Бүлшық етке егу жасау
Бүлшық етте өте көп қан және лимфа тамырлары бар, сондықтан дәрілер тез және түгелімен сорылады. Дәрілерді тері астына енгізгенде ауырсыну, қиын сорылу жағдайлары болса және тез терапиялық тиімділігіне жету үшін, тері астына енгізуді бұлшық етке енгізумен ауыстырады.Бүлшық етке егуді көп бүлшык ет тарамдары бар жерлерге және үлкен тамырлардан, жүйкелерден алыстау жасау керек.Бүлшық етке егуді жасау үшін ең ыңғайлы жерлер: жамбас, иық, сирақ бүлшық еттері.Егу жасау үшіи жуандығы 0,8 — 1,0 мм және ұзындығы 6-8-10 см инелермен қолданады. Иненің ұзындығы терінің шел қабатьның жуандығына байланысты болып келеді, енгізгенде ине тері шел қабатын тесіп, бұлшық ет аралығына бару керек. Бұлшық етке егу жасаудың ен, жәқсы бөлігі — бөксе бөлігі болып табылады. Бірақ онда құйымшақ жүйкесі және ірі қан тамырлары өтеді, егуді тек қана жоғарғы сыртқы бөлігіне жасайды, яғнибөксені ойша төртке бөліп, жоғарғы сыртқы бөлігіне (1/4 бөлігі) жасайды.
дәрілік заттын еңгізу көлемі – 5,0-10,0 мл.
2. иненің еңгізу бұрышы - 900С бұрышпен
еңгізу терендігі - 3-3,5см
еңгізілетін жері - бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне
Достарыңызбен бөлісу: |