Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы


Тақырып: Сүректің беріктігі және оны қорғау



бет17/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 10

Тақырып: Сүректің беріктігі және оны қорғау.

Антипирендер мен антисептиктер




Сүректің беріктігі дегеніміз - оның пайдалану кезіндегі физикалық (механикалық емес), химиялық және биологиялық (саңырауқұлақтар, бактериялар) әсерлерден бұзылуға қарсыласу қабілеті. Осыған байланысты оны физикалық факторларға қарсы беріктігі, химиялық факторларға қарсы беріктік және биологиялық факторларға қарсы беріктік деп те бөлуге болады. Химиялық факторларға қарсы беріктіктің маңызы шектеулі ғана: осы беріктік сүректің қышқылдармен, сілтілермен жанасқанда ғана көрінеді. Физикалық (ең негізгілері температура мен ауаның ылғалдылығы) және биологиялық факторлар сүрекке көптеген жағдайларда бірдей әсер етеді, ал сүректің бұзылуы негізінен биологиялық факторлардың әсерінен басталады.
Зерттеулер болжамы бойынша, әрқилы ағаштардың сүректерін сақтаған кезде және қолданғанда әртүрлі жылдамдықтармен бұзылады. Көптеген лабораториялық зерттеулердің болжамдары бойынша, сүректер ағаш түрлеріне байланысты биологиялық факторларға қарсы беріктіктері де әртүрлі болады.
Сүректің саңырауқұлақтарға қарсы беріктігі қылқан жапырақтылар үшін шайыр заттарын ұстағанға байланысты болса, жапырақты ағаштар үшін тері илейтін заттардың барлығына байланысты болады. Мысалы, қарағай сүрегінің беріктігін, шырша беріктігімен салыстырсақ, қарағайдың беріктігі жоғары болады – себебі қарағайда шайыр құрамы көп. Ал жапырақты ағаштардың беріктігін салыстырсақ, емен сүрегінің беріктігі шетенмен салыстырғанда (тері илейтін заттардың құрамына, мөлшеріне байланысты) жоғары.
Бір ағаш түрлерінің арасындағы беріктік сүрек тығыздығына байланысты. Осы туралы көптеген зертеулердің нәтижелері белгілі. Ағаш жасы ұлғайған сайын сүректің беріктігі артады.
Шіруге қарсы кедергінің болуы сүректің діңдегі алып отырған орнына байланысты. Негізінен ядроның беріктігі шелқабық беріктігімен салыстырсақ жоғары.
Әртүрлі ағаштардың сүректерінің салыстырмалы беріктіктері полигонда сынау арқылы байқауға болады. Әдістеме бойынша мөлшерлері 15х15х220 мм үлгілерді қатарлап жерге тік (вертикальды) қағып қояды, жерден шығып тұратын биіктік үлгілердің жалпы биіктігінің жартысына тең болуы керек. Жыл сайын үлгілерді жерден шығарып, жағдайларын тексереді және бұзылу дәрежелерін анықтап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет