Пән: Инклюзивті білім беру


Инклюзивтік білім берудің сәтті жүзеге асуына қажетті шарттар



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі297,45 Kb.
#82318
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 дәріс Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері

Инклюзивтік білім берудің сәтті жүзеге асуына қажетті шарттар:
жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие істерін тұтастай өзгерту, яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға мектеп өміріне белсене араласуға мүмкіндік беретін жағдайлар туғызу;
оқушылардың арнайы білім беру мекемесінен жалпы білім беру мекемесіне ауысу қажеттілігіне байланысты ауысуға немесе керісінше қайта оралуға мүмкіндіктер туғызу;
мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік және білім алу жағдайларын туғызуда отбасының толыққанды қатысуы;
ата-аналар құқықтарын сақтау: мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары инклюзивті білім беруді немесе өзге арнайы мекемелерді таңдауға құқылы;
- инклюзивті білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету (көлік, әлеуметтік қарым-қатынастар, білім беру мекемесінің сәулеті, тұратын үйінің жақын жерде орналасуы және т.б.).
Инклюзивті білім беру мүмкіндік береді:
барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға
оқушылардың тең құқығын анықтауға және ұжым іс-әрекетіне қатысуға
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет