Пән: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: С.Машақов. Мәншүк.
|
Мектеп: ДБАГ Әл-Фараби
|
Уақыты: 06.04.2017ж
|
Мұғалімнің есімі: Разахбергенова А.С
|
Сынып: 2 “Е”
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұтады
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
Өлеңнің Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз Мәншүк Маметова жайлы екенін анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Өлеңді өз сөздерімен баяндайды, батырлардың ерлігін түсінеді, қысқаша айтады.
Кейбір оқушылар:
Өлеңнің мазмұнын ашады, түсіндіреді.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар Ұлы Отан соғысының мән-мағынасын түсінеді.
Өз ойларын, пікірлерін еркін айтады.
Өлеңді түсініп оқып, қорытынды шығарады.
Өз беттерінше және топта талқылау жасайды, бағалайды.
|
Алдыңғы тақырып
|
Нығмет Ғабдуллин “Батырдың мінезі” мәтіні.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуанайық бәріміз,
Арайлап атқан күнге
Оқушыларды топқа бөлу.
Бағалау парақшаларын тарату.
“7 сұрақ” әдісі бойынша үй тапсырмасын қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
-Ендеше бүгін Сәду Машақовтың Мәншүк апамызға арнап жазған «Мәншүк» өлеңімен танысамыз.
-Алдымен Мәншүк апамыз туралы танысып алайық.
1. -Ендеше экранға назар аударайық.
Мәншүк Мәметова туралы мультимедиядан корсетіліп, мәлімет оқылады.
Автор туралы мәлімет беру. Өлеңді тізбектей оқыту. Сөздік жұмысын жүргізу.(Түртіп алу әдісі)
Кітаппен жұмыс
-Барлығы өлеңді өз беттерінше бір рет оқиды, өлеңді әр оқушыға оқыту.
І – топ Өлеңдегі түсініксіз сөздерді табады.
ІІ – топ Өлең ұйқасына талдау жасайды.
ІІІ – топ Өлеңнің мазмұнын айтады.
IV – топ:
V – топ:
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Ортасы
|
“Кубизм” стартегиясы. Топтық жұмыс: Кубикті топ басшысы үстел үстіне лақтырғанда түскен санды таңдау арқылы сол санға тиісті тапсырмаларды алады.
1.Зерттеңіз. Тапсырма: 1941 жылы қандай оқиға болды? Волоколамск стансасы қай жерде орналасқан?
2.Суреттеңіз. Тапсырма: Соғысқа қатысқан жауынгерлерді сипаттаңыз.
3.Қолданыңыз. Тапсырма: Сөз-сандықта белгіленген сөздерді оқы, ол сөздерді өлеңнен тауып мағынасын түсіндір.
4.Дәлелдеңіз-болжаңыз. Тапсырма: “Еліңді сүйсең – ерлік істейсің” мақалының мән-мағынасын қалай түсінесің? Өзің осы атаққа лайық не істеп жүрсің?
5. Ұсыныңыз: 4 – тапсырма бойынша кестедегі берілген сөздердің өлеңдегі баламасын жазу
Жеке тапсырма:
- Балалар, өз Отанымызды сүйетіндігімізді, әрқашан қорғауға дайын екенімізді білдіріп, Отан туралы 4 жол өлең құрап көрейікші.
Отан.
...................сүйемін
.................. күйемін.
................... қорғаған,
....................иемін.
Әр оқушы шығарған өлеңдерін бір-біріне тексертіп, өзара бағалайды.
Дәптермен жұмыс.
Мәншүк Мәметова – пулеметші. Ол – Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. Топпен жұмыс жүргізеді.
|
|
Сергіту минуты
-Балалар осы өлеңді әуенге салып айтып көріңдер депті. Сендер Ибрагим Нүсіпбаевтың «Достық» әнін білесіңдер ме? Есімізге түсірейікші.
|
Ой толғаныс
|
Сұрақтар арқылы
1. Мәншүк Мәметова кім?
2. Батырлық, ерлік жайында қандай мақал – мәтел немесе нақыл сөз білесің?
3. Мәншүк апамызға қандай атақтар лайық деп ойлайсыңдар.
|
Үйге тапсырма
|
Ал өлеңді барлығымыз жаттап аламыз.
|
Күнделіктеріне жазып алады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларына өздерін бағалайды, жиынын шығарады.
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
Бүгінгі сабақтан білгендері мен білгісі келетіндерін жазып, қорытындылайды.
Білемін. Білдім. Білгім келеді.
|
|