Сабақты өткізу жоспары №40
Күні: 13.02.2020 ж.
Пән: Физика
Курс, топ: 1 курс 2 топ «ВЕТ»._
Тақырыбы: Ампер күші Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері Лоренц күші.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Өткізу әдісі: Дәріс беру, түсіндіру, сұрақ-жауап арқылы ой қозғау.
Мақсаттары, білімділік: Ампер күші Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері Лоренц күшінің физикалық табиғатын ашып көрсету.
Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Өздігінен ізденуге үйрету.
Пән аралық байланыс: Геометрия. Информатика
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, оқулық.
Сабақты өткізу барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен сәлемдесу. Студенттерді түгендеу. Студенттердің назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
1. Тұрақты магнит деген не?
2. Магнит өрісінің қандай полюстері бар?
3. Магнит өрісі күш сызықтарының бағыты қалай қабылданған?
4. Ампер күші деген не?
5. Ампер күшінің формуласы қандай?
6. Магнит өрісіне анықтама беріңіз?
7. Магнит өрісінің қасиеттерін талдаңыз?
8. Магнит өрісінің бағытын анықтайтын бұрғы және оң қол ережесін айтыңыз?
III. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау:
Ампер күші Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері Лоренц күші.
IV. Тірек білімді жандандыру:
1.Ампер күшінің бағытын қалай анықтайды?
2.Ампер күшінің формуласы
3. Магнит индукция векторының формуласы?
4. Ампер күші дегеніміз не?
5.Күш, ұзындық, магнит индукция векторының өлшем бірліктерін атаңыз?
V. Жаңа тақырыпта ынталандыру:
1. Магниттік әрекеттерді тасымалдайтын материяның ерекше түрі?
2. Магнит өрісінің күш сызықтарын бағытын қалай анықтайды?
3. Магниттің неше полюсі бар?
4.Зарядталған денелердің айналасында электрлік өзара әрекеттерді тасымалдайтын күш қалай аталады?
VI. Жаңа білмді игерту:
Ампер заңы – бір –бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан өткізгіштердің шағын кесіндісі бойымен өтетін екі токтың өзара механикалық әсерлесу заңы. 1820 жылы француз физигі А.М.Ампер (1775-1836жж) ашқан. Ампер заңынан параллель екі өткізгіш бойымен ток бір бағытта жүрсе, олардың бір - біріне тартылатындығы, қарама – қарсы бағытта жүрсе, бір – бірінен тебілетіндігін байқау үшін эксперимент жасап көрейік.
Керекті құралдар: ток көзі, магнит, өткізгіш, жалғағыш сымдар.
Өткізгішті вертикаль іліп қойып, оның бойымен ток жіберіп, магниттің солтүстік полюсін жақындатайық. Магнитті жақындаткан кезде біз өткізгіштің тартатынын байқаймыз. Ал, егер оңтүстік полюсін жақындатқан кезде тебілетінін байқаймыз. Осы тәжірибеде токтың бағытын өзгертсек тұрақтың магниттің магнит полюстерін жақындатқан кезде , өткізгіште байқалған барлық ауытқулар кері байқалады.
Магнит өрісі тогы бар өткізгішке бағыты әрекет етуші өрістің сызықтарының бағытына перпендикуляр болатын белгілі күштермен әрекет етеді. Осы күшті Ампер күші деп атайды.
Ампер заңының формуласы:
Мұндағы, Fa-Ампер күші, B- магнит индукция векторы, I- өткізгіштегі ток күші, - өткізгіштің белсенді бөлігінің ұзындығы, -магнит индукция векторы мен өткізгіштегі токтың арасындағы бұрыш.
Жоғары да айтқан формулаларды пайдалана отырып,есеп шығару барысында керекті формулаларды қорытып шығарайық.
Ток күшінің формуласын пайдалансақ, Ампер күші мына формулаға өзгереді.
Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын және меншікті кедергінің формуласын пайдалана отырып төмендегі формуланы қорытып шығарамыз.
Тогы бар өткізгіш магнит өрісінің индукция векторына перпендикуляр α=90º (sin90º=1) болғанда күш максималь және мынаған тең болады:
Осыдан, магнит индукция векторы деп бойынан бірлік ток өтетін бірлік ұзындықтағы өткізгішке әрекет ететін магнит өрісінің максимал күшін анықтайтын физикалық шаманы түсінеміз: .
Си жүйесінде өлшем бірлігі тесламен (Тл) өлшенеді.
Ампер күшінің бағытын сол қол ережесі арқылы анықтады. Сол қолдың алақанына магнит өрісінің күш сызықтары енетіндей етіп және төрт саусақты ток бағытымен бағыттасақ, онда 90 градус бұрышпен тұрған бас бармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді. Студенттерге түсінікті болу үшін тақтаға магниттік стрелкалар арқылы түсіндірдім.
ІV. Есептер шығару
Достарыңызбен бөлісу: |