Пән: Жалпы хирургия Кафедра: Жалпы хирургия Тақырыбы



бет6/14
Дата17.06.2020
өлшемі33,07 Kb.
#73749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
хир мереке

Операция жасайтын бөлме.

Операция жасайтын бөлме мен қосымша бөлмелерді операциялық блок деп атайды. Ол бөлек тұруы тиіс. Онда таза және іріңді операция бөлмелері болу керек. Егер операциялық бөлме біреу ғана болса, онда бірінші таза операциялар жасалады, содан соң іріңді. Бұлардан соң ең соңғы жинастыру әдісін естен шығармаған жөн. Іріңді операциялық бөлмені тазалау таза операциялық бөлмеге қарағанда мұқият тазалану керек. Операциялық блоктың қабырғасында және төбесінде ешбір шығыңқы орындар болмай, олар майлы сырмен боялады, еденге керамикалық плиткалар төселеді. Қазіргі операциялық бөлмелердің қабырғасы арнаулы плиткалармен қапталған, оның ақ емес, ашық жасыл не көкшіл болғаны дұрыс, себебі ақ түсті хирургтардың көздерін тез талдырады.

Жарық түсіру жеткілікті және түсті өзгертпеу тиіс. Терезелер құбылаға қарамау керек. Тікелей түскен қиғаш сәулелер хирургтың жұмысын қиындатады және хирургтың басынан, қолынан көлеңке түспей тұғын, арнаулы көлеңкесіз шамдар қолданылады. Жарық көбірек керек жағдайда қосымша шамдар, хирургтың басында шахлердің лампашасы сияқты арнаулы лампашалар қолданылады. Оларды әсіресе нейрохирургиялық операцияларда пайдаланылады.

Ауаны жаңарту, алмастыру. Операция бөлмесінің ауасы жақсы тазалануы қажет. Сол үшін ауаны көбірек тартатын суырып-сорушы аспаптарды қолдану керек. Ауаны тек салқындатып, қыздырып, ылғалдандырып қана қоймай, оның ауасын микробтардан арылту үшін арнаулы кондиционерлер қолданып жүр.



Жабдықтау.

Операциялық бөлмедегі аспаптар және жиһаздар тек жұмыс үшін керекті заттар: операциялық стол, құрал-саймандар және таңба, байлау заттарын қоятын операциялық мейіркештің столдары, хирургтың құрал-сайман столы, қан ағуын тоқтату үшін термокоагулятор, электроотсос және анестезиологиялық аппарат болуы тиіс. Оттегі баллондардың операциялық бөлмеде болмағаны жөн. Газды беру трубалар арқылы беріледі.



Наркоз бөлмесібұл наркоз аспаптары, анестезиолог пайдаланылатын дәрі-дәрмектер, құжаттар сақталатын жер. Кейде бұл бөлмеде наркоздың бастапқы кезеңдері жүргізіліп, соңынан науқас операция жасалатын бөлмеге апарылады.

Зарарсыздандыратын немесе автоклавтық бөлме – бұл операциялық киімдерді және құрал-саймандарды зарарсыздандыруға автоклавтарды, стерилизаторларды және қайнатқыштарды пайдаланылатын жер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет