл, жылы шырайлылық, адамдарға деген қызығушылық болу керек.

Адам - адам типі бойынша мына қажеттіліктер:



  1. Кәсіби компетенттілік

  2. Дидактикалық мәдениет – маңызды орынға ие.

Педагогтың сөйлеу мәдениеті оның іс-әрекетінің қажетті сапасы.

Е. А. Климов мамандық таңдауда негізгі сегіз факторды атап көрсетеді:



  1. Үлкендердің, отбасының ұстанымы;

  2. Құрдастарының ұстанымы;

  3. Мектептегі ұжымның ұстанымы – мұғалім, сынып жетекшісі, т.б.

  4. Өмірлік және кәсіби жоспарлар;

  5. Қабілеттіліктер мен оның көрінуі;

  6. Қоғамдық құбылыстарды мойындау;

  7. Кәсіби іс-әрекеттен хабардар болу;

  8. Бейімділік.

Педагогикалық іс - әрекетте мамандық таңдауда бұл факторлар қажетті және маңызды сапалар болып есептелінеді. Бұл мамандықты таңдауы балаларға деген махаббат, оларға тәжірибе жинақтауда көмектесу ерекше сапа болып табылады.

Балаларды оқыта білу қабілеті балаларға осы мамандықты таңдауға көп ықпал етеді.

ХХ ғасырдың басында П.Ф. Каптерев “мұғалімнің тұлғасы оқытуда бірінші орынға ие, ал басқа қасиеттері оқытуда тәрбиеге әсер етеді” – деген болатын.

Педагог қасиетіне бірінші оның сол пәнге ғылыми дайындығы және туыс пәндерден кең білім болуы жатады. Ал одан кейінгі орында пәннің методологиясын білу, дидактикалық принциптерді білу, бала табиғатының қасиеттерін білу, сондай-ақ педагогикалық талант пен шығармашылықтағы оқыту шеберлігі жатады.

Мұғалім өз бетімен әрекет жасайтын, ізденісте, дамуда болатын тұлға.

П.Ф. Каптеревтің ойынша мұғалімнің ізденімпаздығы мұғалім мен оқушыны бір-біріне жақындата түседі. Егер мұғалім бұл қасиеттерін жоғалтатын болса, оның мұғалім екендігі де жойылады. Бұл пікірді П.П. Блонский, А.С.Макаренко, В.А. Сухомлинский басқа да педагог -психологтар анықтаған.

ХХ ғасырдың басында педагогикалық психологияның дамуының екінші этапында мұғалім іс - әрекетінің эффективтілігін арттыратын сапалар зерттеле бастады. П. Ф. Каптерев осы қасиеттерді алғаш болып жүйеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет