Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет26/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 14
Тақырып: Жарылған, аршылған, сүргіленген және ұнтақталған орман материалдары. Олардың сипаттамасы және қолданылуы
Аршылған орман материалдары – ағаш діңі спираль бойынша аршып тілу нәтижесінде алынады.
Сүргіленген орман материалдары – жалпақ қабатта арнаулы пышақтармен тілу арқылы материалдар алынады.
Жарылған орман материалдары – сына тәрізді аспаппен талшық бойына бөлшектеу арқылы алынады.
Ұнтақталған сүрек – ағаш жаратын машиналар, фрезерлі тілу агрегаттары, бөлшектегіштер, ұнтақтағыштар, жаңқа тілу станоктары және басқа ұрылғылар көмегімен сүректі арнаулы өңдеу нәтижесінде алынады. МЕСТ 3243-46 стандартты отынның қылқанды және жапырақты түріне арналған. Олар жылытуға, құрғақ қарашірікке пайдаланылады.
Отынның басқа түріне қарағанда ағаштың жылыту күші аз. Толықтай құрғақ древисинаның жылу қабілеті 4700-5100 ккал/кг аралығында ауытқиды. Бұл ауытқу әр түрлі древисинаның біркелкі химиялық құрамымен түсіндіріледі. Ағаштың жеке жылу күші сүрекдіңнің қалыңдығына байланысты сүрекдіңнің ылғалдығымен, түрімен, гнильмен, күйдірілу деңгейімен анықталады.
Жеке жылыту күшіне байланысты ағаштар 3 түрге бөлінеді:

  1. қатты жапырақтылар (емен, шаған, үйеңкі, қайың, шәмшат) және балқарағай.

  2. қарағай және қарағаш

  3. қылқан жапырақталар (шырша, майқарағай, самырсын) және жұмсақ жапырақтылар (көктерек, жөке, терек, үйеңкі) типі.

Ұзындығы 3м-ге дейінгі ағаштар жинақталған, ал 3м-ден артықтары тығыз шамамен, МЕСТ 2708-44 кестесінде көрсетілген қабығымен бірге есептелінеді. Ағаштар тік бұрышты поленицаға бағыты, ұзындығы, ылғалдылығы бойынша әр түрлі жаққа қаратылып салынады. Поленица биіктігі 1м және жоғары, градациясы 0,5м болуы қажет. Ағаштарды жақсы қарау үшін және кебуі үшін поленница арасында 0,8м кеңістік қалдырылады. Егер ағаш 25 ылғалды болса қоймаға қабылдарда поленница биіктігінің әр метріне 3см кептіру қосымшасы вагонға салынады. Поленница ұштарында торлармен, кольямен бекітіледі. Торлар 10м поленницада қолдануы керек және әрбір 10м сайын 1 тор жасалады.
Ағаштың поленницада қалыпты орналасуында кладка тығыздығы стандартқа сәйкес болуы керек (4-кесте). Тығыздықтың дәлелді коэффициенті диоганаль тәсілімен диоганаль кесінділерінің қабығымен есептелінеді. Егер тығыздықтың дәлелді коэффициенті стандарттан 0,02-ге ауытқыса, ағашты қайта дайындап, көлемінің қайта есептеуі жүреді. Отын ағашын домалақ түрінде жеткізуде тығыздықты 4м2 тік бұрыш поленнициясының беткі жағындағы польенің диаметрін өлшеу арқылы табады. Тығыздық коэффициенті поленье көлемінің тікбұрыш көлеміне қатынасымен анықталады. Әрбір қалыңдық бойынша топтың примесі поленница көлемінің 25 құрауы құрауы керек. Поленнициадағы қисық және құрғақ поленье 25 көп болса, стандартты коэффициент 0,07-ге дейін азаяды, аралас домалақ және жарылған ағашқа 0,05, ал жарылған ағашқа-0,04-ке дейін азаяды.
Поленница тығыздығы, яғни тығыз сүрек массасы жинақталған шамада сүрек тұқымынан, қалыңдығынан, ұзындығынан, ағаштың өңдеуіне, тәсіліне тәуелді болады. Қылқанды ағаштың тығыздығы, жапырақтыға қарағанда көбірек, себебі қылқандылар дұрыс формада болады. Ағаш қалыңырақ болса, поленница тығыздығы азайып, жинақталған көлем ұлғаяды. Ағаш неғұрлым ұзын болса, соғұрлым формада қателіктер кетпейді. Бұтақтылығы ұлғайып, поленница тығыздығы азаяды. Соған сәйкес, ұзын ағаштарды бөлгенде поленница тығыздығы ұлғайып, жинақталған көлем азаяды.
4-кесте
Жинақталған өлшемдегі ағаштардың тығыз өлшемге
көшірудің тығыздық коэффициенті.

Ағаштар

Поленье ұзындығы, м

0,25

0,33

0,50

0,75

1,0

1,25

1,50

2,00

2,50

3,00

Қылқанды Жапырақты



1.Домалақтар
Жұқа (3-10см)
Орта (11-14см)

2.Жарылғандар (15см қалыңдықтағы поленьеден)

3.Домалақ (40%) және жарылған (60%) поленье араласы

Тығыздық коэффициенті жинақталған көлемдегі ағашты бөлудегі кіріс пен шығыс нормасын анықтайды, яғни, упил пайызын және прикол пайызын да анықтайды. 2 иетрлі поленьені 1м-ге бөлгенде тығыздық коэффициенті 5%-ға өседі, ал 1м 0,5м-ге бөлгенде 3%-ға көбейеді. Поленьені ортасынан бөлгенде приколдың орта шамасы 5% -ды, ал одан да ұсақ бөлуде 10% -ды құрайды. Бұл үлкен тәжірбиелік мағынаға ие, себебі жинақталған ағашты бөлу кезінде оның қалай өзгеретінін көрсетеді.
Поленницаның орташа биіктігі қабылдаушының әр жерде жүргізген 3 өлшемінің арифметикалық ортасы ретінде анықталады. Поленница ұзындығы 10м-ден асса, биіктікті екі жақтың келісімімен біркелкі аралықтағы нүктелер бойынша анықтайды. Поленница биіктігін өлшерде кептіру қосымшалары, төсеніштер есептелмейді, яғни оның биіктігі жерден емес төсеніштің үстінен басталады, ал ұзындығын биіктігінің ортасы арқылы табамыз.
Тордың көлемін анықтағанда, оның есептелетін ұзындығы ретінде 0,8 дәлелді ұзындықтан алынады. Жинақталған шаманы тығыз шамаға аударарда, жинақталған ағштың көлемін тығыздықтың стандартты коэффициентіне көбейту керек. Ал тығыз шаманы жинақталған шамаға аударғанда, тығыз шамадағы ағаш көлемін тығыздықтың стандарт коэффициентіне бөлу керек.
Ағашты қабылдау және өткізуде древесина тұқымына қарай жылу қабілеті бойынша ағаштар тобын тағайындайды және МЕСТ 11500-65-ке сәйкес ылғалдылығын анықтайды. Ағаштың сапасын сыртқы түріне қарап біледі. Стандартқа сай емес ағаш саны 5% -дан аспауы қажет. Сай келмеген жағдайда жөнелтуші ағашты қайта орналастырып, 2-ші қабылдауға дайындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет