Дәрілік заттарды енгізудің парентеральды тәсілінің артықшылықтары :
1. Әсерінің жылдамдығы.
2. Мөлшерлеудің дәлдігі, өйткені асқазан сөлінің және ас қорыту ферменттерінің дәрілік заттарға әсері болмайды.
3.Бауырдың кедергілік ролі болмайды.
4.Шуғыл жағдайда қолдану .
5.Ес тұссіз жағдайда қолдану .
Дәрілік заттарды енгізудің парентеральды тәсілінің кемшілігі :
1.Асқынулардың болулары
2.Асептика және антисептика ережелерін өатан сақтау керек.
3.Мед. білім кажет.
Кәзіргі кезде қолданылатыт шприцтердің тұрлері:
1.Бір реттік қолданылатын шприцтер
Инъекцияға арналған шприц - поршеньге арналған үлкен және инеге арналған конусы бар кішкене - тесігі бар қуыс цилиндрден, стержень мен сабы бар поршеннен тұрады; Қазіргі кезде пластмассадан жасалған, зауыт жағдайында залалсыздандырылған бір рет пайдаланылатын шприцтер . Бұл шприцтердің орауының сыртына қолдануға болатын мерзімі көрсетілген. Шприц герметикалық болуы керек, яғни цилиндр мен поршеннің арасынан ауа да, сұйықтық та өтпеуі керек.
Инъекцияға арналған шприцтер, ең алдымен, инъекцияның түріне және енгізілетін дәрілік заттардың мөлшеріне байланысты таңдап алынады. Мысалы, тері ішіне енгізілетін ерітінді әдетте 0,5 мл -ден аспайды, тері астына - 0,5 - 2 мл, бұлшық етке 1-10 мл.
Инъекцияға арналған шприцтердің сыйымдылығы - 1, 2, 5, 10 және 20 мл.
Достарыңызбен бөлісу: |