Пән: Биология Сынып: 8 Күні: 19.12.17. Білім алушының аты-жөні: __________________________________________________
Тақырыбы: І жартыжылдық бақылау жұмысы. «І-VІ бөлімдер бойынша білімдерін тиянақтау»
Мақсаты: «Адам биологиялық түр ретінде. Адам организміне жалпы шолу», «Адам организмінде мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімдігі. Мүшелер жүйесі қызметінің гуморальдық реттелуі», «Жүйке жүйесі», «Сезім мүшелері-анализаторлар», «Тірек-қимыл жүйесі», «Организмнің ішкі ортасы» бөлімдері бойыншаалған білімдерін бағалау.
1-тапсырма.Сөйлемдердің дұрыстығын анықтаңдар:
1. Ағзаның құрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін анатомия ғылымы зерттейді. ия жоқ [1]
2. И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» атты еңбек жазды. ия жоқ [1]
3. Адамдар сүтқоректілер отрядына жатады. ия жоқ [1]
4. Осы заманғы типті қазба адамдар кроманьондықтар деп аталады. ия жоқ [1]
5. Гольджи жиынтығын жасушалардың «ас қорыту станциясы» деп те атайды. ия жоқ [1]
6. Зат алмасу жасушаның негізгі тіршілік қасиетіне жатпайды. ия жоқ [1]
7. 1 г. май ыдырағанда 38,9 кДж энергия бөлінеді. ия жоқ [1]
8. Шеміршек, сүйек, май, қан дәнекер ұласына жатады. ия жоқ [1]
9. Жүйке ұлпасы негізгі жүйке жасушаларынан – нейрондардан және қосалқы жасушалардан – нейроглиялардан тұрады. ия жоқ [1]
10. Нақты пішіні бар, организмде белгілі орны бар, бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігін мүше дейміз. ия жоқ [1]