Тіл мүкістігі – жеке дыбыстардың дұрыс айтылмауынан сөздің бұзылуы. Баланың кекештеніп, “р” әрпін айта алмауы – тіл мүкістігінің айқын дәлелі болып табылады. Тіл мүкістігінің бірнеше түрі бар:
сигматизм – С, З, Ц, Т, Ж, Г, Щ әріптерін дұрыс айтпаудан сөздің бұзылуы;
сақаулық – Р әрпін айта алмау; лямбдацизм – Л дыбысын дұрыс айтпау не басқа дыбыспен ауыстырып айту;
быдықтық – дауыс ырғағының бұзылуы және дыбысты дұрыс айта алмаудан сөздің түсініксіз шығуы;
дизартрия – әріптерді дұрыс айта алмағаннан сөз көркемдігінің бұзылуы.
Тіл мүкістігінің пайда болуына көптеген себептер әсер етеді. Ең негізгі себебінің бірі баланы дұрыс тәрбиелемеу, яғни ата-анасының не бала бақшасында тәрбиешінің баланың жастайынан қалай сөйлей бастағанына көңіл аудармауы. Кейде баланың ауыз аппаратындағы кемістіктер де (мысалы, тістің қисық шығуы, таңдайдың, тілдің жырық болып туылуы, т.б.) тіл мүкістігінің болуына әкеледі. Егер баланың есту қабілеті нашар дамыған болса, ол айтылған сөзді дұрыс естімейді де оны құлағында анықтап сақтап қала алмайды. Сондай-ақ жүйке жүйесінің зақымдануынан да сөздің бұзылуы мүмкін (мыс., миға қан құйылу). Тіл мүкістігін емдеу кемістіктің пайда болу себебіне байланысты жүргізіледі. Бала тәрбиесінің дұрыс болмауынан болған тіл мүкістігін емдеуді логопед-дәрігер жүргізеді, ауыз аппаратындағы кемістіктерді жою үшін хирургиялық (көбінесе пластикалық) операция жасалынады
Қазіргі таңда психологиялық –педагогикалық әдебиетте коррекциялық–педагогика- лық іс-әрекетті жүйелі зерттеу мәселесі, коррекциялық іс-әрекет пен біртұтас педагогика- лық процестің байланысын қарастыру мәселесі әлі де толықтай шешімін таппаған. Мінез –құлқы мен дамуындағы ауытқушылығы бар балалармен коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің мәні мен табиғатын айқындау үшін арнайы білім беру мекемелерінің педагогикалық практикасына, дефектология мен арнайы психология мен педагогика саласындағы зерттеулерге сүйенеміз. Педагогикалық энципклопедияда коррекция ұғымы аномалды балалардың психикасының және дене бітіміндегі кемістігін педагогиканың тәсілдері мен іс –шаралардың арнайы жүйесі көмегімен түзету болып айқындалады. Коррекция педагогикалық ықпал ретінде қарастырылып, жеке дефектіні түзетуге бағытталған машықтанушы жаттығулар ғана емес, бала тұлғасына бүтіндей ықпал ету болып ұғынылады. Арнайы анықтамалық әдебиетте «коррекция» аномалды балалардың дамуындағы кемістікті әлсірету немесе жоюға бағытталған, сонымен қатар жеке ауытқушылықты ғана емес аномалды балалардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған арнайы педагогикалық іс –шаралар жүйесі болып табылады.