Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік


Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқасы №6



бет25/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқасы №6

Тақырыбы: Посттық мейіргер емшара кабинетінің қабылдау бөлімшесі мейіргерлерінің лауазымды міндеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге білім алу посттық емшара кабинетінің міндеттері мен жұмыс ережелерін түсіндіру.
Дамытушылық: Студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Студенттерді жауапкершілік, ұйымшылдық, жанашырлық, адалдық қасиеттеріне тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, үлестірмелі материалдармен жұмыс
Сабақтың уақыты: 50 мин
Сабақтың өту орны: № 304 кабинет
Пәнаралық байланыс: хирургия ісі, ішкі аурулар, физиология
Сабақтың жабдықталуы: презентация, дәрістер,оқулықтар.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ,
Студент білуі тиіс: посттық мейірбике жұмысының міндеттерін.
Студент істей білуі тиіс: емшара кабинетінің жұмысын.

Сабақтың хронокартасы мен құрылымдық – логикалық сызбасы
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5мин.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру – 5мин.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру – 30мин.
IV. Жаңа сабақты бекіту – 5мин.
V. Қорытындылау – 3мин.
VI. Үй тапсырмасы – 2мин.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Студенттермен амандасу, оларды түгендеу
ә) Сабаққа даярлығын тексеру
б) Бас киім, халатын, бейджігін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Сұрау, қорытындылау
ә) Ашылмаған мәселелерді талқылдау


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене жылуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының сыртқы бетін (003 |у формасы). Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066/у) жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС - ке шұғыл хабарлама (058/у формасы) толтырады.Ауруханаға туушы әйелдер мен жұқпалы аурулардан баска науқастардың барлығы орталық кабылдау бөлімі арқылы түседі. Инфекциялық бөлімшеге және туу үйіне орталықтанбаған түрде осы ғимараттардың арнайы бөлінген бөлмелері (санитарлық өткізгіші немесе қабылдау-қарау боксы) арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, шұғылк көмекті қажет ететін науқастар кейде қабылдау бөліміне апарылмай бірден реанимация бөлімшесіне жеткізіледі. Қабылдау бөлімі күту залынан, мейірбикенің кезекшілік бөлімінен (тіркеу орны), бір немесе бірнеше қарау бөлмелерінен, емшаралық бөлмеден, таңу, ал кейде кіші операция бөлмесінен, изолятордан, санитарлық өткізгіштен, ренген кабинеттен, зертханадан, санитарлық бөлмеден тұрады. Күту залы жүретін науқастар мен оны алып келген туыстарына арналған. Мұнда үстел және жеткілікті мөлшерде орындытар болуы керек. Қабырғаларға емдеу бөлімшелерінің жұмыс тәртібі, емдеуші дәрігермен сөйлесу сағаты, науқастарға әкелуге болатын тағамдар тізімі, аурухана анықтама қызметінің телефоны туралы деректер ілінеді. Сонымен қатар, науқастарға келуге болатын күндер мен сағаттар керсетілуі қажет. Күту залының жанында кезекші мейірбикенің бөлмесі болады.Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі. Емшаралық бөлме, таңу (таза және іріңді), сондай-ақ, кіші операция бөлмелері шұғыл көмек көрсетуте арналған.Мейірбикенің жұмыс орны бөлімшенің дәлізінде, бұл жерде мейірбикелік тұрақ-пост орнатылған. Пост палаталарға жақын орналастырады, өйткені мейірбике барлық өзіне қарасты палаталарды көріп отыру керек. Посттың жабдықталуы: үстел, құрал-жабдықтарды және дәрі - дәрмектердің сақталуына арналған шкафтар, наркотикалық және күшті әсер ететін дәрілік заттарды сақтайтын сейф, дәрілік заттарды сақтауға арналған тоңазытқыш (инфузиялық ерітінділерге), дәрі- дәрмектерді таратуға арналған қозғалмалы үстел. Мейірбикелік пост телефонмен, үстел үсті лампасымен, палаталардағы науқастар шақыру үшін арналған сигнализация нүктесі, қолжуғыш. Кезекші мейірбике аурухананың барлық бөлімшелерінің телефондар тізімімен қамтамасыз етілуі керек (сонымен қатар, шаруашылық қызметі), авариялық жағдайдағы қызметтер, науқастарды эвакуациялау жоспары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет