3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған
жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық,
таңдауына қарай мазмұндау, сахналау
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді
қолдана отырып жеткізу
3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Тыңдалым және айтылым, оқылым және жазылым
1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында. Қазақ әуендерінің арасында туған жерге арналған әндер көп. Алайда, адамға күш – жігер беретін ән санаулы. Соның бірі - әнші-сазгер, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні. Бұл ән қазақ халқының ерекше сүйіспеншілігіне бөленген. Ән басталған сәтте-ақ, барлық қазақ жатқа айтып, қосыла жөнеледі. «Атамекен» әні 1970 жылы жазылған. Ескендір Хасанғалиев шетелдерде гастрольдік сапарлармен жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазады. Әуен дайын болған соң, Ескендір Хасанғалиев әнге сөз жазуды ақын Қадыр Мырза Әліге тапсырады. Республика сарайында өткен үлкен концертте Ескендір атамыз «Атамекен» әнін орындайды. 1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Қазақстанның өнер делегациясымен бірге Швеция еліне барады. Стокгольм қаласында өткен концертте «Атамекен» әнін шырқаған Ескендір Хасанғалиевке жергілікті халық үлкен қошемет көрсетеді. Концерт аяқталған бойда, әншіге қандас бауырлар келіп, «Атамекен» әні туралы шынайы лебіздерін білдіріп, көздеріне жас алған екен. Бірде-бір мерекелік салтанатты жиын «Атамекен» әнінсіз өтпейді. «Атамекен» - қазақ жүрегінің жырына айналған ән.