Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы



бет1/15
Дата08.02.2022
өлшемі70,76 Kb.
#130926
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
дефек АРБ


  1. .Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы
    Адам болмысынын даму тарихында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның қатынасы тіршілік әрекетінде әр кезеңнін әлеуметтік деңгейіне сәйкес сөйлеу әдеттерінің формасымен сипатталды. Мұндай түсініктерді қазіргі таңдағы адамдардың пікірлері мен көзқарастарынан жиі ажыратуға болады. Демек, әрбір кезеңнің моделі бар.
    «Сырқат адам» моделіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлға сырқат адам болады. Бұл сырқат адамның емдеу үрдісін жүргізетін объект ретінде қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық көмек көрсетудің маңызы зор, бірақ мұндай балалардың білім алуындағы мүмкіндіктерінің шектеулігі оқыту мен әлеуметтендіруді оңайлықпен меңгерілмейді. Сондықтан да білім беру бағдарламалар медициналық ем көрсетумен бірдей қарастырылуы қажет. Қоғам мүмкіндігі шектеулі баланы – сырқат адам деп қабылдағандықтан, оларға тек медициналық көмек көрсетіп, білім беру жүйесін тысқары қалдырады. Қоғамның белсенді дамуымен бұл модель адамның мүмкіндіктерін шектейтін ауытқушылықтың себептері мен пайда болуын клиникалық ғылыми зерттеуге және қажетті алдын алу шаралары мен жеке ауруларды емдеуге ынталандырды. Дегенімен, қазіргі таңда өз маңыздылығын төмендетті.
    «Қоғамға қауіп төңдіретін» модель дамуында ауытқушылығы бар тұлғалардың кейбір категорияларына (ақыл-ойы кем, естімейтін, психикалық ауытқушылығы бар) байланысты пайда болды. Әлеуметтік орта адамдардың пікірінше осы категориядағы балалар ауруды тасушы «бақытсыздықты тасушы» материалды және моральды шығын келтіреді деген. Аталған мәселеге байланысты қоғам өзін «қауіп-қатерден» сақтау үшін әлеуметтік ортадан алшақ орналасқан, кейде қатаң тәртіп негізінде жабық мекемелер мен интернаттар ашыла бастады. Мұндай жағдай да оқыту мүлдем болмады немесе жеткіліксіз деңгейде болды.
    «Аяушылық білдіру» моделі адамның жеке тұлғасының дамуына, өз-өзіңе қызмет көрсетуге ынталануына кедергі келтіреді. Модель мүмкіндігі шектеулі адамның өмір бойы балалық жаста қалатын адамдарға (мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балаларға кеңінен таралған) тән. Бұл модельдің негізгі міндеті – бұл білім беру мен дамытуға көмекпен қамтамасыз етпей, керісінше, қоғамнан жекелеу арқылы қоршаған ортадағы «жамандықтан» мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау, тіршілік етудің қолайлы ортасын құру болып табылады.
    «Дамыту» моделі мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы мен даму қабілеттілігінің деңгейін көрсетеді. Бұл модельге сәйкес қоғам мүмкіндігі шектеулі баланың толыққанды дамуына жауапты; қоғам мұндай балаларға педагогикалық түзету мен дамыту үшін тиімді жағдайлар жасауға міндетті. Бұл модельдің талаптарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның мүшелері сияқты барлық құқықтарға ие: өзінің тұрғылықты жерінде өмір сүруге, оқуға, жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, өз еркімен достарды таңдауға және достық қатынас пен барлығымен тең болуға құқылы. Мұндай модельді жүзеге асыру «қалыпты жағдайға ұмтылу» қағидасына сәйкес келуі мүмкін. Мүгедектік тек медициналық аспектімен шектелмейді, оған қоса барлығымен тең құқықтарға ие болмауымен әлеуметтік проблема болып табылады.

  2. Дефектология (лат. Defectus - кемістік, грек. logos - сөз, ілім педагогикалық ғылымдарға жатады. Кемістігі бар балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеудің және оқытудың ерекшеліктерін зерттейді.Ғылым таным саласы – ретінде дефектология денесінде және психикасында кемістігі бар балаларды және оларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен шұғылданады.Дефектология бірқатар дербес салаларды біріктіреді, олар есіту қабілетінің кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданатын - сурдопедагогика; көру кемістіп бар балаларды окыту және тәрбиелеу - тифлопедагогика; ақыл кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу - олигофренопедагогика; тіл мүкісін зерттеу және түзету мәселесімен айналысатын - логопедия. Дефектологияның құрамына кемістіп бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арңайы психология да кіреді.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет