Өнімнің белгісі (параметры) – 1). Сапалық параметр. Мысалы: тілінген материалдың химиялық бөлінуі. 2). Сандық параметр. Мысалы: тілінген материалдың саны (дана), жалпақтығы, ұзындығы тағы басқалары санмен берілетін көрсеткіштері.
Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 12
Тақырып: Орман сортименттерінің негізгі кластарының сипаттамасы.
Дөңгелек орман материалдары
Дөңгелек орман материалдары - бұл топқа кіретін тауарлар негізінен ағаш діңін механикалық өңдеу нәтижесінде алынады. Мұнда іске жарамды және отын ретінде тауарлар дайындалады.
Маркерлеудің мақсаты сортименттер қолданылуын, өлшемдерін және сапасын мерзімдік стандартқа сәйкестендіру. Оның халық шаруашылығындағы маңызы зор. Өйткені, ол-өнім сапасын арттыру күресіндегі негізгі құрал өнімді тез өткізу мен қабылдауды қамтамасыз етеді. Орман өнімдерінің өлшемдері мен сортын қайта анықтауды болдырмайды және сорттау жұмыстарын автоматтандыру мен механикаландырудағы міндетті шарты болып табылады. Дөңгелек кәделік материалдар мен отындық долготьны даналап маркерлеу солқылдақ шыбықтарды раскряжевкалау орындарында жүргізіледі. Тығыз шамады данамен есептелетін жуандығы 14см және одан жоғары орман материалдарын маркерлейді.
Жиналған шамада есептелінетін жуандығы 13см дейінгі дөңгелек орман материалдары (ұзындығына тәуелсіз) сондай-ақ, ұзындығы 2м және одан төмен орман материалдары (жуандығына тәуелсіз) маркерленбейді. Маркерлеуге жатпайтын орман материалдарының мәліметтері арнаулы дәптерге жазылады. Жону, сүргілеу үшін, авиа тілінген материалдар үшін, шаңғы және төсек дайындамалары үшін қолданылатын орман материалдары, сондай-ақ, бағалы жапырақты ағаш түрлерінің (жаңғақ, шынар, алма, алмұрт, шаған, талшын, берест, шәмшат және үйеңкітұқымдастар) орман материалдары ұзындығына тәуелсіз маркерленеді.
Даналап маркерлеу деп - әр сортименттің жоғарғы ұшына сортименттің қолданылу мақсатын, сортын және жуандығын көрсететін маркалар салынады. Шартты белгілер суға төзімді бояулары бар еріген сүректерде болады. Ал, құрғақ жолмен жеткізілетін орман материалдары үшін дәл осындай бояумен немесе бормен жазылады.
Авиациялық, резонансты, висказды целлюлоза жасайтын, сондай-ақ, дөңгелек түрде пайдаланылатын (мачталықтан басқалар) орман материалдарында сорт белгісі болмайды. Өйткені, олар тек бір сортта ғана дайындалады.
Маркерлеуді жеңілдету және оған белгілі жүйе енгізу мақсатында кәделік орман материалдары негізгі 4-топқа бөлінген және қолданылуының шартты белгілері әрқайсысына жекелеп қойылады. Әр топ сортименттері қолданылуының негізгі шартты белгілері: бірінші топ үшін – П әрпі (пиловочник), екінші топ үшін – Л әрпі (лущение), үшінші топ үшін – К әрпі (короткомер) және төртінші топ үшін - С әрпі (стройлес). Ерекшеленген топтар ішіндегі жекелеген сортименттерді белгілеу үшін осы әріптердің әр түрлі үйлесімдері қолданылады
Дөңгелек орман материалдарына қойылатын техникалық талаптар:
Достарыңызбен бөлісу: |