Аудиттің негізгі принциптері. Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізіледі.
Ғылыми негізділігі.
Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік шындықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориясын құрайды. Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады. Мысалы, аудитте экономикалық талдау әдісі қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қорытынды жасау. Сондықтан да аудит фирмаларының басшылары ғылыми зерттеу жұмысын, тәжірибесін игерген ғалымдар.
2. Объективтілік.
Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болуы керек. Ол өзінің аудиторлық қорытындысына кәсіпорыннның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай күдіктенбеушілікке немесе сенбеушілікке жол бермейтіні дәлелді болуы қажет.
3. Дербестілік
Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше дербес деп танылған. Оған себеп, ол біріншіден, тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол одан төлем алуына алдын – ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім – шарт бойынша анықтайтыны тек қана шындық.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады: аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау, мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Аудитор ротациясы – ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір кәсіпорынға бара берсе, оның дербестігі жойылады деген сөз. Өйткені, оны тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит принциптерін сақтамау жолына салуы мүмкін. Аудитор соты – аудитордың дербестігін қадағалап отырады. Мемлекет түрғысынан аудитор дайындау, ол қазіргі аудитордың қоғамдық құрылымын жою болып табылады. Қазіргі кезде аудит комитетін құру АҚШ-та көп тараған. Ондағы мақсат - өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысына арнайы институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша, сондай жұмыстарды іске асыру үшін, Мемлекеттік Қажы Мнистрлігі, аудит палатасы, бухгалтерлер ассоциаиясы көмектесуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |