4 Оқу пәні бойынша оқу нәтижелерін бақылау және бағалау
Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімі (ағымдағы бақылау) электрондық
журналда тіркеледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі,
іскерліктері,
дағдылары мен
құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық
эквиваленті бар әріптік
жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң
бағалар "А"-дан "D"-ға дейін азаю арқылы және "қанағаттанарлықсыз" - "FX", "F")
балдармен бағаланады.
Аралық рейтинг бақылаудың барлық түрінің орташа
арифметикалық мәні ретінде
анықталады. Бұл ретте бақылаудың барлық түрінің коэффициенті енгізіледі:
Оқу сабағының түрі
Коэффициенті
Практикалық немесе зертханалық жұмыстарда қарастырылатын пәндер үшін
Дәріс/практикалық / зертханалық / студиялық сабақтар
0,3
СӨЖ
0,5
Аралық бақылау
0,2
Барлығы
1
Рұқсат беру рейтингі (РБ) қорытынды бақылауға аралық рейтингтердің орташа мәні
ретінде айқындалады: РД=(АР1+АР2)/2 ≥50%
Пән бойынша қорытынды баға (ИО) рұқсат беру рейтингін (РД) және қорытынды
бақылауды бағалауды қамтиды: ҚБ = РТ = 0,6 + ҚБ = 0,4