Қашықтықтан оқу сабағының жоспары
Пән
|
География
|
Сынып
|
9
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Майпенова М.И.
|
Күні
|
27.04.2021
|
Тақырыбы
|
Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері
|
Оқу мақсаты
|
9.5.4.3 халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы:
- Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлерін топтастырады;
- Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлеріне сипаттама береді
|
Оқулық
|
Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына арналған /Р.Ә. Қаратабанов, А.А. Саипов, Б.Х. Балғабаева, Қ.Т. Сапаров. – Алматы: Алматыкiтап Баспасы, 2019
|
Іс-әрекет реті
|
Ресурстар
|
Оқу
|
- § 62
- 1-қосымша.
|
|
Дәптерге күнді және сабақтың тақырыбын жазу.
|
Тапсырманы орында
|
ФБ
Тапсырма 1. Сәйкестендір:
Определение
|
Термин
|
1. түрлі елдерде сатып алушылар, сатушылар мен делдалдар арасында жүзеге асырылатын сату және сатып алу процесі
|
А. Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар
|
2. тауар өндіру үшін жұмсалуы қажет ресурс түрлерінің бірі, өндіріс барысында қолданылған ақша мен материалдық игіліктер
|
В. Халықаралық сауда
|
3. өзі тұратын мемлекетке қарағанда әлдеқайда тиімді (табысты) жағдайда жұмысқа орналасу мақсатында еңбек ресурстарының бір мемлекеттен екіншісіне орын ауыстыру процесі
|
С. Халықаралық қаржы жүйесі
|
4. алуан түрлі нысандарды, яғни тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшін халықаралық көлемде өндірумен алмасу бойынша жекелеген елдер мен олардың топтарының шаруашылық субъектілерінің байланысы
|
D. Капитал
|
5. халықаралық құқық нормаларымен, халықаралық және аймақтық келісімдермен, халықаралық қаржы қатынастарына қатысушы-елдердің ұлттық заңнамасымен бекітілген қаржы ағынын ұйымдастыру және реттеу түрі
|
Е. Жұмыс күшінің халықаралық көші-қоны
|
Дескриптор
- параграф материалдарымен танысады; [1]
- термин мен оның анықтамасы арасындағы сәйкестікті анықтайды; [4]
Тапсырма 2. «Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлері» сызбанұсқасын құр. Сызбанұсқада категорияларды (құрамын), ірі орталықтарды/ұйымдарды көрсет.
Дескриптор
- Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлерін анықтайды; [1]
- Халықаралық экономикалық қатынастардың әр түрінің санаттарын (құрамын) анықтайды; [2]
- Халықаралық экономикалық қатынастардың әр түрінің ірі орталықтарын/ ұйымдарын анықтайды; [2]
|
Қосымша 1.
Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар – бұл алуан түрлі нысандарды, яғни тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшін халықаралық көлемде өндірумен алмасу бойынша жекелеген елдер мен олардың топтарының шаруашылық субъектілерінің байланысы.
Экспорт – басқа мемлекеттерге сату мақсатында мемлекеттен ұлттық тауарларды шығару.
Импорт – ұлттық нарықта сату мақсатында шетелдік тауарларды елге әкелу
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері:
№
|
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері
|
Категориялары/түрлері
|
Қызметкөрсету ұйымдары
|
1
|
ХЕБ
|
|
|
2
|
Сыртқы сауда
|
- Импорт
- Экспорт
сауда түрлері: көтерме сауда, тауарлы, фьючерстік және қор биржалары, жәрмеңкелер, валюта саудасы
|
1. Биржалар:
- тауар биржасы
- қор биржасы
- валюта биржасы
- еңбек биржасы
2. Аукциондар
|
3
|
Капитал қозғалысы
|
- Инвестиция
- Көмек қарыз (несие)
|
ТҰК, банктер, қаржы компаниялары, қор биржалары, биржадан тыс нарық, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар немесе елдер (мысалы, Жапония, АҚШ)
|
4
|
Жұмыс күшінің халықаралық көші-қоны
|
- еңбек мигранттары
- заңсыз иммигранттар
|
еңбек биржасы
|
5
|
Халықаралық қаржы жүйесі
|
- халықаралық валюта айналымы
- несие
Валюта түрлері:
- ұлттық валюта – мемлекет ішінде қолданылатын. Мысалы, Қазақстанда – теңге;
- аймақтық валюта. Мысалы, Еуропада – еуро.
- халықаралық (дүниежүзілік) валюта. Мысалы, АҚШ доллары
|
Халықаралық банктер, қорлар:
Халықаралық валюта қоры, Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және Ислам даму банкі.
Халықаралық қаржы орталықтары
|
Достарыңызбен бөлісу: |