Конституцияның функциялары: Құрылтайшылық функция. Бұл функция Негізгі заңымыздың мемлекеттің конституциялық құрылысының, саясатының негізгі қағидаларын және бастауларын бекітетінін көрсетеді. Конституция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бекітеді, сондай-ақ біздің қоғамымызға тән меншік нысандарын бекітеді. Қоғамдағы барлық құқықтық қатынастар реті Конституциямен анықтылады және одан туындалады. ҚР-ң негізгі заңының құрылтайшылық функциясын осыдан байқауға болады.
Ұйымдастырушылық функция. Конституция барлық мемлекеттік органдардың жүйесін, басты функцияларын және қызметінің нысандарын бекітеді, яғни Конституция бүкіл мемлекеттік механизмнің жергілікті өзін-өзі басқарумен үйлесімдікте тиімді, ұйымдық түрде қызмет етуінің негіздерін қалайды.
Құқықтық функция. Конституция бүкіл құқықтық жүйенің ядросы ретінде болады, түрлі құқық салалары үшін негіз болып табылатын маңызды қағидаларды заңи белгілейді, түрлі құқық салаларын біртұтас құқықтық жүйеге біріктіреді.
Сыртқы саяси функция. Ол Конституцияның мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің де фундаменті ретінде болатындығын білдіреді, Конституция Қазақстанның сыртқы қатынаста ұстанатын негізгі қағидаларын белгілейді.