Мейірбике тұрған жақтағы кереуеттің қырындағы тұтқаны (егер де олар болса) түсіріңіз;
Кереуеттің бас жағын жатық қалыпқа келтіріңіз
Жағдайы нашар пациенттін матрастың үстіне қабатты ақжайма, жастықтың тысын да екі қабаттап салады. Ауа райына, күн мезгіліне байланысты қалың көрпе тысымен беріледі.
Пациенттін төсек жабқыштарында қатты тігістер кедергі жасамау керек. Мейірбике пациентке үнемі көңіл аударып, жағдайын сұрап, қамқорлық жасауы керек. Отыруға ыңғайлы қалып болу үшін төсектің басын көтеру керек, аяғын тізесіне дейін жиып отырғызу керек. Бас жағын көтеру үшін бірнеше жастық қойып биіктетуге болады. Аяқ жақтыда да биіктету үшін, жастық, валик, тізенің астын жоғарлату арқылы түзеуге болады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!Негізгі функционалдық төсек пациентке әлдеқайда жақсы жағдай тұғызуы қажет. Сетканың үстіне тегіс матрас салады. Несеп пен нәжіс ұстай алмайтын пациенттердін матрасы үстіне жамбастың астына жаялық салады және оның шеттерін төсек кірлемеу үшін матрастың астына бүктейді. Жағдайы нашар пациенттін ақжапқыштың үстіне жаялық немесе екіге бүктелген басқа ақжапқыш салады. Басына жастық қояды (біреу немесе екеу). Пациентке көрпе тысы бар көрпе береді, жыл мезгіліне байланысты ең жақсы жүнді көрпе. Ауыр пациенттін ақ жаймасында, жастықтың, көрпенің тысында түймелер болмауы тиіс.
Мейірбике пациенттін жатысы жақсы болуын әрқашанда байқап жүру керек (мүшенің немесе жүйенің немесе жүйенің жақсы жұмыс істеуі үшін). Ол үшін ең жақсысы үш қозғалмалы бөлімнен тұратын функционалды төсекті қолданған жөн. Төсектің аяқ жағында немесе жанына орналасқан тұтқалар арқылы оның бас жағын көтеруге болады (отыратын жағдайға дейін). Бас жағының көтерілетін, сонымен қатар бас астына қоятындарын жастық ретінде қоюға болады. Аяқ жағынан көтерілуін жастықтың немесе тізенің астына салынған валик арқылы істеуге болады.