Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет7/10
Дата20.12.2023
өлшемі46,34 Kb.
#198093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пән «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып Сүректің микроскÐ

Сүректің майысуы - сүректі кептіргенде және ылғалдандырғанда тақтайдың көлденең кескін пішіні өзгереді. Осындай пішіннің өзгнруін майысу деп атайды. Майысу көлденең кескінде және ұзына бойы болуы мүмкін. Көлденең майысу тақтайдың көлденең кескін пішінінің өзгеруіне әкеп соғады. Ол радиал және тангентал бағыттағы айырмашылықтарынан туындайды. Тақтайда өзек болса, майысу жоғарлайды. Тангентал бағытта кебу, радиалды бағыттағы кебуден көбірек болғандықтан тақтайдың майысуы жиі кездеседі. Тақтайлар ұзындығы бойынша доға пішінді немесе винт тәрізді бұралып майысады. Алғашқы доға тәрізді майысу болғанда тақтайда ядро мен шелқабық болуы мүмкін. Винт тәрізді бұралып майысу көбінесе сүрек талшықтары бұралып өскен тақтайларда кездеседі. Тілінген материалдар майыспауы үшін оларды дұрыс текшелеп жинау, кептіру және сақтау қажет.
Сүректің жылу өткізгіштігі - сүректің бір қабатынан қарама қарсы екінші жағына дейін жылудың өту қабілетін айтады. Бұл көрсеткіш ағаш түріне, тығыздығына, ылғалдығына және кескін бағытына байланысты болады. Жылу өткізгіштік коэффициенті – 0,17-0,31Вт/м°. Құрғақ сүрек жылуды нашар өткізеді.
Сүректің дыбыс өткізгіштігі - сүрек қабатының дыбысты өткізу қабілеттілігін айтады. Талшық бойымен сүректің дыбыс өткізілуі ауаның дыьыс өткізуінен жоғары. Ал талшыққа көлденең 3-4 есе жоғары болады.
Сүректің электр өткізгіштігі дегеніміз - оның сүрек бойымен электр тоғын өткізуіне қарсыласуын айтады. Ол ағаш түріне, тампературасына, талшық бағытына және ылғалдылыққа байланысты болады. Құрғақ сүректің электр тоғын өткізуі өте нашар, сондықтан оны изолияциялық материал ретінде қолдануға болады.


Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 5
Тақырып: Сүректің кебуі.Кебуді анықтау.Сүректің ісінуі мен тығыздығы.
Сүректің кебуі дегеніміз - сүректің құрғауы кезінде анатомиялық элементтердің кішіреюіне байланысты мөлшерімен көлемінің азаюын айтады. Бос ылғалдың толық шығуымен байланысқан ылғалдың алғашқы бөлігі буға айналып кеткеннен кейін кебу басталады. Кебу әртүрлі кескінде біркелкі болмайды. Шамамен тангентел бағытта кебу 6-10%, кардиалды бағытта 3-5% және талшық бойымен 0,1-0,3%-ға дейін болады. Бос ылғалдың булануы кезінде сүрек көлемінің кішіреюін көлемдік кебу деп атайды. Бөренелерді тақтайға тілгенде кебуге байланысты қосалқы мөлшер (припуск) ескеріледі. Себебі тілінген материалдар атмосферада немесе камералық кептіруде мөлшері кішірейеді. Соған орай стандартты мөлшерде қосымша мөлшер ескерілуі тиіс. Мысалы: жаңа кесілген бөренені өлшегенде номиналды ұзындығы (өлшеген кездегі ұзындық) 6м-15м болады делік, припускті есептейтін болсақ 3-6см алынып тасталынады. Тұтынушыға стандартты мөлшер ретінде 6м деп есептеп сатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет