мазмұны немесе пәні бойынша:
конституциялық құрылыс негіздерін бекітетін нормалар;
жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін бекітетін нормалар;
мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын бекітетін нормалар;
жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы негіздерін бекітетін нормалар.
заңи күші бойынша:
конституциялық - конституцияда көрініс тапқан нормалар
субконституциялық - конституциядан өзге актілерде, яғни заңдарда, Президенттің жарлықтарында, Парламенттің қаулыларында, Үкіметтің актілерінде, орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерінде, маслихаттың шешімдерінде, Конституциялық Кеңестің қаулыларында және т.б. көрініс тапқан нормалар.
әрекет ету аумағы бойынша:
республикалық - республиканың бүкіл аумағында әрекет ететін нормалар;
жергілікті - республиканың белгілі бір аумағының шегінде әрекет ететін нормалар.
құрамында көрсетілген ережелердің сипатына байланысты:
өкілеттік (құқық) беруші нормалар - субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық беретін нормалар;
міндет жүктеуші нормалар - адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін, міндеттілігін белгілейтін нормалар;
тиым салушы нормалар - қандай да бір әрекеттерді жасауға болмайтындығын белгілейтін нормалар.
құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталғандық, нақтылық дәрежесіне байланысты:
императивтік нормалар;
диспозитивтік нормалар;
Императивтік нормаларға өте бір қатаңдық, өктемдік тән, оның орындалуы біржақты өктем болып келеді. Мысалы, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады /35бап/. Ал, диспозитивтік нормаларда құқықтық қатынасқа түсушілерге белгілі дәрежеде еркіндіктер беріледі.
құқықтық реттеу механизміндегі атқаратын рөлі бойынша:
жалпы – анықтама, қағида, мақсат, міндет нормалары;
материалдық - мемлекеттік органдардың және басқа да субъектілердің қызметтерінің негіздерін, олардың құқықтық мәртебелерін, құзыреттерін, құқықтарын т.б. жағдайларын айқындайтын нормалар;
процессуалдық - материалдық норманың жүзеге асырылу процедурасын белгілейтін нормалар
Конституциялық құқықтық қатынастар – бұл конституциялық құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынастар.
Конституциялық құқықтық қатынастардың мазмұнына келесі элементтер кіреді:
1. субъектісі – конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылар (мемлекет, халық, мемлекеттік органдар, ұлттар, әкімшілік аумақтық бірліктер, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар, депутаттар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар);
2. объектісі - (мемлекеттік билік, мемлекеттің аумағы, материалдық игіліктер, құнды заттар, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттері, адамдардың жүріс-тұрысы, азаматтардың мүліктік емес құқықтары және т.б.);
3. субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер, заңи фактілер (оқиға, іс-әрекет).
Конституциялық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:
қоғам құрылысы мен мемлекет құрылысының негіздерін білдіреді;
басқа құқықтық қатынастардың негізі болып табылады;
қоғам өмірінің барлық жақтарында болады;
кейбір субъектілері ерекше келеді (мемлекет, халық, ұлт т.б.)
Конституциялық құқықтық қатынастар белгілі бір жағдайлардың нәтижесінде пайда болады, өзгеріп, жойылады. Ол жағдайлар – заңи фактілер. Олай болса, заңи факті дегеніміз конституциялық құқықтық қатынастарды пайда болғызатын, өзгертетін, жоятын (тоқтататын) оқиға немесе іс-әрекет. Оқиға – ол конституциялық құқықтық қатынастарды пайда болғызатын, өзгертетін немесе жоятын (тоқтататын) адамның еркіне байланысты емес жағдайлар (адамның тууылуы, өлімі, белгілі бір жасқа толуы ...) Мысалы, ҚР азаматының қайтыс болуы сол адам мен мемлекеттің арасында “азаматтық” қатынасынының тоқтатылуына негіз болады. Іс-әрекет – бұл конституциялық құқықтық қатынастарды пайда болғызатын, өзгертетін немесе жоятын (тоқтататын) әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет – мысалы, ҚР азаматының басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдауы (әрекеті) оны мен Қазақстан арасындағы “азаматтық” қатынасының тоқтауына негіз болады. Әрекетсіздік – мысалы, егер шет елде тұрақты тұратын ҚР азаматы 3 жыл ішінде дәлелді себепсіз консулдық есепке тұрмаса ол ҚР азаматтығынан айырылады. Ашып айтсақ, ол азаматтың ҚР азаматтығынан айырылуының негізі – оның әрекетсіздігі, яғни консулдық есепке тұрмауы болып табылады.
Конституциялық құқықтың қайнар көздері дегеніміз конституциялық құқықтық нормалардан тұратын актілер. Кеңірек ашып қарастырар болсақ, конституциялық құқықтың қайнар көздері болып конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамдардың құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті ммелекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардан тұратын актілер. Олардың екі түрі бар: ішкі қайнар көздер және сыртқы қайнар көздер. Сыртқы қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы бекіткен актілер кіреді (халықаралық келісімдер, шарттар, пактілер т.б.) Ішкі қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын ҚР халқымен, мемлекеттік органдарымен және лауазымды тұлғаларымен қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Олар:
Конституция;
Заңдар: конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар, шоғырландырылған заңдар және заңдар
Президенттің нормативтік жарлықтары;
Парламенттің және оның палаталарының қаулылары;
Үкіметтің қаулылары;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
Орталық атқарушы органдардың басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілері;
Декларация, регламенттер, ережелер...
ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Ол келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
1. Конституцияда барлық басқа қайнар көздер үшін бастапқы болып табылатын жалпы сипаттағы құқықтық нормалар бекітіледі. Басқа қайнар көздер Конституция нормаларынан туындалады, оның ережелерін нактылайды.
2. Конституция – онда белгіленген нормалардың мазмұнының кеңдігімен сипатталады. Конституция нормалары қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Ал, басқа қайнар көздер қатынастардың қандай да белгілі бір саласын реттейді;
3. Конституция басқа қайнар көздерге қарағанда жоғары заңи күшке ие, Қазақстанның бүкіл аумағында тікелей қолданылады;
4. Конституцияда құқық саласы қайнар көздерінің басқа да көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;
5. Конституцияда бекітілген нормалар халықтың мемлекеттік еркін жүзеге асыру нысаны ретінде болады;
6. Конституция жоғары құқықтық мәні, жоғары қоғамдық маңызы бар акт болып табылады. Оның нормалары әрбір азаматқа, қоғамдық қызметтің барлық субъектілеріне бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |