Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы


Тақырып 10. Парламенттің заң шығару қызметі - 10 апта, 1 сағат



бет34/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені

Тақырып 10. Парламенттің заң шығару қызметі - 10 апта, 1 сағат
Мақсаты: Заң шығармашылығына түсінік беріп, оның маңызын көрсету. Парламенттің заң шығару қызметінің құқықтық реттелуін ашып, заң шығару процесінің сатыларын сипаттау
Негізгі терминдер: заң шығару билігі, заң шығару қызметі, заң жобасы, заң, конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң, конституциялық заң, шоғырландырылған заң, заң шығару бастамашылығы, келiсу рәсiмдерi
Жоспар:
1. Заң шығармашылығының түсінігі, мемлекет өміріндегі маңызы
2. ҚР Парламентінде заң шығару процесінің сатылары
3. Заң шығару бастамашылығы: түсінігі, жүзеге асырылу тәртібі
4. Заң жобаларын Парламент палаталарында қарау және қабылдау
5. ҚР Парламентi қабылдаған заңдарға Республика Президентінің қол қоюы
Парламенттің жүзеге асыратын негізгі қызметі – бұл, заң шығармашылығы. Парламент енді Конституцияның 61-бабының 3-тармағында белгіленген, 11 тармақшаға жинақталған мәселелерге қатысты ғана заңдар шығарады. Атап айтсақ:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;
2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты. Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен (жарлық, қаулы, шешім, т.с.с.) реттеледі.
ҚР Парламентінің заң шығару қызметі 3 түрлі заң шығаруды қарастырады:
1) Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң;
2) конституциялық заң;
3) жай заң.
4) шоғырландырылған заң
Парламентте заң шығару процесі келесідей сатылардан тұрады:

  1. Заң шығару бастамашылығы.

  2. Заң жобасын Мәжілісте қарау.

  3. Заң жобасын Сенатта қарау.

  4. Заңға Президенттің қол қоюы және оны жариялау.

Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектiнiң Парламент қарауға мiндеттi заң жобасының және Парламенттiң өзге заң актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi заң шығару бастамашылығы болып табылады. Заң шығару бастамашылығы құқығы тек Мәжiлiсте ғана жүзеге асырылады және ол Республика Президентіне, Парламент депутаттарына және Республика Үкiметiне берiледi.
Палаталарда заң жобасының қаралып, қабылдануына келсек, заң жобасы алдымен Мәжілісте, одан кейін Сенатта өз кезегімен қаралады. Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда жобаны Сенат алған күннен бастап әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттiң қол қоюына берiледi. Тұтас алғанда Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылау және дауысқа салу үшiн берiледi. Сенат қайта қабылдамаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе, заң қабылданды деп саналады. Егер Мәжiлiс нақ сондай көпшiлiк дауыспен Сенат енгiзген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмдерi арқылы шешiледi.
Конституциялық заң жобасы тура осындай тәртіппен қаралып, қабылданады. Тек заңның бұл түрін қабылдау үшін депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусы қажет етіледі.
Үкiмет енгiзген заң жобасы Парламентте қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағат өтпейiнше өткiзiлмейдi. Егер сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады. Алайда Үкiмет бұл құқықты жылына екi реттен артық пайдалана алмайды.
Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент қабылдаған заңдар қабылданған күнiнен бастап он күннiң iшiнде Парламент Палаталарының әрқайсысы Төрағасының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкiмет енгiзсе, Премьер-Министрдiң қолымен алдын ала бекемделiп, Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынылады, ол Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай iшiнде қол қояды, оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайта талқылау және дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады. Тиісті мерзiмнiң iшiнде қайтарылмаған заң қол қойылды деп саналады.
Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қайта талқылау және дауысқа салу бір ай мерзім ішінде өткізіледі. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Палаталар депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын өздері қабылданған заң жобасын растайтын болса, онда Президенттің заң бойынша қарсылығы еңсерілді деп есептеледі. Бұл жағдайда заң немесе тиісінше оның баптары Парламент бірінші рет қабылдаған редакциясында қабылданды деп есептеледі және Президент осы заңға ол қол қоюға ұсынылған кезден бастап бір ай ішінде қол қояды. Егер Республика Президентінің қарсылықтары Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға енгізілген жағдайда, онда бұл қарсылықтар заңдарға қарсылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет