Пән бойынша дәріс материалдары



бет6/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз

4-дәріс
Есеп саясаты

Бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдары есеп жүйесі қызмет атқаратын саяси, экономикалық және олардың әлеуметтік шарттардың жалпылама аксиомалық түрде көрсетілуі және олардың дұрыстығына күмән болмауы тиіс.


Ағылшын американдық бухгалтерлік есеп мектебі келесі бес тұжырымдары ерекше бөліп көрсетеді; мүліктік және құқықтық жекешелену; қызметтің үздіксіздігі; есептік кезен; нарықтық айрбас операциялары; монетарлық бағалануы.
Бұл тұжырымдар экономикалық шындщық жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін құрастыруды анықтайды және есептің экономиканың тұрақты қызмет атқаруының маңызды факторы болатындығын түсіндіреді
Мүліктік және құқықтық жекешелену. Бұл тұжырым бойынша шаруашылық субьектісі құрылғаннан кейін жеке мүліктік – құқықтық кешен болып табылады, заңды түрде өз бетімен қызмет атқарады және экономикалық қатынастарында тәуелсіз деп танылады. Ұйымның мүліктері мен міндеттемелері оның меншік иелерінің және басқа ұйымдардың мүліктері мен міндеттемелерінен жеке өмір сүреді.
Үздіксіздік. Бұл тұжырым ұйымның, пайда болғаннан кейін мәнгілік өмір сүретінін, яғни жақын арада өз қызметін тоқтатуға мүдделі еместігін, сол себепті инвесторлар мен кредиторлар фирманың өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім білдіруін сипаттайды.
Есепті кезең.Бұл тұжырымға сәйкес ұйымның экономикалық қызметі белгілі – бір уақыт мөлшеріне байланысты деп танылады, сол кезең аяғында оның қызметіне баға беріледі және түзетулер жасалынады. Мұндай базалық кезең ретінде қаржылық жыл алынады. Сол арқылы эконономикалық субьектілердің экономикалық қуаты мен қаржылық нәтижелері айқындалады және салыстырлады. Қаржылық жыл соңында бухгалтерлік есептілік құрастырылуы қажет. Әрине есептілікті құрастыру мерзімі одан да жиі болуы мүмкін, бірақ адиттелуге тиісті және меншік иелеріне таратылуға тиісті базалық есептілік жылдық есептілік болып табылады.
Нарықтық айырбас операциялары. Бұл тұжырым есеп мәліметтерінің пайда болу көздерін анықтайды және екі жақта болады. Біріншіден, нарықтық экономиканың басымдылығы сипатталады, яғни өндірілген тауарлар мен қызметтердің басым бөлігін осы өндірушілр тұтынбайды, олар мүдделі тұтынушылар арасында көбінесе айырбас арқылы бөлініп таратылады. Екіншіден, айырбас операцияларының басты элементі баға болып табылады, бұл операциялар нақты орын алған немесе келісімнің шарттарына сәйкес орын алуы мүмкін болады, есеп мәліметтері белгілі бір бағаға негізделуі қажет. Осы айырбас операциялары бойынша есеп мәліметтері пайда болады да есеп жүйесінде көбейтіліп отырады.
Монетарлық бағалануы. Бартерлік емес экономикада ақша жалпы айырбас баламасының рөлін аткарады, олардың көмегімен шаруашылық субъектісінің операциялары бағаланады. Бухгалтерия әртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін, бірақ осы тұжырым жүйеге тек құндық өлшемдегі операциялардың кіргізілетінін куәландырады. Мысалы, ақша каражаттары терминдері арқылы қызметкердің біліктілігін, ақпарат ағымының тиімді ұйымдастырылуын, агенттің сенімділігі мен мұқияттылығын шынайы бағалауға болмайды. Мұндай факторлар бизнес үшін өте манызды болуы мүмкін, бірақ олар бухгалтерлік тілде «баланстан тыс қалады». Екі ұқсас терминдерді араластыруға болмайды: материалды емес активтер және көрінбейтін активтер. Алғашқылары ақшалай өлшемде көрсетіледі және сатып алу-сату операцияларының объектісі бола алады, сондықтан баланста көрсетіледі, ал екіншілері, ешқандай жағдайда балансқа кіргізілмейді.
ҚР«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі » заңына есеп саясаты – ҚР бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру жөніндегі заңнамалық талаптарға, бухгалтерлік есеп стандарттарына, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйымның қажеттілігі мен қызметінің ерекшеліктерінен ескере отырып бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті құрастыруының қабылданған қағидалары, негіздері, шарттары, ережелері мен тәжірбиесі болып табылады.
Шаруашылық операцияларын, активтерді, капиталды, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды көрсетудің альтернативті әдістерін ұсынатын халықаралық қржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) есп саясатын құрастырудың базасы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет