Пән: География 7а-сынып



Дата22.08.2017
өлшемі356,16 Kb.
#24071
түріСабақ

Пән: География 7а-сынып



БҚО,Орал қаласы №37 жалпы орта білім беретін мектептің география пәні мұғалімі,3 деңгейлі оқу бағдарламасын бітірген.

Тақырыбы:

Еуразия материгінің ішкі сулары



Мақсаты

Еуразия материгінің ішкі суларын картадан көрсетуді қалыптастыру ,өзен және көл ерекшеліктерін сипаттауды үйрену


Күтілетін нәтиже

А) Еуразия материгіндегі өзен, көлдердің таралу ерекшеліктері туралы біледі.

В) Өзендермен көлдерге сипаттама беру арқылы,картадан олардың географиялық координаталарын анықтайды;



С)Ғаламторды,оқулықты, картаны негізге алып, ішкі суларына өз бетімен талдау жасайды.


Керекті құрал-жабдықтар

ДЖ физикалық картасы,глобус, ғаламторды пайдалану слайдтар,маркерлер,флипчарттар.стиккер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Ұйымдастыру.

Амандасу.

Сергіту сәті.( қара жорға)

Топқа бөлу (материктердің атауы арқылы)

Үй тапсырмасы: «Еуразия материгінің климаты,климаттық белдеулері» жайлы оқушылар«Өрмекші торы» әдісі арқылы жауап береді

Оқушыларда тез ойлау мен тұжырымды жауап беру дағдыларын қалыптастырады.



Сергіту сәтінен кейін жақсы көңіл-күймен сабаққа кіріседі.
Оқушылар материктерге байланысты бір топқа бірігеді.

Оқушылар өз топтарында отырып, жіпті бір-біріне беріп тор құра отырып және кері торды ыдырата отырып бір-біріне сұрақ қояды

.


Тұсаукесер


1.«Он сұрақ» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу

1.Солтүстік Америка материгінің өзен-көл,теңізін Еуразия материгінің өзен-көл,теңіздерін картадан көрсету, және ерекшеліктерін салыстырмалы сипаттау.Жекелеген(Каспий,Байкал,Янцзы,Енисей)өзен-көлдердің координатасын анықтау.




Оқушылар маңдайына жабыстырылған стикерде жасырылған сөзді табуы үшін өз сыныптастарына 10 сұрақ қояды

Ғаламторды,атлас картаны және оқулықтан мәтінді пайдалана отырып, оқушылар екі материктің өзен-көлдері туралы мәліметтерді іздестіріп,ақпарат жинайды.



Негізгі бөлім

. Жаңа тақырыпты меңгеру үшін жеке оқуға және топта талдауға уақыт беру. Оқып, талқылап болғаннан кейін постер қорғау.

«Бағдаршам» әдісі арқылы әр топтың түсінгенін білу үшін формативті бағалауды қолдану


«Венн диаграммасын» пайдаланып өзен-көлдер туралы алған білімдерін жинақтау.
Өзен-көлдердің экологиялық жағдайы туралы ойлану(проблемалық оқыту)



.Әр топ постерді қорғағаннан кейін «Бағдаршам» әдісі арқылы топ жұмысын формативті бағалайды.
Мысалы:

  • Қызыл түс – түсінген жоқпын;

  • Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

  • Жасыл түс – барлығы түсінікті.


Қорытынды

«Талқылау бойынша серіктестер» әдісі арқылы сабақты қорытындылау


.СЕРІКТЕСІҢІЗБЕН ТАЛҚЫЛАҢЫЗ:

Өзіңіз үйренген үш нәрсе туралы ойланыңыз;

Не нәрсе оңай болды?

Не нәрсе қиын болды?

Не білгіңіз келеді? Оқушылар сабақта өткен материалды қайталап, бекітеді


Рефлексия


«Сұрақтары бар қароп» әдісі

«Блум ағашы» әдісі




Сынып бөлмесынде қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

Оқушылар сабақта алған білім деңгейлеріне қарай өздерін сурет ішінен тауып бояйды.



Неге сондай деңгейде тұрғанын түсіндіріп кетеді

Үйге тапсырма


§20 «Еуразия материгінің ішкі сулары» тақырыбын оқу,тыңдалым жасау.(84 бет)


Үй тапсырмасын күнделікке жазады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет