Байланысты: 1 дәріс Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері
Инклюзивтік білім берудің сәтті жүзеге асуына қажетті шарттар: мемлекетте интеграцияланған (инклюзивті) білім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін немесе ұсынатын заңдардың болуы және орындалуы;
аталған заңды құжаттардың экономикалық негіздерінің қамтамасыз етілуі;
инклюзивті білім берумен байланысты инновациялық өзгерістерге кедергілердің болмауы;
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне арнайы және жалпы мамандардың жеке, маңызды мәселе ретінде қарауы;
дамуы ауытқуы бар балалардың оқуы мен тәрбиесінде кездесетін қиындықтардың алдын алу мақсатында ерте тексеру, ерте диагностика және ерте ұйымдастырылған түзету жұмыстарын жүзеге асыру, профилактика жұмыстарын жүргізу;