5.Бициллинді егу ерекшеліктері
Бициллин тек бұлшық етке егіледі.
Әр түрлі ауруларды (ревматизм, инфекциялық асқынулар) емдеу және алдын алу үшін қолданылады, пенициллиннің қатарына жатады. Микробқа қарсы әсері бар.
Флаконда шығарылады 300000ЕД, 600000ЕД, 1200000ЕД, 1500000ЕД.
1. Бициллин қатаң түрде инъекция алдында инъекцияға арналған сумен ерітіледі. Бициллинді еріткен кезде суспензия пайда болады.
2.Иньекцияны тез жасау керек, себебі суспензия тез арада кристалланады.
3.Пациент толығымен иньекцияға дайын болу қажет. Пациенттің көзінше абайлап ерітіндіні дайындаймыз. Ерітіндіні дайындағанда суспензия көпіршектенбеу керек.
4.Препаратты бұлшық етке терең еңгізу қажет: инені бұлшық етке енгізгеннен кейін поршеньді тартып, иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу керек.
5. Дәріні енгізіп болған соң инъекция орнына жылы қойып, науқастың жағдайын бақылау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |