Пән: «Мейіргер ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 "Мейіргерлік іс"\ 0301000 – «Емдеу ісі» Біліктілігі



бет18/50
Дата29.12.2021
өлшемі136,12 Kb.
#106131
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
раб.тетрадь Дәрілік ем ТИПО2

2.Арнайы шприцтер, күшті әсерлі дәрілік заттардың аздаған мөлшерін, сондай-ақ неғұрлым дәлірек мөлшерлеуді қажет ететін сывороткалар мен вакцикаларды екгізу үшін 0,1 - 0,01 мл бөлік «бағасы» бар сыйымдылыгы 1 - 2 мл шприцтерді қолданады. Парентеральды енгізуге арналған дәрілік заттардың мөлшері көбінесе миллилитрмен жэне миллилитр үлесімен көрсетіледі. Мөлшерді белгілеудің басқа да түрлері болады. Мысалы, қант диабетімен сырқаттанатын науқасқа инсулинді әсер ету бірлігінде енгізеді. Инсулинді енгізу үшін сыйымдылыгы 1 - 2 мл арнайы шприцтер шығарылады. Олардың цилиндрлеріндегі бөліктер миллилитр үлестерін емес, «әсер ету бірліктерін» көрсетеді.

3.Жане шприці сыйымдылығы 100, 200мл болады, қуыстарды жууға, жасанды тамақтандыруға арналған

Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін алу үшін шприцтің бөлігінің «бағасын», яғни цилиндрдің жақын орналасқан екі бөлігінің арасында ерітіндінің қандай мөлшері болуы мүмкін екендігін білу, шприцтердің цилиндрлерінде шприцтің сыйымдылығын көрсететін бөліктер және цифрлар болады. Бөліктердін «бағасын» анықтау үшін миллилитр мөлшерін көрсететін цилиндрдегі ине астылық конусқа жақынырақ орналасқан цифрді табу керек, содан кейін осы цифр мен ине астылық конустың арасындағы бөліктер санын анықтап, ине астылық конусқа жақын цифрді бөліктер санына бөлу керек. Осы шприцтің бөліктерінің «бағасы» болады. Мысалы, сыйымдылыгы 20 мл шприцтің ине астылық конусқа жақын цифр 10. Осы цифр мен ине астылық конустың арасындағы бөліктер саны 5. 10 мл-ді 5-ке бөлгенде 2 болады, яғни сыйымдылығы 20 мл шприцтің бөліктерінің «бағасы» 2 - ге тең. Сыйымдылығы 10 мл шприцтің бөліктерінің» «бағасы» 5 мл-ді 5 бөлікке бөлу арқылы анықталады - ол 1 мл - ге тең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет