Пән: Өзін – өзі тану Мектебі: «№66 мектеп-лицей» кмм күні



бет1/4
Дата02.04.2022
өлшемі27,58 Kb.
#137669
  1   2   3   4
Байланысты:
bdaa0f99792b005b10212445c6399ccf
10 тақырып, №8семинар (2), document name

Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: «№66 мектеп-лицей» КММ
Күні: _______________
Мұғалімі: Тыныбекова А.Б.
Сыныбы: 3 «Е»
Оқушылардың саны: 17
Тақырыбы: Ақкөңілділік туралы
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділік адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын ұғындыру;
2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы татулық қасиеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды бәрін жақсы көруге, бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті. «Орманға серуен»
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет