Тақырып 11 Әлсіз азот қышқылын өндіру Аммиакты каталитикалық тотықтыру арқылы азот қышқылын өндіру. Аммиакты тотықтыру үрдісінің физика-химиялық негіздері және азот оксидтерінен азот қышқылын өңдеу. Каталитикалық үрдіс теориясы, катализаторлардың негізгі типтері және олардың салыстырмалы сипаттамалары. Азот қышқылын өндірудің әр түрлі жүйесіне салыстырмалы сипаттама. Әлсіз азот қышқылын өндіру бойынша өнеркәсіптік құрылғы. Әлсіз азот қышқылын комбинирленген әдіс арқылы атмосфералық қысымда, жоғарғы қысымда алу. 7,2 атм қысымдағы әлсіз азот қышқылын өндірудің жаңа энерготехнологиялық схемасы. Азотқышқылы цехтарының негізгі құралдары. Азот қышқылын өндіру әдістерін интенсификациялау. Азот қышқылы цехының жанама газдарынан нитриттерді және нитраттарды алу. Жанама газдарды каталитикалық тазарту. Әлсіз азот қышқылы өндірісінің әртүрлі әдістерінің салыстырмалы техника-экономикалық сипаттамасы.
Әдебиет [3], 129 - 145 б.; [4], 399 - 414 б.; [6], 408 - 455 б.