Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет22/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

Дамытушылық: Студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді жауапкершілік, ұйымшылдық, жанашырлық, адалдық қасиеттеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, үлестірмелі материалдармен жұмыс
Сабақтың уақыты: 50 мин
Сабақтың өту орны: № 304 кабинет
Пәнаралық байланыс: хирургия ісі, ішкі аурулар, физиология
Сабақтың жабдықталуы: презентация, дәрістер,оқулықтар.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ,
Студент білуі тиіс: Қабылдау бөлімшесінің қызметтерін.
Студент істей білуі тиіс: триаж жүйесімен пациенттерді аймақтарға бөлуді.

Сабақтың хронокартасы мен құрылымдық – логикалық сызбасы
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5мин.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру – 5мин.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру – 30мин.
IV. Жаңа сабақты бекіту – 5мин.
V. Қорытындылау – 3мин.
VI. Үй тапсырмасы – 2мин.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Студенттермен амандасу, оларды түгендеу
ә) Сабаққа даярлығын тексеру
б) Бас киім, халатын, бейджігін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Сұрау, қорытындылау
ә) Ашылмаған мәселелерді талқылдау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Аурухананың орталық қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері:

  • науқастарды қабылдау және тіркеу;

  • науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагностика;

  • жаңадан түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу;

  • квалифицирленген медициналық көмек көрсету;

  • науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау.

Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі.Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:

  • Науқастарды ауруханаға жатқызу және жатқызудан бас тартуды тіркейтін журнал –ф. №001/у.

  • ф. №003/у.3. ф. №066/у.

  • ф. №058/у.5. ф. №060/у.

Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене жылуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының сыртқы бетін (003 |у формасы). Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066/у) жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС - ке шұғыл хабарлама (058/у формасы) толтырады.Ауруханаға туушы әйелдер мен жұқпалы аурулардан баска науқастардың барлығы орталық кабылдау бөлімі арқылы түседі. Инфекциялық бөлімшеге және туу үйіне орталықтанбаған түрде осы ғимараттардың арнайы бөлінген бөлмелері (санитарлық өткізгіші немесе қабылдау-қарау боксы) арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, шұғылк көмекті қажет ететін науқастар кейде қабылдау бөліміне апарылмай бірден реанимация бөлімшесіне жеткізіледі. Қабылдау бөлімі күту залынан, мейірбикенің кезекшілік бөлімінен (тіркеу орны), бір немесе бірнеше қарау бөлмелерінен, емшаралық бөлмеден, таңу, ал кейде кіші операция бөлмесінен, изолятордан, санитарлық өткізгіштен, ренген кабинеттен, зертханадан, санитарлық бөлмеден тұрады. Күту залы жүретін науқастар мен оны алып келген туыстарына арналған. Мұнда үстел және жеткілікті мөлшерде орындытар болуы керек. Қабырғаларға емдеу бөлімшелерінің жұмыс тәртібі, емдеуші дәрігермен сөйлесу сағаты, науқастарға әкелуге болатын тағамдар тізімі, аурухана анықтама қызметінің телефоны туралы деректер ілінеді. Сонымен қатар, науқастарға келуге болатын күндер мен сағаттар керсетілуі қажет. Күту залының жанында кезекші мейірбикенің бөлмесі болады.Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі. Емшаралық бөлме, таңу (таза және іріңді), сондай-ақ, кіші операция бөлмелері шұғыл көмек көрсетуте арналған. Сонымен катар, қабылдау
бөлімінде диагнозы түсініксіз науқастарды жатқызатын бірнеше палата болады. Бұл палаталарда жеке санитарлық бөлме болуы қажет, Ауруханаға түскен науқастарды санитарлық өңдеу үшін қабылдау бөлімінде санитарлық өткізгіш (булау, душ, киім ауыстыратын бөлме және т.б.) бар. Науқасты санитарлық-гиниеналық өңдеуді мейірбике басқарады. Бұл өңдеу қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгішінде жүргізіледі және мына төмендегілерден тұрады:

  • дезинсекция - науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді (биттерді) кұрту;

  • гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;

  • науқасқа таза ауруханалық киімдерді кигізу.

Қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгіші қарау, шешіну, булау-душ және киіну бөлмелерінен тұрады. Санитарлық тазалау кезінде науқастар қозғалуының бағытын қатал сақтаған жөн: қарау бөлмесінен науқастар киінетін «таза» бөлмеге қарай, яғни гигиеналық булау немесе душтан кейін науқас шешінетін жерге қайтадан бармауы керек.Санитарлық өткізгіш науқасы санитарлық-гшиеналық өңдеуді жүргізуге қажетті заттармен жабдықталған. Бұл жерде кушеткалар, таза және кір киімдерге арналған шкафтар мен бөшкелер, санитарлық өңдеуге арналған заттар қойылған шкаф немесе үстел: клеенка, монша сабыны, "таза жөкелер" деген жазуы бар белгіленген ыдыстағы жеке жуынуға арналған жөкелкер, шашты алатын машинкалар, қырынатын кұралдар, қайшылар, сондай-ақ, судың, ауаның жылуын өлшейтін термометрлер, ваннаны санитарлық тазалауға арналған арнайы жөкелер мен щеткалар, санитарлық өткізгіштің бөлмелерін зарарсыздандыруға және жууға арналған шелек және т.б. заттар.Қабылдау бөлімінің мейірбикесі санитарлық-гигиеналық өңдеуді бастамас бұрын педикулезді анықтау үшін науқастың шаш жабындыларын тиянақты қарауы қажет. Бит табылған жағдайда (басқа жұқпалы аурулар табылғандағыдай) науқасты толық (науқасты моншада немесе ағын судың астында сабын және жөкемен жуындырады, науқастың үстіндегі іш киімдеріндегі, сырт киімдеріндегі, аяқ киімдеріндегі және тұрғылықты жеріндегі төсек жабдықтарындағы микроорганизмдерді жою керек, яғни дезинфекция мен дезинсекция) өңдеу немесе жартылай өңдеу (тек науқасты жуындырады және киімдерін зарарсыздандырады) жүргізеді.Бас шашындағы биттерді жою үшін бұрындары жиі қолданатын әдіс -керосин мен өсімдік майы бірдей мөлшерде алып араластырып баска жақса шашты қырықпай аман алып қалуға болады. Бұрындары қолданылатын әдістердің бірі 20% бензилбензоат суспензиясынан дайындалған сабынды ерітінді, 5% бор майы, бутадион, метилацетофос, ниттифор, карбофос және т.б. Қазіргі кезде дезинсекциялық шараларды жеңілдететін арнайы су сабындар мен лосьондар («Педикулин», «Рид», «Элко-инсект» және т.б.) бар.Ауруханаға түскенде егер керек болса науқастар гигиеналық тұрғыдан моншада немесе ағын судың астында жуынады. Ол кезде монша алдын ала 1 % хлорамин ерітіндісімен өңделеді, сабынмен және ысқышпен жуылып ыстық сумен шайылуы керек. Судың температурасы шамамен 42 градустай болуы керек. Науқасты жуындыру реті: басы, денесі, колдары, шап аймағы, бел тұсы, іші және аяқтары. Жуындыру ұзақтыш 30 минуттан аспауы керек, Гигиеналық монша мен ағын суда жуындыруды шындығына келгенде барлық науқастарға бірдей қолдана бермейді, онын себептері түрліше. Жоспарлы түрде жатқызылатын науқастар жеке басының тазалығын үйлерінде реттеп келеді. Аурухананың арнайы киім кешектері қазіргі кезде нашар және көбіне жарамсыз болып жатады, сондықтан науқастар ауруханада үйлерінен әкелген киімдерін киіп жүреді.Ауыз, жұтқыншақ, мұрын шырышты қабығынан жағынды алу қабылдау бөлімінде жүргізіледі. Бұл үшін залалсыз металл жаққыш (залалсыз пробирканың тығыны аркылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) колданылады. Бадамша безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен жұқа қабаттың шығарымдарын егу үшін науқасты жарыққа таман отырғызады, аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп алады. Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын, палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға бірден жіберген жөн.Қабылдау бөліміне науқастар мынандай тәсілдермен әкелінуі мүмкін.

  • жедел жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, мертігулерде, жедел ауруларда және созылмалы аурулар өршігенде);

  • бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен (үйде емдеу нәтижесіз болғанда) – жоспарлы

  • жатқызу;

  • басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден ауыстыр ақылы (әкімшіліктің

  • келісімімен);

  • «Өздігінен» (ауруханаға жақын жерде жағдайының нашарлауына байланысты

  • науқастың өз бетімен келуі).

Ауруханаға жатқызылмаған науқасты қабылдау бөлімінің дәрігері амбулаторлық ем немесе басқа емдеу мекемесіне жолдауды және апаруды анықтайды немесе қабылдау бөлімінде бақылауға қалдырады немесе үйіне қайтуға рұқсат береді.Қабылдау бөлімі (сырқатты қабылдайтын жер) аурухананың бір бөлімі, ол сырқаттарды қабылдауға, тіркеуге, тексеруге және санитарлық гигиеналық жуып шаюға арналған. Қабылдау бөлімшесінде алғашқы диагноз, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Қабылдау бөлімшесі аурухананың жоспары мен құрылысына қарай орналасады. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі болады. Орталықтандырылған қабылдау бөлімі дегеніміз аурухананың барлық бөлімшелерінің бір қабылдау бөлімі болады.Орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі бөлек орналасады және әрбір бөлімнің дербес бөлімшелері болады. Қабылдау бөлімшесі аурухана территориясына кіруге жақын және сырқаттарды тасымалдауға ыңғайлы жерде болуы тиіс. Ол үшін ыңғайлы төселген немесе асфальтталған жолдар, зембілдер мен оларды тасымалдау үшін кең баспалдақтар мен есіктер қажет.Науқастар ауруханаға жоспарлы және жедел түрде түсуі мүмкін

  • жоспарлы түрде келген науқастар – жолдамамен келгендер.

  • Жедел түрде түскендер– жедел жәрдем машинасымен, өздігінен келгендер.

Қабылдау бөлімі аурухананың ең маңызды бөлімі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет