ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын құрайды.Мейірбикелік үрдіс – мейірбике мен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету мақсатында туындайтын мәселелер жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік машықтанудың ғылыми әдісі.Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.
Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:
Пациентті күту және күтім көрсетудегі мақсатқа жетудегі нәтижесін
бағалау.
Мейірбикелік үрдістің кезеңдері, оның өзара байланыстығы Және әрбір кезеңнің мазмұны Мейірбикелік үрдістің негізгі бес кезеңі бар:
I кезең - мейірбикелік тексеріс немесе пациенттің қажеттілігін анықтау үшін және мейірбикелік күтімге керекті ресурстар жағдайларын бағалау.
II кезең - пациенттің мәселелерін анықтау. Бұл кезеңді пациент жағдайын мейірбикелік диагностикалау деп атауға болады.
III кезең - пациентке қажетті көмектерді жоспарлау.
IV кезең – жоспарды жүзеге асыру
V кезең – мейірбикелік күтімінің қорытынды бағасын шығару.
Мейірбикелік үрдістің құжаттары пациенттің жағдайын бақылау картасында жүргізіледі.Мейірбикелік технологияның жаңа жетістігі денсаулық сақтау практикасына кәсіби іс әрекетінің стандарттарын қолдану арқылы мейірбикелік қызметті енгізу болып табылады.Стандарт - бұл бірыңғай және міндетті түрде қолданылатын үлгі, норма. Стандартты күту жоспары – пациенттің белгілі бір мәселелері бойынша сапалы күтімді қамтамасыз ететін мейірбикелік қызымет көрсетуінің базалық деңгейі. Жекелік күту жоспары – мейірбикенің іс-әрекетінің толығыменжазбаша тізімін алу. Сондықтан жекелік күту жоспарын орындау үшін, мейірбике арнайы күтім стандарттарын білуі қажет.