Пән бойынша дәріс материалдары


-дәріс Дебиторлық қарыздар есебі



бет12/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз

7-дәріс
Дебиторлық қарыздар есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардың оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төленген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық борыштар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады.


Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып саналады. Өтелетін уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында жазылады.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарына есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

  • Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

  • Тапсырылған шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

  • Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

  • Негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

  • Ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борыштары;

  • Басқадай дебиторлық борыштар.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептелінеді. Дебиторлық борыштардың пайда болған уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халық тәжірибеде баға жеңілдіктері терминімен бірге сауда жеңілдігі термині қатар қолданылады.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркемелерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары, бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқатіркемелер қолданылады. Жалпы есеп тіркемелерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданылатын барлық бланкілер үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттыр корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркемелерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтылығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады.
Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөңелтілген тауарлардың қашан сатылғандығыны танылуында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп есептелінеді.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:

  • «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».

  • «Күдікті қағаздар бойынша резервтер».

  • «Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы».

  • «Басқадай дебиторлық борыш».

  • «Алдағы кезең шығындары».

  • «Берілген аванстар».

Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борыш болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет