Пән Геометрия Мұғалімнің аты-жөні



Дата14.12.2021
өлшемі1,31 Mb.
#100662
Байланысты:
7 сынып Геометрия № 13 сабақ


Пән

Геометрия

Мұғалімнің аты-жөні

Мырзабаева Г.

Күні:13.10.20тақырыбы

Үшбұрыш және оның түрлері

Сабақтың мақсаты

(қысқаша)

7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату; 1. Үшбұрыштың биіктігі, медиана және биссектрисасы туралы қысқаша түсінік алу арқылы олардың анықтамасымен және сызбасымен танысады;

2. Үшбұрышты және оның түрлерін жақсы ұғып, есептерде ажырата алып, оларды шығаруға пайдаланады.





Орындау

Ресурстар 1.Оқулықтағы- 41-44 бет, параграф 7. Бейнеүзінді көру: https://www.youtube.com/watch?v=-ZMvhOlDAIo

Біліңіз



Үшбұрыштың бір төбесінен, қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр, осы төбеден түсірілген үшбұрыштың биіктігі деп аталады.

Мына суретте B төбесінен түсірілген BD биіктігі көрсетілген:



а суретте биіктіктің табаны үшбұрыштың қабырғасында жатыр, ал ә суретте үшбұрыш қабырғасының созындысында жатыр, ал б суретте үшбұрышта биіктік қабырға боп тұр. Себебі B төбесіне қарсы жатқан бұрыш тік бұрыш (900). Үшбұрыштың үш төбесі бар, бұл төбелерден үшбұрыштың үш биіктігін жүргізе аламыз. Яғни үшбұрыштың үш биіктігі бар болады Биссектриса (лат. bіs — екі қайтара, екі рет және seco — қиып өтемін, бөлемін) —   бұрыштың төбесі арқылы өтетін және оны қақ бөлетін түзу сызық. Биссектрисаның әрбір нүктесі бұрыш қабырғаларынан бірдей қашықтықта жатады, яғни бұрыштың биссектрисасы оның симметрия осі болады. Үшбұрыштың бір бұрышының төбесінен оған қарсы жатқан қабырғаға дейін жүргізілген түзу сызық кесіндісі үшбұрыштың биссектрисасы деп аталады (2-сурет).


Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген медианасы деп осы төбені қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні айтады (3-сурет).

Әрбір үшбұрышта үш медиана бар.





BD – медиана. AD = DC.

Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесіндіні үшбұрыштың орта сызығы деп атайды (4-сурет).



АВС үшбұрышының орта сызығы - DE.

Орындаңыз

Оқулықтан 44 бет №7.6 №7,7 орындамыз

Дәптерлерімізге сызбаны сызғыш пен қаламның көмегімен сызамыз.



Мұғалімнің кері байланысы

(ауызша бағалау және/немесе түсініктеме)

орындаған тапсырманы оқушы WhatsApp мобильді қосымша арқылы жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет