Операциялық алаңды дайындау.
Алдымен жүн жамылғыны қырқады немесе қырады. Осыдан кейін теріні майдан және механикалық тазарту үшін 1-2 минут бойы 0,5%- дық мүсәтір спиртіне немесе бензинге батырылған дәке тампонмен сүртеді. Бұдан кейін теріні 2 қайтара 5℅-дық йод тұнбасымен сүртеді. Йод тұнбасының орнына 5℅-дық танниннің судағы ерітіндісін, 10℅-дық калий перманганаты, 1℅-дық бриллиант көгінің спирттегі ерітінділерін қолдануғаболады. Барлық операциялық алаңдарды даярлағанда, ортасынан аншетіне қарай сүртеді. Тек іріңді ошақтарды шетінен ортасына қарай сүртеді.
Достарыңызбен бөлісу: |