1. Түріне қарай:
- талаурау;
- іріңді;
- жабысқақ;
- жалқықты.
2. Ағымына қарай:
- жіті;
- қайталанатын;
- созылмалы (мезотимпаний, эпитимпанит).
3. Асқынуы:
3.1. Самайішілік асқынулар:
- мастоидит, антрит (3 жасқа дейінгі балада);
- дабыл жарғағының жыртылуы;
- есту нейросезгіштіктің жоғалуы;
- естудің кондуктивті жоғалуы;
- холестеотома;
- тимпаносклероз;
- есту сүйектерінің бекуі немесе оның ажырауы;
- лабиринтит;
- петрозит;
- бет сүйегінің параличі;
- холестеринді гранулема.
3.2. Бассүйекішілік асқынулар:
- менингит;
- эпидуральді абсцесс;
- субдуральді эмпиема;
- шектеулі отогенді энцефалит;
- ми абсцессі;
- латеральді синус тромбозы;
- бас миының отогенді шемені.
Диагностикалық критерийлер
Шағымдар мен анамнез: айқын құлақ ауруы, ол жарғақты тескен соң кемиді, ал құлақтың ірің ағуы, естудің төмендеуі, температураның 380С-ден жоғары көтерілуі, бас ауруы, тəбетінің төмендеуі, емшектен баланың бірден шыңғыруы, емуден бас артуы. Симптомның жиі білінуі, көрініс беруі вирустық инфекцияның өзінен өткізуі мен баладағы инфекцияның асқынуы.
Физикалық тексеру: жақ сүйегінің еміздіктегі бұрышын басқаннан ауруы мүмкін.
Лабораторлық зерттеулер:
1. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ-ң жоғарлауы.
2. Құлақтан шыққан бөліністің бактериологиялық зерттеуінде: патогенді микробтардың бар болуы.
Инструменталдық зерттеулер
Отоскопиялық мəліметтер: құлақтан патологиялық бөліністер шығуы, дабыл жарғағындағы қан кернегені немесе бұлдыр, білінетін белгілері айырлмайды, тесілген жарғақ орнын солқындатып ауру рефлекспен анықталады, кейде дабыл жарғағының артқы жоғарғы шаршысынан өздігінен тесілуі қиындығынан, парацентез (дабыл жарғағын тесу) тез арада жасалуын қажет етеді. Парацентезде - ортаңғы құлақ қуысынан бөлініс шығады.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- ішкі бас сүйегіндегі асқыну белгілері бар болса - нейрохирургқа;
- есту қаблеті төмен болса - сурдологқа.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
2. Зəрдің жалпы анализі.
Достарыңызбен бөлісу: |