Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы


Дәріс № 9 Тақырып: Негізгі ағаш түрлері және оларды пайдалану



бет16/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Дәріс № 9
Тақырып: Негізгі ағаш түрлері және оларды пайдалану
Әрбір ағаш түрлері сүрегінің құрылысында басқа ағаш түрлерінен ерекшеленетін өзіне тән макроскопиялық белгілері болады. Төменде ТМД аймағында өсетін маңызды ағаш түрлері сүрегінің өзіне тән макроскопиялық белгілерінің сипаттамасы берілген.
Сібір балқарағайы: шелқабығы жіңішке; жылдық қабаттары анық көрінеді; кеш сүрек жақсы дамыған; кеш сүрек пен ерте сүрек аралығында ауысу аймағы жоқ; шайыр жолдары ұсақ, аздау.
Кәдімгі қарағай: шелқабығы жалпақ; жылдық қабаттары жақсы көрінеді; кеш сүрек орташа дамыған; кеш сүрек пен ерте сүрек аралығында ауысу аймағы жоқ; шайыр жолдары ірі, әрі көп.
Сібір самырсыны: шелқабығы жалпақ; жылдық қабаттары көрінеді; кеш сүрек нашар дамыған; кеш сүрек пен ерте сүрек аралығында ауысу аймағы бар; шайыр жолдары ірі; сүрегі қызғылт реңді.
Кәдімгі шырша: шелқабығы піскен сүректен түсі бойынша ерекшеленбейді; кеш сүрек нашар дамыған; кеш сүрек пен ерте сүрек аралығында ауысу аймағы жоқ; шайыр жолдары ұсақ, аздау.
Сібір майқарағайы: шелқабығы ашық түсті піскен сүректен түсі бойынша ерекшеленбейді; кеш сүрек нашар дамыған; шайыр жолдары жоқ.
Жидекті тис :шелқабығы жіңішке; ядро сүрегі қызыл түсті, түсі бойынша шелқабықтан ерекшеленеді; жылдық қабаттары толқын тәрізді; шайыр жолдары жоқ; сүрегі ауыр.
Кәдімгі арша: шелқабығы сары түсті, қоңыр-сары түсті ядродан түсі бойынша онша ерекшеленбейді; жылдық қабаттары аздап толқынды; шайыр жолдары жоқ; сүрегінде ерекше иісі болады.
Мәңгі жасыл сауырағашы: шелқабығы салыстырмалы жалпақ; ядросы сары түсті, қызғылт реңді; жылдық қабаттары аздап толқынды; шайыр жолдары жоқ; сүрегінде ерекше иісі болады.
Кәдімгі емен: шелқабығы жіңішке, түсі бойынша ядродан шұғыл ерекшеленеді; барлық кескінде жалпақ өзек сәулелері байқалады; кеш сүректе ұсақ түтікшелер радиалды жолақтарын (жалын тілшелерін) түзеді; түтікшелердің қуыстары ашық.
Талшын: шелқабығы жіңішке, түсі бойынша ядродан ерекшеленеді; барлық кескінде жіңішке өзек сәулелері нашар байқалады; кеш сүректе ұсақ түтікшелер радиалды жолақтарын (жалын тілшелерін) түзеді, бірақ еменге қарағанда нашар көрінеді; түтікшелердің қуыстары ашық.
Кәдімгі шаған: шелқабығы жалпақ, түсі бойынша ядродан онша ерекшеленбейді; барлық кескінде жіңішке өзек сәулелері нашар байқалады; кеш сүректе ұсақ түтікшелер шашырап орналасқан ашық түсті нүктелерді түзеді; түтікшелердің қуыстары ашық.
Кәдімгі шегіршін: шелқабығы жалпақ, түсі бойынша ядродан әлсіз ерекшеленеді; өзек сәулелері жіңішке, көлденең және радиалды кескіндерде байқалады; радиалды кескінде жалтырайды; кеш сүректе ұсақ түтікшелер тұтасқан толқынды тангенциал сызықтар түзеді.
Қарағаш: шелқабығы жіңішке, түсі бойынша ядродан ерекшеленеді; өзек сәулелері жіңішке, көлденең және радиалды кескіндерде байқалады; радиалды кескінде қошқыл түсті; кеш сүректе ұсақ түтікшелер тұтасқан толқынды тангенциал сызықтар түзеді.
Феллодендрон: шелқабығы жіңішке, түсі бойынша ядродан шұғыл ерекшеленеді; өзек сәулелері жіңішке, көлденең және радиалды кескіндерде байқалады; кеш сүректе ұсақ түтікшелер қысқа толқынды ашық түсті сызықтар түзеді; сүрегі жібек тәрізді жылтырайды.
Ақ қараған: шелқабығы өте жіңішке, түсі бойынша ядродан шұғыл ерекшеленеді; өзек сәулелері жіңішке, көлденең кескінде байқалады; ядродағы түтікшелері тиллалармен бітелген және ашық түсті нүктелер түрінде көрінеді; кеш сүректе ұсақ түтікшелер ашық түсті нүктелер және үзілген толқын сызықтар түзеді; сүрегі жібек тәрізді жылтырайды және ауыр.
Нағыз пісте ағашы: шелқабығы жалпақ, түсі бойынша ядродан ерекшеленеді; өзек сәулелері жіңішке, көлденең кескінде байқалмайды; ядродағы түтікшелері тиллалармен бітелген; кеш сүректе ұсақ түтікшелер ашық түсті қиғаш радиалды және аздап толқын тәрізді сызықтар түзеді.
Кәдімгі қармала: шелқабығы жалпақ, түсі бойынша ядродан онша ерекшеленбейді; өзек сәулелері өте жіңішке, көлденең және радиал кескіндерде байқалады; ядродағы ірі түтікшелері тиллалармен аздап бітелген; кеш сүректе ұсақ түтікшелер ашық түсті нүктелер және қысқа толқынды сызықтар түзеді.
Тұт ағашы: шелқабығы жіңішке, түсі бойынша ядродан ерекшеленеді; өзек сәулелері өте жіңішке, әрі көп; көлденең және радиал кескіндерде байқалады; ядродағы ірі түтікшелерінің біразы тиллалармен; кеш сүректегі ұсақ түтікшелер ашық түсті нүктелер түзеді және сыртқы шекарасында қысқа ирек тәрізді жолақтарға ауысады.
Маклюра: шелқабығы өте жіңішке, түсі бойынша ядродан ерекшеленеді; өзек сәулелері өте жіңішке, көлденең және радиал кескіндерде нашар байқалады; ядродағы түтікшелері тиллалармен бітелген; кеш сүректе ұсақ түтікшелер аздап толқын сызықтар және нүктелер түрінде орналасқан; сүрегі жібек тәрізді жылтырайды және қатты.
Грек жаңғақ ағашы: шелқабығы жалпақ, түсі бойынша ядродан онша ерекшеленеді; өзек сәулелері өте жіңішке, көлденең кескінде нашар байқалады; көлденең кескіндегі ірі түтікшелері жылдық қабатта салыстырмалы біркелкі орналасқан; сүрегі сұр түсті.
Құрма ағашы: шелқабығы түсі бойынша піскен сүректен ерекшеленбейді; ірі түтікшелері көлденең кескінде жылдық қабаттарда салыстырмалы біркелкі орналасқан және жақсы көрінеді, ақшыл түсті; өзек сәулелері өте жіңішке, көлденең кескінде нашар байқалады, тангенциал кескінде көлденең қатарға шоғырлнған; сүрегі сарғыш сұр түсті.
Шамшат: шелқабығы түсі бойынша піскен сүректен ерекшеленбейді; жалпақ өзек сәулелері аздау, әрі барлық кескіндерде жақсы көрінеді; тангенциал кескінде биіктігі 3-5 мм қошқыл түсті штрих тәрізді көрінеді.
Шынар ағашы: шелқабығы түсі бойынша ядордан онша ерекшеленбейді; өзек сәулелері жалпақ, әрі көп, барлық кескіндерде жақсы байқалады, тангенциал кескінде ерекше текстура түзеді.
Кәдімгі граб: шелқабығы түсі бойынша піскен сүректен ерекшеленбейді; өзек сәулелері жалған жалпақ, саны көп, тангенциал кескінде жақсы көрінеді; жылдық қабаттардың пішіні толқынды; сүрегі ақшыл сұр түсті, қатты, ауыр.
Қара қандыағаш: өзек сәулелері жалған жалпақ, көп емес. Ақшыл сызық тәрізді; шелқабықты; сүрегі сарғыш реңді қызыл түсті; сүрегі жұмсақ, жеңіл.
Мәңгі жасыл самшит: шелқабығы түсі бойынша піскен сүректен ерекшеленбейді; жылдық қабаттары өте жұқа, жақсы көрінеді; өзек сәулелері тек қана радиал кескінде жақсы байқалады және жылтыр, жіңішке, қысқа жолақ түрінде байқалады; сүрегі сарғыш түсті, кейде сұрғылт реңді, өте қатты, әрі ауыр.
Кәдімгі алмұрт ағашы: шелқабығы түсі бойынша піскен сүректен ерекшеленбейді; өзек сәулелері тек қана радиал кескінде жақсы байқалады; ашық түсті жылдық қабаттағы ерте сүрек әлсіз көрінеді; сүрегі қызғылт немесе қызыл-қоңыр түсті, ауыр, әрі қатты.
Жабайы алма ағашы: шелқабығы түсі бойынша қызғылт-қоңыр түсті ядродан ерекшеленеді; өзек сәулелері радиал кескінде әлсіз байқалады; ашық түсті жылдық қабаттағы ерте сүрек жақсы көрінеді; сүрегі алмұрт ағашына қарағанда жұмсақтау.
Қызыл бұта: шелқабығы түсі бойынша қызыл-қоңыр түсті ядродан ерекшеленеді; көптеген жіңішке өзек сәулелері барлық кескіндерде жақсы байқалады; сүрегі тығыз, әрі қатты.
Кәдімгі мойыл: шелқабығы жалпақ, түсі бойынша сарғыш-қоңыр түсті ядродан бірден ерекшеленбейді; өзек сәулелері радиал кескінде жақсы байқалады және көптеген жіңішке сызықтар түрінде көрінеді; сүректің түсінен әлсіз ерекшеленеді; сүрегі жұмсақ, дымқыл күйінде айрықша иіс береді.
Кәдімгі шетен: шелқабығы түсі бойынша қызғылт-сары түсті ядродан онша ерекшеленбейді; жылдық қабаттары барлық кескінде көрінеді; өзек сәулелері радиал кескінде байқалады және көптеген жіңішке жылтыр біршама қошқыл түсті сызықтар түрінде көрінеді; сүрегі біршама ауыр және қатты, ауада қызыл түске боялады.
Үшкір жапырақты үйеңкі: шелқабықты; жылдық қабаттары барлық кескінде көрінеді; көптеген, жіңішке өзек сәулелері көлденең және радиал кескіндерде жақсы байқалады, тангенциал кескінде олардың биіктігі 0,5 мм, радиал кескінде текстура түзеді; және сүрегі жылтыр (әсіресе радиал кескінде) ақшыл түсті, сарғыш немесе қызғылт реңді, біршама ауыр және қатты.
Қотыр қайың: шелқабықты; жылдық қабаттары әлсіз көрінеді; өзек сәулелері тек қана радиал кескінде жақсы байқалады, жіңішке қошқыл түсті; сүрегі ақшыл түсті, сарғыш немесе қызғылт реңді, біршама ауыр және қатты.
Ұсақ жапырақты жөке: шелқабығы түсі бойынша піскен сүректен ерекшеленбейді; өзек сәулелері жіңішке, саны көп, көлденең және радиал кескіндерде көрінеді, радиал кескінде түсі бойынша сүректен әлсіз ерекшеленеді; жылдық қабаттары онша ерекшеленбейді; сүрегі ақшыл түсті, қызғылт реңді, жұмсақ және жеңіл.
Көктерек: шелқабықты; жылдық қабаттары көлденең және тангенциал кескіндерде көрінеді; өзек сәулелері радиал кескінде әлсіз көрінеді, сүрегі ақшыл түсті, жасыл реңді, жұмсақ және жеңіл.
Қаратерек: шелқабығы жалпақ, түсі бойынша сұр-қоңыр түсті ядродан онша ерекшеленбейді; жылдық қабаттары барлық кескіндерде көрінеді; өзек сәулелері тек қана радиал кескінде көрінеді және қошқыл түсті сызық тәрізді, сүрегі жұмсақ және жеңіл.
Ақ тал: шелқабығы жіңішке, түсі бойынша қызыл-қоңыр түсті ядродан ерекшеленеді; жылдық қабаттары барлық кескіндерде көрінеді; өзек сәулелері тек қана радиал кескінде әлсіз көрінеді; сүрегі жұмсақ және жеңіл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет