Пән: “Мәдениеттану (бакалавр)’’ Дәріс тақырыбы: Арғы түркілердің мәдени мұрасы



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі64,79 Kb.
#120203
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәдениеттану 6
ген, Психология 4апта, БӨЖ 4 саясаттану, оти срс, оти срс, Сертификаттау туралы жалпы мәлімет, Syllabus - Ph. and chem. meth. of anal. , практика 2 мадениеттану, Эссе Тарих Тунгатарова. Ж., Эссе Тарих Тунгатарова. Ж., «Экономикалы дамуды кластерлік принципі» елді б секеге абіле, «Экономикалы дамуды кластерлік принципі» елді б секеге абіле, механика лек, Дәріс13

Көк бөрі-түркілерге маңызы

  • Ертедегі гректердің жазбаларында турлар немесе тұрандар мен массагеттер бір ұғымды білдірген. Сол кездегі парсы жазбаларында оларды сақтар (ауданы “ит” немесе “бөрі”, “көк бөрі”) деген. Ол иран, грек-латын және қытай жазбаларында да дәлелденген. Ертедегі аңыздарға жүгінсек, түркілер өздерін бөріден тарағанбыз дейді. Түркілердің Алтай өңірінен шыққаны туралы жырланған “Көк бөрі“ дастанындағы көне аңыздың қысқаша мазмұны мынандай: Көне заманда “Со” елінің көсемі Қапан-пу аса қайырымды әрі асқан батыр болыпты. Оның өзіне жақын он алты бауырының біреуінің анасы бөрі екен. Анасы бөрі бала ер жетіп үйленеді. Оның екі әйелі болады. Сол екі әйелдің біреуі – қыс Тәңірісінің қызы, ал екіншісі жаз Тәңірісінің қызы екен. Екі әйелдің әрқайсысы екі-екіден ұл табады. Тұңғыш ұл аса күшті, қайсар, болып өседі. Оған бұл елде ешкім тең келмейді. Сол үшін оған халық “Түркі”, яғни күшті, мықты, ержүрек деп ат қойыпты. Бүкіл түркі халқы сол “Түркінің” ұрпағы екен. “Көк бөрі” дастанындағы бұлардан басқа да аңыз-хикаялардың негізгі айтары – ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі дегенге келіп саяды. Әр кездегі түркі мемлекеттерінің туларында көк бөрі бейнеленген. “Көк Тәңірі”, “Көк аспан”, “Көк бөрі” - осының бәрі түркілер үшін қасиетті ұғымдар. Сондықтан олар бөріні өздерінің пірі санайды. Ол туралы Сүйінбай Аронұлының: Бөрі басы – ұраным, Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым, – деген жыр жолдарынан түркі халықтары үшін қасиетті “бөрінің” генетикалық ес деңгейіндегі ұғым екенін көреміз. Көптеген тарихи деректерде сақтарды иран тілділер, яғни парсылар деп жүр. Бұл мәселенің жауабын көне түркінің “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген мақалы береді. Мұның мағынасы – бассыз бөрік болмайтыны сияқты, парсыларсыз түркі де болмайды. Мыңдаған жылдар көрші тұрып, қоян-қолтық араласқан екі халықты ажырату өте қиын. Сондықтан да болар, Геродоттан бастап көптеген тарихшылар сақ атаулының барлығын скифтерге жатқызған.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Укипедия https://kk.wikipedia.org/wiki/Түркілер
  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет