Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы


Сүректі антисептиктермен өңдеу әдістері және өңделген сүректің қызмет мерзімі



бет21/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Сүректі антисептиктермен өңдеу әдістері және өңделген сүректің қызмет мерзімі.
Сүректі қорғау дегеніміз - әртүрлі тәсілдермен антисептиктерді әртүрлі тереңдіктерге енгізу. Сүректі өңдеу әдістерін екі топқа бөлуге болады:

  1. Сыртқы қысымсыз сіңдіру. Бұл топқа диффузиялық сіңдіру, сулап сіңдіру және ыстық - суық ваннада сіңдіру жатады.

  2. Сыртқы қысыммен сіңдіру. Бұл топқа автоклавта сіңдіру жатады.

а) диффузиялық сіңдіру – пастамен ылғал сүректі өңдейді. Көпшілік жағдайда бөрене сортименттерге толық сіңдіру үшін шанамен 3 ай уақыт керек. Осындай уақыттың арасында сүрек кеппеу үшін тығыз қатарда жинайды (3 ай уақыт өткенмен кейін қолдануға болады). Фторлы пастамен өңдеген кезде бетімен гидроизоляция қабатын (нефтебитуммен) жағады. Пастамен өңдеуді, көлемі аз электр діңгектерін сіңдіру үшін қолданады. Диффузиялық сіңдірудің өнімділігі өте аз.
б) сулап сіңдіруді тек кішкене партия материалдарына ғана қолданады.
в) ыстық-суық ваннада сіңдіру - өте кең тараған. Бұл тәсілді ылғалдылығы 40% аспайтын сүректер үшін қолдануға болады. Бұл әдіс былай қолданылады, қыздырғанда сүректегі ауа ұлғайып, біразы сыртқа шығады. Сонан кейін суытқанда суық ваннада сүректегі ауа қысылады және осыдан пайда болған кеңістікке ерітінділер ішке сіңіріледі.
Суда еритін антисептиктерді осы әдіспен шелқабық сүрегіне 5-8 мм тереңдікке және ядролық сүрекке 2 мм дейін енгізуге болады. Майларды қолданғанда сіңу тереңдігі 10-12 мм.
г) автоклавта қысыммен сіңдіру – бұл әдіс бойынша антисептиктер өте жақсы жұтылады, өте көп тереңдікке сіңеді. Қысыммен сіңдірудің де бірнеше түрлері бар, осының ішіндегі ең көп тарағандары: А) толық тою әдісі; б) шектеп жұту әдісі.
Біріншісі суда еритін антисептиктер үшін арналған. Сүректі автоклавқа кіргізгенмен кейін одан ауаны шығарады, Сонан кейін сіңетін ерітіндіні береді, қысым 8-14 атм. Шектеп жұту әдісі майларды сіңдіргенде қолданылады.
Антисептиктердің сүрекке енуі көптеген факторларға, әсіресе сүректің құрылысына байланысты. Сіңдіру қабілеттеріне байланысты ағаштарды үш топқа бөлуге болады: аз сіңдіретін қылқан жапырақты піскен сүректі ағаштар (шырша, самырсын) және қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты ағаштардың ядролары; б) жеңіл сіңдіретін ағаштар - қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаштардың шел қабықтары; в) өте жеңіл сіңдіретін ағаштар – ядросыз жапырақты ағаштар (қайың, үйеңкі).
Сүректе антисептиктер біркелкі тарамайды. Сыртқы қабаттарда антисептиктер мөлшері көп. Антисептиктер сүректің физикалық - механикалық қасиеттеріне әсері өте аз. Бірақ, мырыш хлорының мөлшерін көбейтсек сүрек төзімділігі азаяды.
Өңделген сүректің қызмет мерзімі антисептиктердің түрлеріне, қолданылатын жерлерге, ағаш түрлеріне байланысты болады. Мысалы, электр жүйелеріндегі діңгектер шыршадан жасалса – шамамен 7 жыл, қарағай – 9 жыл, найқарағай – 18 жыл. Теміржол жолының қызметі 3-5 жылдам 30 жылға дейін артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет