Пән: Информатика
Тақырыбы: Microsoft Word -та құжаттарды құру және форматтау
MS Word бағдарламасы - бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған мәтіндік процессор. Сонымен қатар бағдарлама құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кірістіруге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске қосу үшін Бастау → Бағдарламалар → Microsoft Office → MS Word командасын орындаймыз;
Егер сіздің компьютеріңізде Microsoft Office соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда Бастау→Бағдарламалар →MS Word командасын орындаймыз;
Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою
Қаріп сұқбаттық терезесін келесі әрекеттердің бірімен ашуға болады: Формат→Қаріп (Формат→Шрифт) менюі командасы;
CTRL+D пернелерінің үйлесімін басу;
Қаріп (Шрифт) жанама менюі командасы
Бұл терезеде үш қазына бар:
Қаріп, Интервал, Анимация
Қаріп қазынасы қаріптің типін, түсін, мөлшері мен оның сипатын анықтауға мүмкіндік береді.
Интервал қазынасы қаріп символдарының арасындағы қашықтықты тағайындайды.
Анимация қазынасы анимациялық әсерлерді дайындауға мүмкіндік береді.
1 сурет. Қаріп сұқбаттық терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |