Пән: Материалтану Дәріс тақырыбы: Теміркөміртекті қорытпалар Дәріс тақырыбы: Жоспар Шойын және болат туралы қысқаша түсінік



Дата07.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#93418
Байланысты:
2 шойын
Даулетова-Н.

Пән: Материалтану
Дәріс тақырыбы: Теміркөміртекті қорытпалар
Дәріс тақырыбы:
Жоспар
  • Шойын және болат туралы қысқаша түсінік
  • Шойын
  • Болат
  • Олардың қасиеттері

Шойын жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көмртектің (2% жоғары) қорытпасы; темірдің көміртек (2% тен астам, әдетте (3-4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5 %-ке дейін), күкірт (0,08 %-тен аспайды), фосфор (1,8%-ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы.
Ақ шойындар – өте қатты және морттылығы жоғары, олар кескіш аспаппен жақсы өңделмейді, ақ шойыннан қыздырылған шойын алуға болады
Магнитсіз шойын түрлі электрлі машина қабатын және бондажын жасау үшін қолданылады. Бұл үшін құрамында 7-10% және 7-9% никель бар никельді-марганецті шойынды, сондай-ақ, құрамында 9,8 %марганий және 1,2-2,0% мыс бар марганецті мысты шойынды пайдаланады.
Мұндай шойындарды машина жасау саласында қолданады. Мысалы:
Магнитті шойын электрлі машина рамаларының, щиттердің корпустарын жасау үшін қолданылады. Осы мақсат үшін шар тәрізді графиті бар феритті шойын қолайлы болып табылады.
Аустенитті шойын - қышқылға төзімділігі бойынша, сілтіге төзімділігі бойынша жоғары көрсеткіштері бар. Мысалы: 1. Нирезит – құрамында 14% никель, 2% хром, 7% мыс бар. 2. Никросилал - құрамында 5% кремний, 18% никель, 2% хром бар.
Ыстыққа төзімді шойын – құрамында 20-25 % алюминийі бар шойын. Арнайы қасиеттері бар шойындарға ферроқорытпаларды – ферромарганецті, ферросилицийді жатқызады
01
02
03
04
Арнайы қасиеттері бар шойындар
Болатмашина жасау өндірісінде, сондай-ақ түрлі құралдарды жасау үшін
кең қолданылатын негізгі материал. Ол салыстырмалы түрде қымбат емес және көптеп өндіріледі. Болат механикалық, физика-химиялық және технологиялық қасиеттердің құнды кешендеріне ие. Болатты химиялық құрамы, белгіленуі, сапасы, қышқылдану дәрежесі және құрылымы бойынша жіктейді.
Химиялық құрамы бойынша жіктелуі
Химиялық құрамы бойынша болаттарды көміртекті және қоспалы деп бөледі. Құрамындағы көміртекке байланысты қасиеті бар болатты көміртекті деп атайды. Көміртекті болатттар құрамындағы көміртегі бойынша төмен көміртекті (0,25% -ға дейін), орта көміртекті (0,25-0,6%) және жоғары көміртекті (0,6%-дан аса) болып бөлінеді.
Қоспалы деп талап етілген қасиеттерді беру үшін құрамына арнайы элементтер енгізілген болатты айтамыз. Енгізілген қоспалаушы элементтердің саны бойынша оны 3 топқа бөледі: төмен қоспалы (2,5%-ға дейін), орташа қоспалы (2,5-10%-ға дейін) және жоғары қоспалы (10%-дан аса). Енгізілген элементтерге байланысты болаттарды – хромды, марганецты, хромникельді деп бөледі.
Белгіленуі бойынша жетілуі.
Белгіленуі бойынша болаттарды құрылымдық, құралдық және арнайы қасиеттері бар арнайы белгіленудегі болаттар деп бөледі.
Құрылымдық болаттар машина бөлшеутерін, аспаптарды және құрылыс элементтерін жасауда кең қолданыс тапқан. Құрылымдық болаттардан цементтелетін, жақсаратын, автомат болатты, беріктігі жоғары, рессорлы – пружиналы болаттарды айқындауға болады.
Құралдық болаттарды кесу және өлшеуіш аспаптарын, суық және ыстық деформациялау штамптарын жасау үшін қолданады.
Арнайы белгіленудегі болаттар – бұл тот баспайтын (корризияға төзімділер), ыстыққа төзімді, ыстыққа берік, тозуға төзімді және т.б. болаттар.
Сапасы бойынша жіктелуі. Сапасы бойынша болаттарды – қарапайым сапалы, сапалы, жоғары сапалы, аса сапалы деп жүктейді.
Сапа деп металлургиялық процесте анықталатын болат қасиеттернің жиынтығын түсіндіреді. Болаттың құрылысы және қасиеттері, химиялық құрамының біртектілігі құрамындағы зиянды қоспаларға және газдарға байланысты (оттегі, сутегі, азот). Сапасы бойынша болаттарды бөлудегі негізгі көрсеткіштері құрамындағы зиянды қоспалардың нормалары болып табылады (күкірт, фосфор).
Қарапайым сапалы болаттар күкірттің 0,06%-ын және фосфордың 0,07%-ын құрайды, сапалы болаттар күкірттің 0,035%-ға дейін және фосфордың 0,035% -қосындысын, жоғары сапалы – 0,025 % күкірт және 0,025 % фосфор, ал аса жоғары сапалылар – 0,015% күкірт және 0,025% фосфорды құрайды.
Қышқылдану дәрежесі бойынша жіктелуі. Қышқылдану дәрежесі бойынша болаттарды жайлы, жартылай жайлы және қайнаушы деп жіктейді. Сұйық болаттан оттегіні жою процесін қышқылдану деп атайды.
Тынық болаттармарганецпен, алюминиймен, кремниймен пеште және ожауда жақсы қышқылданған. Олар газды шығармай-ақ, жайлы қатаяды.
Болаттың иілгіштік қасиетті көлденең қимадан тік қимаға қарағанда өте төмен.
Қайнаушы болаттар – тек марганецпен қышқылданады. Олар жеткіліксіз қышқылданған. Құю алдында олардың құрамында оттегі көп болады, ол қалыптың қатаюы барысында көміртекпен жартылай әрекеттеседі және сол көміртек тотығының көпіршіктері түрінде шығып болаттың жалған «қайнауын» тудырады. Қайнаушы болаттар арзан. Олардың құрамында кремнийі (0,07%) аз, бірақ газ тәрізді қоспалардың саны көп, төмен көміртектілермен балқытады. Мұндай болаттың қалыптарын прокаттау барысында көміртек тотығымен толтырылған газ көпіршіктері қайнайды. Автомашина шанақтарын (кузова автомобилей) жасауға арналған, болаттан жасалған мұндай беттер жақсы штампталады.
Жартылай тынық болаттар – олар қышқылдану дәрежесі бойынша тынық және қайнаушы болаттар арасындағы аралық орынды алады. Олардың жартысын пеште және ожауда, ал қалған жартысын – металл құрамындағы көміртек есебінен қышқылдандырады.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет