Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет42/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж


V. Қорытындылау.

Студенттерді бағалау.
VI. Үй тапсырмасын беру.
Зарарсыздандыру түрлері мен әдістері
Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері
Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.
Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.
Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан қүюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.
Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазарту өткізіледі.
Залалсыздандыру – бұл эәдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдар және бөлек диагностикалық аппаратуралар түрлері, медициналық құралдар, пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.
Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

1 кезең – зарарсыздандыру,


2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,
3 кезең – залалсыздандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет