Пән мұғалімі: Жорықбаева Самал Химия еліне саяхат. Сайыстың мақсаты



Дата31.03.2018
өлшемі35,64 Kb.
#39928


Пән мұғалімі: Жорықбаева Самал

Химия еліне саяхат.

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығуы немесе білімді терең игеруі сабақпен ғана шектелмейді. Сабақтан тыс қызықты химиялық жарыс білім мен біліктілікті тудырады. Осындай танымдық қабілеттерін дамытып, химияға қызығуын арттыру мақсатында өтілген сайысымыздың мақсаты оқушылар арасынан химия ғылымына ынталы, талапты, алғыр оқушыны анықтау және оларды ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа баулу.

Байқау жеті кезеңнен тұрады:



Жургізуші.

Қызық думан, өміріміз ғаламат,

Қас қаққанша жаңа қала ана бақ.

Қыруар істің қайсысында болса да,

Құдіретті химия жүр аралап.

Жарқырап күн көзінде болашағы,

Химия қиындықпен таласады.

Химия ырыс, құтты көкке шырқай,

Ертеңгі болашаққа жол ашады.

Сонымен құрметті сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Әр оқушы өз ұстанымын айтып, өзін «Сиқырлы микрофон» әдісі арқылы таныстырады.

Қазылар алқасы сайланып, сайыс басталды.

1 кезең. » Мен кіммін?»

Әр топқа жеке-жеке сұрақ қойылады. Дұрыс жауап-10 ұпай.

1.Бірінші бөлігім «көп емес», екінші бөлігім «тілсіз жау» деген мағынада, химиялық қай элементпін?

2.Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді?

3.Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі?

4.Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепіреді. «А» деген элемент, бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі еш уақытта жанып көрген емес. Бұл қай элемент?

5.Қыздырып соқсаң иленеді. Балға мен төстен именеді?

2 кезең. Химиялық жұмбақтарды шешу.

1.Екі элементтен тұрамын,

Күрделі қосылыс түземін.

2.Ес-түссіз адам қалса кейде,

Иіскетсең есін жияр ол лезде.

3.Шыдасаң да 6 күн ассыз мулде,

Шыдау қиын бұл затсыз 2 күнге

4.Өмір мен ойдың элементі

5.Жалын, түтін шығармай,

Шатыр-шұтыр жанамын,

Ал қанекей айтыныз,

Қай қосылыс боламын.

6.Өсімдіктен аламын,

Өміріме нәр қыламын.

Бойыма ол сінген соң,

Сыртқа оны шығарамын.

7.Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,

Кім бар екен ортада оны білмес.

8.Кескен боламын кесілмейді,

Кесілсе де бөлінбейді.



3 кезең.

Элементтерді жүйелеуге әркімдер ақ еңбек еткен,

Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен.

Заманында бар элементті топқа бөліп,

Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен.

Білімді мыңды жығады. Викториналық сұрақтар

1.Д.И.Менделеев неше жасында оқуға барды?

2.Д.И.Менделеевті алғаш ғылымға қызықтырған ұстазы кім?

3.Д.И.Менделеев өзінің магистрлік диссертациясын қашан және неше жасында қорғады?

4.Д.И.Менделеев өзінің магистрлік диссертациясын қашан және неше жаста, қандай тақырыпта қорғады?

5.Нешінші элемент Д.И.Менделеев атымен аталады, кім ашты?



4 кезең. « Алтын сандық» Есептер шығару.

5 кезең. Полиглот

Жеті жұрттың тілін біл. Химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек.

1.Өзі ауыр металға жатады. Емшілер қорықтық құюға қолданады.

2.Осы затпен ескі уйді аластайды. Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.

3.Алтын, ...... тас екен,

Арпа, бидай ас екен.

4.Ең жеңіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан бастау алады.

5.Ел іші .......... бесік.



6 кезең. Топ басшыларының сайысы.

А. Ертеде Египеттегі Ливия шөліне күн құдайы Аммонға арнап мешіт салған. Сол мешітке жан-жақтан жұрт көп келген. Жергілікті халық келгендерге ақ ұшпа тұз сатқан. Осы тұзды қыздырып тұрған металл бетіне сепсе, ол тап-таза жылтыр болып шығады екен. Бұл қай тұз?

Б. «Техникалық қауіпсіздік ережесі». Матаға калий перманганаты ерітіндісі төгілген дақты қандай ерітіндіні пайдаланывп кетіруге болады?

7 кезең.» Кім жылдам»

Ойын шарты: Химия туралы өлең жолдарын ортаға салу.

Сайыстың соңында әділ қазылар алқасы топтардың алған ұпайларын есептеп, жеңімпаздарын анықтайды. Сайыс барысында белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет