8.Асқыну: тромбофлебит (тромб пайда болуымен тамырдыңқабынуы, көк тамырға иньекция жасағанда болатын асқыну).
Асқынудың белгілері: тамырдыңжүрісімен ауырсыну,қан кернеу (гиперемия), инфильтрат. Дененің қызуы көтерілуімүмкін.
Асқынудың себептері: көк тамырдың бір жеріне жиі егужасағанда, өткір емес инелерді қолданғанда.
Асқынудын, алдын-алу: көк тамырларға кезектеп егу жасау және өткір инелерді қолдану.
Асқынуды емдеу: дәрігер нұсқауымен.
9.Асқыну: некроз (үлпалардың өлі еттенуі).
Асқынудың белгілері: егу жасаған жерінде ауырсынудың көбеюі, ісіңу, қан кернеу (гиперемия), гиперемиямен бірге цианоз (көгеру), содан кейін күлбіреу, жаралар пайда болу.
Асқынудың себсптері: тері астына қателесіп қатты тітіркендіретін дәріні енгізгенде (мысалы, 10% кальций хлориді).
Асқынудың алдын-алу: егулердіенгізу жерлеріне ғана қатаң жіберу (10% кальций хлориді ерітіндісін - тек қана көк тамырдың ішіне).
4. Асқынуды емдеу:
1)егуді тоқтату;
жіберген ерітіндіні шприцке қайтадан барынша сорып алу;
егу жасаған жеріне 0,5% новокаин ерітіндісін енгізугеболады, ол жіберген дәрінің концентрациясын азайтып, ауырсынуды басады;
егу жасаған жеріне мүзды мүйықты қою.
Ескерту: 10% кальций хлориді ерітіндісін қателесіп тері астына жібергенде - резеңке бүрауды байламайды, ерітінді сол жерді қатты тітіркендіру әсері әпден қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |