Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет22/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 11
Тақырып: Орман тауарларын тану жайындағы түсінік. Орман тауарларын және сортименттерін жіктеу
Орман тауарлары дегеніміз - ағаш діңін, тамырын, бөрікбасын механикалық, механикалық-химиялық және химиялық өңдеу нәтижесінде алынатын материалдық өнімді айтады. Мұнда орман тауарлары түсінігіне сүректен жасалатын тауарлар кірмейді. Тауарлардың көпшілігі ағаш дайындау өнеркәсібіне және ағашты қайтадан өңдейтін өнеркәсіптерде (ағаш тиеу, ағаш өңдеу, целюллоза, қағаз гидролиз және орман химиялық) дайындалады, белгілі бір мөлшері экспортқа шығарылады. Барлық орман тауарларын жеті топқа бөлуге болады.
1. Орман материалдары - бұл топқа кіретін тауарлар негізінен ағаш діңін механикалық өңдеу нәтижесінде алынады. Мұнда іске жарамды және отын ретінде тауарлар дайындалады. Төмен сапалы іске жарамды сүректі технологиялық шикізат деп аталады. Ағаш дайындау қалдықтарынан (бұтақтар, ағаштың ұшар басы, және т.б.) және ағаш тілу қалдықтарынан (ағаш ұнтағы – опилка, қабық, қалдық рейкалар) негізінен химиялық өңдеуге қолданылатын материалдар алынады. Орман материалдарын механикалық өңдеу тәсіліне байланысты алты класқа бөледі.
а) дөңгелек орман материалдарын діңді көлденең бөлу арқылы дайындайды.
б) тілінген орман материалдары немесе тілінген ағаш өнімдері дөңгелек орман материалдарын көлденең тілу немесе фрезерлеу нәтижесінде алынады.
в) аршылған орман материалдары – ағаш діңі спираль бойынша аршып тілу нәтижесінде алынады.
г) сүргіленген орман материалдары – жалпақ қабатта арнаулы пышақтармен тілу арқылы материалдар алынады.
д) жарылған орман материалдары – сына тәрізді аспаппен талшық бойына бөлшектеу арқылы алынады.
е) ұнтақталған сүрек – ағаш жаратын машиналар, фрезерлі тілу агрегаттары, бөлшектегіштер, ұнтақтағыштар, жаңқа тілу станоктары және басқа құрылғылар көмегімен сүректі арнаулы өңдеу нәтижесінде алынады.
Сортимент дегеніміз - белгілі бір мақсатқа пайдаланылатын орман материалдарын айтады. Мысалы: таукен (рудник) тіреулері, дөңбектер – резонанс дөңбектер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет