Қолдануға болмайтын жағдай: анемия, жара бар аурулар, қан аурулары.
Дәрінің мөлшерін тек қана дәрігер белгілейді, тері астына, көк тамырға еңгізеді.
2. Магний сульфатын қолдану ерекшеліктері
Бұл дәрі спазмолитикалық, гипотензивті әсер етеді. 25% магний сульфат ерітіндісі. Көк тамырға және бұлшық етке еңгізіледі. Гипертониялық криз болғанда, жұктілік преэклампсиясын емдегенде күре тамырға жәймен жіберіледі. Көк тамырға тамшылатып еңгізеді. Бұлшық етке еңгізуде өте ауыртпалы препарат, новокайын ерітіндісімен, терең еңгізу қажет.
3.10% кальций хлорид ерітіндісі.Гемостатикалық, қабынуға қарсы әсер етеді. Жағымсыз дәмді. Асқазанның шырышты қабығын тітікендіреді. ҚАТАҢ күре тамырға 5-10-15 мл 10% кальций хлорид ерітіндісін жіберіледі. Күре тамырға ерітіндіні жаймен және мұқият жіберіледі, тері ішіне немесе тері астына жіберуге болмайды ткандердің өлі еттенуі (некроз) пайда болады. Тері астына немесе бұлшық етке кеткен жағдайда осы жерлерге тез арада 3-5 мл 10% натрий хлорид жіберу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |